Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02201 Тарих в Астана халықаралық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғары білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу институттары үшін тарихи пәндерді оқытуға және тарих ғылымы саласында іргелі ғылыми зерттеулер мен тарихи таным тұрғысынан пәнаралық зерттеулер жүргізуге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M053 Тарих
  • Дайындық бағыты 7M022 Гуманитарлық ғылымдар

Пәндер

  • Шет тілі (кәсіби)

    Курстың мақсаты - магистранттың шет тілін меңгеруінің алдыңғы білім беру сатысында (бакалавриат) қол жеткізген бастапқы деңгейін арттыру және кәсіби қарым-қатынас жасауға қажетті тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін одан әрі дамыту. Курс тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және кәсіби салаларда қарым-қатынас жасау үшін жеткілікті тілдік және коммуникативтік құзыреттерді қалыптастырады, ақпараттық мәдениетті дамытады, ой-өрісін кеңейтеді және жалпы мәдениетті арттырады, әртүрлі елдер мен халықтардың рухани құндылықтарына төзімділік пен құрметке тәрбиелейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақстан тарихы шетелдік дереккөздерде

    Курс тарих ғылымының заманауи талаптары аясында шетелдік тарихшылардың зерттеулерін қайта қарастыруға үйретеді, қазақстандық тарих ғылымының әр кезеңдегі дамуының теориялық негіздерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Отан тарихын зерттеудегі қазіргі теориялық-әдіснамалық мәселелер

    Пәннің мақсаты – деректану мен тарихнаманың қазіргі теориялық және әдіснамалық мәселелерімен танысу, отандық арих ғылымының іргелі мәселелерін зерттеу. Курс әлемдік тарихи процесс контекстінде Отан тарихының өзекті мәселелерін зерттеудегі заманауи теориялық және әдістемелік тәсілдерді анықтауға, сондай-ақ қазіргі заманғы ғылымның ең маңызды пікірталастық мәселелерді білуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әлем тарихының қазіргі теориялық-әдіснамалық мәселелері

    Пәннің мақсаты – дүниежүзілік тарих мәселелерін зерттеудегі заманауи теориялық және әдістемелік тәсілдерді зерделеу. Курстың мазмұны концептуалды мәселелер бойынша теориялық ұстанымдарды тереңдетуді, сондай-ақ тарихи парадигмалар мен тарихты кезеңге бөлу мәселелерін талдауды қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пәннің мақсаты-ғылыми зерттеудің негізгі стратегияларын және ғылыми білімді қалыптастырудың тарихи негіздерін түсіндіру. Пән магистрантқа ғылым мен ғылыми білімнің пайда болуы және дамуы туралы тұтас түсінікті тарихи-мәдени контекст негізінде береді. Қарастырылатын тақырыптар: ғылым философиясы және ғылым тарихы, ғылымның дүниетанымдық контексттері, ғылымның эпистемологиялық проблемалары, ғылыми танымның аксиологиясы және праксиологиясы, жеке ғылымдардың философиясы және тарихы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Деректану мен тарихнаманің өзекті мәселелері

    Пән деректану мен тарихнаманың теориялық-әдіснамалық мәселелері бойынша ғылыми-теориялық заңдылықтардың кезеңдері және қалыптасуы туралы білімді қалыптастырады, алған білімдерді негіздеп, олардың қолдану аясын кеңейтуге бағыттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жоғары мектепте оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері мен технологиялары

    Пән жоғары білім берудегі оқыту процесінің психологиялық және педагогикалық негіздерін терең зерттейді. Студенттердің жас ерекшеліктері мен тұлғалық сипаттары, оқу мотивациясы, қабылдау және ойлау ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар, заманауи педагогикалық технологиялар, инновациялық әдістер, интерактив оқыту формалары, сын тұрғысынан ойлау, кері байланыс, рефлексия және оқытушының кәсіби дамуы кеңінен талданады. Пән болашақ мұғалімдердің әмбебап және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ерекше көңіл бөледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының өзекті мәселелері

    Пәннің мақсаты – отандық тарих ғылымы туралы білімді қалыптастыру, Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының өзекті мәселелерін талдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ хандығы тарихының концептуалды негіздері

    Бұл курста Қазақ хандығы тарихының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени аспектілері, көшпелі қазақ мемлекеттілігін дамытудың біртұтас моделі, сондай-ақ орта ғасырлар мен жаңа уақыт кезеңіндегі Қазақстан тарихының қазіргі заманғы тарихнамасы қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі тұлға

    Пән Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі жеке тұлғалардың рөлі мен олардың орнын анықтауға, Ұлы даланың көрнекті өкілдерінің мұрасын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі басқару технологиялары

    Пәннің мақсаты – білім берудегі ұйымды басқару технологиясы туралы білім жүйесін қалыптастыру. Бұл курс білім берудегі ұйымды басқарудың мәні, басқару қызметінің технологиялары мен модельдері туралы білімді өзектендіреді, тереңдеті және жүйелейді; басқару шешімдерін қабылдау технологияларын қолдану білігін және білім беруде әртүрлі деңгейдегі ұйымды басқару технологияларын қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі тарихи зерттеулердегі пәнаралық әдістер

    Курс магистранттарды тарих ғылымын қоса алғанда, қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулердегі пәнаралық феноменмен, тарихи зерттеулерде әлеуметтік және гуманитарлық пәндердің әдістерін пайдалану мүмкіндіктерімен таныстырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Орталық Азия халықтарының мәдениаралық өзара қатынасы

    Пән ежелгі және орта ғасырлардағы Орталық Азия халықтарының мәдениетаралық өзара қарым-қатынасы туралы түсінік береді; шетел және отандық тарих ғылымының зерттеу-талдаулары арқылы әртүрлі тарихи дәуірдің арақатынасын заманауи тәсілдермен таныстырады; Орталық Азия халықтарының этносаралық қарым-қатынасы саласындағы ғылыми міндеттерді шешу қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылымдағы деректерді зерттеу мен талдаудың заманауи әдістері

    Пән магистранттардың жасанды интеллект негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу және деректерді талдау бойынша терең білім мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Машиналық оқыту алгоритмдері, интеллектуалдық талдау әдістері, ғылыми модельдеу мен болжау қарастырылады. Пәннің негізгі мақсаты – ғылымның әртүрлі салаларында күрделі міндеттерді шешу үшін жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып зерттеу үдерістерін автоматтандыру мен тиімділігін арттыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ғылыми мектептер мен тарихшылар қауымдастығы

    Курс барысында әлемдегі тарихи мектептер мен қоғамдастықтардың қалыптасу процестері, Қазақстанның тарихи мектептерінің қызметін жетілдіру және практикалық ғылыми жұмыста шетелдік тәжірибені енгізу мүмкіндіктері қаралатын болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тәуелсіз Қазақстандағы жаңғырту үрдістері

    Пәннің мақсаты магистранттарда саяси өзара әрекеттестіктің мазмұны мен сипаты туралы түсініктерді, саяси-экономикалық өзгерістердің мәні, белгілі бір саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық жүйелер өзгерістеріне бағытталған модернизация туралы білімді қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Дүниежүзілік тарихи процестегі көшпелі өркениет

    Курс әлемдік тарихи кеңістіктегі көшпенділер өркениеті туралы білімді қалыптастырады; ғылыми-теориялық негіздерді талдайды; ғылыми зерттеулердегі өркениеттік процестерді зерттеу әдістерін қолдануды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әлем тарихының өзекті мәселелері

    Бұл пән дүниежүзілік мәселелерді зерттейтін жалпы тарих ғылымының қазіргі тенденциялары жайлы жүйелі және тұтас көзқарасты дамытуға бағытталған, олардың алуан түрлігі мен әр түрлілігін көрсету, жаңа тәсілдерді қолдана отырып, дағдыларды дамытуға ықпал ету, шығармашылық қызығушылықтарын дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде

    Курстың мақсаты – Қазақстанның қазіргі заманғы сыртқы саясатын түсіну дағдыларын қалыптастыру; Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтағы орны мен рөлін айқындау; базалық екіжақты және көпжақты шарттар мен Қазақстан бастамаларының халықаралық межеде жүзеге асу нәтижелерін зерделеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан тарихының өзекті мәселелері

    Пән Қазақстанның тарихи дамуының негізгі және даулы мәселелерін терең зерттеуге бағытталған. Магистранттар ел тарихының негізгі кезеңдерін жаһандық және аймақтық үдерістер аясында талдайды, түрлі көзқарастарды, дереккөздерді және ғылыми тұжырымдамаларды қарастырады. Ерекше назар қазақ халқының этногенезі, мемлекеттіліктің қалыптасуы, отарлау саясаты, ұлт-азаттық қозғалыстар, кеңестік кезең және қазіргі кезеңге аударылады. Курс сыни ойлау дағдыларын, дереккөздермен жұмыс істеуді және ғылыми талдау жүргізуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның мәдени мұрасы: дерек көздері мен қазіргі жағдайы

    Курс қазақ халқының мәдени мұрасы, Қазақстанның жасампаз тарихын бейнелеу үшін археологиялық дереккөздер мен тарихи-мәдени мұра туралы білімді қалыптастыруға; мәдени мұраны пәнаралық зерттеулердің дереккөздері негізінде таныстыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Алаш қозғалысының тарихы

    Пән Қазақстандағы империялық басқару жүйесі мен мемелекеттік басқару құрылымдарының билігін жүзеге асырудағы және олардың кейінгі модернизациялануындағы Алаш қозғалысының ролін сипаттау және талдау қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақстан тарихын зерттеуде фольклорлық материалдар

    Курс халық шығармашылығы тарихы туралы түсінікті қалыптастыруға, фольклор мен әдебиеттің өзара қарым-қатынасы мәселелерін, қазақ мәдениетінің заңдылықтарын білуге, Қазақстан тарихындағы фольклорлық материалдардың маңыздылығын көрсетуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • Үдерістер мен оқиғаларды түсіне, сондай-ақ көшпелі түркі халықтарының тарихи дамуындағы мәдениеттің ерекшелігін анықтай отырып, Қазақстанның сыртқы саясаты және әлемдік тарихи кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді зерттеу саласында ғылыми қызметті табысты жүзеге асыру.
  • Ғылыми, өндірістік және әлеуметтік-қоғамдық қызмет салаларында шет тілінде белсінді қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту. Шет тілі білімін болашақ кәсіби құзыреттілікке сүйене отырып, сөздік қордан бастап сөйлеу коммуникациясына дейін бағдарлай жетілдіру, шет тілінде академиялық жазу қабілетін дамыту. Білім берудің халықаралық стандартына сәйкес иеленген құзыреттікліктерді қолдану.
  • Білімнің ерекше түрі ретінде ғылымның негізгі ерекшеліктерін, ғылымның дамуының негізгі тарихи кезеңдері мен ғылыми әдістің түрлерін, әлеуметтік-мәдени контекстердегі ғылымның қызмет ету ерекшеліктері мен ғылым философиясының классикалық және қазіргі заманғы концепцияларын сыни бағалау. Ғылым дамуының қазіргі кезеңінде пайда болатын негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық проблемаларды түсіну. Ғылыми зерттеуде ғылыми мәтіндермен және ондағы мағыналық құрылымдармен жұмыс барысында әдіснамалық білімді қолдану.
  • Қазіргі заманғы пәнаралық талдау, интерпретация және верификация тәсілдерін пайдалана отырып, тарихтың өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеу нәтижелері мен әртүрлі тарихи мектептердің тұжырымдамаларын, шетел тарихнамасының жалпы теориялық және әдіснамалық аспектілерін сыни талдау.
  • Отандық тарихты зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері мен әдіснамалық базасын, қазақ қоғамының өзін-өзі дамыту процесіндегі қазақтар этногенезі, көшпелі қазақ мемлекетінің дамуы, Қазақстанның отаршылдық жағдайындағы дәстүрлі көшпелі қазақ қоғамының қайта құрылуы сияқты тарихи оқиғалардағы өзекті мәселелерді түсіндіру. Қазақстандағы империялық басқару жүйесінің билігін жүзеге асырудағы Алаш қозғалысының рөлін, мемлекеттік басқару құрылымдарын және жаңару үрдісін талдау.
  • Ғылыми зерттеудің мәселелерін, міндеттерін және әдістерін тұжырымдау қабілетін дамыту. Бақылау, эксперимент, эмпирикалық мәліметтерді ғылыми талдау негізінде жаңа сенімді фактілерді қолдану. Ғылыми жұмыстарды сыни тұрғыдан бағалау, әлемдік ғылым мен өндірістік қызметте жинақталған ақпаратқа аналитикалық шолу жасау, алынған нәтижелерді қорытындылап, қорытындылар мен практикалық ұсыныстарды тұжырымдау.
  • Әлемдік тарих ғылымындағы заманауи тенденциялар туралы білімдерін көрсету; шет елдердің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуының іргелі мәселелерін зерттеудің бір бөлігі ретінде дүниежүзілік тарих мәселелері бойынша ғылыми мектептердің теорияларын түсіндіру; тарихи зерттеудің әдіснамалық әдістерін қолдану.
  • Шетелдік тарихнамада, яғни парсы, түркі, араб, қытай, моңғол дереккөздеріндегі Қазақстан тарихының қалыптасу процесін түсіну. Дереккөзді талдау әдістері мен тәсілдерің әр дерекке сәтті қолдану. Тарих ғылымының мәселелерін шешуде қазіргі тарихи зерттеулердің нәтижелерін пайдалану.
  • Орталық Азия халықтарының этносаралық қатынастар саласындағы ғылыми мәселелерді шешу қабілетін дамыту. Тұлға теориясы негізінде ұлы тұлғалардың әлем тарихындағы рөліне ғылыми талдау жасау. Әртүрлі тарихи тұлғалар мысалында саяси көшбасшылық феноменін және ғылыми мұраны зерделеуде зерттеу жұмысының дағдыларын қолдану.
  • Ғылымның дамуының теориялық білімін, ғылыми танымның философиялық негіздерін, заманауи ғылыми көзқарастар мен зерттеу әдістерін көрсету; ғылыми парадигмаларды талдау және пәнаралық контексте өздерінің ғылыми ұстанымдарын дәлелдеу. Жоғары білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздерін, заманауи технологиялар мен оқыту әдістерін білуді көрсету; оларды сабақтарды құрастыру және өткізу кезінде қолдану, педагогикалық рефлексияны жүзеге асыру және студенттік аудиториямен тиімді өзара әрекеттестік құру.
  • Ғылыми зерттеудің проблемаларын, міндеттері мен әдістерін тұжырымдау, бақылаулар, тәжірибелер, эмпирикалық деректерді ғылыми талдау негізінде жаңа сенімді фактілерді алу, ғылыми еңбектерге реферат жасау, әлемдік ғылым мен өндірістік қызметте жинақталған мәліметтерге аналитикалық шолулар жасау, алынған нәтижелерді қорытындылау, қорытындылар мен практикалық ұсыныстарды тұжырымдау.

Ұқсас БББ

7M02201 Тарих (1.5)

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

7M02201 Тарих

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

7M02201 Тарих

Астана халықаралық университеті

7M02201 Тарих

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M02201 Тарих және әлеуметтік-дінтану ғылымдары

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

7M02201 Тарих

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

7M02201 Тарих

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

7M02201 Тарих

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M02201 Тарихшы зерттеуші

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

7M02201 Тарих

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

7M02201 Тарих

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

7M02201 Тарих

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

7M02201 Тарих

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Top