7M02201 Тарих (1.5) в QYZPU
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім және ғылым саласының теориялы-қолданбалы негіздерін, ұйымдастыру мен басқару стратегияларын меңгерген жоғары білікті мамандар даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 1,5 года
-
Кредиттер көлемі 90
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M053 Тарих
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
Ғылымдағы концептуализация мәселелері
Оқу курсында жеке тұлғалық концептілер;адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты концептілер;жалпыұлттық концептілер оқытылады. Ғылымдағы концептуализация мәселелері жан-жақты қарастырылып, Л.Л.Нелюбиннің, М.Күштаева, Д.С.Лихачев пен В.В.Колесов еңбектеріне талдау жасалынады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Менеджмент
Курс менеджменттің мазмұнын ашып, қазіргі заманғы басқарудың негізгі принциптері мен әдістерін, сондай ақ ұйымның өмір сүруін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі рөлін, басқарушылық қызметтің әртүрлі түрлерін жүзеге асырудың нақты дағдыларын, басқару жүйелерін және жобалық талдауды қалыптастырады, сондай-ақ басқарудың даму тарихын қарастырады. болашақ менеджерлердің кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға қызмет етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Тарихнама мен деректанудың әдіснамалық мәселелері
Оқу курсында Қазақстандық тарих ғылымының дамуы, тарихи зерттеулердің сапасы мен тиімділігінің артуы, олардың қоғамдық дамудың әлеуметтік-саяси және мәдени-тәрбиелік мазмұнына, тарихнамалық зерттеулерге анықтама береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақстан Кеңес империясы құрамында: саяси-әлеуметтік қатынастары
Ұлттық мемлекеттілікті қалыптастырудағы ұлт зиялыларының қызметі. «Алаш» қозғалысы. Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: мәні, шаралары және салдары. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат. Кеңестік Қазақстанды «қайта құру» мәселелері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы
Оқу курсында тарих мамандығы магистранттарына қазақ халықтарының этногенезі мен этникалық тарихын тереңдеп оқытуға негізделген. Магистранттарға қола дәуіріндегі тайпалардан бері қарай қазақ халқының шығу тегі, олардың жалпы даму эволюциясы, халық болып қалыптасуда зор роль атқарған ру-тайпалардың тарихы туралы терең білім алуға бар теориялық және методологиялық жағынан мүмкіндік жасау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау
Ғылыми-зерттеу ісін өзіндік түрде жүргізуге баулу. Жаhандану, ғылыми-техникалық прогресс, ақпараттық төңкеріс білім деңгейінің көтерілуін, мамандар біліктілігінің үздіксіз дамуын қажет етеді. Сондықтан жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқуды жалғастырушыларға магистрлік диссертация жазудағы ғылыми-ізденіс технологиясын үйрету, сауатты мамандар даярлау бүгінгі күннің басты міндеті болып отыр. Аталған арнаулы курс магистранттардың шығармашылық қызметінің сапалы әрі дұрыс ой қорыту мен ғылыми тұжырымдар жасауына бағыт-бағдар береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік тарихы
Оқу курсында магистрлерге ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталып, капиталистік қатынастардың дамуына, Қытай мен Ресей арасындағы сауда келісімдеріне, Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланысына тоқталады. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардақазақ қоғамның даму үрдісінде көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдардың өркениеттілік ерекшеліктеріне талдау жасалады. Қазақ қоғамын зерттеудегі бағыттардың бірі “көшпелі қоғам“, яғни, көшпеліліктің қалыптасуының бастапқы факторлары және оның өзіндік қоғамдық даму ерекшелігі жөніндегі ізденістер жүргізіледі. Сонымен қатар, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік тарихы мәселелері оқытылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақ зиялыларының қалыптасу тарихы
ХІХ ғ. аяғы- ХХғ. басындағы ұлт зиялыларының қалыптасуы мен алғашқы қадамдары. ХХ ғ. басындағы қазақ зиялылары арасында ұлттық - демографиялық идеялардың пайда болуы. Қазақ ұлт зиялыларының қоғамдағы міндеттері: өтіп жатқан саяси үрдістердің мән-маңызын бұқараға түсіндіру, оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу, халықты жаңа мемлекет құруға жұмылдыру т.б. Ұлт зиялыларының білім беру мен мәдени өмірдегі және қазақ халқының ұлттық санасының қалыптасуындағы рөлі. Алаш қозғалысы тарихындағы Ә. Бөкейханов бастаған ұлт зиялыларының атқарған қызметтері мен Отан тарихында алатын орны. Ұлттық саяси элитаның тарихи тағдыры.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Отандық тарихнаманың заманауи бағыттары
Отандық тарихнаманың заманауи кезеңдерін анықтау; ежелгі және ортағасырлық тарихи білімнің даму деңгейін көрсету; Қазақстан тарихын зерттеуде ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы орыстық тарихи ой мектебінің негізгі бағыттарының мазмұнын ашу; кеңестік тоталитарлық жүйе кезеңіндегі тарих ғылымының даму ерекшеліктерін анықтау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Басқару психологиясы
Басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Басқарудың психологиялықтеорияларының дамуы. Басқару психологиясының жалпы теориялық мәселелері. Басқарушылық ісәрекетті талдау. Менеджердің тұлғалық ерекшеліктері. Басқару міндеттерінің психологиялық ерекшеліктері. Меншік психологиясы. Басқарушының кәсіби іс-әрекеті. Басқару субъектісінің қызметтері. Басқарушылық қарым-қатынас психологиясы. Қызметкерлердің психологиялық сипаттамалары. Қызметкерлерді ынталандыру психологиясы. Ұйымның адам ресурстарын басқару технологиясы. Ұйымның кадрлық саясатын психологиялық қолдау. Ұйымдағы дау-дамалар психологиясы. Тұлғаның кәсіби деформациясының алдын алу технологиялары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Шетел тілі (кәсіби)
Меңгерілген тілдік білім мен сөйлеу біліктерін жүйелеу. Шет тілінде ауызша қарым-қатынас формаларының дағдыларын жетілдіру, баяндамалар мен хабарламалармен таныстыру, кәсіби қарым-қатынасты жүзеге асыру. Жазбаша дағдыларды жетілдіру. Қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби саладағы коммуникативтік міндеттерді шешуді жетілдіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Қазіргі заманғы саяси ағымдар негіздері
Қазіргі идеологиялық және саяси үрдістер, олар белгілі бір саяси идеологияның доктриналарына негізделген. Теориялық және насихаттау (саясат) аясында саяси партиялардың қазіргі заманғы бағдарламаларының теориялық негізі болып табылатын бірнеше тамаша идеологиялық және саяси үрдістер байқалды. Олардың басты ағымына: либерализм, консерватизм, ұлтшылдық, марксизм, фашизм, пацифизм және тағы басқалар туралы мағлұмат беру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тарихи зерттеулердегі және білім берудегі ақпараттық технологиялар
Аталған арнаулы курс магистранттардың сапалы әрі дұрыс ой қорыту мен ғылыми тұжырымдар жасауына бағыт-бағдар береді.Пайдаланылатын мәліметтердің нақтылығын, бейнеленетін ақпараттардың визуалдылығын, қоғамның кез-келген мүшесінің сенімді ақпарат көздерін пайдалануын, ақпараттық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолдары қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі идеологиялық және саяси ғылымның дамуы
оқу курсында «Қазіргі заманғы саяси идеялар» ұғымы саяси көзқарастар, теориялар, тұжырымдамалар және саяси қызмет, мемлекет пен саяси билікке деген көзқарастар қарастырылады. Саяси идеялардың қоғамдық өмірдегі орнын объективті бағалау үшін, оларды әлемнің әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысынан қарастырылып, ол өзгеретін шындықтың динамизмін ескереді. Саяси идеялардың заманауи кезеңін түсінуге байланысты дамыған және жаңалықтары бар жаңа дәстүрге негізделген ақпараттармен таныстыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тарихшылар үшін ақпараттық технологиялар
Бұл пән тарихи зерттеулердің қолданбалы міндеттеріне бағдарланған. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды игеру дағдыларын магистрлер тарихи деректерді электрондық форматқа аудару, оларды өңдеу және талдау, тарихи интернет-ресурстарды құру және іздеу процесінде меңгереді. Сонымен қатар, стандартты және арнайы қамтамасыз ету бағдарламаларымен жұмыс істеуді игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ хандығының құрылуы: тарихи деректер мен ғылыми зерттеулер
Бұл курста қазақ мемлекеттігінің тарихы, соның ішінде Қазақ хандығының тарихына қатысты деректерді талдап, дерек көздерінің мағынасы мен мәніне, деректік құндылығы мен маңыздылығына тоқталып, Қазақ хандығына қатысты бүгінгі таңда туындап отырған қазақ тарихшыларының зерттеулері қарастырылған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі тарихи ғылымдағы пәнаралық әдістер
Оқу курсында қазіргі заманғы тарихи ғылымдағы пәндердің арасында тығыз байланыс туралы оқытылады. Бұл біздің заманымыздың сипатты көріністерінің бірі, білімнің әлеуметтік және саяси интеграциясы. Көпжақтылы ұғымда пәнаралықтың бірпәнділіктен айырмашылығы оның әртүрлі пәндер, білім салалары арасында өзара әрекет етуі түрінде түсіндіріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі кезеңдегі тарих ғылымының дамуы
Қазіргі кезеңдегі тарих ғылымының дамуы оқу курсында Тәуелсіздік Қазақстан тарихы кезеңінен бастап, қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымының дамуы мәселелері қарастырылады. Кеңестік социализмнің дағдарысы және КСРО-ң ыдырауын;Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу үрдісін; Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси қызметі оқытылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
«Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы» атты оқу курсында пәннің негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру қарастырылады. Қазақ мемлекеттілігінің дамуын қазіргі тұрғыдан қарай отырып, оны дүниежүзілік тарихпен, Евразиялық контингент тарихымен, көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен байланыстыра отырып оқыту
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тарих ғылымдарының әдіснамасы
Ұсынылып отырған оқу бағдарламасы болашақ тарихшы оқытушыларды әр түрлі методологиялық бағыттар, зерттеу принциптерімен, тарих ғылымындағы математикаландыру мен компьютерлендіру процестерімен қаруландыруға, тарихи таным қағидаларын, тарихи шығармашылықтың әдістері мен жаңа технологияларын іс жүзінде қолдануды үйретуге бағытталған. Оның негізіне қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен тарихшы ғалымдардың методологиялық еңбектері алынған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми зерттеу әдістерді, тарихи ақпараттарды компьютерлік өңдеу дағдыларын меңгереді;
- өзіндік кәсіби қалыптасуда және білім беру жүйесі мен ғылымда алынған зерттеу нәтижелерінің маңыздылығын бағалайды;
- тарихи процестер мен құбылыстарды саралау үшін қазіргі тұжырымдарды, теориялар мен тәсілдерді сыни талдайды;
- Жаңа технологияларды қолдану арқылы отан тарихы мәселелері бойынша қолданбалы зерттеулер жасайды;
- гуманитарлы ғылымдар методтарын әр түрлі кәсіби және әлеуметтік қызметте қолдану дағдыларын қалыптастырады;
- Ғылыми және ақпараттық өнімді коммерциялық негізде жүзеге асыру мақсатында ғылыми мекемелермен бірлескен жобаларды жүзеге асырады;
- Ғылыми зерттеушілік және цифрлық дағдыларды меңгереді;
- зерттеу және ғылыми міндеттерді шешу үшін пәндік және пәнаралық білімін интеграциялайды.
Ұқсас БББ
7M02201 Тарих
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
7M02201 Тарих
Астана халықаралық университеті
7M02201 Тарих
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
7M02201 Тарих және әлеуметтік-дінтану ғылымдары
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
7M02201 Тарих
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
7M02201 Тарих
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
7M02201 Тарих
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
7M02201 Тарихшы зерттеуші
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
7M02201 Тарих
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті