7M02301 Филология в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру мекемелерінде заманауи технологияларды қолдана білетін, филология саласында ғылыми-зерттеулер жүргізуге қабілетті, кәсіби қызметі аясында тәуелсіз және шығармашылық іздеу дағдыларынын меңгерген, халықаралық нарықта сұранысқа ие мамандар дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Ғылым тарихы және философиясы
Ғылымның тарихы мен философиясы туралы түсінік, ғылымға философиялық және социологиялық талдаудың түрлері, ғылым философиясы, ғылым логикасы, ғылым тарихы, ғылым психологиясының негізгі аспектілері, өзара байланысы және ерекшеліктері, Ғылыми философиясы мен методологиясы, методологиялық концепциялардың және проблемалардың алуан түрлілігі, ғылым философиясының негізгі тақырыптары, ғылым философиясының нәтижелері мен проблемалары, ғылымды оқып-үйренудің негізгі аспектілерінің ерекшелігі мен өзара байланысы.
Несиелер - 4
-
Шетел тілі (кәсіби)
Пәннің мақсаты- шет тілінің негізгі міндеті, ағылшын тілін оқытудың дидактикалық, әдістемелік және лингводидактикалық принциптері, қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, шет тілін оқытудың теориялық және лингводидактикалық тәсілдері мен инновациялық әдістері, кәсіби іс-әрекетерде заманауй шетел тілінің функциолады ситилі, халықаралық бағдарламалар мен жобалар, ЖОО-ң халықаралық қатынастары, фонетикалық құбылыстар, ағылшын тілінің кәсіби лексикасы, кәсіби маңызды мәтіндер жұмыс терминологияны қамтитын тілдік ілім мен білімдер, заманауи оқыту бағдарламалары: Kahoot, Quizlet.
Несиелер - 4
-
Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы
Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясының ғылым ретіндегі және оның негізгі ұғымдары, жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясының адам дамуына ықпалы, педагогика және экономикалық ғылымдар арасындағы қатынастар, жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы, білім берудің қазіргі парадигмалары, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігі, жоғары білім мазмұны, жоғары мектептегі заманауи білім беру технологиялары, ғылыми білім жүйесіндегі басқару психологиясы, менеджердің жеке кәсіби тұжырымдамасы, негізгі басқару функцияларын жүзеге асырудың психологиялық ерекшеліктері, басқару қызметі субъектісінің психологиясы, Жеке басқару стилінің психологиясы.
Несиелер - 4
-
Жасанды интелект және филологиядағы цифрлық трансформация
Пәннің мақсаты – магистранттардың цифрлық филология мен жасанды интеллектті филологиялық зерттеу мен практикадағы жаңа бағыт ретіндегі түсінігін қалыптастыру, сондай-ақ ЖИ құралдарын лингвистикалық және әдеби талдауда қолдану дағдыларын дамыту. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: филология ғылымындағы цифрландыру мәселелері, тіл бірліктерін жинау, шетел тіл біліміндегі лексикалық, тілдік бірліктер мен әдеби үлгілерді жинау тарихы, тілдің ұлттық корпусы, мәтін генерациясы, тіл білімінде жасанды интеллекті пайдалану ерекшеліктері, мәтіндік жұмыстарға арналған жасанды интеллект платформалары, көркем шығарманы филологиялық талдау нәтижелерін пайдалану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
ЖОО-да филологияны оқытудың негізгі мәселелері
Жоғары білім берудегі қазіргі парадигма, филология ғылымын жоғары мектепте оқыту теориясы, жоғары мектептегі қазіргі заманғы білім беру технологиялары, кәсіби қызмет аясындағы іс-әрекетті ұйымдастыру және бейімделу, тілдің қолданыстағы қызметі, филологиялық білім берудің әдіснамалық негіздері, тіл мен қоғамның өзара қарым-қатынасы мен байланысының заңдылықтарын танытатын тілдік жүйе мен қоғамдық жүйенің өзіндік зандылықтары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттегі дәстүр және жаңашылдық
