6B11102 Мәдени тынығу жұмысы в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мәдени-тынығу қызметі саласында қоғамның заманауи талаптары мен халықтың әртүрлі санаттарының қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік-мәдени жобаларды әзірлеуге, ұйымдастыруға және іске асыруға бағытталған кәсіби құзыреттілікті меңгерген, мәдениет мекемелері мен креативті индустрияларда сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B092 Тынығу
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
-
Дайындық бағыты 6B111 Қызмет көрсету саласы
Пәндер
-
Мәдени тынығу жұмысының тарихы мен теориясы
Курс мәдени-тынығу жұмысының тарихы, мәдени нысандар дыңпайдаболуы мен даму жолдарынан мағлұмат береді. Бұл курсты білім алушыларда бос уақыт жағдайында мәдени –тынығу жұмысын ұйымдастыру аясында жүзеге асатын ақпаратты –ағарту, көркем –щығармашылық және т.б. мәдени- тынығу қызметінің дамуының негізгі кезеңдері, тарихи даму үрдістері, мазмұны, формалары мен әдістері, функциялары мен принциптері, деңгейлері мен нысандары, құралдары сипаттылығы мен ұйымдастыру қағидаларын, әлеуметтік-мәдени қызмет субъектілері жұмысының құрылымы мен мазмұны туралы жалпы білімді қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Пәнаралық білім беру модулі (Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері, Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, Экология және өмір қауіпсіздігі).
Курс білім алушылардың қаржылық, құқықтық, экономикалық және экологиялық сауаттылығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және кәсіпкерлік құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Ол тұрақты даму мақсаттарына жетуге ықпал етіп, жауапты тұтыну, құқықтық сана, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік дағдыларын дамытады. Экономика негіздерін меңгеруге, кәсіпкерлік ойлауды дамытуға, іс ашуға, қаржыны басқаруға, қауіпсіз өмір сүруге назар аударылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Музыка теориясы және сольфеджио
Курс музыканың құрылымын, дыбыс, әуен, ырғақ, метр, үйлесімділік, форма және т. б. музыка элементтерін ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері мен аспектілерін оқытады. Білім алушының бойында музыкалық есту, музыкалық ырғақ және есте сақтау қабілеттерін дамытады. Оқыту нәтижесінде әртүрлі музыкалық және интонациялық жаттығуларды еркін орындай алады. Халық музыкасының түрлі ладтарын сауатты орындау, диктант жазу және музыкалық шығармаларды импровизациялау дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Бос уақыт педагогикасы
Курс білім алушыға бос уақыт педагогикасының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін, бос уақыт педагогикасы генезисін, аксиологиясын, әдістемелік незіздерін, мазмұны мен формасы, бос уақытты өткізу саласында қолданылатын әдістер мен инновациялық технологиялардың ерекшеліктері туралы түсінік береді. Оқыту нәтижесінде болашақ мәдениет қызметкерлерінің, әлеуметтік-мәдени саланың менеджерлерінің жұмысында бос уақытты педагогикалық ұйымдастырудың маңыздылығын түсініп, педагогикалық бағытталған бос уақытты ұйымдастыру , дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ және әлем музыка тарихы
Курс қазақ және әлемдік музыка тарихы мен даму кезеңдерін, қазақ және әлемдік мәдениеттегі ежелгі дәуір музыкасының рөлі мен ерекшеліктерін, кәсіби музыканың қалыптасуы мен дамуын, Опера, симфониялық және аспаптық және хор жанрларын, қазақ, әлемдік музыка өкілдерінің өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат береді. Оқыту нәтижесінде білім алушы мәдени-тынығу қызметінде музыкалық ойлауын, музыкалық әдеби шығармаларды қабылдау және талдау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өнер тарихы және көркемөнер шығармашылығы
