Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M05302 Химия в QYZPU

Пәндер

  • Физика-химиялық талдаулардың заманауи әдістері

    Магистранттарға заттардың құрылымын, құрамын және қасиеттерін зерттеуге арналған заманауи физика-химиялық талдау әдістерін меңгерту. Ғылыми зерттеу және өндірістік процестерде қолданылатын аналитикалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Пәннің мазмұны физика-химиялық талдауға кіріспе, спектроскопиялық әдістер, хроматографиялық әдістер, электрохимиялық әдістер, масс-спектрометрия және термиялық анализ әдістері, қолдану салалары мен деректерді өңдеуді қалыптастыру. заттардың физика-химиялық сипаттамаларын анықтау әдістерін таңдай білу, аналитикалық құралдармен (спектрометр, хроматограф, потенциометр және т.б.) жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ғылыми негізде өңдеу және талдау, алынған мәліметтерді сапалы құжаттау және ғылыми есеп түрінде ұсыну, тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында зертханалық қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.

    Несиелер - 4
  • Гетероциклді қосылыстар

    Магистранттарға гетероциклді қосылыстардың құрылымдық ерекшеліктерін, химиялық қасиеттерін, синтез әдістерін және олардың биологиялық, фармацевтикалық және өндірістік маңызын меңгерту. Гетероциклдердің реакция механизмдерін түсіндіру және оларды қолданбалы салада қолдануға үйрету. Гетероциклді қосылыстарға кіріспе, бес және алты мүшелі гетероциклдер, гетероциклдердің синтез әдістерін, гетероциклдердің химиялық қасиеттері мен реакцияларын, қолдану салаларын, спектроскопиялық сипаттау әдістерін қалыптастыру. Сондай – ақ гетероциклді қосылыстардың құрылымын тану және жіктеу, синтетикалық әдістерді қолдана отырып гетероциклдерді алу, химиялық реакция механизмдерін түсіну және болжау, спектроскопиялық мәліметтерге сүйене отырып зат құрылымын анықтау, гетероциклді қосылыстарды практикалық салаларда (мысалы, фармацевтикада) қолдану мүмкіндігін бағалау, лабораториялық тәжірибелерде қауіпсіздік шараларын сақтау және нәтижелерді ғылыми түрде сипаттау дағдыларын қалыптастыру.

    Несиелер - 5
  • Заманауи органикалық химияның қолданбалы негіздері

    Магистранттарға органикалық химияның заманауи жетістіктерін, реакция механизмдерін, синтез тәсілдерін және олардың өндірістегі, медицинадағы, фармацевтикадағы, полимерлер мен материалдар химиясындағы қолданбалы маңызын меңгерту. Қолданбалы бағыттағы органикалық синтезді жобалау және жүзеге асыру дағдыларын дамыту. Органикалық химияға кіріспе және оның заманауи бағыттарын, органикалық реакциялардың механизмдерін, органикалық синтездің заманауи әдістерін, органикалық қосылыстарды сипаттау әдістерін, қолдану салаларын қалыптастыру, Органикалық реакция механизмдерін түсіну және болжау, құрамында күрделі құрылымды молекулалар бар заттарды синтездеу және жобалау, спектроскопиялық әдістермен органикалық қосылыстардың құрылымын анықтау, жаңа органикалық қосылыстарды қолдану салалары бойынша сараптау, экологиялық және тиімді синтез жолдарын таңдауда ғылыми негізде шешім қабылдау, лабораториялық қауіпсіздік және жұмыс тәртібін сақтау дағдыларын қалыптастыру.

    Несиелер - 5
  • Теориялық және қолданбалы электрохимия

    Магистранттарға электрохимияның негізгі теориялық негіздерін және қолданбалы аспектілерін үйрету. Электрохимиялық процестерді зерттеу және талдау дағдыларын қалыптастырып, өнеркәсіпте, медицинада және қоршаған орта саласында электрохимиялық әдістерді тиімді қолдану қабілетін дамыту. Электрохимияның негізгі ұғымдары және теориялары (электрод потенциалдары, электрохимиялық тепе-теңдік, электрохимиялық кинетика), электродтық жүйелер мен олардың құрылымын, Электрохимиялық энергия көздерін (батареялар, аккумуляторлар, отын ұяшықтары) меңгеру. Электрохимиялық процестердің теориялық негіздерін түсіну және қолдану, электрохимиялық жүйелерді модельдеу және олардың жұмысының механизмдерін талдау, зертханалық электрохимиялық әдістерді меңгеру және талдау жасау, өндірістік және ғылыми-зерттеу процестерінде электрохимиялық әдістерді қолдану, электрохимиялық зерттеу нәтижелерін ғылыми түрде баяндау және құжаттау, лабораториялық қауіпсіздік талаптарын сақтау дағдыларын қалыптастыру.

