7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Торайгыров университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ұлттың рухани негізі ретіндегі қазақ тілі мен әдебиетінің танымдық, философиялық, психологиялық, тәрбие мен әлеуметтік мәндерін анықтай алуына қажет теориялық білім негіздерін жинауға бағыт беру. Ғылыми-зерттеулермен айналыса алатын, жақын және алыс шет елдерде ғылыми-зерттеу орталықтарында тәжірибеден өтуге мүмкіндік беретін теориялық-практикалық білім мен дағдының болуын қамтамасыз ету. Тіл мен әдебиеттің басты тарихы мен теориялық негіздерін игере отырып, жаһандық өзгерістер алдындағы қазақ тілі мен әдебиетінің болашағына қатысты өз тұжырымдарын жасай білуге үйрену.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Торайгыров университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Іскери қазақ тілі
Пәннің мақсаты - магистранттарды іскери қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері мен қолдану аясымен таныстыру. Оқыту нәтижесінде іскерлік қатынастар тілімен танысады, ауызша және жазбаша тілдік қатынастарды талдауды біледі. Ресми-іскерлік тілдегі терминдер мен тілдік біріліктердің қолданысын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заманауи интернет дискурсы
Мақсаты - қазіргі Интернет дискурстың жаһандық тіл кеңістігі ретіндегі рөлін түсіну және дұрыс қолдану тәсілдерін үйрену Міндеттері: - Интернет дискурс ерекшеліктері мен әдіснамасының сипаттарын білу; - Интернет дискурсты пайдалану, қолдану тәсілдерін үйрену; -Интернет дискурстың қолданбалық және теориялық мәселелерінің өзгерулері мен тұрақты белгілерін анықтау
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл және мәдениетаралық коммуникациясы
Пәннің мақсаты - тіл және коммуникация мәселелерін оқыту. Оқыту нәтижесінде білім алушылар тілдік коммуникациядағы жазбаша және жазбаша бірліктерді айқындай біледі, қазіргі коммуникациядағы негізгі бірліктерді талдай алады. Тілдің қарым-қатынас жүйесіндегі өзгеріс заңдылықтары мен сипаттарын талдай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиет теориясының методологиясы
Пәннің мақсаты - әдебиетті талдаудың әдіс-тәсілдерінің жүйелі үлгілерін меңгерту, әдебиетті талдаудың әдіснамасы мен оның басты тұжырымдарын оқыту. Білім алушылар оқыту нәтижесінде қазіргі шетел теориялық зерттеулеріндегі шығарманы талдаудағы өзгешеліктерді, ұқсастықтарды меңгереді. Теорияның методологиясының даму бағыттарын айқындай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Іскери қазақ тілі
Пәннің мақсаты - магистранттарды іскери қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері мен қолдану аясымен таныстыру. Оқыту нәтижесінде іскерлік қатынастар тілімен танысады, ауызша және жазбаша тілдік қатынастарды талдауды біледі. Ресми-іскерлік тілдегі терминдер мен тілдік біріліктердің қолданысын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттанудың мәселелері
Әдебиеттанудың ғылыми пәндер жүйесіндегі алатын орнын, сөз өнерінің өзіндік ерекшелігін, шығарманың көркемдік құрылымын айқындайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тіл және мәдениетаралық коммуникациясы
Пәннің мақсаты - тіл және коммуникация мәселелерін оқыту. Оқыту нәтижесінде білім алушылар тілдік коммуникациядағы жазбаша және жазбаша бірліктерді айқындай біледі, қазіргі коммуникациядағы негізгі бірліктерді талдай алады. Тілдің қарым-қатынас жүйесіндегі өзгеріс заңдылықтары мен сипаттарын талдай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заманауи қазақ тіл білімі мен қазақ әдебиеттануының өзекті мәселелері
Пәннің мақсаты - қазақ тіл білімінің дамуының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерінің құрылымдық, тұлғалық, мағыналық ерекшеліктерін және тарихи даму барысындағы өзгерістерін ғылыми негізде түсіндіру және ақиқатын айқындау. Тілдің басты қоғамдық орнын өзгерістермен бірге зерттеудің сипаттарын белгілеу
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заманауи қазақ тіл білімі мен қазақ әдебиеттануының өзекті мәселелері
Пәннің мақсаты - қазақ тіл білімінің дамуының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерінің құрылымдық, тұлғалық, мағыналық ерекшеліктерін және тарихи даму барысындағы өзгерістерін ғылыми негізде түсіндіру және ақиқатын айқындау. Тілдің басты қоғамдық орнын өзгерістермен бірге зерттеудің сипаттарын белгілеу
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылымның тарихы мен философиясы
Аталмыш пән ғылым феномені проблематикасына арнайы философиялық талдаудың пәні ретінде енгізеді және ғылыми танымның жалпы заңдылықтары мен тенденцияларын, олардың дамуында алынған және тарихи өзгермелі әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылған ғылыми білімді өндіру бойынша ерекше іс-әрекет ретінде зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Университетте педагогикалық процесті ұйымдастыру және жүргізу бойынша білім мен дағдыны қалыптастыру. Магистранттарды жоғары білім беру педагогикасы білімімен қаруландыру. Педагогикалық ғылымның әдіснамасы. Педагогиканың тарихи сипаты. Жаһандану жағдайында жоғары білім беруді дамыту. Болон процесі. Қазіргі педагогикалық парадигмалар. Педагогикалық процесс жүйе ретінде. Негізгі теориялар, білім мазмұны элементтерінің сипаттамасы. Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы. Қазіргі білім беру технологиялары, ЖОО-да оқыту түрлері. ЖОО-да Оқытудың кредиттік жүйесі. Эдвайзердің, тьютордың, офис регистратордың қызметі. Білім берудегі менеджмент.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шeтeл тілі (кәcіби)
Ғылыми-зерттеу жұмысы. Active Voice. Дайындық бағыты бойынша ғылыми еңбектер. Passive Voice және пассивті конструкцияларды аудару. Уақытша келісу. Ғылыми зерттеулер және жаңа технологиялар. Модальдық етістіктер. Сөйлемдегі етістің функциялары. Ғылыми кітапхана. Инфинитив, герундий. Ғылыми конференция. Түрлері ұсыныстар. Толықтырулар түрлері. Жаңа ғылыми жетістіктер. Тікелей және жанама сөйлеу. Презентация коммуникацияның ғылыми түрі ретінде.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл білімі мен әдебиеттанудың жаңа бағыттары
Пәннің мақсаты - қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың басты бағыттары мен ағымдарының ерекшеліктерін, құрылымдық, мазмұндық белгілерін оқыту, тіл білімі мен әдебиеттанудағы жаңа бағыттардың саланы зерттеудегі мәнін ашу. Қазіргі тіл біліміндегі жаңа қолданыстарды меңгерту. Қазіргі әдебиеттанудағы постмодернизм бағытының қазақ әдебиетіндегі көрініс талдау. Оқыту нәтижесінде білім алушылар қазіргі тіл мен әдебиеттанудың жаңа бағыттарын меңгеріп шығады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тіл білімі мен әдебиеттанудың жаңа бағыттары
Пәннің мақсаты - қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың басты бағыттары мен ағымдарының ерекшеліктерін, құрылымдық, мазмұндық белгілерін оқыту, тіл білімі мен әдебиеттанудағы жаңа бағыттардың саланы зерттеудегі мәнін ашу. Қазіргі тіл біліміндегі жаңа қолданыстарды меңгерту. Қазіргі әдебиеттанудағы постмодернизм бағытының қазақ әдебиетіндегі көрініс талдау. Оқыту нәтижесінде білім алушылар қазіргі тіл мен әдебиеттанудың жаңа бағыттарын меңгеріп шығады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі әдебиеттанудағы / қазақ тіл біліміндегі жаңа ағымдар
Пәннің мақсаты - қазақ тіл білімі мен әдебиеттануды зерттеудегі жаңа ағымдардың нысаны, мақсат-міндеттері, әдіснамасы мен тұжырымдамаларын талдау. Оқыту нәтижесінде білім алушылар қазіргі әдебиеттанудағы постмодернизм сияқты ағымның қолданылу ерекшеліктерін меңгеріп шығады. Қазіргі қазақстандық тіл біліміндегі жаңаша талдауларды біліп шығады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің ғылыми грамматикасы
Пәннің мақсаты - тіл білімінің салалары мен тіл білімі салаларындағы тың зерттеулер мен күрделі мәселелер шешімін қарастыру. Білім алушылар оқыту нәтижесінде грамматика саласындағы ұғымдарды ғылыми түрде сараптай алады. Морфология, синтаксис саласындағы қазіргі жаңа қолданыстарды меңгеріп шығады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мәтінтану териясы
Пәннің мақсаты - Қазіргі мәтін лингвистикасындағы мәтіннің бірнеше даму бағыттарын таныстыру. Мәтінді жоғары дәрежедегі жүйе деп қарап, оның басты белгілері тұтастық пен байланыстылық екендігін назарда ұстау; лингвистикалық белгілерге сүйене отырып коммуникативтік параметрлер бойынша мәтін типологиясын құру (айтып жеткізу мен мазмұн бірлігі); мәтінді құрайтын бірліктерді анықтау; негізгі мәтіндік категорияларды анықтау. Оқыту нәтижесінде білім алушылар осы белгілар арқылы мәтіннің негізгі сипаттарын аша алады, мәтін лингвистикасы стилі мен көркем шығармадағы мәтін бейнелілігін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
«Басқару психологиясы» ұсынылған оқыту курсы студенттердің басқару құрылымының құрылымы, динамикасы мен ерекшеліктері, адамдардың мінез-құлқының психикалық реттеуінің құрылымы мен механизмдері, ұйымдық және басқару жүйелерінің әртүрлі түрлеріне енген кезде, сондай-ақ осы жүйелер мен қарым-қатынастардың психологиялық ерекшеліктері туралы кәсіби білімін айтарлықтай толықтырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жоғары мектепте тілді оқыту әдістемесі
Тілді оқыту әдістері дамуының болашағы мен қазіргі әдістеме ғылымының теориялық мәселелері, тіл білімін оқытудың негізгі тұжырымдамасын қарастырады. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мектепте тілді оқытудың әдіс-тәсілдерінің топтамасы мен тіл сабақтарының құрылысы, типологиясы жағынан қарастырады. Тілді оқытудағы өзге тіларалық байланыстар мен пәнаралық қатынастар қарастырылады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мәтін поэтикасы мәселелері
Пәннің мақсаты - мәтін поэтикасының ғылыми теориялық мазмұнын меңгеру, мәтінді талдаудың түрлі әдіс-тәсілдерін білу және оны қолдануда мәтін жанры мен стиліне қарай, шығармашылық лаборатория мазмұнына қарай талдау үлгілерін игеру. Оқыту нәтижесінде білім алушылар мәтінді поэтика тұрғыдан талдауды меңгеріп шығады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шығыстану мәселері
Шығыстану әдебиетінің қазіргі әдеби даму бағыттары мен оның негізгі тақырыптарының, идеяларының көркемдік белгілеріне назар аударылады. Шығыс әдебиетіндегі тарихи диахронологиялық және синхронологиялық дамудың үлгілері мен ерекшеліктері талданады. Шығыс әдебиетінің әлемдік әдебиетке әсері, соның ішінде қазақ әдебиетіне ықпалы талданып, көркемдік сипаттарына ғылыми тұжырымдама жасалады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазіргі гуманитарлық білім жүйесіндегі филология
Пәннің мақсаты - қазіргі жаңа жаһандық кезеңдегі филология ғылымының өзекті мәселелерін қарастыру, оның теориялық негіздерінің ұстанымдары мен басты зерттеу тұстарын назарға алу, әлемдік филологиядағы зерттеулер арқылы қазақ филологиясының басты қағидаларын белгілеу, қазіргі жаңа технологияға негізделген қоғамдағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы тіл мен әдебиеттің басты белгілері мен қағидаларын игеру
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазіргі филологиядағы коммуникацияның теориялық негіздері
Пәннің мақсаты - қазіргі жаңа жаһандық кезеңдегі филология ғылымының өзекті мәселелерін қарастыру, теориялық негіздерінің ұстанымдары мен басты зерттеу нысандарын талдауды меңгеру, әлемдік филологиядағы зерттеулер арқылы қазақ филологиясының басты қағидаларын белгілеу, жаңа технологияға негізделген қоғамдағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы тіл мен әдебиеттің басты белгілері мен қағидаларын білу. Оқыту нәтижесінде білім алушы заманауи әлемдік әдеби үрдістің даму заңдылықтарын, туыстығын, эстетикалық бағдарламасын, әдеби бағыттарын ғылыми негізде талдай алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
20-21ғғ. тоғ-ғы батыс әдебиеті
Пәннің мақсаты - әлем және қазақ әдебиетінің ғасырлар тоғысындағы дамуына ғылыми талдау жасау, олардың тақырыптық-идеялық сипаттары, тарихи дамумен бірге алына отырып, адамзаттық 20-21 ғасырдағы басты мәселелерін шешудегі орнын анықтау, қазақ әдебиетіне әсері және қазақ әдебиетінің орнын айқындау, 20-21 ғасыр тоғысындағы көркем шығармаларға әдеби, ғылыми талдаулар жасау. Оқыту нәтижесінде батыс әдебиеті өкілдерінің шығармаларының көркемдік ерекшелігін талдай біледі, идеялық, эстетикалық мазмұнын аша біледі
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Тәуелсіздік кезең қазақ прозасы, поэтикасы
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасы мен поэтикасы мазмұны мен құрылым жағынан көп өзгерді. Бұл өзгерістер кейіпкердің жасалуы мен тақырыптық-идеялық белгілерімен де көрінеді. Тәуелсіз қазақ прозасының қаламгерлері мен ақындарының көркемдік кеңістігі жан-жақты талданады. Көркемдік сипаттары ашылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 4
-
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Пәннің мақсаты -тіл тарихының дәуірлерін және оларды жіктеудің теориялық, тәжірибелік әдіснамасын меңгеру, тілді зерттеудің теориялық тұжырымдамаларын игеру. Оқыту нәтижесінде тілдік және әдеби құбылыстарды зерттеуге кешендік тұрғыдан келе алады, өзге тілдер және әдебиеттердің генетикалық-типологиялық ара қатынасын ескере біледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Жоғары мектепте әдебиетті оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты - әдебиетті оқыту әдістері дамуының болашағы мен қазіргі әдістеме ғылымының теориялық мәселелерін, әдебиетті оқытудың негізгі концепциясын қарастыру. Оқыту нәтижесінде магистранттар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мектепте әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдерінің топтамасы мен әдебиет сабақтарының құрылысы, типологиясы жағынан қарастыруды меңгеріп шығады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 4
-
Тіл тарихы кезеңдерінің теориясы
Пәннің мақсаты - тіл тарихының әр кезеңдерін оқытып, оның ерекшеліктерін түсіндіру. Қазіргі тілдік ерекшеліктерді оқытудағы әдістемені жаңа теориямен сабақтастыра оқытудың әдістемесін оқыту. Оқыту нәтижесінде тіл тарихының кезеңдерін талдай алады, әр тілдің тарихи кезеңдерінің ерекшеліктерін анықтайды, тілдік бірліктер, лексика-грамматикалық сипаттарына талдау жасайды
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
21 ғасырдағы әлем әдебиеті
Пәннің мақсаты - жаһандық тұтасулар кезіндегі әдеби шығармалардың тақырыбы мен идеялық ерекшелктерін, кейіпкер бейнесін, көркемдік құралдарды меңгерту. Әлем әдебиетінің жаһандық ерекшеліктерімен байланысы оқытылады. Оқыту нәтижесінде білім алушы жаңа әдебиет туралы теориялық білім алып, талдауды біледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қоғам мен табиғаттың даму бағыттарын философиялық-танымдық тұрғыдан дұрыс бағдарлай біледі, өз көзқарасын қорғауға қажет іс-әрекеттерді істей алады, жаңа шешімдерді қолдана алады.
- Ғылыми коммуникацияның негізгі қағидаларын жетік біледі, шет тілін ауызша және жазбаша сауатты қолдана алады
- Педагогика, психология саласында қызметті ұйымдастыра біледі, ғылыми білімін іс жүзінде қолдана біледі, педагогикалық-психологиялық жағдаяттарда қажетті-әдіс тәсілдерді орнымен істей алады
- Қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізгі теориялық ережелерін, әдістемелік қағидаттары мен категорияларын біледі, ғылыми материалдардан тұжырым істей алады, ғылыми жұмыста қолдана алады.
- Тілдік және әдеби құбылыстарды кешенді зерттеудің негізін біледі, тәжірибеде істей алады, өзге тілдер және әдебиеттердің генетикалық-типологиялық ара қатынасын ескере қолдана біледі.
- Қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларының көркемдік ерекшелігін талдай біледі, идеялық, эстетикалық мазмұнын аша біледі.
- Заманауи тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері мен оның бағыттары бойынша бейімделген, ғылыми әдістеме мен эстетика тұрғысынан көркем шығармаларға сыни баға бере алады.
- Көркем шығармалар мен тілдік талдаулардың, жоғары мектептегі әдістемелік талдау түрлерінің методологиясын, ғылыми тұжырымдамасын, сипаттары мен ерекшеліктерінің дағдысын біледі, ғылыми тұрғыда жаңартып, тәжірибеде істей алады, жоғары және арнаулы, орта білім салаларында қолдана алады.
- Тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері мен оның бағыттарын талдай біледі, ғылыми әдістеме мен эстетика тұрғысынан көркем шығармаларға сыни баға істей алады, ғылыми және әдеби-көркем, іскери талдауда қолдана алады.
Ұқсас БББ
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді)
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Сулейман Демирель атындағы университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п)
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шымкент университеті
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Қызылорда "Болашақ" университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)