Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B07109 Тамақ инженериясы в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Пәндер

  • Теориялық механика

    Осы пәнде оқытылады cтатика, негізгі ұғымдар мен анықтамалар; статика аксиомалары, байланыстар реакциялары, байланыстары, байланыстар аксиомалары; кинематика, нүкте қозғалысын берудің векторлы, координаталы, табиғи тәсілдері, жылдамдық траекториясы мен нүкте жылдамдығын анықтау, қатты дененің ілгерлемелі және айналу қозғалысы, динамика заты мен міндеттері; нүкте динамикасы, нүкте қозғалысының дифференциалды теңдеуі; механикалық жүйе динамикасы; механикалық жүйе қозғалысы саны мен массасы центрі қозғалу ортасын сақтау заңы. Білім алушы оқыту нәтижесінде машиналардың кинематикалық есептеу схемаларын құра алады, машина механизміне кинематикалық талдау жасай алады, машина бөлшектерінде пайда болатын динамикалық жүктемелерді анықтай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Инклюзивті қоғам құндылықтарын қалыптастыру

    Пән студенттердің инклюзия құндылықтарын, әртүрлілікке құрметпен қарау, мүмкіндіктер мен білім алуға қолжетімділікте теңдік қағидаларын түсінуін дамытуға бағытталған. Курсты оқу барысында білім алушылар инклюзивті тәжірибе қағидаттарын меңгеріп, инклюзияның құқықтық және этикалық аспектілерін талдайды, сондай-ақ мультимәдениетті және инклюзивті ортада тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдыларын қалыптастырады. Бағдарлама әлеуметтік жауапкершілік пен төзімділікті негізгі кәсіби құзыреттер ретінде дамытуға ықпал етеді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Бұл пән өмірдің әртүрлі салаларында қауіпсіздік негіздерін оқытуға, сондай-ақ адамның табиғатпен өзара әрекеттесуін зерттеуге бағытталған. Ол қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қамтиды және жаһандық экологиялық және әлеуметтік қиындықтарды шешу үшін стратегияларды бағалау мен әзірлеу дағдыларын қамтиды. Курстың аясында су ресурстарының, ауа сапасының, жердің деградациясының, азық-түлік қауіпсіздігінің, сондай-ақ адам әрекетімен туындаған табиғи және техногендік апаттардың қауіпсіздігі мәселелері қарастырылады және олардан қорғау әдістері тұрақты даму мақсаттары контекстінде талқыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Пәнің мақсаты- білім алушылардың жеке қаржысын басқарудағы негізгі білімдері мен практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс негізгі экономикалық түсініктерді, ұтымды бюджеттеу, инвестициялау, жинақтау және қаржылық тәуекелдерден қорғау принциптерін қамтиды. Несиелеу, инвестициялау, қаржылық қызмет көрсету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл курсты аяқтау білім алушыларға негізделген қаржылық шешімдер қабылдауға, қарыз тұзақтарынан, қаржылық пирамидалардан аулақ болуға және өз қаражаттарын тиімді басқаруға көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сызба геометрия және инженерлік графика

    Бұл курста проекциялық сызу тәсілдері қарастырылады. Пәнді оқу технологиялық машиналардың бөлшектері мен түйіндерінің түрлері, тіліктер, қималар арқылы бейнелеу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. ISO және БКҚЖ талаптарына сәйкес сызбаларды жобалау және орындау ережелері зерттеледі. Пәнді оқу жаңа технологиялық машиналар мен жабдықтарды құру кезінде қажетті сызбаларды жасау үшін маманның кеңістіктік және логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Теориялық және қолданбалы механика

    Бұл курста теориялық механика және материалдар кедергісі элементтері зерттеледі. Статика, кинематика және динамика мәселелері қарастырылады. Материалдардың созылу, қысу, иілу және бұралу әрекеті зерттеледі. Әр түрлі жүктемелер кезіндегі шекті және рұқсат етілген кернеулер. Технологиялық машиналардың жұмыс органдарының деформациясының әртүрлі түрлеріндегі беріктікті есептеу негіздері. Оқу нәтижесінде студент технологиялық машиналардың типтік түйіндері мен бөлшектерін есептеп, құрастыра алады, олардың жұмысын бағалай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Бұл негізгі экономикалық принциптерді, нарықтық тетіктерді, меншік нысандарын және экономикалық қызмет заңдылықтарын зерттейтін пән. Курс сұраныспен ұсыныстың, бәсекелестіктің, салық салудың, қаржыландырудың, инвестициялаудың және бизнесті жоспарлаудың негізгі аспектілерін қамтиды. Кәсіпкерлік ойлауды дамытуға, тәуекелдерді талдауға және бизнесті басқару стратегияларына ерекше назар аударылады. Бұл пәнді оқу бизнес жүргізудің, экономикалық негізделген шешімдер қабылдаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математика

    Бұл курстың мақсаты-студенттердің математика саласында іргелі білім алуы болып табылады. Курс білім алушыларда математикалық ойлаудың жеткілікті жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мәселелерді шешуге шығармашылық тұрғыдан қарау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Жоғары математиканың іргелі негіздерін (аналитикалық геометрия, сызықтық алгебра элементтері, математикалық талдау, дифференциалдық теңдеулер) зерттеумен қатар курста кәсіби мамандану саласындағы өндірістік есептерді шешуге математиканың әртүрлі қосымшаларын қарастыру күтіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық негіздері және антикоррупциялық мәдениет

    Пәннің мақсаты-негізгі құқықтық ұғымдарды , қағидаттар мен нормаларды, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін зерделеу, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру. Курс заңнаманы талдауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тетігін және этикалық стандарттарды қамтиды. Құқықтық сауаттылықты дамытуға және әрбір азаматтың құқықтық тәртіп пен әділеттілікті сақтаудағы рөлін түсінуге баса назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Конструкциялық материалдар технологиясы

    Пәнді оқытудың мақсаты механикалық жүйелерді пайдалану жағдайларын ескере отырып жобалау кезінде қолданылатын құрылымдық материалдарды алу, сынау, қасиеттерін өзгерту және өңдеу әдістерін зерттеу болып табылады. Білім алушылар технологиялық жабдықты жобалау, дайындау, пайдалану және жөндеу кезінде пайдаланылатын құрылымдық материалдарды өңдеу тәсілдерін меңгереді. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар тамақ өнеркәсібінің технологиялық машиналары мен жабдықтарын өндіру және оларға қызмет көрсету кезінде қолданылатын құрылымдық материалдардың сапасы мен қасиеттерін жақсарту мәселелерінде құзыретті болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тамақ өндірістерінің жалпы технологиясы

