Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01404 Дене шынықтыру және спорт (IP) в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгере отырып, әрі қарай білімін өз бетінше жалғастыру дағдыларын қолданады, сондай-ақ педагогикалық және қоғамдық қызметте кәсіби қарым-қатынасты қалыптастырып, кәсіби қызмет барысында денсаулықты сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерді мақсатты түрде пайдалана алады.
  • Қазақ халқының тарихының негізгі кезеңдерін, мемлекеттіліктің және өркениеттің эволюциясын жан-жақты және объективті түрде сипаттай алады, ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазу дағдыларын меңгереді, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің маңыздылығын түсінеді
  • Кәсіби білімді қалыптастыру үшін ақпарат жинау және оны интерпретациялау, өздерінің әлеуметтік, этикалық, ғылыми құндылықтарын, ұстанымдарын, оқыту әдістерін сыни тұрғыдан бағалау негізінде жаңа мақсаттар қоюға және тұлғалық-педагогикалық дамуға ұмтылады.
  • Оқыту мен ұлттық тәрбиенің психологиялық-педагогикалық мәселелерін, оның ішінде инклюзивті білім беру жағдайындағы ерекшеліктерін түсінеді, оқушылардың әртүрлі қабілеттерін ескере отырып, олардың психологиялық әл-ауқатын өмірлік және оқу контекстінде этикалық тұрғыдан қолданады.
  • Оқытудағы озық тұжырымдамаларға негізделген теориялық білімдерді сыни тұрғыдан іріктейді, әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жасанды интеллекті пайдаланады және алынған білімді оқыту процесін жетілдіру мен өзінің кәсіби дамуына қолданады.
  • Адамның физикалық, психикалық, психомоторлық дамуының өзара байланысын, физикалық дайындықтың шаршау мен эмоционалдық күйзеліске орнықтылығына әсерін білу негізінде тұлғаның спорттық іс-әрекеті мен физикалық белсенділігін психологиялық сүйемелдеуді жүзеге асыруға; сабақ барысында және жарысқа дайындық кезінде шұғылданушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеруге; арнайы жаттығу және жарыстық үрдістер кезінде қалжырау, психологиялық зорығу, күйзеліс, эмоционалдық күйіп кету белгілерін анықтауға; психикалық жағдайларды оңтайландыру үшін өзін-өзі реттеудің психотехникасын үйретуге қабілетті.
  • Адам ағзасының жұмыс істеуінің анатомиялық, физиологиялық, биомеханикалық негіздерін, жарақаттар мен аурудан кейінгі алдын алу мен оңалтуды білу негізінде олардың тиімді тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін әртүрлі жыныстағы және жастағы адамдардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың игілігін дене шынықтыру және спорт құралдарымен қолдауға қабілетті.
  • Спортпен шұғылданатындар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар контингентінің жыныстық-жас және жеке айырмашылықтарын ескере отырып, оқу, сауықтыру және оқу-жаттығу сабақтарын жоспарлауға, ұйымдастыруға және өткізуге, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететін және сабақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін білім беру және спорттық-жаттығу ортасы мен жағдайларын құруға қабілетті.
  • Шұғылданушылардың жыныстық-жас, жеке айырмашылықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, спорт түрлері бойынша жарыстарды, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық-бұқаралық іс-шараларды және басқа да қозғалыс рекреациясының түрін жоспарлауға, ұйымдастыруға және өткізуге, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті.
  • Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың оқыту, дайындық және жаттығу нәтижелерін жыныстық-жас, жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне, сондай-ақ спорттық біліктілік деңгейіне сәйкес бағалауға қабілетті.
  • Пәнаралық деңгейді қоса алғанда, дене шынықтыру және спорт саласында қолданбалы зерттеулерді өздігінен бастауға және жүргізуге, зерттеу әдіснамасы мен ғылыми әдеп негізінде зерттеулердің дизайнын құрастыруға, спортшылардың дене шынықтыру, техникалық, тактикалық, теориялық және басқа да даярлық түрлерінің көрсеткіштерін өлшеу мен бақылаудың метрологиялық негізделген құралдары мен әдістерін қолдануға, зерттеу нәтижесін жұртшылыққа көрнекілендіруге және ұсынуға қабілетті.
  • Өзінің физикалық денсаулығы мен қозғалыс белсенділігіне, нутрициологияға қамқорлық жасаумен байланысты тәжірибеде мақұлданатын және іске асырылатын мінез-құлық нормаларын, дене шынықтыру мен спортқа оң мотивациялық-құндылық қатынасын қалыптастыруға; салауатты өмір салты және дене шынықтырумен өз бетінше айналысу арқылы өзінің толыққанды кәсіби және әлеуметтік қызметін қолдауға және қамтамасыз етуге қабілетті.
Top