Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01401 Музыкалық білім в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әлемдік музыка тарихы мен музыкалық білім беру саласындағы теориялық білімді меңгереді;
  • Музыкалық шығармашылық және орындаушылық дағдысын практикалық іс әрекетінде көрсете алады;
  • Орта білімнің жаңартылған мазмұны, инклюзивті білім беру жүйесі, сондай-ақ ШЖМ жағдайындағы оқыту әдістерін, критериалды бағалауды жетік меңгерген;
  • Кәсіби қызметінде сандық білім беру ресурстарын тиімді қолдана алады;
  • Ғылыми зерттеу жұмысын, жобаларын басқара отырып, өз тәжірибесінде қолдана алады;
  • Педагогика мен психологияның ұғымдары мен әдіснамалық негіздерін, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты салауатты, қолайлы және қауіпсіз ортаны қалыптастыруда, кәсіби қызметінде өз жұмысының нәтижелерін көрсете біледі;
  • Экологиялық құзіреттілігін тұрақты қамту, қалыптастыру әдістері мен қағидаттарын, кәсіпкерлік қызметтерін және жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеттерін кәсіби қызметінде көрсете біледі;
  • Ғылыми зерттеулер және сондай-ақ оқытудың әдістемесі мен технологиясын, жоспарлау мен жеке оқытуды, білім беру саласындағы инновацияларды білу;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетеді; қаржылық сауаттылық негіздерін игере отырып, кәсіпкерлік қызметті жоспарлау және ұйымдастыру әдістерін қолданады.
  • Білім беру ғылымының теорияларын, инновациялық әдістерді, жасанды интеллект және заманауи технологияларды қолданады.
  • Музыкалық білім саласындағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану, заманауи педагогикалық технологияларды қолдана отырып, музыканы оқытудың белгіленген мақсаттарына сәйкес оқу іс-әрекетінің жағдайларын құру.
  • Музыкалық-теориялық және практикалық пәндер бойынша алған білімдерін вокалдық-хор, дирижерлік, хормейстерлік және аспаптық дағдыларды көрсетуде және музыка сабақтарын өткізуде жобалау мен орындаушылық процестерін модельдеу үшін жүйелеу және жалпылау.
Top