    Студенттерді белсенді оқуға тарту осы курста өсімдік және жануарлар шикізатының түрлерін, оның жіктелуін игеруге мүмкіндік береді. Негізгі технологиялық операциялар (механикалық, жылу, физикалық, химиялық, микробиологиялық), соңғы операциялары мен циклдары бар тамақ өндірісінің технологиялары қарастырылады. Жаратылыстану пәндері бойынша білімді қолдана отырып, студент тамақ өнімдерінің физика-химиялық көрсеткіштерін бағалайды, шикізаттың, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдердің сапасын техникалық-химиялық бақылау әдістерін таңдайды, технологиялық процестерді оңтайландыруға және дайын өнімнің сапасына әсер ететін шикізат пен жартылай фабрикаттардың қасиеттерін анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мамандыққа кіріспе

    Білім алушылар Қазақстан Республикасының тамақ өндірісінің даму тарихы, жануарлар мен өсімдіктер шикізатының негізгі сипаттамалары, тамақ өндірісінің негізгі процестері мен технологиясы туралы шолу ақпаратын алады. Осы пәнді зерделеу шеңберінде білім алушылар тамақ өнімдерін өндіруді, өңдеуді, буып-түюді және сақтауды цифрландырудың перспективалық бағыттары туралы, үнемді өндіріс қағидаттарын жүзеге асыру, қауіпсіздік пен сапаны арттыру үшін жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндігі туралы ақпарат алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Машинажасау технологиясы

    Бұл курста тамақ өндірісіндегі машинажасаудың негіздері зерттеледі. Технологиялық машиналар мен жабдықтарды жасау үшін қолданылатын материалдар. Металл өңдеу станоктарының түрлері, құрылымы және жұмыс принципі. Дайындамалар мен бөлшектерді өңдеу бойынша негізгі технологиялық операциялар: кесу, фрезерлеу, тегістеу, бұрғылау, шынықтыру. Осы операцияларды орындау үшін металл кесетін құралдар. Дайындамалар мен бөлшектерді өңдеуге арналған құрылғылар. Бөлшектерді дайындаудың технологиялық процестерін жасау. Құрастыру сызбаларын технологиялық бақылау. Қосылыстарды құрастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Физика

    Пәннің мақсаты - тамақ өндірісіндегі технологиялық процестерді игеру үшін қажет жалпы физиканың негізгі физикалық құбылыстарын, ұғымдары мен заңдарын зерттеу. Студент практикалық және зертханалық жұмыстарды орындай отырып, эксперименттік зерттеу әдістері арқылы алынған нәтижелердің сенімділік дәрежесін бағалайды, кәсіби мәселелерді шешуде физиканың негізгі заңдылықтарын біледі, практикалық қызметте әртүрлі физикалық ұғымдарды, заңдарды, теорияларды қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Технологиялық машиналарды жобалаудың автоматтандырылған жүйесі

    Бұл пән технологиялық машиналарды жобалаудың автоматтандырылған жүйесін зерттейді. Білім алушылар «Компас» графикалық редакторымен жұмыс істеу дағдыларын алады: түрлерді, тіліктерді және қималарды орындайды, штрихтауды және өлшемдер мен шартты белгілерді қоюды үйренеді. 2D және 3D форматындағы бөлшектердің жұмыс сызбаларын және технологиялық машиналардың құрастырма сызбаларын орындаңдайды, құрастыру сызбаларына спецификацияны жасайды, жобалық құжаттаманы жасау үшін қажетті білім мен дағдыларды алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өнеркәсiптiк құрылыс негiздерi

    Бұл курста тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік ғимараттарының түрлері және олардың көлемдік - жоспарлау, функционалдық, құрылымдық белгілері, пайдалану режимі бойынша жіктелуі туралы түсінік беріледі. Тамақ өндірісінің өнеркәсіптік ғимараттарына қойылатын нормативтік құжаттар мен ҚНжЕ. Тамақ өндірісі үшін ғимараттардың жобаларын әзірлеу. Заманауи құрылыс материалдары мен конструкцияларын, сантехникалық бұйымдарды қолдана отырып, ғимараттарды салу және жөндеу шығындарын есептеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өзара алмасымдылық, стандарттау және техникалық өлшемдер

    Бұл курста өзара алмасымдық, өлшемдер мен өлшемдік тізбектер, шақтама және қондырма сияқты ұғымдар зерттеледі; шақтама мен қондырманы таңдау; пішіннің ауытқуын нормалау; беттер мен осьтердің өзара орналасу дәлдігін нормалау; беттің кедір-бұдырлығын нормалау; жылжымалы мойынтіректерді отырғызу; мойынтіректерді отырғызу тәртібі; бұрандалы қосылыстардың өзара алмастырылуы, метрикалық бұранданың шақтама мен қондырмасы; шпонкалы қосылыстардың өзара алмастырылуы, тісті дөңғелектер мен берілістердін дәлдігін нормалау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулер негіздері

    Бұл курс ғылымның дамуы туралы жалпы ақпарат зерттеледі; ғылыми зерттеулерді жүргізудің жалпы ғылыми және арнайы әдістері, студенттердің ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі принциптері, студенттердің ғылыми жұмыстарының құрылымына, мазмұны мен дизайнына қойылатын жалпы талаптар қарастырылады. Оқыту нәтижесінде студенттерде ғылыми әдебиеттерді зерделеу кезінде алынған ақпаратты табу, өңдеу және сақтау, студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарын ресімдеу, студенттік ғылыми жұмысты дайындау және қорғау қабілеті қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Абай әлемі

    Пән тарихи фактілерді, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының идеялық-эстетикалық құндылықтарды қалыптастыратын философиялық-көркемдік негіздерін игерте отыра, студенттің өз пікірін айта білу, практикалық дағдыларды және адамгершілік, адалдық, көркем мінез сияқты адами қасиеттерді қабылдауды меңгертеді. Қазақ әдебиеті қаламгерлерінің данышпандық қырлары мен М.Әуезовтің Абай мұрасын зерттеу, насихаттаудағы рөлін, шығармаларының тарих, әдебиет, ғылым үшін маңызын айқындайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Гидравлика

    Осы курста гидростатика және гидродинамика бөлімдері оқытылады. Тепе-теңдік заңдары мен сұйықтық қозғалысының заңдары қарастырылады. Гидродинамиканың негізгі теңдеулері зерттеледі. Құбырлардағы сұйықтықтың қозғалыс режимдері. Құбырдың ұзындығы бойынша және жергілікті кедергілерде гидравликалық кедергіні еңсеруге арналған тегеуріннің жоғалуы. Құбырөткізгіштердің гидравликалық есептелуі. Гидравликалық соққы құбылысы. Сұйықтықтардың тесіктер мен саптамалардаң ағып шығуы. Гидравликалық машиналар. Ортадан тепкіш сорғылардың негізгі жұмысшы көрсеткіштері. Оқыту нәтижесінде студент гидравликалық зерттеулерде қолданылатын негізгі әдістердің мәнін түсінеді және оларды кәсіби қызметте қолданады, құбыр жүйесін қысымның төмендеуі тұрғысынан бағалайды және сұйықтықты тасымалдау үшін сорғы-құбырөткізгіш жүйесін жобалайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тамақ өндірісінің механикалық және гидромеханикалық процестері және аппараттары

    Бұл курс білім алушыларға технологиялық процестер мен тамақ өндірісінің аппараттарын есептеудің жалпы принциптері; процестердің қозғаушы күштері туралы білім береді. Модельдеу және ұқсастық теориясының негіздері; шикізаттың және дайын өнімдердің негізгі қасиеттері қарастырылады. Мұнда механикалық және гидромеханикалық процестердің жіктелуі мен теориялық негіздері; аппараттардың құрылысы мен жұмыс принципі зерттеледі. Білім алушылар механикалық және гидромеханикалық процестер мен аппараттарды есептеу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпорын экономикасы

    Экономикалық реформалардың қазіргі кезеңінде экономикада, әсіресе микроэкономикалық деңгейде елеулі өзгерістер орын алуда: кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің сипаты мен әдістері өзгеруде. Бұл курста кәсіпорынның ресурстары, оларды пайдалану тиімділігі, рентабельділігі және кәсіпорын қызметінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері жан-жақты қарастырылады. Сонымен қатар берілген курста кәсіпорынның өндірістік қуаты мен капиталын оңтайландыру мақсатында еңбек ресурстарын ынталандыру әдістері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау

    «Өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау» пәні өнеркәсіптік сипаттағы өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау негіздері, оның тиімді қызметін бағалау әдістері туралы әртүрлі түсінік береді. Сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік тәуекелдері мен залалдарын талдау және болжау, оның ішінде оларды тез арада жою тәсілдері. Білім алушылар кәсіпорынның өнеркәсіптік өндірісін іске асыру, ұйымдастыру және жоспарлау саласында білім мен дағдыға ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Машиналар элементтерін есептеу негіздері

    Курс студенттердің машина элементтерін есептеу бойынша білім алуына бағытталған. Курста технологиялық машиналардың жіктелуі, оларды пайдалану шарттарын ескере отырып, технологиялық машиналардың элементтерін жобалау әдістері зерттеледі. Кривошип-шатунды механизмдердің, мальта кресті механизмдерінің, храпты, жұдырықшалы механизмдердің құрылымын, жұмыс принципін және негізгі есептік тәуелділіктерін зерттеу. Тісті, белдік, шынжырлы, үйкеліс берілістерінің құрылғысы мен жұмыс принципін зерттеу. Оқыту нәтижесінде студент негізгі механизмдерді жіктей алады, механизмдер мен машиналарға кинематикалық талдау жасай алады, оларды есептей алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Электротехника

    Бұл курста тамақ өндірісіндегі технологиялық машиналар мен жабдықтарда қолданылатын электр энергиясы мен электр машиналары туралы ақпарат бар. Тұрақты және ауыспалы электр тогын, электр тізбектерін, олардың кедергісін, сыйымдылығын, индуктивтілігін зерттейді. Элементтердің тізбекті және параллель қосылуы. Үш фазалы электр тізбектері. Жұлдызша және үшбұрыш косылысы. Үш фазалы тізбектің қуаты. Трансформаторлар. Электр қозғалтқыштары. Электр қозғалтқыштар мен сымдарды таңдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Технологиялық машиналарды жинақтау және пайдалану

    Курста тамақ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтарының ырғақты және үнемді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында технологиялық машиналар мен жабдықтарды монтаждау мен пайдаланудың озық әдістері зерттеледі. Жабдыққа арналған негіздер мен іргетастардың тағайындалуы мен түрлері. Іргетасқа машиналарды орнату әдістері. Қосылыстар мен берілістерді құрастыру. Құбырларды монтаждау. Электр сымдарын монтаждау. Технологиялық машиналар мен жабдықтарды пайдалануды ұйымдастыру. Білім алушы технологиялық машиналар мен жабдықтарды монтаждау және пайдалану жөніндегі нормативтік құжаттарды қолдана отырып, іргетастарды, жабдықтарды монтаждау ұзақтығын, әртүрлі монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті бригадалар санын есептеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Автоматтық реттеу теориясы

    Бұл курста тамақ өнеркәсібіндегі өндірістік процестерді реттеу негіздері зерттеледі. Автоматты реттеу жүйелерінің жіктелуі. Басқару мен реттеуді автоматтандыру. Тамақ өндірісінің технологиялық процестерінің математикалық модельдері. Автоматты реттеу жүйесінің тұрақтылығы. Тамақ өндірісінің технологиялық процестерін реттеу сапасын бағалау әдістері. Технологиялық процестерді басқару жүйесінің техникалық құралдары. Көрсеткіштерді жинау мен тіркеудің техникалық құралдары. Күшейткіш-түрлендіргіш құрылғылар. Атқарушы құрылғылар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жылутехникасы негіздері

    Бұл курста жылутехникасының негізгі түсініктері зерттеледі: термодинамикалық жүйе; күй теңдеуі; термодинамиканың бірінші заңы; ішкі энергия; көлемнің өзгеру жұмысы; сыртқы жұмыс; термодинамиканың екінші заңы; жылу эксергиясы; идеалды газдар; нақты газдар, су буы, ылғалды ауа; жылуалмасу теориясының негіздері; жылуөткізгіштік; конвекция; жылу сәулесі; жылуөту; жазық қабырға арқылы жылуөту; цилиндрлік қабырға арқылы жылуөту; жылуалмасу аппараттарының түрлері; жылуалмасу аппараттарын есептеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тамақ өнімдерін өңдеудің физикалық тәсілдері

