Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01904 Тәрбиеші. Мектепке дейінгі білім берудегі логопед в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Құқықтық және экономикалық білімді пайдалана отырып бизнесте және күнделікті өмірде сауатты шешімдер қабылдау мақсатында, негізделген қаржылық шешімдер қабылдау, жеке және корпоративтік қаржыны тиімді басқару.
  • Деректерді жинау, өңдеу және талдау, сонымен қатар кәсіби қызметтегі қолданбалы мәселелерді шешумақсатында жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізеді, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру идеяларын тұжырымдау және негіздеу кезінде академиялық мәтіндерді сауатты пішімдейді. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың барлық талаптарын сақтай отырып, қызмет пен технологиялық қызмет өнімдерінің, ғылыми жаңалықтардың қоршаған ортаға әсерін ескереді.
  • Педагогикалық іс-әрекеттің тұтас білімін, қазіргі педагогикалық, психологиялық ғылым мен теория негіздерін сипаттау, инклюзивті процестерді ұйымдастыру және басқару әдістерін қолдану, мектеп пен мектептен тыс ұйымдардың тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу технологияларымен қамтамасыз ету.
  • Анализаторлардың патологиясын, бастапқы және екіншілік бұзылыстың құрылымдық компоненттерін анықтау, интеллектуалды жеткіліксіздіктің ұқсас формаларын ажырата отырып, балалардың дамуындағы тежелулерді, бұзылыстарды диагностикалау және баланың анамнезін жинақтау.
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған нормативтік-құқықтық құжаттар мен кәсіби деңгейдегі этикалық ұстанымдар негізінде, арнайы педагогика мен психологияның принциптеріне сүйеніп, әр түрлі жастағы балалармен логопедиялық түзету жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Мектеп жасына дейінгі мекемелерде тәрбие процесін дамыту бағдарламалары бойынша түзету жұмыстарын дайындау, интерактивті технологиялар мен арт-терапияны қолдану,логопедиялық жұмысты ұйымдастыру.
  • Мектепке дейінгі балалар , соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қауіпсіз, кедергісіз заттық-кеңістіктік ортаны жобалауға қабілетті болады
  • Кәсіби дамуға және өмір бойы білім алуға; өз құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптерін, жұмыс әдістерін көрсетуге, ойластыруға және сыни тұрғыдан бағалауға, сондай-ақ тұрақты даму мүддесінде мектепке дейінгі білім беруді, өз ұйымының және кәсіби әл-ауқатының дамуын жетілдірудің жаңа мақсаттарын қоюға қабілетті болады.
  • Күрделі бұзылысы бар және мектепке дейінгі білім беру технологияларын пайдалана отырып, балаларға логопедтік тексеруді ұйымдастыруда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру іс-шараларын жоспарлау.
  • Дизартрия кезінде логопедиялық түзету әдістерін, логопедиялық ырғақты, дыбыстарды қою әдістері мен тәсілдерін қолдану және тұтықпа кезінде логоритмика әдісін, балалардағы жазбаша сөйлеу бұзылыстарын жою мен алдын-ала түзету әдістерін пайдалана отырып, жүйелі сөйлеу тілі бұзылған балаларға оңтайлы жұмыстарды ұйымдастыру.
  • Педагогика мен психологиядан алған білімдерін тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілік, инклюзивті тәсілдер қағидаттарын ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, дамыту, өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру үшін қолдана алады
Top