Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07116 Автоматтандыру және басқару в Қазақ технология және бизнес университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Негізгі экономикалық және құқықтық принциптерді пайдалана отырып, қаржылық тәуекелдерді және олардың өмір сапасына әсерін талдай отырып, азаматтық жауапкершілік пен жауапты мінез-құлықты көрсете отырып, кәсіби қызметте экономикалық, құқықтық, сондай-ақ қаржылық сауаттылық, тұрақты даму және өмір қауіпсіздігі негіздерін қолданады.
  • Сенімділігі мен тиімділігін ескере отырып, техникалық кестеге сәйкес автоматтандырылған технологиялық процестерді жобалайды.
  • Өнеркәсіптік роботтарды өндіруге арналған сызбаларды әзірлейді және түсіндіреді
  • Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандырудың техникалық тапсырмалары мен жобаларын және технологиялық процестер мен өндірістерді басқарудың математикалық модельдерін әзірлейді.
  • Нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес жобалау-конструкторлық және пайдалану құжаттамасын әзірлеу дағдыларын меңгерген.
  • Микроэлектроника мен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, схемалық шешімдерді әзірлейді және роботтандырылған жүйелер элементтерінің есептеулерін жүргізеді.
  • Технологиялық процестерді өлшеу, бақылау және басқарудың заманауи әдістерін қолдана отырып, автоматты басқару теориясы, Теориялық механика, гидравлика және пневматика бойынша операцияларды есептейді
  • Аппараттық және бағдарламалық шешімдерді таңдауды, сондай-ақ өнеркәсіптік контроллерлермен интеграциялауды қоса алғанда, автоматтандыру саласында SCADA-жүйелер мен стартаптарды жобалауға, әзірлеуге және енгізуге байланысты қолданбалы инженерлік міндеттерді шешеді
  • Сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделе алатын және пайдаланушылармен және басқа құрылғылармен тиімді әрекеттесе алатын интеллектуалды жүйелерді, автоматтандырылған процестерді және құрылғыларды оңтайландыру үшін Ios құрылғыларын әзірлеуде жасанды интеллектті қолданады.
  • Нақты ақпараттық есептерді талдау мен шешудің тиімділігін арттыру үшін ғылыми зерттеулердің негіздері мен әдістерін қолдана отырып, күрделі технологиялық объектілерді басқарады.
Top