    Бұл курс шикізатты өңдеудің электрофизикалық әдістерін зерттейді: тағамды инфрақызыл өңдеу, жоғары жиілікті тағамды өңдеу, электроконтактілі тамақ әдістері, электростатикалық өрісті өңдеу, электрофлотация. Термофизикалық өңдеу әдістері. Азық-түлікті өңдеудің акустикалық әдістері: ультрадыбыстық, импульстік және пульсациялық өңдеу әдістері. Өнімдерді термиялық өңдеуден кейін физика-химиялық қасиеттері мен биологиялық құндылығының өзгеруі қарастырылады. Білім алушы алған білімдерін процестер мен жұмыс органдарының жалпы инженерлік есептеулерін жүргізу үшін қолданады және тиісті жабдықты таңдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өзара алмасушылық негіздері

    Бұл курста өзара алмасушылықтың негіздері зерттеледі; ауытқу шегінің жүйелері туралы түсінік; әртүрлі қосылыстардың функционалды өзара алмасу принциптері: цилиндрлік, конустық, бұрандалы қосылыстардың, буатты және шлицті, тісті және буынтықты берілістердің, домалау ұштіректердің. Оларды бақылау әдістері мен құралдары. Толқынды, кедір-бұдыр, беттердің пішіні мен орналасуынан ауытқулар және оларды бақылау. Өлшеу тізбектерін есептеу және құрастыру теориясы мен практикасының негізгі ережелері. Оқыту нәтижесінде білім алушы бұйымдар мен оларды дайындау процестерінің технологиялылығын қамтамасыз ету қабілетін көрсетеді, бұйымдарды дайындау кезінде технологиялық тәртіптің сақталуын бақылайды, технологиялық машиналар мен жабдықтарды техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу үшін қолданылатын конструкциялық материалдарды пайдаланады, жобалау кезінде физиканың математикалық әдістері мен заңдарын қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сапа менеджментінің жүйесі

    Бұл курста тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы сапа менеджменті жүйесі зерттеледі. Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнім сапасының негізгі көрсеткіштері туралы баяндалады. Стандарттау, метрология және сертификаттау негіздері қарастырылады. ISO халықаралық стандарттарының сапа менеджменті мен сапа элементтеріне қойылатын талаптары. ҚР стандарттау және метрологияның заңнамалық және нормативтік базасы зерттелуде. Кәсіпорында сапа менеджмент жүйесің енгізудің әсері бағаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Технологиялық машиналардың сенімділігі

    Бұл курста технологиялық машиналардың сенімділігі теориясының негізгі ережелері зерттеледі. Технологиялық машиналардың сенімділігінің бағалау көрсеткіштері. Пайдалану кезінде машинаның жұмыс қабілеттілігінің өзгеруі және оның бұзылу себептері. Технологиялық машиналар сенімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау әдістері. Жобалау кезінде бөлшектердің: біліктердің, нығыздалған қосылыстардың, бұрандалы қосылыстардың, дәнекерленген қосылыстардың, ұштіректердің сенімділігін есептеу. Технологиялық машиналардың сенімділігін қамтамасыз ету және арттыру шаралары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тиеп-түсіру және көлік-қойма жұмыстарын механикаландыру

    Бұл курста білім алушылар тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында жүзеге асырылатын жүк тиеп-түсіру және көлік-қойма жұмыстары үшін қолданылатын көтергіш-көлік машиналары мен механизмдерінің негізгі конструкцияларымен және жұмыс істеу қағидатымен танысады, көтергіш-көлік машиналары мен олардың тораптарын есептеу және құрастыру дағдыларын меңгереді, алынған нәтижелерді сыни бағалай алады. Мұнда үздіксіз әрекетті көлік машиналары, жүктерді көтеру механизмдері, жүк көтергіш машиналардың қозғалыс механизмдері зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Гидрогазодинамика және жылумассаалмасу

    Бұл курста гидрогазодинамика, жылуалмасу және массаалмасу заңдары, энергияны түрлендіру негіздері зерттеледі. Сұйықтықтар мен газдардың физикалық қасиеттері қарастырылады. Сұйықтар мен газдардың тепе-теңдік және динамика заңдары; құбырларды есептеу әдістері; термодинамиканың бірінші және екінші заңдары; жылуды тарату тәсілдері; жылуөтудің негізгі теңдеуі зерттеледі. Білім алушы курсты оқу нәтижесінде гидрогазодинамика мен жылу-масса алмасудың негізгі заңдарын қолдана алады және тамақ өнеркәсібінде қолданылатын нақты процестер мен құбылыстардың гидравликалық және термодинамикалық есептеулерін жүргізе алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сұйықтықтың және газдың механикасы

    Бұл курста сұйықтық пен газ механикасының негізгі ұғымдары мен анықтамалары қарастырылады; сұйықтық пен газдың тепе-теңдік теңдеулері; сұйықтық пен газдың жалпы қозғалыс теңдеулері; үзіліссіздік теңдеуі; идеал және нақты сұйықтық үшін Бернулли теңдеуі; әртүрлі қимадағы құбырлардағы сұйықтық пен газдың қозғалыс режимдері; гидравликалық тегіс және гидравликалық кедір-бұдыр құбырлар; соққы толқынының таралу жылдамдығы; екі фазалы ағындар. Оқуды аяқтағаннан кейін студент гидромеханиканың теориялық ережелерін практикалық мәселелерді шешуге қолдана алады, құбыр жүйелерін есептеу мәселелерін шеше алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Материалдар кедергісі

    Бұл курста біліктердің, өстердің, дөңгелектердің, шкивтердің және технологиялық машиналардың басқа бөлшектерінің жүктелген күйдегі әрекет ету мәселелері қарастырылады. Әртүрлі жүктемелерде эпюраларды құру әдістері сипатталған. Күш, момент, кернеулер және деформацияның маңызды ұғымдары қарастырылады. Созылу, қысылу, иілу, бұралу кезіндегі материалдың негізгі механикалық қасиеттері мен сипаттамалары зерттеледі. Беріктікті, қажуды, қаттылықты, тұрақтылықты есептеу әдістері сипатталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шығындарды басқару

    "Шығындарды басқару" курсының мақсаты студенттердің шығындарды басқару құзыреттілігін қалыптастыру, шығындарды басқару саласында аналитикалық жұмыс жүргізу мүмкіндігі болып табылады. Бұл пән студенттерде шығындардың мәнін және оларды басқару негіздерін түсіну үшін қажетті теориялық білім жиынтығын, сондай-ақ шығындарды стратегиялық басқару мақсаттары үшін қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Оқыту нәтижесінде студент талдау жүргізіп, шығындардың тиімділігін бағалай алады, шығындарды азайту шараларын анықтай алады, шығындарды азайтудың әсерін есептей алады. Қорытынды аттестаттау-курстық жобаны қорғау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Механизмдер мен машиналар теориясы