Пәннің мақсаты-көркем шығармалардың құрылысы мен поэтикасын талдайды, қазіргі қазақ прозасындағы дәстүр және жаңашылдық мәселесін қарастырады, өмір шындығы мен көркем шындықтың арақатынасын ажыратады, бүгінгі қазақ прозасының эстетикалық құндылықтарына тән теориялық ұғымдарды меңгереді, қазіргі қазақ прозасының тақырыптық, идеялық және стиль ерекшелігін айқындайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бейіндік пәндерді оқытудың әдістемесі мен технологиясы
Пәннің мақсаты: магистрантта қазіргі заманғы психологиялық білімді ғылыми тұрғыдан пайымдауды және оларды тәжірибеде қолдануды дамыту, бейіндік пәндерді оқыту әдістемесі мен технологиясында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Оқыту нәтижесінде магистрант бейіндік пәндер бойынша жұмыс бағдарламалары мен әдістемелік материалдарды әзірлейді, пәннің ерекшелігіне сәйкес оқытудың заманауи технологияларын қолданады, практикалық мәселелерді шешеді, оқытудың тиімділігін бағалау критерийлерін таңдайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазіргі көркем шығармалардың тарихи-танымдық мәселелері
Пәннің мақсаты- көркем әдебиеттің эстетикалық құндылықтарын біледі, көркем әдебиеттің тарихи оқиғалар мен тұлғаларды бейнелеудегі ролін меңгереді, әдеби шығармалар арқылы тарихи таным қалыптасуын зерттейді, әдеби мәтіндердермен, тарихи дереккөздермен жұмыс жасайды, авторлық көзқарас пен көркемдік шындықтың өзара байланысын қарастырады, көркем шығарманың тарихи сана қалыптастырудағы теориясы мен тәжірибесі талданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаңа ғылыми-зерттеу және әдебиеттану ғылымы
Пәннің мақсаты- қазіргі заман талабына сай, әдебиетке қатысты жаңа бағыттар, әдіснамалар мен технологияларды қолдану арқылы жүргізілетін әдеби зерттеулер жүйесі, пәнаралық байланыстар, цифрлық технологиялар, социомәдени контекст, Интердисциплинарлық бағыт (пәнаралық әдіс), Қазіргі әдебиеттану лингвистикамен, мәдениеттанумен, философиямен, психологиямен, әлеуметтанумен байланыстылығы, Цифрлық әдебиеттану, Мәтіндерді цифрлық платформаларда талдау, жаһандық әдебиет контексі, Қазақ әдебиетін әлемдік әдеби процестермен сабақтастыра зерттелуі, ұлттық әдебиеттің трансұлттық деңгейде танылуы, нарратология, Гендерлік, феминистік және постколониалдық әдебиеттану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Әдебиеттанудың жаңа бағыттары
Пәннің мақсаты- биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдістемесі туралы ғылыми ақпарат алады, тарихи поэтика мен салыстырмалы – тарихи әдебиеттанудың әдістемелерін салыстырады, әлеуметтік бағыттағы әдебиеттанудың әлеуметтік концепцияларын талдайды, салыстырмалы әдебиеттану ғылымдағы жаңа бағытын айқындайды, структурализм және постструктурализм әдісінде жазылған көркем шығармаларға талау жасайды, әдебиеттанудағы феминистік бағыт, ойын поэтикасы, постмодернистік әдебиеттану мәселелерін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиеті: дәуірлеу теориясы
Пәннің мақсаты- қазақ әдебиеті тарихының әдеби даму жолдарын меңгереді, әдебиетті дәуірлеудің тарихи және теориялық мәселелерін түсінеді, әдебиет тарихы, әдебиетінің туу және қалыптасу кезеңдерін талдайды, әдебиет тарихының дәуірлер мен кезеңдерге бөлінуі туралы ғылыми пікірлерді сараптайды, әдеби-тарихи алғышарттары мен ғылыми қағидаларға байланысты өзіндік қорытындылар жасайды, қазақ әдебиеті тарихының негізгі бағыттарын ажырата алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Заманауи тіл біліміндегі белсенді үдерістер
Пәннің мақсаты - қазіргі тіл біліміндегі жетекші үрдістер туралы тұтас түсінігін қалыптастыру, тіл мен сөйлеу практикасында орын алған белсенді үдерістерді анықтап, талдауға үйрету және заманауи лингвистикалық талдау әдістерін қолдану қабілетін дамыту. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелр қарастырылады: қазіргі заманғы тілтанымдағы өзекті үрдістер мен өзгерістер, теориялық және практикалық бағыттардың даму ерекшеліктері, әлеуметтік, когнитивтік, технологиялық және мәдени факторлардың тілге тигізетін ықпалы, жаһандану және интернеттің тілге әсері, тілдік өзгерістер мен инновациялар, цифрлық кеңістіктегі дискурстық практикалар, тілдік нормалардың эволюциясы мен вариативтілігі, сондай-ақ корпусқа негізделген, статистикалық және компьютерлік талдау әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жаңа лингвистикалық парадигмалар
