Жаңа білім беру бағдарламасы

6B03102 Клиникалық психология в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әлеуметтік ғылымдар саласында азаматтық және моральдық ұстанымдарды, тарих, салауатты өмір салтын, кәсіби және өзін-өзі жетілдіруде, қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері, тілдерді меңгеруге бағытталған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасанды интеллект бағытындағы іргелі білімдер дағдыларын игеріп, академиялық адалдық және жазба мәдениетінің маңызын түсінеді;
  • Жалпы психология және клиникалық психология саласындағы міндеттерді шешу үшін қажетті әдістерді практикалық қызметте қолданады;
  • Орталық жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық механизмдерінің, олардың қалыпты және патологиялық жағдайындағы жоғары психикалық функцияларының ерекшеліктерін анықтайды;
  • Психологиялық емдеу, оңалту және профилактика процесі шеңберінде, сондай-ақ дағдарыстық және экстремалдық-төтенше жағдайларда жеке тұлғаны дамыту мен бейімдеу процестеріне көмек беру мақсатында медициналық-психологиялық кеңес беруді ұйымдастырады;
  • Коучинг, психотерапия және нейролингвистикалық бағдарламалау кезіндегі психикалық факторлардың дезадаптация және жүйке-психикалық, психогенетикалық, психосоматикалық аурулардың дамуын зерттеудегі клиникалық психологтың мүмкіндіктерін болжайды;
  • Психология және медицина саласында ғылыми, әдістемелік және статистикалық ақпаратты өз бетінше жинау, өңдеу және талдау дағдыларын пайдаланады;
  • Психопрофилактика, психодиагностика және психокоррекция нәтижесінде салауатты және тәуелді мінез-құлықтағы пациенттерге жеке және кәсіби психологиялық мәселелер бойынша көмек көрсету тәсілдерін қолданады;
  • Тұлғаның даму нормасы мен патологиясында нейропсихологиялық және патопсихологиялық диагностиканың практикалық әдістемелерін, сонымен қатар клиникалық психологияның жобалау әдістерін қолданады;
  • Нормативтік-құқықтық және оқу-нұсқаулық әдістерді өз бетінше қолдана алады және психология ғылымы саласында медициналық-клиникалық құжаттаманы әзірлейді.
Top