    Бұл курста жазық рычаг механизмдерінің құрылысы мен жұмыс принципі зерттеледі. Иінді-шатун механизмін аналитикалық және графикалық тәсілдермен кинематикалық есептеу әдістемесі; жылдамдық пен үдеу жоспарларын құру әдістемесі; жұдырықшалы механизмдер мен тісті берілістердің құрылысы, жұмыс принципі және есептеу негіздері оқытылады. Курсты аяқтағаннан кейін студенттер жұмыс жағдайларын ескере отырып, механикалық жүйелерді жобалаудың типтік әдістерін қолдана алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Технологиялық машиналарды жөндеу

    Бұл курста технологиялық машиналар мен жабдықтарды жөндеу мәселелері жан-жақты қарастырылады. Технологиялық машиналар мен жабдықтардың тозу себептері және оларды қалпына келтіру тәсілдері. Жөндеу түрлері: тексеру, техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, орташа жөндеу, күрделі жөндеу. Технологиялық жабдықты алдын ала жөндеу жүйесі. Жөндеу нормативтері. Жөндеу жұмыстарын жоспарлау. Жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу. Технологиялық машиналардың типтік бөлшектерін жөндеу және қалпына келтіру технологиясы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің энергиялық жүйелері

    Бұл курста тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін энергиямен қамтамасыз ету жүйелері, сумен жабдықтау жүйелері, жылумен жабдықтау жүйелері, желдету жүйелері зерттеледі. Өндірістік ғимараттарда қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері қарастырылуда. Электр энергетикалық қондырғылардың, суық ыстық сумен жабдықтау жүйесінің, жылумен жабдықтау жабдықтарының, ғимараттардағы ауаны желдету және кондиционерлеу жабдықтарының құрылысы мен жұмыс принципі зерттеледі, есептеулері орындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздері

    Бұл курста тамақ өнеркәсібінің технологиялық процестері мен машиналарының ғылыми негіздері зерделенеді, салалық ғылымды дамытудың өзекті мәселелері, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының қолданыстағы аппаратуралық безендірілуінің артықшылықтары мен кемшіліктері және оны жетілдірудің мүмкін жолдары қарастырылады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің негізгі кезеңдері мен әдістемелері, студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарын ресімдеу және жариялау және оларды қорғау ережелері зерделенеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инновациялық қызмет негіздері және патенттану

    Курста инновациялық процесс және ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері, инновациялық қызметті құқықтық реттеу әдістері, зияткерлік меншіктің негізгі терминдері мен түсініктері, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар, тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктелу жүйелері зерттеледі. Білім алушы әзірленетін ғылыми-техникалық құжаттамада өнертабысты анықтауды, өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінім, өнертабыс формуласын жасауды және патенттік құқық көлемін анықтауды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жылу-масса алмасу

    Бұл курста жылу тарату тәсілдері зерттеледі: жылуөткізгіштік, конвекция және жылу сәулеленуі. Жылу беру және жылу өту. Жылу өтудің негізгі теңдеуі. Жылу өту коэффициенті. Жылу беру коэффициенттері. Жылу кедергісі. Тегіс қабырға мен цилиндрлік қабырғаның, сфералық қабырғаның жылуөткізгіштігі. Тұрақты температурасы бар ортада денені жылыту немесе салқындату. Үйлесімді өзгеретін температурасы бар ортада денені жылыту немесе салқындату. Дененің жылу инерциясы. Оқыту нәтижесінде студент кәсіби мәселелерді шешу үшін жылу және масса алмасудың негізгі заңдылықтарын қолданады, жылу - физикалық сипаттамаларын эксперименттік анықтау әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көркемдік құрастыру негіздері

    Бұл курста көркемдік құрастырудың мақсаттары мен міндеттерінің маңызы, көркемдік құрастырудың даму тарихы мен кезеңдері, тамақ өнеркәсібінің технологиялық машиналары мен жабдықтары дизайнының ерекшеліктері, тамақ өнеркәсібінің технологиялық машиналары мен жабдықтарының материалдары мен конструкцияларына қойылатын талаптар, технологиялық жабдықты құрастыруды жобалау мен технологиялық шешудің негізгі әдістері, тамақ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтарын эргономикалық жобалау принциптері зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Суды дайындаудың физика-химиялық әдістері

    Бұл курста суды кейіннен кәсіпорындарда тамақ өнімдерін өндірудің технологиялық процестерінде пайдалану үшін физика-химиялық дайындау мәселелері қарастырылады. Судың қасиеттері мен оның сапасына қойылатын талаптар; суды тазарту әдістері; ағарту, дезинфекциялау, тұзсыздандыру, майсыздандыру, тұрақтандыру бойынша технологиялық схемалар зерттеледі. Білім алушылар суды өңдеуге арналған жабдықтың өнімділігін есептейді: араластырғыштар, үлпек түзетін камералар, тұндырғыштар, ағартқыштар, сүзгілер.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тамақ өндірісінің жылу және массаалмасу процестері мен аппараттары

    Бұл курста білім алушылар жылу және массаалмасу процестері және тамақ өндірісінің аппараттары туралы білім алады. Жылуберу және массаалмасу процестерінің механизмдерін; жылу беру тәсілдерін; жылу және материалдық баланстарды; жылуберу және массаберудің негізгі теңдеулерін; жылу және массаалмасу процестерін қарқындату тәсілдері туралы ақпаратты зерттейді. Білім алушылар жылу және массаалмасу процестері мен аппараттарын есептеу және жобалау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тамақ өнімдерін жылулық және тоңазытып өндеуге арналған жабдықтар

    Пән астықөңдеу, нан пісіру, май, кондитерлік және тамақ өнеркәсібінің басқа да салалары мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы жылуалмасу процестерін инженерлік қамтамасыз ету туралы мәліметтерді қамтиды. Жылу процестерін жүзеге асыруға арналған технологиялық жабдықтың құрылымы, жұмыс принципі және инженерлік есептеу әдістемесі зерттеледі. Азық-түлік шикізаты мен дайын өнімдерді сақтау мәселелері қарастырылады, тамақ өнімдеріне арналған қоймалар мен тоңазытқыш камералардың құрылымы мен жұмыс ерекшеліктері зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Гидропневматикалық машиналар және жетектер

    Бұл курста білім алушылар гидрожетектердің құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін, олардың технологиялық машиналар мен өндірістік жүйелерде қолданылуын; гидрожетектердің жіктелуін, құрылымын, жұмыс принципін және реттеу тәсілдерін; тамақ, ет және сүт өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтарына арналған гидравликалық жетекті есептеудің стандартты әдістерін; гидрожүйенің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті сорғыларды; гидрожетектердің қосалқы құрылғыларын; гидрожетектер жүйелеріндегі гидро және пневмоавтоматика аспаптарын зерделейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сапаны басқаруда зияткерлік меншік