Бұл курс болашақ маманға халық өнері мен шығармашылығының тарихын білуге мүмкіндік береді. Өнер тарихының әр кезеңінің ерекшеліктерін ескере отырып, оның эстетикалық және тәрбиелік мәнін ашады. Көркемөнер шығармашылығының тарихы мен даму жолдары, мазмұны мен белгілері, көркемөнер шығармашылығы теориясының нысандары мен міндеттері, функциясы, түрлері мен типтері және көркемөнер шығармашылығы ұжымдарында басшылыққа алынатын педагогикалық принциптері туралы мағлұмат береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Негізгі музыкалық аспап (фортепиано,баян,домбыра,қобыз)
Курс негізгі музыкалық аспаптарда жеке оқытуға негізделген. Аспапты ұстау (постановка), орындыққа отыру (посадка), қол саусақтарын аспапқа орналастырудан (аппликатура) бастап, музыкалық аспапта түрлі шығармаларды орындау дағдысын қалыптастырады. Оқыту нәтижесінде түрлі жанрдағы шығармаларды орындай отырып, негізгі музыкалық аспаптарда орындау дағдыларын дамытады және қалыптастырады. Нотадан бірден оқып ойнау, барлық штрихтарын, динамикалық белгілері мен заңдылықтарын сақтап ойнау дағдысы қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Дауыс қою және вокал
Курсты оқу барысында білім алушы дауыс қою және вокал пәнінің негізімен танысады. Дыбыс шығару тәсілдері, нотаны дұрыс дыбыстау, буынға бөлу тәсілдерін меңгереді. Вокал өнерінің әдістерімен қоса, әншілік дауысты сауатты меңгеру шеберлігін, түрлі характердегі халық, қазақ, орыс, шетел композиторларының классикалық шығармалары мен вокализдер айтуға дағдыланады. Оқыту нәтижесінде курс кез-келген күрделіліктегі шығармаларды сауатты таңдау және талдау қабілетіне ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Бұл курс ғылыми зерттеудің мазмұны мен әдістері туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыруға, түрлі салаларда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін білім, дағды, технологиялар мен әдістерді игеруге бағытталған. Пән бағдарламасы ғылыми зерттеу тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды; теориялық және эксперименттік зерттеулердің әдіснамасын зерделеу; зерттеулерді талдау және тұжырымдар мен ұсыныстар беруді қамтиды. Ғылыми зерттеулердің енгізілуі мен тиімділігіне, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және дипломдық жұмыстарды ресімдеу ережелеріне көп көңіл бөлінеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ұлттық руханият
Курс рухани құндылықтар жүйесін, қазақтың ұлттық болмысын, руханияттың этномәдени бастауларын, ұлттық сананы, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, дүниетанымды, діни шыдамдылықты, салт-дәстүрлерді, өнерді, әдебиетті, ұлттық тәрбиені, дәстүрлі мәдениетті, жоғары сананы тәрбиелейтін рухани мұраны зерттейді. Пән әлемдік және жалпыадамзаттық құндылықтарды, халықтық дәстүрлерді, ата-баба мұрасын құрметтеу рухында тәрбиеленген рухани-адамгершілік тұлғаны қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Эстрадалық ән айту
Курс білім алушыларға эстрадалық ән айтудызаңдылықтар мен ерекшеліктерін үйретеді. Сондай-ақ оларды отандық және әлемдік музыка мәдениетінің негіздерімен таныстыруға, музыкалық-вокалдық қабілеттер мен дағдыларды дамытуға ықпал етеді. Оқыту нәтижесінде білім алушылар ұйымдастырушылық-бұқаралық қызметке, салтанатты іс-шараларға қатыса алады, Оқыту нәтижесінде концерттерде, фестивальдарда, конкурстарда, қалалық, өңірлік, облыстық іс-шараларда өнер көрсете алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Сөйлеу мәдениеті, іскерлік қарым-қатынас этикасы мен мәдениеті