Пәннің мақсаты – тілі білімі саласындағы заманауи бағыттар мен концепциялар туралы білімдерін қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: тіл біліміндегі өзекті мәселелер, теориялық тұжырымдар мен концепциялар, тіл білімінің даму парадигмалары, құрылымдық, антропоцентристік және функционалды парадигмаға аясындағы жаңа бағыттар, когнитивті лингвистика, функционалды лингвистика, әлеуметтік-когнитивтік және прагматикалық лингвистика, корпустық лингвистика және тілдің пәнаралық зерттеулері, ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басындағы лингвистикадағы басым бағыттар, әлемдік және қазақ тіл білімінің даму ерекшеліктері, тілді зерттеудің заманауи аспектілері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық әдебиеттану
Пәннің мақсаты- көркем шығараманы талдау дағдылары, әр түрлі мәтіндермен жұмыс жасау әдістемесі, әлемдік әдебиеттің ең жарқын туындыларын талдау, ауқымды зерттеулерді жүзеге асыру мүмкіндігі, ұлттық әдебиет пен әлемдік әдебиеттің іргелі шығармаларын салыстыру, олардың зерттелуі, Әлемдік, оның ішінде отандық, әдеби-көркемдік тәжірибе, әдеби процесті, көркем мәтінді интерпретациялау, әдеби сын.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Мәтінмен филологиялық жұмыс жасау (құру/өңдеу/аудару)
Мәтін лингвистикасы, стилистика, тіл білімі мен әдебиет теориясы ғылымдарының байланыстылығы, мәтіннің негізгі бірліктері мен категориялары мәселелері: құру, өңдеу, талдау, аудару, мәтін бірліктері: айтылым, күрделі синтаксистік бірлік, композицияны анықтау, мәтінді өңдеудің теориялық негіздері мен кәсіби тәсілдері, мәтінді аударудың технологиясы, аударудың лексикалық және грамматикалық мәселелері, интерпретация.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Алаш әдебиеттануы
Пәннің мақсаты - Алаш қайраткерлерінің ғылыми және ғылыми-танымдық еңбектері, әр салаларға арналған оқулықтары, ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектері , Алаш тұлғаларының көзқарасындағы үндестік, Алаш әдебиетіндегі ұлт-азаттық идеялар, Тәуелсіз Қазақстан және алаш идеяларымен сабақтастығы, Алаш әдебиеті және қазақ руханияты, Алаш әдебиетшілері шығармашылығының қоғамға тигізген әсері, Алаш қайраткерлерінің шығармашылықтарының зерттелуіндегі ғылыми-әдеби жаңалықтар.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы
Пәннің мақсаты - қазақ тіліндегі медиамәтіндердің прагматикалық механизмдері туралы білімін қалыптастыру, ықпал етуге бағытталған тілдік құралдарды талдау, коммуникативтік ниетті ажырату және медиамәтіндегі тілдік өзара әрекеттестіктің тиімділігін бағалау дағдыларын дамыту. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: жалпы прагматика ұғымы, прагмалингвистика туралы мәлімет, мәтін құрылымы, медиамәтін ұғымы, мәтіннің прагматикалық функциясы, мәтіннің прагматикалық элементтері, прагматикалық интенсификаторлар, адресат және адресант арақатынасы, паремиологиялық бірліктердің прагматикалық қолданысы, коммуниканттардың мәдени, кәсіби, аялық білімі, коммуникативтік тактика, вербалды және бейвербалды амалдар, синтаксистік құрылымдар мен графикалық құралдар, жарнама мәтіндерінің прагматикалық ерекшеліктері, ақпарат тарату жүйесіндегі автор мен қабылдаушының орны, медиамәтндердің жанрлық және мазмұндық ерекшеліктері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Көркем мәтін интерпретациясы
