Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01503 Информатика педагогтарын даярлау в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Орта және жоғары білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін зерттеу мен іске асырудың теориялық, практикалық дағдылары бар, цифрлық технологияларды инновациялық деңгейде және еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес пайдалануға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M012 Информатика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Жоғары мектепте информатиканы оқытудың ғылыми негіздері
Шетел тілі (кәсіби)
Жасанды интеллект және BIG DATA
Бейіндік пәндерді оқыту әдістемесі мен технологиясы
Информатикадағы ғылыми-педагогикалық зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру
Зерттеулердің заманауи ғылыми инструментарийлері
Жоғары мектепте IT-пәндерді оқыту әдістемесі
Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы
Ғылым тарихы және философиясы
Білім алушылардың білімін бақылау мен бағалаудың заманауи әдістері
Информатика және білім беруді ақпараттандыру саласындағы педагогикалық зерттеулердің әдістемесі
Сандық ресурстар және қызмет көрсету
Бағдарламалаудың заманауи технологиялары
Электрондық білім беру интернет-ресурстарын әзірлеу
Педагогикалық зерттеулерді өңдеудің математикалық әдістері
Мультимедиялық жүйелерді жобалау және құрастыру
Java технологиялары
-
2 Оқу жылы
Білім берудегі бұлтты технологиялар
Білім беруді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
Қашықтықтан оқытудың заманауи жүйелері
Білім берудегі кеңейтілген және виртуалды шындық
Оқушылардың зерттеу және жобалық қызметін ұйымдастыру
Бағдарламалау практикумы
Информатика саласындағы инновациялық педагогикалық технологиялар
JavaScript - де программалау
Электрондық оқытудың инновациялық әдістері мен технологиялары
Білім беру сапасының мониторингі
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Цифрлық білім беру ресурстарын құру және оқытудың жаңа форматтарында сабақтар өткізуді ұйымдастыру дағдыларын меңгеру, сондай-ақ заманауи тілдер мен бағдарламалау технологияларын меңгеру. Компьютерлік есептеулерді математикалық модельдеуде қолдану, информатиканы оқытуда заманауи инновациялық педагогикалық технологияларды тиімді қолдануды игеру.
- Стратегиялық, ағымдағы және жедел жоспарлау мен бақылау (менеджмент) құралдарын пайдалану; ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану, диссертация үшін ақпаратты өңдеу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану.
- Қашықтықтан оқыту жүйесінде мультимедиялық жобаларды құру және бақылау, ақпараттық көздермен ғылыми ізденіс және практикалық жұмыс, бұлтты технологияларды пайдалана отырып, білім беру процесін кешенді іске асыру тәжірибесін ұйымдастыру дағдыларын меңгеру.
- Аналитикалық есептерді шешу үшін интеллектуалды жүйелерді пайдалану; аналитикалық қызметте жасанды интеллект жүйелерін қолдану мүмкіндіктерін бағалау, Интеллектуалды ақпараттық жүйені енгізудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау; Big Data технологияларын қолдана отырып шешілуі мүмкін аналитикалық есептердің өлшемдерін анықтау; қолданбалы есептерді шешуге үлкен деректерді өңдеу технологияларын қолдану.
- Зерттелетін дереккөздердің мазмұнына логикалық-дидактикалық талдау жүргізу, библиографиялық материалды құрастыру және рәсімдеу, ғылыми дереккөздер бойынша рефераттар жасау, ғылыми эксперименттер жүргізу, зерттеу барысында алынған материалдардың аннотациясы мен түйіндемесін жасау, объектіге бағытталған бағдарламалау принциптерін қолдану қабілетін көрсету.
- Жоғары білім беруді жаңғыртудың ақпараттық кеңістігінде бағдарлану; қолданбалы бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және жасау үшін ақпараттық-дидактикалық материалдар мен алгоритмдерді әзірлеу; бұлтқа орналастырылған қосымшаларды әзірлеу және сүйемелдеу үшін бұлтты жүйенің бағдарламалық жасақтамасын әзірлеу, жүйелік басқару дағдыларын көрсету.
- Зерттеулер кезінде статистикалық критерийлерді таңдау және қолдану; білім алушылардың оқу-жобалау қызметінің сапасын қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды, білім алушылардың оқу-жобалау қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдіснамалар мен әдістемелік ұсынымдарды қолдану, AR/VR жүйелерін жобалау кезінде алған білімдерін қолдану.
- Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясының негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын; ЖОО-да бейіндік пәндерді оқытудың заманауи тәсілдерін, әдістері мен технологияларын біледі; оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді; студенттерді оқытуға және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға ынталандырады; білім беру қызметінде цифрлық құралдар мен платформаларды пайдаланады.
- Кәсіби қызметте тілді меңгеру дағдысы мен іскерлігін дамыту, ғылыми мақалалар дайындау және еркін ауызша қарым-қатынас жасау үшін шет тілінде білім берудің коммуникативтік құзыреттілігін көрсету; ғылыми білімнің генезисі, философиялық мәні және дамуы, ғылымның дамуы мен заңдылықтарының ұйымдастырылуы.