Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01407 Бастапқы әскери дайындық в Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Пәндер

  • ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскери Жарғысы

    Курс Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғыларының мазмұнын, құрылымын және олардың құқықтық негіздерін қарастырады. Білім алушылар ішкі қызмет, гарнизондық және қарауылдық қызмет әскери тәртіп, қызметтік қарым-қатынас, басқару жүйесі мен әскери қызметшілердің міндеттерін меңгереді. Жарғылар талаптарын тәжірибеде қолдану және тәртіпті сақтау дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология, тіршілік қауіпсіздігі және тұрақты даму

    Пән экология және экожүйелердің тұрақты дамуының негізгі ұғымдарын, сонымен қатар қоршаған ортаның ластануын және оның адам денсаулығына әсерін бағалау әдістерін, жағымсыз факторлардан қорғау мәселелерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жоюды, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын зерттейді. Пән тұрақты дамуды құру және қазіргі және болашақ ұрпақтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қабылданған шешімдерге экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторларды біріктіру қажеттілігін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Саптық дайындық

    Курс саптық дайындықтың мақсаты, мазмұны және ұйымдастыру тәртібін қамтиды. Білім алушылар өз алдына жекелей және бөлімше құрамында саптық жаттығуларды орындау, сапта дұрыс және үйлесімді қозғалу, қарумен және қарусыз іс-қимылдарды үйлестіру, саптарды басқару дағдыларын меңгереді. Саптық тәртіп, дәлдік, үйлесімділік пен әскери жинақылықты қалыптастыруға бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Білім алушыларды дамытудың жас ерекшелік және физиологиялық ерешеліктері

    Оқу пәні психиканың қалыптасуымен, оның қызметімен және даму заңдылықтарымен танысады. Курстың барысында білім алушылардың дамуын бақылай алады және соған сай жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады. Олардың жеке қажеттіліктерін ескере алады. Әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады. Жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары

    Оқу пәні заманауи психологиялық теориялар мен үлгілер, сондай-ақ тұлғаның қызметі және оның жеке қасиеттері туралы білімін қалыптастыруға бағытталған. Олар бұл білімді әртүрлі білім беру мәнмәтінінде педагог қызметінде қолдана алады. Болашақ педагогтар білім беру үрдісінде диалогты, өзара әрекеттесуді және қарым-қатынасты дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал ету тәсілдеріне дағдыланады. Олар білім алушылардың отбасыларымен, сондай-ақ серіктестіктің басқа да түрлері шеңберінде қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесуге және ынтымақтасу формалары мен әдістерін қолданады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері

    Курс жарақаттар, күю, уланулар, кенеттен болатын жұқпалы, жұқпайтын аурулар мен ұрыстық жағдайлар, суға кету, үсу, тоққа соғылу, жәндіктер шағуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету принциптері мен әдіс-тәсілдерін қарастырады. Білім алушылар қан тоқтату, жүрек-өкпе реанимациясы, таңғыш салу, тыныс жолдарын ашу, тасымалдау ережелері сияқты негізгі медициналық дағдыларды меңгереді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Экстремизмге және терроризмге қарсы дайындық негіздері

    Курс экстремизм мен терроризмнің мәні, түрлері, таралу жолдары және олардың ұлттық қауіпсіздікке төндіретін қауіп-қатерлерін, салдарларын, өзіндік сипаттарын қарастырады. Білім алушылар құқықтық негіздермен, экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларымен танысады, радикалды идеологияларға қарсы тұру, қауіп-қатерге әрекет ету және қоғамда тұрақтылықты сақтау дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект негіздері

    Курс барлық білім беру бағдарламаларының білім алушыларына арналған және жасанды интеллекттің күнделікті өмірде және кәсіби қызметте қалай қолданылатынын түсінуге мүмкіндік береді. Курстың мақсаты – білім алушыларды жасанды интеллекттің негізгі қағидаларымен таныстырып, оны әртүрлі салалардағы нақты міндеттерді шешуде қолдану дағдыларын дамыту. Курсты меңгеру барысында білім алушылар деректерді талдау, ЖИ-технологияларын бейімдеу және оларды кәсіби процестерге интеграциялау бойынша құзыреттерге ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары

    Оқу курсы оқытудың әртүрлі теориялары мен педагогикалық үлгілеріне жетелейтін тұлғаның тұжырымдамалық бейнелері сияқты педагогика ғылымының негіздерін меңгеруге бағытталған. Теориялық тұжырымдамаларды түсіну негізінде болашақ педагогтар әртүрлі оқу жағдайларына сәйкес педагогикалық таңдау жасай алады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқытуды жоспарлау мен даралау

    Курстың мақсаты оқыту саласындағы білім беру бағдарламаларымен, білім берудің белгілі бір деңгейін, дамытудың педагогикалық қағидаларына және шарттарына негізделе жоспарлау үдерісін меңгереді. Педагогикалық және өз бетінше ізденістерге негізделген оқыту технологияларын қолдану және оқыту үдерісіне оқушылардың жан-жақтылығын және инклюзия қағидаларын ескере отырып, оқытуды дараландырудың тәжірибесіне үйренеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Әскери-патриоттық тәрбиенің негізі

    Курс мақсаты – болашақ мамандарға әскери-патриоттық тәрбиенің теориялық негіздерін меңгерту. Онда әскери-патриоттық тәрбиенің мазмұны, әдістері, формалары, ұлттық және тарихи негіздері қарастырылады. Білім алушылар әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу, талдау дағдыларын игереді және өз Отанына патриоттық сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруды үйренеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Оқыту әдістері мен технологиялары

    Оқу курсы оқытудың стратегиялары мен әдісснамасын жан-жақты ашып, зерделеп түсінуге, оларды нақты педагогикалық жағдайларға, мектептің нақты шарттарына және оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін инновациялық әдістерді таңдауға, оқыту мен бағалау үдерісін оқып үйренеді. Білім беру үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде қолайлы инклюзивті, физикалық және онлайн оқыту ортасын құра, дидактика, оқыту технологиялары мен оқушыларды ынталандыру әдістері бойынша қажетті білімдерге, оқу үдерісінде жүзеге асыру тәсілдемелерін, оқушыларға қажетті педагогикалық көмек көрсете алу тәжірибесіне дағдыланады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Атыс дайындығы

    негіздерін, баллистика заңдылықтарын, атыс қаруының материалдық бөлігі, атыс жаттығуларын орындау, атыс қаруларының, гранаталардың түрлері мен құрылымын, оны қолдану ережелері мен қауіпсіздік талаптарын қарастырады. Білім алушылар нысана көздеу, дәл ату, атыс ережелерін сақтау және қаруды дұрыс қолдану дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика,құқық,кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздері

    Пән білім алушыларға экономика, құқық, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздері туралы кешенді түсінік қалыптастыруға бағытталған. Нарықтық тетіктер, мемлекеттің экономикадағы рөлі, азаматтық және еңбек құқығының негіздері, кәсіпкерлік бастамалар, бизнес-жоспарлау, жеке бюджет, жинақтау, салық салу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушыларда ұтымды қаржылық әрекет ету, құқықтық бағдарлану және кәсіпкерлік ойлау дағдылары қалыптасады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әскери техникалық дайындық

    Курс әскери техникалық дайындықтың негіздерін, ҚР Қарулы Күштеріндегі қолданыстағы негізгі жеке құрамды, жүктерді, қару-жарақтарды тасымалдайтын әскери және жауынгерлік техникалардың түрлері мен құрылымын, тактикалық-техникалық сипаттамаларын, олардың пайдаланылуы және қызмет көрсету ережелерін қарастырады. Білім алушылар әскери және жауынгерлік техникаларды тиімді қолдану дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әскери инженерлік дайындық

    Курс әскери инженерлік дайындықтың негізгі бағыттары мен міндеттерін, оқ атуға арналған жеке және ұжымдық жертасаны жабдықтау, инженерлік бөгеттерді құру, қорғаныс құрылыстарын салу, миналық және минасыздандыру жұмыстарын жүргізу тәртіптерін қарастырады. Білім алушылар инженерлік құралдарды қолдану, жергілікті жерді инженерлік жағынан жабдықтау және қауіпсіздік шараларын орындау дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі

    Курстың мақсаты бастапқы әскери дайындық пәні бойынша сабақты жоспарлау, ұйымдастыру және өткізудің ғылыми-әдістемелік білімі мен құзыреттерін қалыптастыруды көздейді. Оқу барысында курстың білім беру мазмұны, белсенді оқытудың әдістері, формалары және құралдары, орта және қысқа мерзімді жоспарлау, бағалау жүйесі, оқу кабинетін дидактикалық құралдармен қамсыздандыру қарастырылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әскери ұрысты ұйымдастырудың автоматтандырылған жүйесі

    Оқу курсының мақсаты білім алушылардың әскери салада ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану, өнімді бағдарламалау, оның қағидалары, әдістері, әскери қызметте байланыс жүйесі, оны басқару, командалық пунктегі телекоммуникациялық құралдармен жабдықтау және т.б. құралдармен қамтамасыз етудің базалық білімдерін қалыптастыра, олардың орындалуы бойынша дағдыландыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әскери қызметтің құқықтық негіздері

    Курс әскери қызметтің құқықтық негіздерін, Қазақстан Республикасының әскери заңнамасын, әскери қызметке қатысты жалпы ережелер, азаматтарды әскери қызметке даярлау, әскери есепке алу, шақыру, әскери қызметті өткеру, запасқа тұру, әлеуметтік қамсыздандыру қарастырады. Білім алушылар құқықтық сауаттылықты, әскери-құқықтық актілерді қолдану және құқықтық жауапкершілік мәселелерін талдау дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Стартапты ұйымдастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару

    Пән білім алушылардың стартапты құру, дамыту және тиімді басқару бойынша құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Мақсатты аудиторияны анықтау, команда құру, бизнес-идеяны іске асыру, құндылық ұсынысын әзірлеу және сыбайлас жемқорлық қатерлерін болдырмау тәсілдері қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар ашық, тұрақты және әлеуметтік жауапты кәсіпкерлік жобаны әзірлеу дағдыларын иеленеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қоян-қолтық ұрыс

    Курс қоян-қолтық ұрыстың негіздері, техникалық тәсілдері мен тактикалық элементтерін қарастырады. Білім алушылар шабуылдан қорғану, қарсы шабуыл жасау, қарумен және қарусыз ұрыс жүргізу, өзін-өзі қорғау әдістерін меңгереді. Жекпе-жек кезіндегі физикалық дайындық, салқын қандылық, төзімділік, тез шешім қабылдау және қауіпсіздік дағдылары қалыптастырылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әскери робототехника негіздері

    Курс әскери робототехниканың негіздері, даму бағыттары, қолдану салалары, құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін қарастырады. Білім алушылар ұшқышсыз ұшу аппараттары, жер үсті және суасты роботтық жүйелердің тактикалық мүмкіндіктерімен, әскери істе қолданылуларымен танысады. Заманауи әскери технологияларды басқару, пайдалану және қауіпсіз қолдану дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өзін қорғану негіздері

    Курстың мақсаты білім алушылардың өзін-өзі қорғанудың негізгі приемдарын орындау дағдыларын қалыптастыра, кәсіби еңбегінде дидактикалық міндеттерді жүзеге асыруға дайындалады. Оқу барысында өзін қорғану бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды, өзін қорғанудың приемдарын, самбошының арнайы жаттығулары, қорғану әрекеттері, лақтыру приемдары, жарақат алудағы медициналық көмек шаралары, жасөспірімдерді өзін қорғануға үйретудің әдістемесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері

    Курс Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы, дамуы, әскери реформалары және ел егемендігін қорғаудағы рөлі мен міндеттерін қарастырады. Білім алушылар заманауи қарулы күштердің түрлері, қарулану жүйесі, басқару құрылымы мен халықаралық әскери ынтымақтастық негіздерін меңгереді. Отансүйгіштік, патриоттық сана мен әскери-құқықтық түсінік қалыптастырылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық зерттеулер