    Бұл курста білім алушы Қазақстан Республикасының Патенттік Заңының, зияткерлік меншікті және авторлық құқықты қорғау туралы заңның мазмұнын; кәсіпорындардың материалдық емес активтерінің көлемі мен құрамын, олардың жай-күйі мен дамуын; кәсіпорындардың инновациялық қызметін; персоналдың біліктілік деңгейін арттыру тәсілдерін; өндіріс барысында рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды есепке алу нысандарын; зияткерлік меншік объектілеріне өтінім материалдарын ресімдеуді зерделейді. Оқыту нәтижесінде студент кәсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдастыруға, зияткерлік меншік объектілеріне өтінім материалдарын рәсімдеуді зерделейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Автоматика және автоматтандырылған басқару жүйелері

    Бұл курста тамақ өндірісінің технологиялық процестерін автоматтандырудың және автоматтандырылған басқару жүйелерінің негізгі аспектілері зерттеледі; заманауи бақылау-өлшеу құралдары және олардың техникалық сипаттамалары қарастырылады; технологиялық параметрлерді өлшеуге арналған бақылау-өлшеу құралдары: температура, қысым, ылғалдылық, деңгей, шығын, концентрация; реттеуші құрылғылар; сүт өндірісінің өнімдері, ет жартылай фабрикаттары, шұжық өнімдері, макарон өндірісінің технологиялық процестерін автоматты басқару жүйелері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Конструкциялау негіздері мен машина бөлшектері

    Бұл курста типтік бөлшектер мен механикалық берілістерді жобалау және есептеу негіздері зерттеледі; біліктер мен осьтер; біліктерді жобалау және тексеру есебі; мойынтіректерді есептеу және таңдау; серпімді, саңырау, өтемдік, басқарылатын муфталар; бұрандалы қосылыстар, бұрандалы қосылыстардың беріктігін есептеу; шпонкалы қосылыстар; шлицті қосылыстар; дәнекерленген қосылыстар; тісті берілістерді есептеу; буынтықты берілістерді есептеу; белдікті берілістерді есептеу; шынжырлы берілістерді есептеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Патенттану

    Бұл курста Қазақстан Республикасының және шет елдердің зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы заңнамасы; патенттік құжаттаманың түрлері; өнертабыс сипаттамасындағы библиографиялық деректерді сәйкестендіруге арналған кодтар, ғылыми-техникалық ақпаратты іздеу және бастапқы өңдеу тәсілдері; мәтінді құрастыру ерекшеліктері; өнеркәсіптік меншік объектісіне өтінім құрамы; патенттік құқық көлемін анықтау үшін өнертабыс формуласының мәні; пайдалы модельдер мен өнертабыстарға өтінім материалдарын ресімдеу зерделенеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ет және сүт өнімдерін жылулық және тоңазытып өндеуге арналған жабдықтар

    Бұл курста ет және сүт өнеркәсібі кәсіпорындарында қолданылатын жылу алмасу аппараттары туралы мәліметтер зерттеледі. Электр, газ, бу және отты жылытумен технологиялық жабдықтың құрылымы, жұмыс принципі және жұмыс ерекшеліктері қарастырылады. Термиялық өңдеудің әртүрлі әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілген. Ет және сүт өнімдеріне арналған тоңазытқыштар мен қоймалардың құрылымы, жұмыс принципі және негізгі есептеулері қарастырылады. Білім алушы ет және сүт өнімдерін термиялық және тоңазытқыш өңдеуге арналған аппараттардың есептеулерін жүргізе алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сумен қамтамасыз ету, канализация және жылу жүйелерінің негіздері

    Бұл курста тамақ өндірісі кәсіпорындарының суық және ыстық сумен жабдықтау, кәріз және жылу желілерін пайдалану кезінде монтаждау, баптау, сынау ережелері мен технологиялары зерттеледі. Цехтарды сумен жабдықтаудың әртүрлі жүйелері қарастырылады. Құбырлар, бекіту және реттеу арматурасы. Өндірістік және тұрмыстық кәріз. Өндірістік ғимараттарды жылумен жабдықтау. Су және жылумен жабдықтаудың, кәріз жүйесінің гидравликалық жүйелерін тамақ өндірісі кәсіпорындарының есептеу негіздері. Білім алушы оқыту нәтижесінде сумен жабдықтау, кәріз және жылу желілері жүйелеріне арналған құбырлар мен құрылғыларға инженерлік есептеулер жүргізуге, сумен жабдықтау, кәріз және жылу желілерін пайдалану кезінде монтаждау, баптау, сынау ережелері мен технологияларын қолдануға қабілетті.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Технологиялық процестерді математикалық және компьютерлік моделдеу негіздері

    Бұл курста білім алушылар технологиялық процестерді математикалық және компьютерлік модельдеу негіздері туралы білім алады. Мұнда модельдердің жіктелуін, тамақ процестерінің математикалық модельдерін құру принциптерін және компьютерлік модельдеудің жалпы принциптерін оқытылады. Модельдерді құру технологиясымен және кездейсоқ заңдылықтарын модельдеу әдістерімен, деректерді түсіндірумен, модельдеу нәтижелерін талдаумен және өңдеумен танысады. Үздіксіз жүйелерді модельдеу әдістерін және өндірістік процестерді модельдеуді зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Зерттеу нәтижелерін өңдеу әдістері

    Курста тамақ өнеркәсібінің технологиялық процестерін зерттеу кезінде алынған зерттеу деректерді өңдеу әдістері; зерттеулер нәтижелерін математикалық өңдеу әдістері; кездейсоқ шаманың сипаттамалары; тарату функциялары және олардың тікелей және жанама өлшеулердің қателіктерінің қасиеттері; компьютерлік техниканы қолдана отырып, зерттеулер нәтижелерін өңдеу; зерттеулер нәтижелері бойынша графиктер құру; сәйкестендіру алгоритмдері, олардың мүмкіндіктері мен қолдану салалары зерделенеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының инжинирингі

