Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03103 Психология в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
  • Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.
  • Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мензаңдылықтарын талдай білу, қазіргі ғылымның тенденцияларын талдау және пәндік салада ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін қолдану мүмкіндігі.
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
  • Құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.
  • Психологияда эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыруда және нәтижелерді өңдеуде жасанды интеллектіні қолдану дағдыларын меңгеру.
  • Коммуникацияның психологиялық техникалары мен әдіс-тәсілдерін меңгеру, ашық сөйлеу дағдыларын меңгеру және өз көзқарастарын жазбаша түрде нақты дәлелдей білу.
  • Инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау.
  • Психологиялық құбылыстың базалық категорияларын, заңдылықтарын және механизмдерін білу және тұтас жүйе ретінде психикалық процестерді, тұлға қасиеттерін, психикалық күйді интерпретациялауға дайындығы.
  • Тұлғаның әлеуметтену феноменін, топтың ерекшеліктерін білу және түсіну мен дағдарыстық псхологиялық жай-күйді психологиялық зерттеуді жүргізуге дайындығы.
  • Психологиялық диагностикалау мен психологиялық кеңес берудің ғылыми-практикалық әдістері мен әдіснамаларын генезисін білу, сондай-ақ, кәсіби іс-әрекет саласында теориялық-практикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін психодиагностика, психологиялық кеңес беру, психотерапия бойынша алынған білім, ептілік және дағдыларды қолдана алуға даярлығы.
  • Психологиялық эксперимент, интервенция және сараптаманың психологиялық әдістері мен техникаларын меңгеру және жеке тұлғалар мен топтарға арналған психологиялық дамытушылық бағдарламаларының жобаларын әзірлеуге даярлық.
  • Дағдарыс жағдайларында психологиялық қолдау көрсету, жеке және топтық терапия әдістерін қолдану дағдыларын меңгереді, аутодеструктивті мінез-құлық, стресс, травма және тәуелділік сияқты күрделі мәселелерді шешуде кәсіби шеберлігі дамиды, дағдарыстық психотерапия мен кеңес беру саласында тиімді интервенция әдістерін қолдану, клиенттің психологиялық жағдайын тұрақтандыру үшін қажетті техникалар мен стратегияларды меңгереді.
  • Цифрлық кеңістік аясында өзіндік және қоғамдық психологиялық әл-ауқатты қамтамасыз етудегі әлеуметтік және эмоциялық интеллектіні жетілдіру мен кәсіби дамудың нейрокоучинг технологиялары мен әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана алу ептілігі.
Top