Пәннің мақсаты- «Мәтін» ұғымның мазмұны, көркем мәтінді зерттеудің негізгі бағыттары мен тәсілдері, көркем мәтіннің эпистемиялық аспектілері, көркем мәтінді терең талдау, түсіну және көпқырлы интерпретациялау әдістері, көркем мәтіндегі автор бейнесі, көркем мәтін интерпритациясының принциптері, әдеби шығарманың құрылымы, мазмұны, стилистикалық ерекшеліктері, символдық және астарлы мағыналары, әдебиеттанудағы түрлі интерпретациялық бағыттар мен теориялар: формализм, структурализм, постструктурализм, герменевтика, психоанализ, т.б.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
XX-ХХI ғасырдағы әдебиеттанудың негізгі жетістіктері
Пәннің мақсаты- әдебиеттанудағы ғылыми бағыт, жаңа теориялар мен әдіснамалардың пайда болуы, қазіргі әдеби үрдістердің зерттелуі, постмодернизм, метамодернизм, киберәдебиет, жаңа әдеби ағымдар, медиа және цифрлық мәтіндер, гипермәтін, интерактивті әдебиет, жаңа гуманитарлық парадигмаларға қазақ әдебиетін енгізу әрекеттерін түсіндіру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
БАҚ тілі мен стилі
Пәннің мақсаты - медиялық коммуникациядағы тілдік және стильдік ерекшеліктер жөнінде білімді қалыптастыру, ақпараттық ықпал ету және қоғамдық коммуникация құралдары ретіндегі тілдің рөлін түсіндіру. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: БАҚ-тың түрлі мәтіндерінде қолданылатын тілдік ерекшеліктер, стильдік тәсілдер мен коммуникативтік стратегиялар, ақпараттық, аналитикалық және публицистикалық стильдердің ерекшеліктері, медиамәтіндердің жанрлық түрлерінде қолданылатын тілдік құралдардың сипаттамалары, тілдің манипуляциялық мүмкіндіктері, ықпал етуге бағытталған сөйлеу стратегиялары, мәтіннің бейтараптығы мен эмоционалдық реңкі, медиялық коммуникациядағы этикалық және құқықтық мәселелер.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Функционалды грамматика
Пәннің мақсаты –функционалды жүйе ретінде грамматика туралы түсінікті қалыптастыру, грамматикалық бірліктерді мағыналық, коммуникативтік және прагматикалық қызметіне сай талдау дағдыларын дамыту. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады:тілге функционалды көзқарастың негіздері, форма мен функцияның арақатынасы, грамматикалық категориялардың (уақыты, етіс, рай, септік, көптік және т.б.) коммуникативтік және прагматикалық қызметі, синтаксистік құрылымдар мен олардың функционалды түрлері, айтылымның ақпараттық құрылымы (тақырып/рема), сөйлемнің актуалды мүшеленуі, синтаксистік байланыс түрлері және олардың мәтіндегі рөлі, контекст, прагматика, когнитивтік және дискурсивтік факторлар мен грамматиканың өзара байланысы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Лингвомәдениеттану
Тіл білімі және мәдениаттану туралы жалпы мәлімет,лингвомәдениеттанудың мақсаты-мәндеттері, лингвомәдениеттанудың базалық ұғымдары, мәдениет ұғымының ерекшелігі, тіл мен мәдениеттің байланысы, лингвистика және мәдениеттану ғылым салаларының арақатынасы, лингвомәдени бірліктер, фразеологиялық бірліктер, мақал-мәтелдер, метафоралар мен символдардың мәдени қызметі, заттық және рухани мәдениет атаулары, мәдени концепт ұғымы, тілдік, мәдени құзыреттілік ұғымы, мәдениатаралық коммуникациядағы тілдік құзыреттілік, тілде халықтың ұлттық мәдениетінің көрінісі, әлемнің тілдің бейнесі, ұлттық құндылық атауларындағы халықтың философиялық, дүниетанымдық, тарихи-әлеуметтік, этикалық-моральдық ерекшеліктерінің көрінісі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл біліміндегі аналитизм
Пәннің мақсаты – тіл біліміндегі аналитикалық тәсілдің ерекшелігі, грамматикада тілдік бірліктерді тудыруда алатын орны туралы білімді қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: грамматикалық категориялардың тіл құрылымындағы әмбебаптық қасиеті, аналитикалық форманттардың мағыналары, құрылымы, аналитикалық форманттардың етістіктің грамматикалық категорияларына қатыстылығы, қимылдың өту сипаты, етістіктің дербес лексика-грамматикалық категориясы, өздік семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері мен берілу тәсілдері, модальдық категория, модальдылық жөніндегі көзқарастар, пікірлер, рай категориясы
