Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01404 Дене шынықтыру және спорт в ABU

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша облыстың педагогикалық ұжымының сұранысын қанағаттандыруға бағытталған кәсіби құзыреттіліктері бар, білікті педагогикалық кадрларды даярлау. Кез келген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда кәсіби қызметін жоғары ғылыми-педагогикалық деңгейде жүзеге асыруға қабілетті, келесі бағыттар бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыруға бейімделген: патриоттық рухында отансүйгіштік пен Қазақстан Республикасы халықтарының достастығына тәрбиелеу; түрлі мәдениеттер, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға деген сыйластықты; жалпыадамзаттық және әлеуметтік және жеке құндылықтарды қалыптасты
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • ЖОО атауы Alikhan Bokeikhan University
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • бұлшық ет және спорттық жаттығулар кезінде адам ағзасында болатын анатомиялық және физиологиялық процестерді талдау, бұл білімді әртүрлі спорт түрлері бойынша дене жаттығуларын орындау кезінде қолдану.
  • білім мен түсініктерді кәсіби деңгейде қолдану, дәлелдер тұжырымдау және таңдалған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі саласындағы мәселелерді шешу, жасанды интеллект көмегімен жеке жаттығулар мен тамақтану бағдарламаларын құру; дене жаттығуларына жүйелердің реакциясын ескере отырып, дене функциялары, оның жеке бейімделу мүмкіндіктері мен резервтері туралы білім негізінде ағзаның жаттығуларын басқару қабілетіне ие болу.
  • дене шынықтыру тарихы саласындағы білімі мен түсінігін, оның ішінде ең озық білім элементтерін көрсете алу; білім алушылардың антропометриялық, физикалық және психикалық ерекшеліктерін анықтаудың заманауи әдістерін қолдана отырып, таңдалған спорт түрі бойынша іріктеу және спорттық бағдарлау жүйесін енгізу; оқу іс-әрекетінде ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру және олардың нәтижелерін дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасында қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
  • таңдап алынған кәсіби қызметтегі ғылыми-әдістемелік және зерттеушілік тәжірибені талдау және жалпылау; спорт саласындағы инновациялық технологияларды меңгеру және оларды кәсіби қызметке енгізу; оқу іс-әрекетінің сапасын арттыру мақсатында педагогикалық қызметте оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологияларын, ұйымдастыру формаларын, әдістерін, тәсілдерін, құралдарын қолдана білу.
  • тіл білімі, информатика саласындағы арнайы білім мен түсінікті, оның ішінде кәсіби деңгейдегі ең озық білім элементтерін көрсету.
  • әлеуметтік - мәдени, сервистік, туристік қызметті, әлеуметтік - мәдени және туристік қызметтердің халықаралық нарықтарын талдау және бағалау, қызметтерді тұтынушыларға жылжыту және жеткізу; әлеуметтік-мәдени және туристік қызметтің нәтижелерін болжау.
  • дене шынықтыру мен спорттың жалпы гигиенасы мен гигиенасының негізгі ережелерін, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтің санитарлық-гигиеналық негіздерін, әртүрлі қуат пен ұзақтықтағы бұлшықет жұмысына биохимиялық және физиологиялық бейімделу заңдылықтарын, спортшылардың ұтымды тамақтануының биохимиялық негіздерін пайдалану, әр түрлі жастағы спортшылардың тамақтануына гигиеналық және химиялық баға беру.
  • әртүрлі спорттық ғимараттарда жұмыс істеу кезінде дербес педагогикалық қызмет үшін қажетті теориялық және әдістемелік білімді, практикалық дағдылар мен қабілеттерді көрсету; спорт саласындағы инновациялық технологияларды практикада қолдану, жаттығу сабақтары процесінде кәсіби шеберлікті жетілдіру; қозғалмалы ойындарда техникалық және тактикалық әрекеттерді көрсету.
  • дене шынықтыру мен спорт саласында оқу үдерісін жоспарлау және жүзеге асыру, оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды ескере отырып жүргізу; қозғалыс дағдылары мен физикалық қасиеттерді қалыптастыру үшін заманауи әдістемелерді, инновациялық технологиялар мен құралдарды, соның ішінде жасанды интеллект элементтерін қолдану; психологиялық тәсілдер арқылы оқушылардың ынтасын арттыру және білім беру мен спорттық ортада тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету; дене жүктемесін жас ерекшелігі мен дайындық деңгейіне қарай бөлу; спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және төрелік ету, оқу-әдістемелік материалдар мен цифрлық контент әзірлеу; білім алушылардың жетістіктеріне мониторинг жүргізу, бағалау жүйесін және талдау нәтижелерін оқыту сапасын арттыру үшін пайдалану; білім беру және цифрлық ортада өмір мен денсаулықты қорғау талаптары мен нормативтік-құқықтық актілерді сақтау.
  • халықтың әртүрлі топтарымен дене шынықтыру-спорттық сауықтыру сабақтарын өткізудің практикалық тәсілдерін және әдістемесін қолдану; әртүрлі жыныстағы және жастағы адамдарда дене шынықтырумен ұтымды емес жаттығулар кезінде ықтимал аурулар мен жарақаттардың алдын алудың жаттығу әсерін арттыруға мүмкіндік беретін оқу-жаттығу процестерін басқару дағдылары мен біліктерін көрсету.
  • балалар-жасөспірімдер спорты саласында және бұқаралық разрядты спортшылармен нақты сабақтардың перспективалық және жедел жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және талдау; балалар-жасөспірімдер спортында және бұқаралық разрядты спортшылармен таңдалған спорт түрі бойынша жаттығу сабақтарын өз бетінше өткізу, жарақаттанудың алдын алуды жүзеге асыру.
  • қазіргі психология-педагогика ғылымының негізгі ұстанымдары мен категориялары, жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы бойынша білімді меңгеру; тәжірибелік педагогикалық қызметте білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбие қызметі мен инклюзивті білім беру әдістемесі мен технологиясын қолдану, сондай-ақ мектептің тұтас педагогикалық процесін басқару дағдыларын қолдану; мұғалімнің жеке және кәсіби сапаларына қойылатын заманауи талаптарды сақтау; білім алышылардың тәртібін басқару, олардың оқу-танымдық іс-әрекетіне ынталандыру арқылы жеке тұлғалық дамуына қолдау көрсету.
  • дене тәрбиесі мен спорт саласындағы кәсіби-педагогикалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық құзыреттерді меңгеру; ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды қоса алғанда, білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру; білім беру мақсаттарын құрастыру, оқу бағдарламаларын жоспарлау және жүзеге асыру; заманауи оқыту әдістері мен цифрлық технологияларды қолдану; оқу-әдістемелік материалдар мен бағалау құралдарын әзірлеу, оқу жетістіктерін критериалды бағалау және мониторинг жүйесін пайдалану; озық педагогикалық тәжірибені трансляциялау және цифрлық этикетті сақтау.
  • тұрақты даму мен тыныс-тіршілік қауіпсіздігінің, құқықтық және экономикалық сауаттылықтың негізгі тұжырымдамаларын саналы түрде қабылдауға және түсіндіруге, кәсіби және әлеуметтік қызметте нормативтік-құқықтық, экономикалық және экологиялық құралдарды қолдануға, қабылданатын шешімдердің салдарын талдауға және сыни бағалауға, сондай-ақ тәуекелдерді төмендетуге, тұрақтылықты арттыруға және этикалық және құқықтық стандарттарды сақтауға бағытталған мінез-құлықтың кешенді стратегияларын әзірлеуге қабілетті.
Top