    Несиелер - 5
  • Полимерлерді синтездеу облысындағы жаңа жетістіктер

    Магистранттарға полимерлерді синтездеудің қазіргі заманғы жаңа әдістері мен технологияларын үйрету, сонымен қатар полимер химиясының заманауи бағыттары мен жетістіктерін меңгерту. Жаңа синтездік әдістерді қолдана отырып, функционалды және жоғары сапалы полимерлерді жасау дағдыларын дамыту. Полимерлер химиясына кіріспе және синтездің маңызын, жаңа полимерлік материалдарды синтездеу әдістері (каталитикалық, радикалдық, иондық, координациялық синтез және т.б.), биополимерлер мен биоразлагаемые полимерлерді синтездеу технологияларын, функционализацияланған және арнайы қасиеттері бар полимерлерді алу жолдарын меңгерту. Сондай – ақ заманауи полимерлер синтезінің әдістерін меңгеру және қолдану, функционалды және арнайы қасиетті полимерлерді жобалау және синтездеу, биополимерлер мен композиттік материалдарды алу технологияларын пайдалану, полимерлердің құрылымдық қасиеттерін зерттеу құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

    Несиелер - 5
  • Академиялық жазылым

    Пән академиялық контексте жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытады. Пән ғылыми мәтіннің құрылымын, зерттеу және дәлелдеу әдістерін, дәйексөздер мен сілтемелер ережелерін зерттеуді қамтиды. Магистранттар ғылыми эсселерді, рецензиялар мен зерттеу мақалаларын жоспарлау, жазу және редакциялау әдістерін, академиялық этика мәселелерін және жұмысты пішімдеу ережелерін меңгереді. Тәжірибелік тапсырмалар мен кері байланыс арқылы магистранттар академиялық пікірталас аясында өз ойларын анық, логикалық және дәлелді жеткізу қабілетін дамытады. Пән зерттеу негізінде магистрант үшін қажетті академиялық жазылым қабілеттері, дағдылары мен құзыреттілігін қалыптастыруды мақсат етеді.

    Несиелер - 4
  • Қалдықсыз технологиялар және қоршаған орта экологиясы

    Магистранттарға қалдықсыз технологиялардың негізгі принциптері мен әдістерін, қоршаған орта экологиясын қорғау тәсілдерін үйрету. Қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту мақсатында экологиялық тиімді өндірістік және технологиялық процестерді жобалау және жүзеге асыру қабілетін дамыту. Қалдықсыз технологиялар түсінігі және олардың даму тарихын, қалдықсыз өндірістің принциптері мен түрлерін, қалдықсыз технологиялардың химиялық, физикалық және биологиялық әдістерін, қалдықтарды қайта өңдеу және қайта пайдалану технологияларын және қоршаған орта экологиясының негізгі заңдылықтарын меңгеру, сондай – ақ қалдықсыз технологиялардың принциптері мен әдістерін қолдану, өндірістік қалдықтарды тиімді басқару және қайта өңдеу, экологиялық мониторинг жүргізу және бағалау, қоршаған ортаны қорғау бойынша ғылыми-зерттеу және практикалық жұмыстарды орындау дағдыларын қалыптастыру.