    Курс қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық жабдықтары туралы мәліметтерді қамтиды. Өсімдіктер мен жануарлардан алынатын шикізатты жууға арналған технологиялық жабдық. Кесуге, ұсақтауға, майдалауға, престеуге, сүзуге арналған технологиялық жабдық. Араластырғыштар, илеу және араластыру машиналары. Біртекті емес дара, сусымалы және сұйық компоненттерді бөлуге арналған жабдық, мөлшерлеу- қалыптау машиналары. Қоғамдық тамақтандырудың жылу аппараттары: пісіру аппараттары, қуыру шкафтары, пештер, қайнатқыштар, плиталар. Білім алушы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жабдықтарына технологиялық және инженерлік есептеулер жүргізуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тамақ өндірісінің технологиялық жабдықтарын есептеу және құрастыру

    Бұл курста тамақ өнеркәсібінің ғылыми-техникалық дамуының негізгі мәселелері қарастырылады, тамақ өнеркәсібінде кең таралған машиналар мен аппараттардың беріктігі, қаттылығы мен тұрақтылығын есептеудің теориялық негіздері мен әдістері зерттеледі. Білім алушылар технологиялық жабдықты есептеу және жобалау дағдыларын игереді, қажетті техникалық құжаттаманы жасау әдістемесімен танысады, бұйымдардың сапасын арттыру мақсатында құрал жабдықты жаңғырту жолдарын табады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жобалық инжинирингі

    Бұл курста тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын жобалаудың жан- жақты аспектілері қарастырылады: тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының құрылымы; өндірістік ғимараттарға қойылатын санитарлық- техникалық талаптар; жобаның техникалық экономикалық негіздемесі; жобалау- сметалық құжаттама; учаскенің, цехтың және тұтастай кәсіпорынның жоспарын құру; инженерлік коммуникацияларды жобалау; өндірістік көлік; шикізат пен өнім ассортиментін есептеу; өндірістік цехтардың аудандарын есептеу; технологиялық жабдықты орналастыру; технологиялық процестерді ұйымдастыру кестесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сүт өнеркәсібі кәсіпорындарының инжинирингі

    Бұл курста сүт өнеркәсібі кәсіпорындарының технологиялық жабдықтары зерттеледі. Резервуарлар. Сорғылар. Гомогенизаторлар. Сепараторлар және ортадан тепкіш бөлу теориясының негіздері. Жылу алмастырғыштар: құбырлы, пластиналы, жейделі. Сары май, балмұздақ, ірімшік, сүзбе, кілегей, қышқыл сүт өнімдері, құрғақ сүт және кілегей өндіруге арналған жабдықтар. Сүт өнімдерінің ыдысын жууға, орауға, құюға арналған технологиялық жабдықтар. Технологиялық есептеулер. Жылу есептеулері. Гидравликалық есептеулер

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау

    Бұл курста технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалауда толық сызбалық құжаттамамен жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргізуге қажетті мәселелері зерттеледі. Технологиялық машиналар мен жабдықтардың жұмысшы органдарын есептеу және жобалау. Әртүрлі құрылымдық элементтерді жасау үшін қолданылатын материалдар. Кинематикалық, күштік және беріктік есептері. ISO стандарттарын қолдана отырып, технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау. Сызу және мәтіндік-графикалық құжаттама.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тамақ өндірісінің шағын кәсіпорындарына арналған жабдықтарды жобалау

    Білім алушы тамақ өндірісінің шағын кәсіпорындарына арналған заманауи машиналар мен аппараттарды жобалау ерекшеліктерін және оны пайдаланудың прогрессивті әдістерін; шағын және орта қуатты жабдықтар конструкциясында пайдалану үшін ұсынылатын материалдарды; сенімділік және дизайн мәселелерін; техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту мақсатында техниканы жетілдіру, қолданыстағы жабдықты жаңғырту жолдарын зерделейді. Инженерлік есептеулер жүргізеді, таңдалған шешімнің дұрыстығын растайды, жаңа техникалық шешімдерді ұсынады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ет және сүт өндірісінің технологиялық жабдықтарын есептеу және құрастыру

    Бұл курста ет және сүт өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтарын жобалаудың негіздері мен есептеулері зерттеледі. Пластиналар мен қабықшалар теориясының негізгі ережелері; моментті және моментсіз теория; ішкі және сыртқы қысыммен жұмыс істейтін аппараттарды есептеу және құрастыру; фланецті қосылыстарды, аппарат тіректерін, бұрандамалы қосылыстарды есептеу; ротационды машиналар; олардың конструкцияларының ерекшеліктері; сепаратор барабанын есептеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кондитерлік өнеркәсіп кәсіпорындарының инжинирингі

    Бұл курста ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісінің технологиялық жабдықтары қарастырылады: қойма және дайындық жұмыстарын жүргізуге арналған жабдықтар, илеу машиналары, қамыр илеу машиналары, қалыптау машиналары, бұйымдарды әрлеуге арналған жабдықтар, әр түрлі типтегі кондитерлік пештер, сондай-ақ кондитерлік фабрикаларда қолданылатын орау жабдықтары. Білім алушылар кондитерлік өндіріс машиналары мен аппараттарының жалпы инженерлік есептеулерін жүргізе алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ет және сүт өнеркәсібі кәсіпорындарының жобалық инжинирингі

    Бұл курста ет және сүт өнеркәсібі кәсіпорындарын жобалаудың жан-жақты аспектілері қарастырылады: ет және сүт өнеркәсібі кәсіпорындарының құрылымы; өндірістік ғимараттарға қойылатын санитарлық- техникалық талаптар; жобаның техникалық экономикалық негіздемесі; жобалау- сметалық құжаттама; учаскенің, цехтың және тұтастай кәсіпорынның жоспарын құру; шикізат пен өнім ассортиментін есептеу; өндірістік цехтардың аудандарын есептеу; технологиялық жабдықты орналастыру;технологиялық процестерді ұйымдастыру кестесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тамақ өнеркәсiбiнің машиналары, автоматтары және ағынды желілері

    Бұл курста тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында қолданылатын технологиялық ағындық желілер мен автоматты машиналар зерттеледі. Технологиялық кешендерді ұйымдастырудың қазіргі заманғы нысандары, өсімдік және жануарлардан алынатын шикізатты өңдеуге арналған технологиялық желілердің машина-аппаратуралық схемалары қарастырылады. Өнімнің, шикізаттың және жартылай фабрикаттардың сипаттамалары, дайын өнімді өндіру және тұтыну ерекшеліктері, технологиялық процестің кезеңдері, жабдық кешендерінің сипаттамасы, желінің құрылымы мен жұмыс істеу принциптері зерттеледі. Оқыту нәтижесінде студент тамақ өндірісін кешенді механикаландыру мен автоматтандыруды дамытудың негізгі бағыттары мен перспективаларын, технологиялық желілерге қойылатын талаптарды түсіндіреді, тамақ өнеркәсібінің автоматтандырылған ағындық желілеріне техникалық қызмет көрсетуді және басқаруды ұйымдастырады, тамақ өнеркәсібінің технологиялық жабдықтарын жаңғырту бойынша техникалық шешімдерді ұсынады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының желдету жүйелерінің инжинирингі

