Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02301 Филология (1.5) в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру саласының әр түрлі деңгейінде филолог маман ретінде оқыту-педагогикалық, әкімшілік-басқарушылық, мәдени-ұйымдастырушылық қызметтерді жүзеге асыруға қабілетті әрі бейіндік салада ғылыми зерттеулерді орындауға құзыретті, еңбек нарығы талаптарына сай маман даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 1,5 года
  • Кредиттер көлемі 90
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
  • Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет

Оқыту нәтижелері

  • Заманауи менеджменттің және жеке тұлғаны басқару психологиясы мәселелерінің теориялық-әдіснамалық негіздерін, ағылшын, орыс тілдерін жеке тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде лингвоелтанымдық сипатта қолданып, білім беру саласында педагогикалық жұмысты ұйымдастыра және басқара біледі.
  • Заманауи білім беру парадигмасы контексіндегі қазақ филологиясының даму бағыттары мен жаңа концептуалдық идеяларын түсініп, ақпараттық-коммуникацилық технологияларды ғылыми-практикалық қызметінде қолданады.
  • Филология ғылымының өзекті мәселелерін қарастырған ғылыми-әдістемелік еңбектерге сыни тұрғыда талдау жасап, ғылыми-зерттеушілік және ғылыми-педагогикалық әрекеті қалыптасады.
  • Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануда қалыптасып жатқан жаңа ғылым салаларының теориялық негіздерін саралай отырып, қазіргі білім беру парадигмасындағы функционалды грамматика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, т.б. бағыттардың жаңа концептуалды идеяларын түсініп, алған білімін кәсіби деңгейде, ғылыми зерттеулер жүргізу барысында қолдана алады.
  • Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін педагогикалық тәжірибеде пайдалана біледі
  • Қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа емле ережелерін, термин сөздерді жазудың орфографиялық нормаларын меңгереді және кәсіби қызметте қолдана біледі.
  • Қажетті ғылыми-зерттеу әдіснамасын таңдап, ғылыми әдебиеттер мен дереккөздермен жұмыс барысында алынған мәліметтерді талдау және зерттеу нәтижелеріне қол жеткізудің көрсеткіші ретінде БҒСБК , Thomson Reuters, Web of Science, Scopus базасына енген ғылыми басылымдарға мақала жариялайды.
  • Ағылшын, орыс тілдерін жеке тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде лингвоелтанымдық сипатта қолданып, білім беру саласында педагогикалық жұмысты ұйымдастыра және басқара біледі.
Top