Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01409 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылыми-педагогикалық міндеттерді және білім беру саласындағы мемлекеттің стратегиялық саясатының негізгі бағыттарының мәселелерін шешуге қабілетті, жаңа формациядағы педагогты даярлау, көркем еңбек және арнайы пәндер педагогының кәсіби қызметі түрлері мен функцияларын орындау, халықаралық талаптарға сай бәсекелестікке бейімделген жан-жақты, шығармашыл ойы бар, құзыретті бакалаврларды дайындау болып табылады.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Сызу және сызба геометриясы
Академиялық кескіндеме
Академиялық сурет
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Мамандыққа кіріспе
Миниатюра
Инженерлік графика
-
2 Оқу жылы
Визуалды өнер (Бейнелеу өнерінің көркем құралы)
Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Экстерьердегі ландшафт элементтері
Мүсін
Педагогика
Салалық материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы
Композиция
Экология және тұрақты даму
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Дизайн негіздері
Сурет
Қаржылық сауаттылық негіздері
Экономика және кәсіпкерлік
Модерн және постмодерн (Cousera)
Техникалық сызба
Материалдық мәдениет және дизайн тарихы (minor)
Дизайн және технология (Материалдарды өңдеу технологиясы)
Қазіргі өндіріс негіздері
Компьютерлік графика/(Minor)
Білім берудегі ғылыми зерттеулер негіздері
Тігін өндірісінің материалтануы
Инклюзивті білім беру
Құқық негіздері
-
3 Оқу жылы
Көркем еңбектегі жасанды интеллект негіздері
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Жарнама және баспа графикасы
Костюм композициясы, сән және стиль (қ)
Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
Кәсіптік білім берудегі педагогикалық менеджмент
Үш өлшемді дизайндағы анимация
Еңбекке баулуға оқыту әдістемесі
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
Шеберханада: соғыстан кейінгі абстрактілі живопись (Coursera)
Графика және жобалау
Көркем бұйымдарды жобалау
Өндірістік оқытуды ұйымдастыру
Тағам дайындау технологиясы (қ)
Сувенирлік бұйымдардың дизайны (ұ)
Әлем халықтарының тағамдары (қ)
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заманауи техникалар мен жабдықтар (ұ)
Табиғи материалдарды көркем өңдеу
Тігін бұйымдарының технологиясы (қ)
Тігін өндірісінің құрал-жабдықтары (қ)
Ағашты механикалық өңдеуге арналған құрал-жабдықтар(ұ)
Конструктивті оқыту әдістемесі
Ғылыми және шығармашылық жобаларды дайындау
Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын дайындау
Тұрғын үй экологиясы (қ)
Ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (ұ)
-
4 Оқу жылы
Түйінді батик өнері (қ)
Жүнді көркем өңдеу
Тоқыма материалдарды және теріні көркемдеп өңдеу
Макеттеу
Сандық өнер (ұ)
Көркем композиция
Арнайы сурет
Тігін бөлшектері мен түйіндерін өңдеу технологиясы (қ)
Монументальды живопись
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқару
Интерьерге арналған 2D / 3D сәнді бұйымдарды жасау (ұ)
Кәсіптік білім берудегі заманауи технологиялары
Үй интерьеры және жиһаздар (ұ)
Үй және тамақтану мәдениеті (қ)
Интерьер және экстерьер дизайны (Minor)
Оқушылардың шығармашылығын ұйымдастыру
Бұйым дайындауда қалдықсыз технологияны қолдану (қ)
Көлік құралдарын модельдеу (ұ)
Өнердегі заманауи технологиялар
Түстану
Металл материалын көркем өңдеу (ұ)
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Көркем еңбекті, бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін, арнайы пәндер әдістемесін және түрлі білім беру мекемелерінің оқу процесінде өндірістік оқытуды ұйымдастыруды таңдауға, қазіргі заманғы өндіріс туралы теориялық білімдерін оқу және практикалық міндеттерді шешу үшін қолдана алады.
