Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
8D06101 Үлкен деректер аналитикасы в С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты АКТ бағытындағы ғылыми-педагогикалық кадрларды және экономика мен өндірістің түрлі секторлары бойынша менеджерлер, маман-аналитиктерді даярлау
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D094 Ақпараттық технологиялар
-
Білім беру саласы 8D06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
-
Дайындық бағыты 8D061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Пәндер
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдауға, ғылыми аппаратты негіздеуге және қолдануға, ақпараттық ағындарды жинау, талдау және синтездеу әдістерін қолдануға, сондай-ақ пәнаралық контексте шешім қабылдауды қолдаудың интеграцияланған жүйелерінде деректерді интеллектуалды өңдеу әдістерін іске асыруға қабілетті
- Заманауи компьютерлік технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, мәселелерді кешенді түрде талдау және шешімдер әзірлеу; жасанды интеллект және интеллектуалды жүйелерді жобалау саласында теориялық және қолданбалы зерттеулерді жоспарлап, жүзеге асыру; эксперименттер жүргізіп, негізделген деректер жинағын қамтамасыз ету; Big Data технологиялары мен шешім қабылдауды қолдайтын жүйелерге негізделген аналитикалық құралдарды қолдануға қабілетті
- Интернет кеңістігі деректерінің үлкен ақпараттық ағындарын әртүрлі технологияларға сүйене отырып талдау, осы мәліметтерді біртұтас, түсінікті және формальды математикалық модельге құрылымдау үшін деректердің үлкен көлемі бар ақпаратты талдауға негізделген қолданбалы есептерді шешу.
- Әр түрлі әдеби көздерден алынған ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын пайдалану, оны аудиторияның ерекшелігін ескере отырып, хабарламалардың, презентациялар мен баяндамалардың әртүрлі нысандарында ұсыну, проблемалық мәселелерге өз көзқарасын негіздеу және сауатты баяндау, ғылыми-зерттеу мәселелерін іздеу және шешу кезінде командада жұмыс істеу.
- Заманауи ғылыми жетістіктерге сыни талдау және бағалау жүргізу, проблемаларды терең талдау, міндеттерді қою және негіздеу қабілетін көрсету, шешілетін ғылыми проблемалар мен ғылыми және жобалау - өндірістік-технологиялық қызметтің міндеттерінің тұжырымдамалық және теориялық модельдерін әзірлеу, ақпарат көздерін іздеу әдістерін қолдану, сондай-ақ алынған ақпараттың сапасын талдау
- Дескриптивті, Кеңістіктік, статистикалық талдау әдістерін қолдану, ETL-процестерді, OLAP-талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ жасанды нейрондық желілерді пайдалану негізінде қолданбалы есептерді шешу.
- Ақпараттық технологиялардың көмегімен жаңа білім мен дағдыларды өз бетінше игеру және оларды практикалық қызметте, оның ішінде қызмет саласына тікелей қатысы жоқ білімнің жаңа салаларында пайдалану, өзінің ғылыми дүниетанымын кеңейту және тереңдету қабілетін көрсету