    Несиелер - 5
  • Наноқұрылымды материалдарды сипаттаудың іргелі принциптері мен практикалық дағдылары

    Магистранттарға наноқұрылымды материалдарды сипаттау мен зерттеудің іргелі теориялық негіздерін және практикалық әдістерін меңгерту. Қазіргі заманғы ғылыми зерттеу құралдарымен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Пәннің мазмұны наноқұрылымды материалдарға кіріспе, наноматериалдарды сипаттаудың заманауи әдістері, наноқұрылымдардың физикалық қасиеттерін зерттеу, эксперименттік зертханалық дағдылар, наноқұрылымды материалдарды қолдану салаларын қамтиды. Наноматериалдардың құрылымдық сипаттамаларын сараптау, электронды және атомдық микроскопия құралдарымен жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ғылыми негізде бағалау және құжаттау, ғылыми зерттеулерде аналитикалық ойлау мен зерттеушілік қабілетті қолдану дағдылары қалыптасады.

    Несиелер - 4
  • Химия саласы бойынша қазіргі заманғы әдістер, зерттеулер мен талдаулар

    Пән барысында магистранттар деректерді талдау үшін қолданылатын әртүрлі зерттеу әдістерін, соның ішінде жалпы, эмпирикалық және теориялық зерттеу әдістерін меңгереді. Магистранттар әрі қарайғы зерттеулер үшін зерттеу әдісін дұрыс таңдауды, сондай-ақ зерттеу сұрағын тұжырымдауды үйренеді. Олар сондай-ақ өлшеу құралдарының сенімділігі мен жарамдылығын іріктеу, деректерді жинау және бағалау принциптерімен танысады. Курс магистранттарға өз бетінше зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін теориялық негіздерді де, практикалық дағдыларды да қамтиды

    Несиелер - 5
  • Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы

    Пән магистранттарға жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы саласындағы терең білім беруге бағытталған. Оқыту барысында оқу процесін ұйымдастырудың инновациялық әдістері, білім беру бағдарламаларын жобалау, студенттердің оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері және көшбасшылықтың психологиялық аспектілерін, оның ішінде мотивация, көшбасшылық, коммуникация және қақтығыстарды басқару мәселелерін талдайды.

    Несиелер - 4
  • Органикалық химияның заманауи мәселелері

    Органикалық қосылыстарды синтездеудің жалпы принциптері және заманауи әдістерін, негізгі синтез реакциялары: қосылу, алмасу, ыдырау, конденсация, синтез өнімдерін тазалау және бөлу әдістерін меңгеру. Органикалық қосылыстарды синтездеудің түрлі әдістерін таңдау және қолдану, реакция механизмдерін түсіну және болжам жасау, синтез өнімдерін тазалау және бөлу техникаларын меңгеру, спектроскопиялық және физика-химиялық әдістер арқылы құрылымды анықтау және идентификациялау, алынған нәтижелерді ғылыми түрде өңдеу және баяндау дағдыларын қалыптастыру.

    Несиелер - 4
  • Компьютерлік материалтану

    «Компьютерлік материалтану» пәні материалдардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеуде компьютерлік модельдеу және симуляция әдістерін пайдалану арқылы теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған. Бұл пән магистранттарға материалдардың микроскопиялық және макроскопиялық деңгейдегі физика-химиялық процестерін компьютерлік тәсілдер арқылы түсініп, болжауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пән білім алушылардың аналитикалық ойлау қабілетін дамытып, оларды халықаралық деңгейдегі ғылыми орталарда кәсіби деңгейде жұмыс істеуге дайындайды.

    Несиелер - 5
  • Зерттеу дизайны және этикалық нормалар

    Магистранттар зерттеу сұрақтарын құрастыруды, әдістемені таңдауды, деректерді жинау құралдарын әзірлеуді және деректерді талдау процедураларын жоспарлауды қоса алғанда, зерттеу дизайнының әртүрлі аспектілерін зерттейді. Сонымен қатар, пән деректердің құпиялылығы, зерттеуге қатысушылардың құқықтары мен әл-ауқаты сияқты білім беру зерттеулерін реттейтін этикалық нормалар мен стандарттарға баса назар аударады. Оқыту білім беру саласында жоғары сапалы және этикалық зерттеулер жүргізу үшін магистранттарға қажетті дағдыларды бере отырып, ғылыми жобаларды жобалау және жүзеге асыру үшін алынған білімді практикалық қолдануды қамтиды.

    Несиелер - 4
  • Теориялық бейорганикалық химия

    Магистранттарға бейорганикалық қосылыстар мен элементтердің құрылымдық, энергетикалық және реакциялық қасиеттерін заманауи теориялар негізінде терең түсіндіру. Бұл пән химиялық байланыстың табиғаты, элементтердің периодтық қасиеттері, кванттық химия, симметрия, және молекулалық орбиталь теориясы сияқты тақырыптарды қамтиды. Атом құрылысы және кванттық сандар, электрондық конфигурациялар және периодтық заң, химиялық байланыс теорияларды меңгереді. Химиялық құрылымдарды теориялық тұрғыдан талдай білу, электрондық құрылым негізінде заттардың қасиеттерін болжай білу, қазіргі заманғы химиялық теорияларды қолдану, ғылыми модельдермен жұмыс істеу және есептер шығару дағдыларын қалыптастырады.

    Несиелер - 5
  • Инновациялық жобаларды әзірлеу және басқару

    «Инновациялық жобаларды әзірлеу және басқару» пәні инновациялық қызметті ұйымдастыру және басқару саласына бағытталған. Пәнде білім алушылар инновациялық жобаларды жоспарлау, ұйымдастыру, жүзеге асыру және бағалау бойынша теориялық және практикалық білім алады. Пәннің мазмұнына инновацияның маңызы, түрлері мен инновациялық экожүйе туралы теориялық негіздер кіреді. Инновациялық жобаны әзірлеу кезеңдері: идеяны қалыптастыру, мақсаттарды анықтау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жоспарлау қарастырылады. Жобаны басқарудың негізгі әдістері — жоспарлау, ресурстарды бөлу, уақыт пен бюджетті бақылау, тәуекелдерді басқару оқытылады. Пәнде инновациялық жобаның қаржылық аспектілері, инвестицияларды тарту, тиімділікті бағалау және бизнес-жоспар құру да қамтылады. Жобалық команданы құру, басқару, көшбасшылық пен коммуникация дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

    Несиелер - 4
  • Органикалық қосылыстарды синтездеу және идентификациялау

    Органикалық қосылыстарды бөлу және тазалау әдістерінің жіктелуі. Сүзу, центрифугалау, қайта кристалдау, сублимациялау, экстракция, кептіру. Айдау. Хроматография. Органикалық заттардың негізгі физикалық константаларын анықтау. Органикалық қосылыстарды зерттеудің физика-химиялық әдістері. Электрондық спектроскопия (УК және көрінетін аймақ). Инфрақызыл спектроскопия. Ядролық магниттік резонанстың спектроскопиясы.

    Несиелер - 4
  • Биологиялық объектілер мен дәрілік препараттардың аналитикалық химиясы

    Магистранттарға биологиялық жүйелер мен дәрілік заттардың құрамын, құрылымын және қасиеттерін анықтау үшін қолданылатын аналитикалық әдістерді меңгерту. Фармацевтикалық және биомедициналық зерттеулерде пайдаланылатын химиялық талдау тәсілдерін практикада қолдану қабілетін дамыту. Сапалық және сандық талдау әдістерін, хроматографиялық әдістерін, электрохимиялық әдістерді, биологиялық ортадағы дәрілік заттарды талдауды, фармакопея талаптары және сапа бақылауын қалыптастыру. Сондай – ақ биологиялық және дәрілік үлгілерді дұрыс дайындау және сақтау, аналитикалық әдістердің тиімдісін таңдай білу және тәжірибеде қолдану, жоғары дәлдіктегі аспаптармен (спектрофотометр, хроматограф, потенциометр) жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін өңдеу, интерпретациялау және құжаттау, фармацевтикалық өнім сапасын бағалауда ғылыми негізделген шешім қабылдау, лабораториялық қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.

    Несиелер - 5
  • Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары

    Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары пәні – химия, материалтану, биотехнология, экология және басқа да жаратылыстану ғылымдары бағытындағы мамандықтар үшін маңызды базалық пәндердің бірі. Бұл пән бейорганикалық заттардың құрылымы, қасиеттері және реакция механизмдерін тереңірек түсінуге бағытталған. Бейорганикалық қосылыстардың құрылысын, периодтық заң және элементтердің қасиеттерінің периодты өзгерісін, қышқылдар мен негіздер теорияларын, кешенді қосылыстар химиясын, термодинамика және химиялық тепе-теңдік, бейорганикалық заттардың синтезі мен қолданылуын меңгереді. Сондай – ақ химиялық элементтер мен қосылыстардың құрылымын және қасиеттерін, күрделі бейорганикалық жүйелердің химиялық реакцияларын, кешенді қосылыстарды талдау мен синтездеудің негізгі әдістерін қолдану, периодтық заң негізінде заттардың қасиеттерін логикалық болжау,теориялық білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Несиелер - 5
  • Әдебиеттерді талдау, химия саласындағы теориялық және тұжырымдамалық негіздер

    Пәнді оқу барысында магистранттар ғылыми зерттеулерге сыни талдау жасайды, өзіндік зерттеу тәсілдерін әзірлейді және білім беру саласындағы негізгі тұжырымдамалар мен тенденцияларды түсіну үшін салыстырмалы талдау дағдыларын қолданады. Әрбір тапсырма сыни тұрғыдан ойлау және ғылыми материалдармен аналитикалық жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған, бұл магистранттарға пән саласын тереңірек түсінуге ғана емес, сонымен қатар өздерінің ғылыми жобаларын жасауға дайындалуға көмектеседі

    Несиелер - 6
  • 1)Бейорганикалық материалдарды синтездеу және өңдеу

    Магистранттарға бейорганикалық материалдарды синтездеудің заманауи әдістерін және олардың құрылымдық, физика-химиялық қасиеттерін зерттеуді үйрету. Сондай-ақ, материалдарды өңдеу технологияларын меңгертіп, ғылыми-зерттеу және өндірістік салаларда қолдану дағдыларын қалыптастыру. Бейорганикалық материалдар дегеніміз не және олардың негізгі түрлері, бейорганикалық материалдарды синтездеу әдістері (химиялық, физикалық, термиялық, гидротермальды және т.б.), материалдардың құрылымын, кристалдық құрылымдарды және фазалық күйін зерттеу әдістерін меңгеру. Бейорганикалық материалдарды синтездеудің әртүрлі әдістерін таңдау және қолдану, материалдардың құрылымын және қасиеттерін зерттеу құралдарымен жұмыс істеу, өндірістік және зертханалық жағдайда материалдарды өңдеу технологияларын қолдану, алынған нәтижелерді талдау және ғылыми түрде баяндау, лабораториялық қауіпсіздік пен жұмыс тәртібін сақтау дағдыларын қалыптастыру.

    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Ғылым тарихы мен философиясы пәні магистранттарға ғылыми әдістердің дамуы жағдайындағы ойлау эволюциясы туралы түсінік береді. Магистранттар сыни ойлау және салыстырмалы талдау дағдыларын қолдана отырып, негізгі философиялық ұғымдарды және олардың ғылыми жаңалықтарға әсерін талдайды. Олар ғылыми парадигмаларды қалыптастырудағы идеологиялардың әсерін бағалайды, білімге әртүрлі көзқарастарды салыстыру және бағалау үшін интеллектуалды дағдыларды пайдаланады. Тарихи контексттерді талқылау және зерттеу арқылы магистранттар ақпаратты талдау және синтездеу дағдыларын, философия мен ғылымның байланысын терең түсінуді дамытады.

    Несиелер - 4
  • Аналитикалық химияның қазіргі заманғы мәселелері

    Магистранттарға аналитикалық химия саласындағы соңғы ғылыми жетістіктер мен технологиялық инновацияларды меңгерту. Қазіргі заманғы аналитикалық әдістер мен аспаптарды пайдалану арқылы күрделі зерттеу мәселелерін шешу қабілетін дамыту. Халықаралық стандарттар мен сапа талаптарын ескере отырып, аналитикалық процестерді жетілдіру. Аналитикалық химияның даму тарихы және заманауи тенденцияларын, нанотехнологиялар және аналитикалық химиядағы қолданылуын, масс-спектрометрияның заманауи түрлері және қолданылуын, электрохимиялық аналитикадағы инновацияларын, экологиялық мониторинг пен аналитикалық әдістерін, қауіпсіздік және сапа менеджменті аналитикалық зерттеулерін қалыптастыру. Заманауи аналитикалық әдістер мен құралдарды таңдау және қолдану, күрделі химиялық және биологиялық үлгілерді талдау, алынған мәліметтерді ғылыми негізде өңдеу және интерпретациялау, инновациялық технологияларды зерттеу және енгізу дағдыларын қалыптастыру.

    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Пән супер-базалық стандарт кемінде (В1) деңгейін меңгеруді қамтамасыз етуге, магистранттардың лингвистикалық емес оқыту бағыттары бойынша мәдениетаралық және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Магистратураның пәндік саласына сәйкес нақты лексиканы, терминологияны және коммуникациялық стратегияларды зерттеуді қамтиды. Магистранттар болашақ мансабында туындауы мүмкін кәсіби мәтіндермен, құжаттамалармен және коммуникациялық жағдайлармен танысады.

    Несиелер - 4
  • Физикалық химияның теориясы мен мәселелері

    Магистранттарға физикалық химияның негізгі теориялық тұжырымдарын, заманауи проблемаларын және олардың химиялық процестердегі қолданылуын түсіндіру. Физикалық химия саласындағы күрделі есептерді шешу қабілетін дамыту және ғылыми-зерттеу қызметінде қолдану дағдыларын қалыптастыру. Физикалық химияның негіздері: термодинамика, кинетика, химиялық тепе-теңдік теорияларын, қатты денелердің, сұйықтықтардың және газдардың физика-химиялық қасиеттерін, электрохимияның теориялық мәселелері және электрохимиялық жүйелердің анализін, Физикалық химияның ғылыми және практикалық мәселелерін меңгеру. Физикалық химияның негізгі теорияларын түсіну және қолдану, физикалық-химиялық процестердің математикалық модельдерін құру және шешу, эксперименттік мәліметтерді талдау және интерпретациялау, зерттеу нәтижелерін ғылыми түрде баяндау және құжаттау, физикалық химияның қазіргі заманғы әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

    Несиелер - 5
  • Физикохимиялық зерттеу әдістері және модельдеу

    Осы пәнді оқу барысында магистранттар физика-химиялық әдістердің негіздерімен және аналитикалық аппаратура жұмысының принциптерімен танысады. Магистранттар әдістердің сезімталдығына әсер ететін факторларды, зерттеудің физика-химиялық әдістерінде қолданылатын негізгі әдістерді зерттейді, сондай-ақ модельдеу жүйесін әзірлейді. Пәнді оқу абстрактілі және сыни ойлауды дамытуға және стандартты емес шешімдер қабылдауға және проблемалық жағдайларды шешуге бағытталған.

    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ғылым мен білім беру үдерісінің өзара байланысын, ғылым тарихы мен философиясының өзекті мәселелерін, сөйлеу коммуникациясының кәсіби негіздерін, білім беру трансформациясы жағдайында этикалық және құқықтық стандарттарды сақтай отырып, жасанды интеллектіні пайдалануда ғылыми нәтижелерді білім мазмұнына интеграциялайды.
  • Ғылыми-зерттеу жұмысының барлық кезеңінде этикалық нормаларды сақтай отырып, зерттеу құрылымын, әдіснамасын, деректерін және қорытындыларын академиялық стандарттарға сай ұсынады.
  • Педагогика мен психология ғылымының әдіснамалық негіздеріне, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұнына ие.
  • Жаһандық экологиялық және экономикалық проблемалар мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы пайымдарды жан-жақты талдап, қалыптастыру қабілетіне ие.
  • Іргелі химиялық ұғымдар жүйесі мен химияның әдіснамалық аспектілері және олардың химиктерді даярлаудағы кәсіби жалпы білім беру рөлі туралы түсініктері бар және қолданыстағы білім аясын кеңейтетін зерттеулер жүргізеді.
  • Нақты зерттеулік және қолданбалы міндеттерді шешу үшін органикалық синтез, элементарлық және спектрлік анализ, хроматографиялық масс- спектрометрия саласындағы заманауи құрал-жабдық базасын қолданады.
  • Ғылыми ақпаратты сыни тұрғыдан бағалап, әртүрлі көздерден алынған деректерді салыстырады және дәлелді қорытындылар жасайды.
  • Зерттеушілік және цифрлық дағдыларға ие
Top