Шешендік өнер тарихы мен дамуы жолдарымен таныстыру. Тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері. Қоғамдық қатынастағы тілдің мәні. Әлеуметтік тұрмыстық қатынас тілі. Мәдени сөйлеу дағдыларын дамыту. Іскерлік қарым-қатынас этикасын сақтауға үйрету. Қызмет көрсету саласындағы болашақ маманның көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру, адамгершілік құндылықтардың, мұраттардың, қарым-қатынас принциптері мен нормаларының маңыздылығын түсіну қабілетін қалыптастыру. Қазіргі замандағы іскерлік мәдениет және іскерлік этика мәдени-демалыс жұмыстарында қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Музыкалық аспап және жалпы дирижерлау
Музыкалық аспап және жалпы дирижерлау курсы негізгі музыкалық аспаптарда жеке оқытуға, сондай-ақ білім алушыларда әртүрлі шығармаларды орындау және дирижерлау дағдыларын дамытады және қалыптастырады. Курс музыкалық аспаптарда әр түрлі жанрдағы, халықтық, қазақ және шетелдік композиторлардың шығармаларын мәнерлеп орындауды үйренуге және әр түрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларды тереңірек зерттеп, іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік береді. Интеграцияланған курс білім алушылардың музыкалық ойлауын, есту қабілетін, қызмет көрсету саласындағы жоғары көркемдік маман болу қабілетін дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Музыкалық аспап және жалпы дирижерлау 1
«Музыкалық аспап және жалпы дирижерлау 1» курсы белгілі бір музыкалық аспапты меңгеріп, зерделей алады, түрлі музыкалық шығармаларды орындаудың көркемдік бейнелерін, динамикалық жарықтығын және интонациялық мәнерлілігін жеткізуге мүмкіндік береді. Оқытуды жақсартуға және әр оқушыға жеке көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған жасанды интеллект де қолданылады. Заманауи педагогикалық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері білім берудің тиімді әдістерін (құлақ бұрауын келтіру, ырғақтық ерекшеліктерді сезіну, тыңдау, музыкалық шығармаларды талдау және т.б.) жасауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Аспаптану және оркестр класы
Аспаптардың шығу тарихы мен даму жолдарымен таныстыру.. Қазақ халы аспаптары оркестрі құрамына кіретін аспаптардың бұрауы мен дипозоны, регистрі жайлы мәліметтер беру. Оркестр құрамында ойнауға машықтандыру. Ансамбль және оркестр құрамында бірін-бірі тыңдап, музыкалық үндестікте ойнау дағдысын қалыптастыру. Білім алушылардың музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту, оркестрлік аспапта әр түрлі жанрдағы және формадағы шығармаларды қабылдауға, игеруге және орындауға үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Клуб мекемелерінде мәдени тынығу жұмыстарын ұйымдастыру
Курс білім алушыларға іс-шараларды (концерт, моноконцерт, бір орындаушы музыканттың концерті, құрама концерттік бағдарлама, вокал, оркестрдің, ансамбльдердің орындаулары және т.б.) өткізудің нысандарын, тәсілдерін білуге және түсінуге мүмкіндік береді. Оларға тақырыптық және театрландырылған концерттерді құрастыруға және өткізуге үйретеді. Мәдениет және демалыс мекемелерінде (МДМ) маманның өз саласындағы жұмысының ерекшеліктері оқытылады. Ұйымдастырушының кәсіби қасиеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Сахна қозғалысы және актерлық шеберлік негіздері
Білім алушылардың бойында актерлық шеберлікті кәсіби мәдениет нысаны ретінде тәрбиелеу. Сахна қозғалысы теориясы мен заңдылықтарымен, актерлық өнердің шығу және даму тарихымен таныстыру. Актерлық шеберліктің негіздері мен әдіс-тәсілдерін, функцияларымен үйренеді. Актерлық шеберліктің қыр –сырын меңгеру, сахна заңдылықтарын мәдени-тынығу шараларында тиімді пайдалану, сахна мәдениеті және сахна қозғалысы әдістерін практикалық жұмыста қолдана білу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мәдени демалыс саласындағы тайм-менеджмент, маркетинг
Бұл пән мәдени демалыс саласындағы болашақ мамандарды жеке менеджменттің негіздерімен, үйлесімді әлеуметтік қызметті ұйымдастырумен, іс-шараларды сапалы өткізудің тиімді тәсілдерімен таныстыруға бағытталған. Сондай-ақ, ол жобаларды, қаржыны, қақтығыстарды шешу әдістерін, тиімді қарым-қатынас техникасын дамытуды қамтиды. Пәнді оқу процесі білім алушыларда кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті деректерді жинау, талдау және өңдеу сияқты құзыреттерді қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Музыкалық іс-шараларды моделдеу
Бұл курс білім алушылардың шығармашылық ойлауы мен өзіндік еңбегін, жалпы азаматтық мәдениет пен музыкалық талғамды білуді, оқытуды, дарытуды қарастырады. Тәрбие жұмысы педагогикалық үйірмелерді, олимпиадаларды, конкурс-фестивальдарды, дөңгелек үстелдерді, баспасөз конференцияларын, тақырыптық музыкалық кештерді, кездесулерді, айтыстарды, білім беру, өнертану, Достық-танымдық сапарларды және басқа да конкурстарды ұйымдастыруға бағытталған. Қызмет көрсету саласындағы музыкалық іс-шараларды модельдеу жолдары оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мәдени-тынығу саласындағы мұражай жұмысы және туризм
Мұражай жұмысының тарихы мен теориясын, жұмыстың негізгі бағыттарын, формаларын, әдістері мен құралдарын зерттейді. Әлеуметтік сала мамандарының мұражай жұмысын дұрыс жоспарлау, мұражай қорларын сақтау, экспонаттарды сақтау технологиясын игеру, халықтың әртүрлі топтарымен жұмысты ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады. Сондай-ақ, туризмнің теориялық негіздерін бос уақыттың ерекше түрі ретінде игеру, туризм индустриясының қалыптасуындағы бос уақытты ұйымдастырудың рөлі мен маңыздылығын қарастыру. Ойын-сауық уақытын ұйымдастыру туристердің қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру бағдарламасының маңызды бөлігі екенін түсіндіру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бос уақытты ұйымдастырудың көркем-педагогикалық әдістемесі
Курс бос уақытты ұйымдастырудың көркем-педагогикалық әдістемесін мәдени-тынығу жұмысының түрлі формалары шеңберінде қарастыруды оқытады. Жалпы бұқаралық мерекелер тарихы, әдет-ғұрыптар мен мерекелердің пайда болуы, бұқаралық меркелердің әлеуметтік мәні, мерекелердің түрлері мен жіктелуі. Бұқаралық мерекелер сценарийі мен композициясы және олардың ерекшеліктері, бұқаралық меркелердің драматургиясы мен режиссурасы туралы мағлұмат береді. Оқыту нәтижесінде бұқаралық қойылымдарыды дайындау барысындағы репитициялық үрдісті ұйымдастыру дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қосымша музыкалық аспап (фортепиано, баян, домбыра, қобыз)
Пән қосымша музыкалық аспапта ойнау дағдыларын қалыптастырады. Оқытылатын музыкалық аспапта орындау ерекшеліктерін, музыкалық шығарманы игерудегі жұмыс әдістерін, әртүрлі стильдердің, жанрлардың, дәуірлердің және әртүрлі бағыттардың қол жетімді аспаптық туындыларын көркем орындауға үйретеді. Білім алушылардың музыкалық аспапта жоғары көркемдік шеберлігін қалыптастырады. Шығармашылық бастаманы және шығармамен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, ноталық мәтінді мұқият және мұқият зерделеу негізінде өзінің орындаушылық жоспарын құру және іске асыру дағдыларын тәрбиелейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мәдени тынығу бағдарламасының драматургия негіздері
Курс білім алушыларда мәдени демалыс бағдарламасын құру дағдыларын қалыптастырады. Драматургия негіздері үйретіледі. Мәдени-демалыс бағдарламасындағы режиссерлік шешімнің заңдарын, ұжыммен жұмыс жасаудағы көркемдік-экспрессивті құралдарды, мизансценалауды, көркемдік, музыкалық безендіруді және мәдени-демалыс бағдарламаларының режиссер-драматургі жұмысының негізгі кезеңдерін қарастырады. Оқу нәтижесінде студенттер сахнада да, мәдени демалыста да ұсынылған драмалық шығарманың басты миссиясын білуі керек.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Актерлық шеберлік техникасы
Курс білім алушыларға актерлік шеберлік техникасының негіздерін, тренинг әдістері мен рольдегі өзіндік жұмысты, актер жұмысының ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Актерлық дағдыларды түсіндіру, тұлғаға психологиялық сипаттама беру, тұлғаның психологиялық талдауын түсіндіру, визуалды қабылдауды, қиялды, кеңістіктік көріністі, есте сақтауды, сезімдерді және эстетикалық қабылдауды дамытады. Олар өздерінің дамыған дене аппараттарын қолдана алады, қозғалыстарды үйлестіруді, икемділікті, икемділікті, экспрессивтілікті, күшті, тепе-теңдік сезімін қажет ететін моторлық тапсырмаларды оңай орындай алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Көркемөнерпаз халық аспаптары оркестрін ұйымдастыру әдістемесі
Курс білім алушыларда көркемөнерпаз халық аспаптары оркестрі құрамында ойнаумен қатар, сол ұжыммен жетекші ретінде жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады. Партитурамен жұмыс жасау, нотадан бірден оқуға машықтандыру. Оқыту нәтижесінде көркемөнерпаз халық аспаптары оркестрі құрамына кіретін топтардың спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, олармен жұмыс жасау дағдысын біледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Фольклорлық музыкалық аспап (асатаяқ, шаңқобыз, сыбызғы)
Курсты оқу барысында білім алушы өзі таңдаған белгілі бір аспапты меңгереді. Курс фольклорлық музыкалық аспаптарда жеке оқытуға негізделген. Аспапты ұстау (постановка), орындыққа отыру (посадка), қол саусақтарын аспапқа орналастырудан (аппликатура) бастап, музыкалық аспапта түрлі шығармаларды орындау дағдысын қалыптастырады. Оқыту нәтижесінде нотадан бірден оқып ойнау, барлық штрихтарын, динамикалық белгілері мен заңдылықтарын сақтап ойнау дағдысы қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мәдени тынығу жұмысындағы режиссура және драматургия
Курс драмалық өнердің заңдылықтарын оқытады және драмалық шығармаларды талдайды. Актерлік шеберлік жүйесінің элементтерінде бағдарлау дағдыларын тәрбиелейді: қиял, назар, көзқарас, бағалау, ұсынылған жағдайлар, артық тапсырма, жанжал, оқиға және т.б. репертуарлық және сценарийлік жоспарларды, көркемдік бағдарламалар мен қойылымдарды әзірлеу, дайындау және жүзеге асыру қабілеттерін дамытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Шоу бағдарламалар мен бұқаралық мерекелерді ұйымдастыру
Шоу бағдарламалардың шығу тарихы мен даму жолдары. Шоу бағдарламалардың түрлері. Шоу бағдарламалардың құрылымы мен құру қағидаларымен таныстыру. Эстрадалық концерттерді құрудың теориялық негіздеріне және концерттер жіктелімімен таныстыру. Корпоративтік мерекелер мен шоу бағдарламаларды қою және продюссерлеуге дағдыландыру. Мерекелердің пайда болуы мен шығу тарихы. Бұқаралық мерекелердің әлеуметтік мәні. Мерекелердің негізгі түрлері мен олардың жіктелуі. Күнтізбелік және тақырыптық мерекелер ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Мәдени-тынығу жұмысындағы әдістемелік жетекшілік технологиясы
Курс болашақ мәдениет қызметкерінің әлеуметтік-мәдени және жетекшілік ерекшеліктерін оқытады. Мәдени- тынығу қызметін әдістемелік басқару принциптерін, әдістерін, құралдарын, оқыту кезеңдерін және мәдени- тынығу қызметінің озық тәжірибелерін жинақтауға дағдыланады. Оқыту нәтижесінде білім алушы әдістемелік кабинеттер мен орталықтардың, халық шығармашылығы орталығының жұмыс мазмұнына талдау жасай алады. Мәдени- тынығу жұмысындағы әдістемелік жетекшілік технологиясының басқарушылық дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мәдени-тынығу жұмысындағы хореография негіздері, Сахналық костюм, имидж және визаж
