Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07201 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы в Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстан дамуының негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күштерін, тұрақты даму мақсаттарын, техносферадағы адам өмірінің денсаулығы мен экологиялық тазалығын сақтау шарттарын білетінін көрсете алады; айналасына сыни тұрғыдан қарай алады, әлеуметтік-саяси және экономикалық салаларда болып жатқан оқиғаларға өзіндік баға бере алады; инклюзивті ортада бейімделу үшін әлеуметтенудан алған білімін тиімді қолдана алады; құқықтық сананы, экономикалық ойлауды, қаржылық сауаттылықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсылығын және академиялық адалдық мәдениетін көрсете алады
  • Тіл сауаттылығын көрсетеді; коммуникативті дағдылары мен академиялық жазу дағдылары қалыптасқан, қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасай алады
  • Әртүрлі АКТ түрлерін пайдаланады: интернет-ресурстарды, бұлттық және мобильді сервистерді ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату үшін қолданады, сондай-ақ азық-түлік өнімдері технологиясының әртүрлі салаларындағы нақты мәселелер мен тапсырмаларды шешу үшін жасанды интеллект әдістері мен тәсілдерін қолданады
  • Ой-өрісі кең тұлғаны қалыптастыратын әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы базалық білімі бар
  • Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында тағам өнімдерінің технологиясы, биохимиясы және микробиологиясы, санитария және тамақтанудың гигиенасы негіздерін, қызмет көрсету және сервис технологиясын меңгерген
  • Қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес кәсіби қызметте технологиялық жабдықтардың түрлі түрлерін пайдалануға дайын
  • Азық-түлік өнімдерінің ассортиментін, шикізатқа, жартылай фабрикаттарға және дайын өнімге, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесіне қойылатын нормативтік құжаттардың талаптарын білуін көрсетеді
  • Тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында технологиялық процесті ұйымдастырады, оларды жобалау сапасын бағалайды және басқарушылық шешімдер қабылдайды
  • Тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтану өнімдерін өндіру тиімділігін арттыру үшін ғылыми білімді пайдаланады
  • Таңдалған MINOR бағдарламасына сәйкес саладағы қосымша құзыреттіліктерді меңгерген
  • Тағам өндірісінің жалпы және мамандандырылған технологияларының өзекті білімдерін көрсетеді, оларды жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлейді
  • Өндірілетін өнімдер мен қызметтердің сапасын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады, ақаудың себептерін талдайды, олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлейді
Top