Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01409 Кәсіптік оқыту (Көркем еңбек және арнайы пәндер) в Қызылорда ашық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жəне зиянсыз тіршілік жағдайларын жасаудың негізгі əдістері туралы түсініктерді ғылыми зерттеулерде пайдалана білу, оқушылардың физиологиялық дамуының ерекшеліктерін меңгеру, сызба геометриясы және инженерлік графика технологиясының мүміндіктерін бағалау. Жасанды интеллект деректердің үлкен көлемін дәл бағалай алуды меңгереді. Қаржы және қаржыны тиімді пайдалануды біледі.
  • Материалдарды өңдеу технологиясын дайындау әдістерін қолдануды білу, модельдеу және макеттеу технологиясын жан жақты түсіну, көркем өңдеу технологиясы мен материалтанудың теориялық негіздерін сала бойынша меңгеру. Композицияның негізгі ережелерімен,заңдылықтарымен танысу.
  • Кәсіби оқытудағы заманауи технологиялар негіздерін білу, кәсіптік білімнің политехникалық негіздерінің әдістемесін, білім берудің IT технологиясын меңгеру. Мектеп шеберханасындағы практикумның ерекшеліктерін талдау. әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажетті ақпарат жинауды және интерпретациялауды меңгеру
  • Көркем еңбекті оқыту әдістемесін білу, кәсіптік оқыту әдістемесін, өндірістік оқыту технологиясы мен әдістемесінің ерекшеліктерін жан жақты қолдану. Оқушылардың техникалық шығармашылығын арттырудың көптеген мүмкіндіктерін меңгеру.
  • Педагогикалық іс-әрекет түсіну, олардың заманауи педагогикалық ғылым мен педагогикалық психологияның, кәсіби психологияның теориялық негіздерін білу, инклюзивті процестерді басқару әдістері мен оларды жүргізу технологияларын білу.
  • Бейнелеу өнері мен еңбек технологиясы және мектеп оқушыларын кәсіпке дайындау дидактикасының теориялық негіздерін түсіну, шағын жинақты мектепте еңбекті оқытуды ұйымдастыру қағидаларын білу.
  • Материалдарды көркем өңдеу бойынша технологиялық операцияларды орындауды қолдана біледі (табиғи материал, мата, ағаш, металл және т.б.), трикотаж бұйымдарын модельдеу және көркемдік безендіру әдістерін, мүсін жасау өнерін жан жақты меңгереді. Көркем өңдеу бойынша технологиялық операцияларды орындауда қолданады. (табиғи материал, мата, ағаш, металл және т.б.)
  • Тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен педагогикалық қызметтің мәнін, құрылымын, педагогикалық қызметтің әдістемесін түсіну. Оқушылардың бейіндік оқуын ұйымдастырудың негізгі құрылымын білу.
  • Білім беру мекемесіндегі тәжірибелік іс-әрекетін жүзеге асыра отырып басқарудағы кәсіптік құзыреттілігін түсіну. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздерін, нысандарының қызмет ету механизмін, білім беру менеджментінің теориялық негіздерін, заңдылықтарын, әдістерін білу.
Top