    Бұл курста ылғалды ауаның негізгі физикалық қасиеттері, ауаны баптау мәселелері, тамақ кәсіпорындарының желдету жүйелері, өндірістік бөлмелердегі ауаға қойылатын талаптар, зиянды заттардың санын анықтау, тамақ өндірістерінің өрт және жарылыс қаупі, тамақ өндірістерінің желдету және ауаны баптау жүйелеріне қойылатын талаптар, астық өңдейтін, нан пісіретін, май, қант өңдейтін, кондитерлік кәсіпорындарының желдету және ауаны баптау жүйелері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының инжинирингі

    Бұл курста тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының технологиялық жабдықтары туралы ақпарат бар. Жабдықтың өнімділігі мен қуатын негізгі есептеулері. Механикалық процестерді жүзеге асыруға арналған технологиялық жабдықтар: ұнтақтау, кесу, сұрыптау, престеу. Гидромеханикалық процестерге арналған технологиялық жабдықтар: бөлу, сүзу, араластыру, сұйықтықтарды тасымалдау. Энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу мақсатында технологиялық машиналар мен жабдықтарды техникалық жетілдіру және жаңғырту жолдары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тамақ шикізатын өңдеуге арналған машиналарды жобалау

    Бұл курста механикалық жабдықтың негізгі конструкциялары, тамақ өнімдерін өңдеуге арналған жабдықты пайдаланудың прогрессивті әдістері, жабдықтың негізгі түйіндері, әртүрлі құрылымдық элементтерді жасау үшін қолданылатын материалдар зерттеледі. Білім алушы кинематикалық, күштік және беріктік есептеулерін жүргізеді, жаңа техникалық шешімдерді, механикалық жабдықтарды жетілдіру жолдарын ұсынады. Тамақ шикізатын өңдеуге арналған машинаның жобасын орындайды. Конструкторлық мәтіндік және графикалық құжаттаманы рәсімдейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ет және сүт өнеркәсібі кәсіпорындарының желдету жүйелерінің инжинирингі

    Бұл курста ет және сүт өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік ғимараттарының желдету жүйесі зерттеледі: ауаның қасиеттері және оның сипаттамалары; өндірістегі ауаның ластану түрлері және технологиялық жабдықтың жұмысы кезінде бөлінетін газдарды тазарту әдістері; өндірістік бөлмелердегі ауаны тазарту; өндірістік бөлмелердегі желдету жүйесінің құрылысы; бөлмедегі ауа көлемін және оны жаңарту жиілігін есептеу; желдету жүйелерін есептеу әдістемесі; желдеткіштерді таңдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Май өнеркәсібі кәсіпорындарының инжинирингі

    Бұл курста студенттер әртүрлі көлемдегі кәсіпорындарда қолданылатын өсімдік майларын өндірудің негізгі машиналары мен аппараттары туралы ақпарат алады. Білім алушылар шикізат бөлімшесінің және зауыт ішілік көлік жабдықтарын, май алуға және тұқым дайындауға арналған жабдықтарды, престеу арқылы май алуға арналған жабдықтарды, экстракция арқылы май алуға арналған жабдықтарды жобалау, қызмет көрсету және пайдалану негіздерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ет және сүт өнеркәсiбiнің машиналары, автоматтары және ағынды желілері

    Бұл курста ет және сүт өнеркәсібі кәсіпорындарында қолданылатын технологиялық ағындық желілер және олардың құрамына кіретін машина-автоматтар зерттеледі. Автоматты қоректендіргіштердің құрылымы, жіктелуі және негізгі түрлері. Қоректендіргіштердің функционалдық элементтері. Бункерден тыс бағдарлау. Бұйымдарды кеңістікте автоматты бағдарлауға арналған құрылғылар. Автоматты мөлшерлеу, түсіру және қысу, орау, төсеу, құлыптау құрылғылары. Жабық, ашық және аралас ағынды желілер. Оқыту нәтижесінде студент ет-сүт өндірісінің ағындық желілерін есептеу және жобалау дағдыларына ие болады, ет және сүт өнеркәсібінің ағындық желілеріне техникалық қызмет көрсетуді және басқаруды ұйымдастыра алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ет өнеркәсібі кәсіпорындарының инжинирингі

    Бұл курста ет өнеркәсібі кәсіпорындарының технологиялық жабдықтары зерттеледі. Технологиялық жабдықтың жұмыс органдары. Аспалы жолдар. Тері сыдырғыштар. Кесетін жұмыс органдары, икемді және білікті жұмыс органдары бар машиналар. Барабанды, шайылатын, тозаңдататын жұмыс органдарының; шнекті және бұрандалы жұмыс органдарының; қалақты жұмыс органдарының негізіндегі жабдықтар. Гравитация өрісінде өнімдерді бөлуге арналған жабдық. Престеуге арналған жабдық. Білім алушы жабдықтың технологиялық және инженерлік есептеулерін жүргізуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Әлеуметтік-мәдени, экономикалық-құқықтық, экологиялық білімдері мен коммуникативтік іскерліктерді көрсете білу, қоғамның қазіргі заманғы даму үрдістерін ескере отырып, ақпараттық технологияларды қолдану
  • Тамақ өнімдерін өндіру кезінде технологиялық процестерді игеру үшін жаратылыстану пәндерінің негізгі заңдарын қолдану
  • Жобалау, техникалық, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, оның сараптамасын және жобалау шешімдерінің техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізу
  • Пайдалану шарттарын ескере отырып механикалық жүйелерді жобалаудың типтік әдістерін қолдану
  • Гидравликалық жүйелерді, сумен және жылумен жабдықтау жүйелерін есептеуді жүргізу
  • Технологиялық машиналар мен жабдықтарды монтаждауды, пайдалануды және жөндеуді жүргізу, олардың жарамдылығын және ақаулықтарды жоюды қамтамасыз ету
  • Кәсіпорындардың технологиялық жабдықтарын есептеуді, жобалауды және жаңғыртуды жүргізу
  • Өнеркәсіптік кәсіпорындардың цехтары мен учаскелерінің жобаларын әзірлеу
  • Берілген талаптарды қанағаттандыратын жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін инженерлік білімді қолдану, баптау және сынау бойынша технологиялық операцияларды орындау
Top