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Лингвосемиотика
Семиотикалық жүйе, тіл жүйелік-құрылымдық құрылым ретінде, тілдің деңгейлік бөлінуі, парадигматикалық және синтагматикалық мәселелері, лингвистиканың семиотикалық белгілері, тілдік актілер теориясы, тілдік құзыреттілік, ғылым жүйесіндегі дәстүрлі және жаңа байланыстар, әлем тілдерінің номенклатурасы: генетикалық, типологиялық және ареалдық бейнелер, тілдердің өміршеңдігі мәселесі, жалпы семантика, семантикалық теориялар, прагматика, тілдік процестерді модельдеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби қызметте шетел тіліндегі коммуникативтік құзыреттілік дағдыларын, ғылыми мақалалар жазу және еркін ауызша сөйлеу дағдыларын көрсету, ғылыми білім мен заңдылықтардың генезисін, философиялық мәнін және дамуын түсіндіру.
- Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясының негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын білу, білім беру қызметінде заманауи тәсілдерді, цифрлық құралдар мен платформаларды, оқыту әдістері мен технологияларын қолдану, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, магистранттарды оқуға және кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға ынталандыру.
- Әдебиеттегі ескі мен жаңаны салыстырады, поэзия, проза, драма жанрларының даму процесін саралайды, заманауи тіл білімінде өзекті лингвистикалық парадигмалардың даму заңдылықтары мен ерекшеліктеріне сәйкес тіл бірліктеріне және әдеби үлгілерге мәдени, семиотикалық аспектіде талдау жасайды.
- Жасанды интеллект және цифрлық технология мүмкіндіктерін пайдалана отырып филологиялық мәтіндерді саралау, талдау және жинақтау жұмыстарын жүргізеді. Әдеби шығармалардағы әлемдік мотивтердің көркемдік шешімдерін талдайды, әдебиетанудың заманауи бағыттары мен әдістерін меңгереді, корпустық лингвистика, цифрлық платформалар арқылы әдеби шығармаларды сыни талдау қабілеті артады, әдеби мәтіндерді ғылыми парадигма негізінде, социомәдени, философиялық тұрғыдан бағалайды.
- Әдебиет теориясы мен қолданбалы грамматика саласында жинақтаған білімін әрі қарай жетілдіреді, кәсіби деңгейге бейімдейді, педагогикалық үдерісте оқыту формаларында қолданады. Қазіргі әдеби процесті жаһандану, ұлттық бірегейлік, жады мәдениеті концептісі арқылы бағалайды, грамматикалық категриялардың коммуникативтік және прагматикалық қызметін саралайды, аналитикалық құрлымдарды мәтіндік талдауда, аудармада орынды пайдаланады.
- Қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа бағыттары мен әр кезең әдеби мұраларының арасындағы сабақтастықты талдайды, көркемдік даму процесіндегі өнер заңдылықтары мен әдебиеттегі заман проблемасын салыстырады, әдеби мәтінді интерпретациялық модельдер арқылы сараптайды, прагмалингвистика аясында медиамәтін үлгілеріне тілдік, мәдени, аксиологиялық, стилистикалық талдау жасайды.
Ұқсас БББ
7M02301 Филология (1)
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
7M02301 Филология (1.5)
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
7M02301 Филология: қазақ филологиясы
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
7M02301 Қазақ филологиясы
Торайгыров университеті
7M02301 Филология
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
7M02301 Филология
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
7M02301 Филология
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M02301 Филология
Инновациялық Еуразия университеті
7M02301 Филология
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
7M02301 Қазақ филологиясы
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
7M02301 Филология:қазақ
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
7M02301 Филология: қазақ филологиясы
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті