Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02101 Дизайн в ОҚМПУ

Пәндер

  • Инженерлік графика

    Бірегей конструкторлық құжаттар жүйесін (БКҚЖ), бөлшектердің графикалық проекциясы, бөлшектентіру, құрастыру сызбасы, машина құрылысы сызбаларындағы өлшемдерді қою, бөлшектерден проекция орындау, сызбаны безендіру ережелері, машина құрылысы сызбаларындағы қималар мен тіліктер, негізгі жазу, экспликация қарастырылады. Білімін практикада қолдану, инженерлік графика жұмыстарында АКТ-ны пайдалану, коммуникативтілік, критериалды бағалау сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Өнер тарихы

    Дизайнның тарихы мен теориясына кіріспе. ХIХ – ХХ-да шет елдердегі дизайнның тарихы. Авангардизм кезеңіндегі дизайн тарихы. Неоклассицизм кезеңіндегі дизайн тарихы. Модернизм кезеңіндегі дизайн тарихы. Постмодернизм кезеңіндегі дизайн тарихы.Гипермодерн кезеңіндегі дизайн тарихы. Дизайн теориясы. Дизайннның мәні, мақсаты және мүмкікндіктері туралы түсінік, қоғам өмірінің өндірістік-экономикалық және мәдени сферасындағы оның орны жайлы түсінік қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Салалық материалтану

    Көркем еңбек және сызуды оқытуда табиғи, жасанды талшықтарды, бейматериалдарды өндіру жолдары, тоқылуы, құрылысы, қасиеттері, жылытқыш, үлпекті, қосарланған, сәндік материалдар, тігін жіптері, тоқыма талшықтарды құрылысын зерттеудің әдіс-тәсілдері, маталар ассортименті жайлы білімі мен түсініктері қарастырылады. Тоқыма материалдарының өндірістік сипаты, зерттеу жұмыстарында инновациялық технологияларды қолдану, критериалды бағалау, диагностикалау, пәнаралық білімді интеграциялау білігі сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түс теориясы

    Түстердің қасиеттерін, өзара әрекеттесуін ,түс құбылыстарын, негізгі түстерді, түс үлгілерін және оларды біріктіру принциптеріқарастырылады. Түс үйлесімділігін, контрасттарын және түс қабылдаудың психологиялық аспектілерін зерттейді. Түстер теориясын зерттеу нәтижесінде студенттер дизайн, Бейнелеу өнері, маркетинг және жарнама сияқты әртүрлі салаларда түстерді қалай дұрыс сәйкестендіру және пайдалану керектігі туралы түсінік алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Академиялық сурет

    Заттардың конструктивті-көлемді формаларын салу, геометриялық денелер , геометриялық және тұрмыстық денелерден құралған натюрморт, мата қатпарларын салу, гипстен жасалған бас бөлшектерін салу және практикада қолдану қарастырылады. Адамның бас сүйегін муляждан салу арқылы оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін арттыруда АКТ-ны пайдалану, білімін критериалды бағалау сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Костюм тарихы

    Костюмнің шығу тарихы мен даму кезеңдері, стильдері, түстері, әшекейлерінің сән бағытына қарай тасымалдануы және тарихи дамуына байланысты маталарын таңдау ерекшеліктері, сыни бағалау қарастырылады. Тарихи мәліметтерді практикада қолдану, костюмнің адам өміріндегі орны мен рөлін дәйектеу және оларға қатысты жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау білігі сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Дизайн негіздері

    Дизайн саласындағы жобалар, техникалық және эстетикалық сауаттылықты арттыру, дизайн ортаның эстетикалық келбетін көркемдік жобалау ретіндегі, дизайндағы түс және стиль, дизайн стратегиясы мен тактикасы, композицияның көркем құралдары, ортаны жобалау ерекшеліктері қарастырылады. Әртүрлі графикалық тәсілдерді практикада қолдану, жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, қоршаған ортаны критериалды бағалау сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Материалды өңдеу технологиясы

    Технологиялық операцияларды орындау, түрлі материалдардан бұйымдар жасау технологиясындағы дизайнерлік білім сапасы, бұйымның жеке және негізгі бөліктерін пішу, қол жұмыстарындағы мәселелер пайдалану және өңдеу тәсілдері қарастырылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Академиялық кескіндеме

    Заттардың көлемін түстік-тондық қасиеттері, кескіндеме құралдары арқылы бейнелеу, «Гризайль» техникасында кескінделген натюрморт, түрлі-түсті фондағы және қарама-қарсы түстерден тұратын тұрмыстық заттардан құралған натюрморт, портрет, жартылай дене, қолымен қоса салынған портрет, интерьерде орналасқан адам денесі қарастырылады. Білімдерін инклюзивті білім беру практикасында қолдану, инновациялық технологияларды пайдалану, диагностикалау, білімді интеграциялау білігі, критериалды бағалау сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тігін бұйымдарын конструкциялау

    Конструкциялау негіздері, конструкциялау және модельдеу әдістері, балалар, әйелдер және ерлер киімдерін жобалау, құрастыру ерекшеліктері, базалық сызба негізінде иық, бел бұйымдарын үлгілеу түрлері, бөлшектерді градациялау негізінде лекала әзірлеу, жаңа модельдердің техникалық сипаттамасы қарастырылады. Графикалық бейнелерді оқу және шығармашылық тапсырмаларға сәйкес практикада қолдану, пәнаралық білімдерін дизайнерлік мәселелерді шешуді көздейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Шрифт

    Қаріппен сауатты жазудың көркем мәдениет контексінде орындау, әріптерді құру графикасы, ұлттық, әлемдік дәстүрлер, қаріптің эргономикасы жайлы түсінік, қаріптердің жіктелуі, көркемдік-графикалық әдістер, белгі анатомиясы, қаріп морфологиясы, стиль ұғымы, заманауи қаріптік мәдениет қарастырылады. Қаріпті практикада сауатты қолдану, бағалау жарнамалық жоба құрастыру сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Материалдық мәдениет және дизайн тарихы

    Адам өміріндегі заттық ортаның мәдениет контекісіндегі рөлі, жалпы мәдениеттегі материалдық мәдениеттің орны, ежелгі әлемнің материалдық мәдениеті, материалдық мәдениет тарихы, дизайн дамуындағы стильдердің пәндік ортадағы көрінісі, ерекшеліктері, материалдық мәдениет дизайнның салалары мен өзара байланысын практикада қолдану қарастырылады. Дизайн саласындағы заңдылықтар негізінде қоршаған ортаны шындықты сыни бағалау мәселелерін шешу қабілеттілігі сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Арнайы сурет

    Профильді саладағы кәсіби суреттің бағыттары, жеке көріністер, заттық орта, техникасы, әдістері, суреттегі геометриялық композициялар, әр түрлі позада, қозғалыста адам фигурасының айшықты суреті, силуэтті, интерьер суреті, адам фигурасының айшықты бейнесінің суреті, бағалау қарастырылады. Берілген көркем үлгіге сәйкес бейнелеу шығармашылық тапсырмаларын АКТ-мен шешумен сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Коллекция бұйымдарын жобалау

    Перспективалы, өнеркәсіптік базалық коллекциялар, авторлық коллекциялар, арнайы мақсаттағы коллекциялар, жеке гардероб, тұтынушылардың белгілі бір түрлері қарастырылады; топтық (белгілі бір адамдар тобы): нысанды киім (мектеп, муниципалды милиция формасы), фирмалық киім (Аэрофлот қызметкерлері, сауда фирмалары үшін), делегацияларға арналған өкілдік және киім топтамалары (ұлттық команда Олимпиада ойындары). Жаңа топтамалармен жұмыс сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Тігін бұйымдарының технологиясы

    Әртүрлі материалдардан тігін бұйымдарын өңдеу технологиясы, балалар, ерлер және әйел киімдерінің негізгі және сәнді бөліктерін өңдеудің технологиялық ерекшеліктері, сырт киім бөліктерін жинақтау, заманауи ұлттық колоритмдегі тігін бұйымдар өңдеу технологиясы, критериалды бағалау қарастырылады. Технологиялық білімін практикада қолдану тәсілдері, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау білігі сипатталады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Дәстүрлі емес материалдардан бұйым жасау

    Бірегей және ерекше бұйымдар жасау үшін әртүрлі дәстүрлі емес және қайталама материалдарды қолдану қарастырылады. Қайта өңделген қалдықтар, табиғи материалдар, тоқыма қалдықтары, пластмасса және т.б. сияқты әртүрлі материалдарды зерттейді.Дәстүрлі емес материалдардан бұйымдар жасауда ойлау икемділігін, шығармашылығын, экологиялық санасын және әртүрлі материалдармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту болып табылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Арнайы кескіндеме

    Профильді саладағы кәсіби кескіндеме әдістері, түсті реңдер, контрастпен, түсті кескіндеме құралдары арқылы сәндік кескіндеменің ассоциативті-бейнелі тілін меңгеру, сәндік кескіндеме мен сәндік композициядағы кеңістіктік құрылыс жүйесі, колорит, сәндік формаларға заттардың трансформациясын АКТ –ны пайдалану арқылы практикада қолдану, графикалық бейнелер қарастырылады. Көркем түрде берілген көркем шығармашылық тапсырмаларды шешу, сыни ойлаумен сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Композиция

    Композиция негіздері, заңдылықтары, композицияның тәсілдері мен құралдары, композицияның заңдары, заңдылықтары, принциптері, бейнелі және шығармашылық ойлау, кеңістік және пішін, пропорция. Cимметрия және асимметрия, үйлесімді композицияның қасиеттері, коллекцияны құру принциптері, текстурасы, фактурасы, жарық, түс, тон қарастырылады. Композициялық білімді практикада қолдану, графикалық бейнелерді саналы түрдегі көркемдік бейнелермен композиция құрастыру сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бұйымды жобалауда компьютерлік технологияларды қолдану

    Бұйымды жобалау бағдарламаның құралдарын қолдану, кескіндерді әртүрлі құрылымдарға түрлендіру, монокомпозициялар құру, ең сәттілерін таңдау және жеке фрагменттердің тонымен толтыру қарастырылады. Рапорттық композицияларды құру заңдылықтары, мотивпен жұмыс жасау, компьютерлік дизайнның технологиялық әдістері, осьтік және айна симметриясына негізделген элементтерді біріктіру тәсілімен ою-өрнек мотивтерінің нұсқаларын орындау, ою-өрнек құрылымының торлы бейнесін орындау сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар

    Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, пәнаралық білімді интеграциялай білу, инклюзивті білім беру жағдайында, оқу-тәрбие процесінде баланы әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-психологиялық кеңес беру, диагностикалау, коррекциялаудың әдістері қарастырылады, инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалай білу сипатталады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    «Қаржылық сауаттылық»– курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түсті графика

    Дизайн саласындағы түсті графиканы құрастыру, көркем безендірудің визуалды процестері, графиканың қайнар көздері мен тарихы, түрлі-түсті графиканың ерекшеліктері, түрлі-түсті графикалық бейнені жасау әдістері, сәндік кескіндеме элементтері, түстердің түстік үйлесімі, дизайнерлік білімі қарастырылады. Көркемдік бейнелерді шешуді талдау қабілеттігі және білімді практикада қолдану, графикалық тәсілдерді түрлі бейнелер құрастыру, сыни бағалау жолдары сипатталады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ою-өрнек композициясы

    Ою-өрнек композициялары мен өрнектерін жасаудың принциптері мен әдістері қарастырылады. Ою-өрнектерді практикада қолдану, композицияға қатысты тарихи және мәдени контексттерді зерттейді және әртүрлі мәдениеттер мен дәуірлердегі сәндік өнердің әртүрлі дәстүрлері мен стильдерін зерттейді. Ою-өрнектерді талдайды және түсіндіреді,жобалар жасаудаою-өрнекпен композиция құрастырумен сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Эбру техникасы

    Эбру техникасының негіздерімен танысу, түстердің бұл ыңғырлығын бақылауды үйрену, күрделі өрнектер жасау және шығармашылық түйсігін дамыту қарастырылады. Осы өнердің тарихи және мәдени аспектілерін зерттеу және оны заманауи дизайн мен декор контекстінде қолдану және әрбір жасалған үлгінің бірегейлігі мен сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Материалмен көлемді форманы орындау

    Көлем, мөлшер, форма, сан деген ұғымдар, көлемді форманы материалмен әртүрлі орналастыру және әртүрлі жарықтандыру, түс бояуларын және түстік-көлеңкені ажырата білу, көлемді макеттеудің тәсілдері, модельдеу, ырғақ көлемдердің, тоқыма материалдары арқылы жұмсақтық, қаттылық, серіппелік, түктілік беру, аппликация жасау , форманың логикалық біртұтастығы қарастырылады. Материалмен көлемді форманы орындау өзекті тенденцияларға сай қолданады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері

    Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері бойынша білім алуға мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дизайн психологиясы

    Дизайн психологиясының киімге, аяқ киімге, аксессуарға тән қолданылуы, психологиялық заңдылықтары, болжам мен теорияның кең спектрі, елестету эволюциясы, кәсіптік саласы бойынша өмір бойы білім алу қажеттілігі қарастырылады. Сәннің элеуметтік-психологиялық қызметтерін, сәншілдер мен сәншіл еместер парадоксін, сәннің адам психологиясына әсерін шығармашылық жоба жұмысы ретінде практикада қолдану, бағалау, диагностикалау сипатталады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Графика және модельдеу

    Материалдарда болатын өндіріс және пайдалану жағдайындағы құбылыстардың физикалық мәні, зақымдану түрлері мен өзара байланысы, материалдардың негізгі қасиеттері, дизайндағы матаның суретінің фактурасын ресімдеу, техникалық суретті, авторлық эскизді орындау қарастырылады. Білімді қолдану мен практикада интеграциялау кәсіби көзқараспен, қоршаған ортамен бағалау, сыни ойлау, коммуникативтікпен сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Этникалық стильдегі бұйымдар әзірлеу

    Пәнді оқытуда этностильдік заманауи үлгіде ұлттық көп қырлы бұйымдардың (киім, жиһаз т.с.с) типтік ерекшеліктерін жаңғырту мүмкіндігі, ерекшеліктері, әр түрлі елдердің мәдениеті мен ұлттық дәстүрлері, этносқа тән белгілері, сәнді бағыттың ежелгі тамырлары және өткеннің идеялары, заман келбетін анықтауға сыни тұрғыдан қарасырылады, көркем ағымдардың өмірдегі орны танымдық және жалпы мәдениет концепцияларымен сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Сәндегі ұлттық реңк элементтері мен үрдістері (сала бойынша)

    Реңктердің үйлесу негіздері, даму теориясын зерттеу, түс табиғаты негізгі, құрама және қосымша түстер, түстердің араласуы, түс үйлесімі, түс тілі, түс үйлесімі және түс мәдениеті, ұлттық руханият, «қыстық – күздік тенденция» және «көктем – жаздық тенденция», алқызыл түстердің реңктері қарастырылады. Сәндегі ұлттық реңк элементтері мен үрдістерді ғылыми түрде жетілдіру үшін командаларда коммуникативтілік сипатталады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Костюм макетін жобалау

    Киім функциясын және классификациясын меңгеру, көркемдік шығармашылық кезең, киімді жобалау және көркемдік бейне, түс және оның киімде қолданылуы, жеке бұйымды жобалау, жаңа идеяларды іздеу қарастырылады. Жоба жоспарын әзірлеу, бұйым макеттерін орындау технологиясын практикада қолдану қарастырылады. Дизайнерлік жобалардағы қазіргі тенденцияларды іске асыру мақсаттарына сәйкес инновациялық технологияларды қолданумен сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Интерьер тарихы

    Дизайнның негізгі түсініктері интерьер дизайнының тарихи стильдері антикалық стиль, Готика, Ренессанс (барокко, ампир, рококо). Интерьер стилі модерн. Арт-деко. Хай-тек ғасырлар Прованс дәстүрлері, Скандинавиялық стиль, интерьер Шығыс философиясы, қатаң минимализм, эмоциялық поп-арт қарастырылады. Дизайн саласындағы мәселелерді шешу және дизайн тарихы сипатталады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Жарнама дизайны

    Сыртқы жарнамаға шолу сипаттамасын бағалау әдістері, сыртқы жарнамада қолданылатын материалдар, жарық жарнамасы, ең бастысы – екінші дәрежелі, форманың массасын эмоциялық бағалаудың оның объективті қасиеттеріне тәуелділігі, ұқсас элементтердің, метр мен ырғақтың, қарама-қарсы және нюанстық қатынастардың көмегімен жазықтықты ұйымдастыру, қаріптер, фирмалық стиль қарастырылады. Жарнама дизайнның жобалық ортадағы жеке көріністерін интеграциялау білігі сипатталады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Ландшафтық дизайн

    Ландшафтта және ашық орта жағдайларда композицияларды қолдану есептерін шешудің нұсқалары мен әдістері, микроклиматты қалыптастыру, сыртқы және интерьерлік шешімдердің байланысы, рельеф элементтері, ұлттық және әлеуметтік факторлар, жобалау тәсілдерінің тарихи және стильдік шарттылығы, заманауи әдістер мен үрдістер қарастырылады. Кәсіби саладағы мәселелерді шешу және қорытындыларды тұжырымдау, сыни ойлау, креативтілік танытумен сипатталады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Киім аксессуарларының дизайны

    Материалда орындалатын қажеттілігі бойынша эскиздік формада костюмді толықтыратын, әртүрлі заттар: сөмке, әмиян, бөкебай, орамал, галстук, шляпа және т.б., кестемен, шеттікпен, ызбамен, шілтермен, уақ- түйекпен, батикпен әрлеуді қолдана отырып, жалпы конструктивті негізде жобаланған және жаппай тиражбен шығарылатын, өндірістік бұйымдарды түрлендіру мүмкіндіктері қарастырылады. Аксесуарларды әзірлеуде АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын қолданады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жарнама тарихы

    Жарнама тарихы, жарнамалық технологиялардың қалыптасу тарихы және жарнамалық бизнестің дамуы, «жарнама өнерін» қалыптастыру, жарнама қызметінің ежелгі формалары, жарнамалық бизнес және жарнамалық компаниялар ХХ ғ, жарнама қызметіндегі заманауи үрдістер саласындағы жүйелік түсініктер мен базалық білімдерді зерттеуге бағытталған сұрақтар қарастырылады. Дизайн саласына түсінуі және интеграциялау білігі, ойлау креативтілігін көрсету сипатталады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Заманауи дизайн (бейін бойынша)

    Заманауи дизайн құралдары, әдістері, көркемдік жобалау формалары, пәндік-кеңістіктік орта, көркем объектілердің жағдайын жасау, дизайндағы түс, стиль, дизайн стратегиясы, тактикасы, дизайннің композициялық негіздері, жарық дизайны, пәндік ортаның дизайны қарастырылады. Затты ортадағы жеке көріністерді практикада қолдану, негізінде колористикалық құрылым тәсілдері негізінде көркемдік бейнені жасау және сыни бағалау, заманауи дизайндағы жобалау ерекшеліктері сипатталады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Сәулеттегі өрнек

    Архитектурада ою – өрнектерді пайдаланудың негізгі бағыттары сәулет формаларының қалыптасу принциптерін меңгеру, сәулет, анықтау, жобалаудың функционалдық және физикалық негіздері; көлемді жоспарлау шешімдерін құрудың сәулеттік, композициялық және функционалдық тәсілдері, сәулеттік өрнектер, сәулет тілі-архитектураның негізгі компоненттері, ұғымдар, сәулет стилі қарастырылады. Дизайн саласындағы мәселелерді шешумен және ой-қорытулар жасаумен, сыни бағалаумен сипатталады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Жарнама графикалық дизайн және жобалау

    Графикалық дизайнның қалыптасу теориясының сұрақтары, графикалық дизайн және заманауи мәдениеттің визуализациясы, технологиялар, тұтыну саласы, графикалық дизайнның әлеуметтік-мәдени функциялары, көрнекі жарнамаларды жобалау кезеңдері, жарнамалық дизайн объектілерінің типологиясы, жобалық шешімнің оңтайлылығын бағалау, жарнамалық бейнені әзірлеудің әсер ету механизмі мен жобалық тәсілдерін практикада қолдану қарастырылады. Жобалық қызметті түсінуі, интеграциялау білігі сипатталады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Бұйымды жобалаудың инновациялық технологиялары

    Бұйымды жобалау процесінде қолданылатын заманауи әдістер мен құралдарды қарастырылады.Жобалаудың инновациялық технологияларын зерделеудің мақсаты студенттердің шығармашылық және инновациялық ойлау дағдыларын, сондай-ақ инновациялық және бәсекеге қабілетті өнімдерді жасау үшін заманауи құралдар мен технологияларды қолдану дағдыларын дамыту болып сипатталады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • дизайнерлік жобалардың өзекті тенденцияларын заман талабына сай қолданады
  • таңдалған дизайн мақсатына сәйкес оқу жетістіктерін критериалды түрде бағалайды
  • сыни ойлау негізінде мәселелерді шығармашылықпен, заттық ортадағы жеке көріністерді, түстік құрылымдарды дайындайды
  • көркем мәдениет контекстінде кәсіби саладағы мәселелерді шешу жолдарын, академиялық адалдық қағидаттарын талдайды
  • көркем-графикалық әдістер мен натураны дайындау тәсілдері негізінде көркемдік бейнені, заттық орта мен натураның өзіндік көрінісін, әртүрлі графикалық бейнелерді игеруді көрсетеді
  • кәсіби-дизайнерлік деңгейін көтеру және жалпы мақсаттарға жету үшін командаларда коммуникативтілікті көрсетеді
  • білімді оқу ақпаратына сүйене отырып жобалау және зерттеу тәжірибесінде қолданады
  • инновациялық технологияларды, академиялық хатты оқытудың мақсат-міндеттеріне және оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолданады
  • көркем бейнелерде және оны көркем түрлендіруде, сурет салуда саналы түрде КТ-ны және цифрлық білім ресурстарын қолданады
  • білім алушының дизайнерлік білім сапасын қалыптастыруда өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялайды

Ұқсас БББ

6B02101 Дизайн

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

6B02101 Дизайн және компьютерлік графика

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

6B02101 Дизайн

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (ҚМТУ)

6B02101 Сәулет және дизайн

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Satbayev University)

6B02101 Дизайн

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B02101 Дизайн

Астана халықаралық университеті

6B02101 Дизайн

Алматы технологиялық университеті (АТУ)

6B02101 Дизайн

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

6B02101 Дизайн

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B02101 Дизайн

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)

6B02101 Графикалық дизайн

Қазақ технология және бизнес университеті

6B02101 Дизайн

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B02101 Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

6B02101 Дизайн

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

6B02101 Дизайн

«Мирас» университеті (Мирас)

6B02101 Дизайн

«Тұран-Астана» университеті

Top