- Азық-түлік өнімдерін, тағамдық физиологиясын сипаттау әдістемесін таңдауды, әлем халықтарының тағамдарын дайындау технологиясын және дұрыс тамақтану мәдениетін қолдануды біледі. Металл материалдарын, былғары және трикотаж маталарын көркем өңдеу дағдыларын меңгере алады, сәндік-қолданбалы бұйымдарды және түйінді батикті дайындаудың технологиялық процесінің негізгі ерекшеліктерін талдай алады.
- Инновациялық технологияларды, көркем еңбек пен бейнелеу өнерінде конструктивті, интерактивті оқыту әдістерін таңдап, қолдана алады, жобалаудың педагогикалық технологияларын пайдалана отырып, жоғары өнімді электрондық оқыту үшін оқу материалдарын талдап, өз бетінше өңдей алады және ғылыми-зерттеу мен шығармашылық жобаларды ұйымдастыра алады.
- Натюрморттардың композициялық шешімдерінің макеттерін салу заңдылықтарын, қарапайым фигуралар мен адам фигураларын салу кезеңдері мен реттілігін анықтай алады, ортогональды, аксонометриялық және перспективалық проекциялардың графикалық жұмыстарын өз бетінше орындай алады; түс-тон қасиеттері мен кескіндеме құралдарын қолдана отырып, объектілер көлемін бейнелеудегі пәнаралық білімді біріктіре алады.
- Нақты жағдайда мектеп оқушыларының физиологиясының ерекшеліктерін пайдалануға, жалпы білім беретін ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік-орта және білім беру (кәсіптік) жағдайларын ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге дайын, қоршаған ортаның экологиялық проблемалары мәселелерін бағдарлауға және білім алушыларды критериалды бағалау рәсімін ұйымдастыруға қабілетті.
- Менеджмент саласында оқытудың заманауи білім беру технологияларын, әдістері мен тәсілдерін анықтауға, білім алушылардың өзін-өзі дамытуына, өздігінен білім алуына, өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ететін кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент моделін ұсынуға, білім берудің мәнін, мақсаттары мен проблемаларын, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру принциптерін, педагогикалық міндеттерді дербес шешуді сипаттай отырып, педагогтер мен білім алушылардың өзара іс-қимыл процестерін талдауға қабілетті.
- Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанның қазіргі заманғы суретшілерінің шығармашылығын, бейнелеу өнерінің әр түрлі түрлері мен жанрларын талдай және бағалай алады, мүсін мен адамның пластикалық анатомиясын визуализациялау кезінде критериалды бағалау технологиясын қолдана алады, графикалық дизайнда АКТ-ны қолдана отырып, дизайнерлік дағдыларды жүйелейді.
- Схемаларды, бөлшектерді және құрастыру сызбаларын тани алады, бөлшектердің проекцияларының графикалық сызбаларын, олардың бөлшектерін құру әдістемесін, компьютерлік графика міндеттерін шешу үшін заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану тәсілдерін таңдай алады, компьютерде автоматтандырылған бағдарламалар пакеттерін, үш өлшемді дизайндағы анимацияларды қолдана отырып сурет салу әдістемесін көрсете алады және дизайн жобаларын орындау үшін мүмкін болатын шешімдерді талдай алады.
- Ағаштан жасалған тігін бұйымдары мен кәдесыйлар өндірісінде қолданылатын материалдардың ассортиментін, құрамын, негізгі қасиеттерін жіктеуге және таңдауға, киім мен ағаштан жасалған бұйымдарды жобалауға, олардың өндеу тәсілдерін, дизайнын, құрастыруын жасауға, әртүрлі технологиялық операцияларды орындау кезінде заманауи тігін және ағаш өңдеу жабдықтарын пайдалануға қабілетті.
- Өзінің шығармашылық қабілеттерін, көркемдік дүниетанымын және креативті ойлауын визуалды өнер, композиция заңдары мен ережелері арқылы көрсете біледі, костюм мен үй интерьері мен жиһазды композициялық шешуде түс үйлесімін, алуан түрлі материалдарды кәзіргі заманның сән бағыттары мен стиліне байланысты таңдай алады.