    Бұл курс педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздерін үйретуге бағытталған. Түрлі сенімді көздерден теориялық білімді іздеу және сыни тұрғыдан іріктеу дағдысын меңгереді, педагогикалық ойлау мен практиканы дамытуда зерттеу нәтижелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады, зерттеулерге негізделген оқыту мен білім алуға, сондай-ақ осы дағдыларды үздіксіз дамытып, өздерін кәсіби тұрғыдан жетілдіруге ықпал ету дағдыларын тәжірибелейді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әскери топография және жаппай қырып жою қарулары

    Курс әскери топографияның негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау тәсілдерін, топографиялық карталармен жұмыс жүргізу әдістерін және жаппай қырып жою қаруларының түрлері, әсер ету ерекшеліктері мен қорғану шараларын қарастырады. Білім алушылар жер жағдайын бағалау, картамен жұмыс істеу және қорғаныс іс-қимылдарын жоспарлау дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Инклюзивті білім беру ортасы

    Оқу курсында оқыту үдерісінде білім алушылардың әртүрлілігін түсінеді, сондай-ақ олардың өмірі мен оқу жағдаяттарын ескеру мүмкіндігіне ие. Білім алушылар тиісті АКТ, үйретуші және көмекші технологияларды қолдана отырып, оқушыларды оқытуды және оларды білім беру үдерісіне қосуға қолдайды. Қауымдастық пен ынтымақтастықта, психологиялық және этикалық тұрғыдан олардың әл-ауқатын қолдайды

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Оқу - далалық жиындарды ұйымдастыру

    Бұл курс оқу-далалық жиындардың мақсаты мен маңызын, ұйымдастыру құрылымын, өткізу тәртібін және қауіпсіздік шараларын қарастырады. Білім алушылар оқу-далалық жиын бағдарламасын әзірлеу, жиынға қатысушылармен жұмыс, іс-шараларды жоспарлау, далалық жағдайда әскери дайындықты жүргізу дағдыларын меңгереді. Тәжірибелік сабақтар арқылы көшбасшылық, ұйымдастырушылық және жауапкершілік қабілеттері қалыптасады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тылдық қамтамасыз ету

    Курс тылдық қамтамасыз етудің мақсаты, құрылымы және түрлерін (материалдық: азық-түлікпен, киім-кешекпен, жанар-жағармаймен, медициналық, көлікпен, техникалық қамтамасыз ету) қарастырады. Білім алушылар әскери бөлімдердің үздіксіз жауынгерлік қабілетін сақтау үшін қажетті ресурстармен жабдықтау, тасымалдау мен эвакуацияны ұйымдастыру дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Зерттеулер, даму және инновация

    Курстың мақсаты жұмыстың нәтижесін ғылыми дәлелдеудің технологиясы мен әдістеріне үйрену үшін шағын зерттеу жобасын әзірлеуге үйрету болып табылады. Олар өздерінің зерттеу тақырыбын/сұрақтарын анықтайды, әдебиеттерге шолу жасайды және зерттеу этикасын қоса алғанда, деректерді жинау және талдау әдіснамасын жасайды. Этикалық жүргізілген зерттеулер және әзірлемелердің негізінде педагогикалық іс-әрекетін дамытып, жаңарта алады, зерттеу жобаларын жүзеге асыра алады. Өздерінің зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелерін әртүрлі кәсіби тәсілдермен және арналармен ұсына алады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әскери психология мен педагогика

    Курстың мақсаты білім алушының әскери психология мен педагогика негіздері бойынша білімін қалыптастыра,, әскери тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру мен басқару құзыреттеріне үйрету, әскери қызметке жастарды даярлау, олардың психологиялық ойлауын дамыту болады. Курстың барысында базалық психикалық құбылысы, сарбаздың тұлғалық қасиеттері мен психикасы, әскери ұжым, оның күйі, жеке құрамдың ұрыстық шеберлігін қалыптастырудың психологиялық, педагогикалық негіздері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім беру менеджменті

