Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01508 Химия-Биология в ABU

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • тұрақты даму мен тыныс-тіршілік қауіпсіздігінің, құқықтық және экономикалық сауаттылықтың негізгі тұжырымдамаларын саналы түрде қабылдауға және түсіндіруге, кәсіби және әлеуметтік қызметте нормативтік-құқықтық, экономикалық және экологиялық құралдарды қолдануға, қабылданатын шешімдердің салдарын талдауға және сыни бағалауға, сондай-ақ тәуекелдерді төмендетуге, тұрақтылықты арттыруға және этикалық және құқықтық стандарттарды сақтауға бағытталған мінез-құлықтың кешенді стратегияларын әзірлеуге қабілетті.
  • педагогикалық процесті басқаруда кәсіби құзыреттілікті меңгере отырып, білім беру жүйесіндегі практикалық педагогикалық қызметте білім мен дағдыларды көрсету; білім алушылардың жеке және жасерекшеліктерін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысының әдістері мен технологияларын қолдану; цифрлық ортада олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қоса алғанда, білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау талаптарын сақтай отырып, оқыту мен тәрбиелеуге ерекше назар аудару іскерліктерін жетілдіру.
  • кәсіби құжаттаманы мемлекеттік және шет тілдерінде пайдалану;кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметінде қазақ, орыс және шет тілдерін қолдану; өз ұстанымын дәлелді түрде баяндау және ғылыми пікірталастар жүргізу; шетелдік журналдардағы ғылыми мақалаларды және халықаралық конференциялардағы баяндамаларды қабылдау және талдау.
  • қауіпсіздік негіздері мен экология саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды өз қызметінде пайдалану; химиялық заттардың құрылымы мен қасиеттеріне сүйене отырып, тірі ағзалар үшін қауіптілігін болжау; химиялық эксперименттерді, соның ішінде синтез, талдау, заттар мен материалдардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеуді техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып жүргізу; бионысандар мен химиялық заттардың қауіптілігін ескере отырып, оқу-тәрбие процесі мен сыныптан тыс іс-шараларда білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың негізгі әдістерін қолдану.
  • білім беру ұйымындағы тәрбие процесін жоспарлау, құрастыру және талдау; оқу және сыныптан тыс іс-әрекет барысында білім алушылардың тәрбиесі мен рухани-адамгершілік дамуының міндеттерін шешу; білім алушылардың тәртібін басқару, олардың оқу-танымдық әрекетіне мотивация беру және жеке тұлғалық өсуіне ықпал ету.
  • оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді талдау; нормативтік құжаттарға сүйене отырып, әдістемелік материалдар әзірлеу және оқыту жүргізу; қажетті құжаттаманы жүргізу, оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке қажеттіліктерін ескере отырып, химия және биология сабақтарын жоспарлау мен өткізу кезінде заманауи педагогикалық әдістер мен технологияларды пайдалану, білім алушылардың жеке тұлғалық өсуіне ықпал ету және мәдени құндылықтарды оқу үдерісіне кіріктіру; педагогикалық міндеттерді шешу үшін пәндік білімді қолдану, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, тиімді бақылау құралдары мен бағалау жүйесін әзірлеу және қолдану, оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу; эксперименттерді, зертханалық және практикалық жұмыстарды сауатты жүргізу, кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллект технологияларын пайдалану; өз қызметіне талдау жасау, үздік педагогикалық тәжірибелерді қолдану және кәсіби тәжірибемен бөлісу.
  • оқу процесінде кездесетін нақты химиялық процестерде түсіндіру және пайдалану үшін негізгі химиялық заңдарды, теорияларды, заңдылықтарды және химиялық өзгерістерді меңгеру; оқу және ғылыми-зертханалық сипаттағы әртүрлі химиялық тапсырмаларды шешу үшін есептеу әдістерін пайдалану; химиялық материалдарды олардың физикалық және химиялық қасиеттерін ескере отырып, қауіпсіз пайдалану әдістерін меңгеру.
  • нақты кәсіби міндеттерді шешу кезінде химия ғылымының негізгі заңдылықтары мен негізгі химиялық ұғымдарды пайдалану; химиялық эксперимент дағдыларын, химиялық заттар мен реакцияларды алу мен зерттеудің синтетикалық және аналитикалық әдістерін меңгеру; заманауи химиялық өндіріс білімі негізінде химиялық технология мен нанотехнологияның типтік процестерінің негізгі сипаттамаларын есептеу; қауіпсіздік техникасы нормаларын білу негізінде оларды зертханалық және технологиялық жағдайларда іске асыру.
  • адам ағзасы мен жануарлар және өсімдіктер дүниесінің өкілдерінде жүретін тіршілік әрекеттері үдерістері мен құбылыстарын түсіндіру үшін олардың таксономиялық тобына, анатомиялық, морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне, жеке және эволюциялық даму сипаттамаларына, сондай-ақ оларды бақылау мен қорғауға сілтеме жасай отырып, биологиялық білімді кәсіби қызметте қолдану.
  • өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының, тіндерінің, микроағзалар мен әртүрлі вирустардың және жасушадан тыс құрылымдардың құрылысы, құрамдас бөліктері, қызметтері, дамуы мен қасиеттерін салыстыра отырып, микроскопиялық объектілерді зерттеудің өлшеу құралдарын, зертханалық жабдықтарды, цитохимиялық және биохимиялық әдістерін қолдану арқылы практикалық міндеттерді шешу және эксперименттік, қолданбалы зерттеулерде пайдалану;өсімдіктер, жануарлар мен микроағзалар жасушаларындағы генетикалық ақпараттың тұқымқуалаушылығы мен өзгергіштігіне қатысты білімді, сондай-ақ вирустық бөлшектерді қолдана отырып, биотехнология мен өсімдіктер мен жануарларды сұрыптау саласындағы соңғы жетістіктерді түсіну үшін пайдалану.
  • әр түрлі заттарға, химиялық қосылыстардың жеке кластарына сапалы реакциялар жүргізу; әр түрлі сипаттағы заттардың физика-химиялық қасиеттерін талдау; химиялық қосылыстардың функционалды топтарын сәйкестендіру; табиғи қосылыстардың қасиеттерін зерттеу; жүйелердегі химиялық процестердің барысын бағалау; реактивті заттардың концентрациясын және олардың реакция жылдамдығын анықтау; фазалық диаграммаларды құру; катализ реакцияларының параметрлерін, химиялық және физика-химиялық процестердің жүру заңдылықтарын анықтау.
  • бастапқы заттардың формулалары немесе атаулары бойынша химиялық реакциялар өнімдерін болжау; бастапқы заттарды реакция өнімдерінің формулалары немесе атаулары бойынша анықтау; химиялық реакция бағытының өзгеруіне әртүрлі факторлардың әсер ету нәтижелерін болжау; химиялық эксперимент дағдыларын, химиялық заттарды алу мен талдаудың негізгі синтетикалық әдістерін пайдалану; химиялық процестерді ұйымдастырудың тиімділігін бағалау; химиялық қосылыстар алудың аппараттық ресімделуін модельдеу; химиялық өнімді алу әдісін таңдау, қажетті жабдықты таңдап алу, технологиялық жүйені бағалау.
  • мәдени және жабайы өсімдіктерді түрлері бойынша ажырату; ашық, жабық топырақтағы өсімдіктерді өсіру агротехникасын пайдалану; өсімдіктердің жемістері мен тұқымдарының пісуін жеделдету; бөлме өсімдіктеріне арналған топырақ қоспаларын құрастыру; өсімдіктерге күтім жасау ережелері мен тәсілдерін орындау; өсімдіктерді отырғызудың ландшафтық дизайнын жобалау; көгалдандыру объектісі үшін олардың биологиясын, декоративтігін және ауданның климаттық жағдайларын ескере отырып, өсімдік шаруашылығы жобаларының ассортиментін құрастыру; арнайы белгілерді қолдана отырып, аумақты көгалдандыру жобаларын құру; көгалдандырылған аумақтың функционалды аймақтарын ұтымды бөлу.
  • кәсіби даму қажеттіліктерін диагностикалау негізінде өзінің жеке кәсіби даму траекториясын саналы түрде құра білу, жеке және әріптестік тәжірибеге рефлексия жүргізу, үздік педагогикалық тәжірибелерді талдау және қолдану; жобалық жоспарлау мен зерттеу әдістерін меңгеру, оқытуды жетілдіру және білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану; педагогикалық этика мен цифрлық этикет нормаларын сақтай білу, педагогикалық тәжірибені таратуға, түрлі білім беру іс-шараларына қатысу және кәсіби дамуды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді қолдана алу.
Top