Хореография өнерінің шығу тарихын, даму кезеңдерін, негізгі бағыттарын, формаларын, әдістерін, хореография өнерінің жанр түрлерімен танысып, мәдени- демалыс бағдарламаларын құру, технологиясын игеру, сценарийлік шеберлік, хореография өнерінің құрамдас бөліктеріне жеке тоқталып, өз бетімен ерекше композициялар құрастыруға жаттығу. Сахналық костюмнің шығу тарихы мен даму жолдары. Сәндік косметиканың шығу тарихымен таныстыру. Визаждың жас ерекшелікке қарай жасалуы. Күндізгі және кешкі визаждың өзіндік ерекшеліктері. Визаж технологиясы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мәдени-тынығу қызметіндегі инновациялық технологиялар
Курс білім алушыларды бос уақытты ұйымдастыру саласындағы жаңа жетістіктермен таныстырады. Бос уақыт саласындағы қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайға, бос уақыт стратегиясының жалпы сипаттамасы мен типологиясына сипаттама беріледі. Қазіргі қоғамдағы бос уақытты реттеу мәселелерін және мәдени-демалыс бағдарламаларының инновациялық нысандарын қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ойын-сауық индустриясы және тарихи демалыс орындары
Курс білім алушыларды "ойын-сауық индустриясы" ұғымымен және оның мәдени-демалыс саласындағы рөлімен таныстырады. Кино, хореография, музыка сияқты өнер түрлеріне қызығушылықты дамытады. Тарихи жерлерде әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырудың әдістері мен ерекшеліктерін игереді. Болашақ маман тәрбиесіндегі тарихи орындардың маңыздылығын ескере отырып, білім алушылардың патриоттық сезімдерін арттырады. Ұлттық мәдениет пен демалыс дамуының тарихи кезеңдерін оқытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мәдени-тынығу жұмысының безендіру әдістемесі және техникалық құралдары
Мәдени-тынығу жұмысының безендірілуі, мерекелік сахнаны таныстыру, талғампаз аталған өнер түрлерін ұсынатын рухани құндылықтарын әлемдік мәдениет қалыптастыру. Мәдени-тынығу бағдарламаларын безендіру теориялары мен заңдылықтары. Мәдени-тынығу бағдарламаларын безендіруде ұстанатын қағидалар. Мәдени-демалыс бағдарламасының көркемдік дизайнының композициялық заңдары. Сахна кеңістігін безендіру құралдары. Музыкалық материалды құрастыру және оны мәдени-демалыс бағдарламасында қолдану тәсілдері.Мәдени тынығу жұмысының техникалық құралдары мен олардың жіктелуі. Мәдени тынығу жұмысының техникалық құралдарындағы ақпараттық материалдар. Мәдени тынығу мекемесінің ақпараттық қоры.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақ фольклорлық ансамблі
Аталған курстың бағдарламасы қазақ халқының ұлттық көркем мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде фольклорлық шығармашылықты жаңғырту міндеттерін алдына қояды. Білім алушылар бойында халық күйлерінің ырғақтық жүйесінің табиғатын қалыптастырады. Пәнді оқыту барысында білім алушылар өз халқының, басқа елдер халықтарының дәстүрлі ұлттық мәдениетінің көркемдік құндылықтарын, сондай-ақ кәсіби өнер туындыларын үйреніп зерттеуді жалғастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін көрсетеді, тәрбие-педагогикалық үдерістің заңдылықтарын және қоғамның құқықтық нормаларын, философиялық, эстетикалық, психологиялық - педагогикалық ғылымдардың негіздерін, Қазақстан Республикасының қалыптасу негіздерін (тарих, өнер, дін) біледі. Қоғам дамуының жалпы тарихи процестеріндегі тұрақтылық туралы, Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар саласындағы негізгі ілімдер туралы, мәдениет пен өнер саласындағы проблемалар мен процестер туралы, тұлға аралық қатынастардың этикалық және құқықтық нормалары және оларды оқу процесінде пайдалану тәсілдері туралы түсініктері бар.
- Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жылдам табу, өңдеу және талдау әдістерін біледі, шығармашылық топты ұйымдастырады және басқарады, академиялық адалдық мәдениетінің принциптерін, ұйымдастырушылық процесті жобалау, ұйымдастырушылық қызметтің нәтижелерін диагностикалау, түзету, болжаудың маңыздылығын түсінеді.
- Өз қызметінде кәсіби лексиканы қолданудың әдістемесін және сөйлеу мәдениетін біледі, музыкалық сауаттылық пен музыкалық аспапта ойнаудың, вокал, дирижерлау және жасанды интеллектті қолданудың, көркемөнерпаз ұжымдармен жұмыс жасаудың негізгі дағдыларын пайдаланып ұжымдардағы шығармашылық қызметті басқара алады.
- Кәсіби қызметте қызмет көрсету әдістері, әдістері мен технологияларын меңгерген, мәдени-демалыс қызметінің теориясы мен практикасының негіздерін, қазіргі заманғы мәдени-тынығу жұмысының даму үрдістерін, мәдени бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуді және іске асыруды, мәдениет ұйымдарындағы әдістемелік қызметті ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді және үйлестіруді біледі.
- Бос уақытты ұйымдастыру барысында әлеуметтік - педагогикалық қызметтің формалары мен әдістерін, принциптерін орындауға шығармашылық көзқарасты жүзеге асыра алады.
- Мәдени мекемелерде шығармашылық және ұйымдастырушылық қызметке басшылық жасай алады; шығармашылық ұжымдарда жетекші қызметінің аса маңыздылығын айқындайды, қызмет көрсету саласында жаңа технологияларды қолданады (акт), рефлексия, инновациялық идеяларды, мүдделі тараптарды, пәнаралық байланыстарды пайдаланады.
- Режиссерлік жұмыс арқылы көркемдік-эстетикалық тәрбие, ұйымдастыру және дамыту бойынша жұмысты жүзеге асырады, сценарий-режиссерлік технологияларды пайдалана отырып ақпаратты талдай және ұсына алады, сахнада өзін ұстай білу қабілетін, Жалпы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетеді, жаңа ойын-сауық іс-шараларын сахналауды жүзеге асырады, репитициялар жүргізеді, қоғамда мәдени құндылықтардың ықпалын арттыратын бұқаралық қойылымдарды сахналау процесінде шығармашылық ұжымның жұмысына басшылық жасай алады.
- Мәдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін маркетинг және менеджмент әдістері мен құралдарын қолдану, экономика, қаржылық сауаттылық, бизнес және кәсіпкерлік негіздері дағдыларын меңгерген, экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін біледі, қызмет көрсету және ойын-сауық индустриясындағы мәселелерді шеше алады, үйірменің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын әзірлеу, іскерлік іс-шара тұжырымдамаларын әзірлеуді және оларды іске асыруды басқаруды, іскерлік іс-шаралар бюджетін әзірлеуді, кәсіпорындарға бірыңғай корпоративтік мәдениетті қолдауды, бөлімше қызметін жоспарлауды біледі.
- Орындаушылық өнердің тарихын, қазақ және әлем музыкасы өкілдерінің өмірбаяны мен шығармашылығын біледі және мәдени –тынығу жұмысы барысында пайдалана алады, музыкалық орындаушылық қызметін жүргізеді.
- Мәдени - тынығу қызметінде мәдени - тынығу жұмысының теориясы мен әдіснамасын, актерлік шеберлік негіздерімен техникасын және сценарий жазу әдістемелерін біледі, пайдалана алады.
- Таңдалған салада ғылыми зерттеулер, академиялық жазу әдістерін біледі және оларды шығармашылық -ұйымдастырушылық қызметте қолданады.
- Ағарту саласында ғылыми мәтіндермен жұмыс істеу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша тілде ойды логикалық және сауатты тұжырымдауды және айтуды жүзеге асырады.
Ұқсас БББ
6B11102 Мәдени тынығу жұмысы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B11102 Мәдени-тынығу жұмысы
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B11102 Мәдени-тынығу жұмысы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B11102 Мәдени-тынығу жұмысы
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B11102 Мәдени-тынығу жұмысы
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B11102 Мәдени-тынығу жұмысы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)