    Курс стратегиялық және жедел басқару дағдыларын, басқарушылық ойлауды, көшбасшылық қасиеттерді, негізделген басқару шешімдерін қабылдау қабілетін, іскерлік қарым-қатынасты, командалық жұмысты, қызметкерлерді ынталандыруды, педагогикалық консалтинг пен басқарушылық қызметті интроспекциялауды, басқарушылық қызметті құжаттау мен нормативтік-құқықтық сүйемелдеуді қалыптастырады. Білім алушылар білім беру ортасында заманауи басқару технологияларын қолдануды, білім беру қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыруды және білім беру мекемесінің жұмысын оңтайландыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тактикалық дайындық

    Курс тактикалық дайындықтың негіздерін, ұрыстағы жауынгердің іс-әрекет қимылын, мотоатқыштар бөлімшелерінің құрлымын, бөлімшелердің ұрыс қимылдарын ұйымдастыру тәсілдерін, жергілікті жерді бағалау және ұрыс тәртібін анықтау, қазіргі заманауи ұрыс жүргізудің мәселелерін қарастырады. Білім алушылар тактикалық жағдайларды талдау, әскери бөлімшелерді басқару және жауынгерлік тапсырмаларды орындау дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс

    Курс төтенше жағдайлардың түрлері, апаттардың, авариялардың туындау себептері, зардаптары және азаматтық қорғаныс жүйесінің ұйымдастырылуын қарастырады. Білім алушылар төтенше жағдайлардың алдын алу, халықты қорғау, құтқару және алғашқы көмек көрсету шараларын меңгереді. Қауіпсіз мінез-құлық, шұғыл әрекет ету және басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әскери басқару және байланыс

    Курс әскери басқару негіздері мен байланыс жүйелерінің құрылымын, түрлерін, тактикалық-техникалық сипаттамаларын, қазіргі заманғы үлгілерін және ұйымдастырылуын қарастырады. Білім алушылар әскери бөлімшелерді басқару принциптерімен, басқару деңгейлерін, байланыс құралдарын қолдану тәртібімен танысады. Командалық-басқару дағдыларын, тұрақты және жедел байланыс орнату тәсілдерін меңгеруге бағытталған

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • философиялық тәсілдерді, принциптерді, зерттеу әдістерін және сыни ойлауды пайдалана отырып, қазіргі Қазақстанның даму кезеңдеріндегі тарихи құбылыстар мен процестердің саяси, әлеуметтік, экономикалық проблемаларының туындау заңдылықтары мен болжамдарын түсіндіреді; әлеуметтік, саяси, дүниетанымдық және ұлттық мәдени құндылықтар туралы білім, әділ дүниетаным мен қоғамдық сананы қалыптастыруға ықпал етуге қоғамда және кәсіби еңбекте қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлесе біледі
  • тәуекелдерді, оқу-тәрбие процесінде және әлеуметтік өмірде шешімдерді ұтымды және тиімді ұйымдастыру және жоспарлау үшін базалық ақпараттық, экономикалық, экологиялық білім мен нормативтік - құқықтық құжаттарды қолданады
  • оқу-тәрбие процесін тиімді басқару үшін психология мен педагогиканың заманауи үлгілері арқылы жайлы білім беру ортасын ұйымдастыру, ЕББ бар білім алушылардың қажеттіліктері мен қолдауын ескере отырып, жеке физиологиялық және психикалық функцияларды дамыту; әскери құрамның ұжымдық жауынгерлік қабілеттерін дамыту үшін Әскери психология мен педагогиканың негіздері туралы білімге ие; әскери қызметке даярлаудың білім беру процесінде психикалық төзімділікті, тұрақтылықты қалыптастыру, стресстің алдын алу әдістері мен тәсілдерін қолданады
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллектті пайдалана отырып, оқу процесіне дидактикалық контент жасайды; автоматтандырылған басқару жүйесінің көмегімен жауынгерлік ұшқышсыз ұшу аппараттары мен роботтарды басқаруды орындайды; жедел қызметтің функцияларын, жұмыс тәртібі мен режимдерін, командалық құрамның телекоммуникациялық байланысты басқару жүйесінің тактикалық міндеттерін шешуді біледі
  • Білім алушылардың алғашқы әскери іс -әрекет дағдыларын қалыптастыруға, олардың уәжі мен қызығушылығын, жеке қажеттілігі мен сұраныстарын қанағаттандыратын, замануи белсенді әдістер мен технологияларды қолдана жоспарлау, құжаттардың (орта және қысқа мерзімді), бағдарламалардың, шаралардың түрлерін болашақ педагог өз бетімен құрайды
  • білім алушылардың әскери-патриоттық және жеке қасиеттерін дамыту,соның ішінде жауапкершілік, командада жұмыс істеу, проблемалық жағдайларды шешу және т. б. әскери-патриоттық клубтық және оқу-далалық іс-шараларды ұйымдастыру, жоспарлау, жүргізу, талдау, бағалау нысандарын, әдістері мен құралдарын практикалық қолдану дағдыларын орындайды
  • әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары, әскери қызметтегі тәртіпті, мінез-құлықты бұзғаны үшін жауапкершілік және құқықтық нормалар негізінде шешімдер қабылдауды реттейтін заңдар туралы білімге ие; оқу процесінде әскери қызмет түрлерін (ішкі, гарнизондық, қарауылдық, күзеттік), әскери тәртіптің мәнін, әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынасты түсіндіруге және көрсетуге, саптық бөлімшенің қарусыз және қарумен қозғалысы кезінде командалар беруге, саптық басқару тәсілдерін көрсетеді
  • жауынгерлік техниканың түрлері мен функцияларын, ҚР Қарулы Күштерін басқару жүйелерін, тактикалық-техникалық сипаттамаларын, пайдалану мен қызмет көрсетуді, қауіпсіздік техникасын, әскери техниканы, атыс қаруын сақтау және күту тәсілдерін, жаппай қырып-жою қаруының түрлерін, оларды қолдану және қорғау тәсілдерін түсіндіреді; жауынгердің ұрыста әрекет ету тәсілдерін, ұрысты ұйымдастыру мен тәсілдерін, тактикалық әрекеттерді талдау және бағалау дағдылары, топографиялық карта компасы арқылы жерді бағдарлау тәсілдерін қолданады
  • төтенше жағдайларды жоюдың негізгі принциптері мен әдістерін, тез шешім қабылдау және стрессті басқару тактикасын, дағдарыс жағдайларында қауіпсіз мінез-құлықты түсіндіреді, топта жұмыс істей білу; төтенше жағдайларда іс-қимыл тәуекелдерін бағалау, қорғау құралдарын пайдалану, эвакуациялауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын құрайды және орындайды; жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын, реанимацияның негізгі әдістерін қолданады
  • тыл функцияларын, тылмен жабдықтауды жоспарлау әдістерін, әскери бөлімдердің жауынгерлік қабілеттілігін үздіксіз қамтамасыз ету үшін материалдық құралдарды жеткізуді, сақтау процестерін, әртүрлі бөлімшелердің жауынгерлік жағдайда тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуді түсіндіреді; мина-жарылғыш және жарылмайтын инженерлік тосқауылдар желілерін салу, учаскелерді өндіру және минадан тазарту, кедергілерді төсеу және бөлшектеу әдістерін көрсетеді
  • ұрыс жағдайында қоян-қолтық іс-әрекеттерді нақты жағдайларға бейімдеу арқылы тәуекелді бағалау, қиын жағдайларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оларды бейтараптандыру, психоэмоционалды тепе-теңдікті сақтай отырып, қару қолданбай қорғаныс әдістерін тиімді пайдалану дағдыларын қолданады
  • білім беру, оқыту және тәрбиелеу сапасын, оқушылардың оқу-танымдық қызметке қызығушылығын арттыруға ықпал ететін ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын орындайды; цифрлық технологияны пайдалана отырып, эксперименттік зерттеу нәтижелерін таратудың әртүрлі нысандарын ұйымдастырады.
Top