Действующая образовательная программа

7M01701 Казахский язык и литература (профильное) в Болашак

  • Цель образовательной программы − филологиялық мәселелерді талдап шешудің тәжірибелік әдістерін меңгерту; – қазіргі еңбек нарығы талаптарының сұранысына ие жоғары білікті педагогикалық кадрлар даярлау; − оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын меңгерту; − арнайы және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру. - жалпы тіл мен әдебиеттану біліміндегі осы заманғы ғылыми концепциялар мен жетістіктер туралы құзыреттілікті қалыптастыру; - ұлттық әдебиеттің жалпы даму жолы мен көркемдік эстетикалық танымын қалыптастыру; - қазақ тілінің құрылымы мен теориялық мазмұнын терең меңгерту; - ағымдағы әдеби үдерістің жай-күйінен жаңа мәліметтер беру және қалыптастыру; - «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сөз өнері, әдеби шығарма, көркемдік категориялар жөнінде терең теориялық білім беру; - әлемдік әдебиеттің даму жолы мен бүгінгі жай – күйі туралы мәлімет беру;
  • Академическая степень Магистратура
  • Языки обучения Казахский
  • Название ВУЗа Академия «Bolashaq»
  • Срок обучения 1 год
  • Объем кредитов 60
  • Область образования 7M01 Педагогические науки

Дисциплины

Результаты обучения

  • Шет тілінде коммуникативті қарым-қатынас жасау арқылы тіл ерекшелігін дамытуға, танымына және есте сақтауына ықпал етеді. Тілдің түрлі функционалды стилдердегі мәтіндерді стилистикалық тұрғыдан талдай алады.
  • Менеджменттің қалыптасу кезеңдерін, басқарушылық шешім қабылдау мәселелерін, олардың функциялары мен қағидаларын қарастырады. Менеджменттік ұғымдарды үйренудің тәсілдері мен әдістерін және теориялық негіздерін үйретеді. Басқару психологиясы пәнінде психологиялық ақпараттарды қандай ауқымда болмасын дәл қолдана біледі және психолог ретінде тәрбиеші, мұғалім, ата-аналарды баланың психикалық даму шарттарымен және заңдылықтарымен танысады.
  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері, оның ішінде, қазақ тіл білімінің тарихи даму кезеңдерін қарастыра отырып, тіліміздің даму жолдарын, тарихи ескерткіштер тілін, олардың қазіргі қазақ тілімен байланысын білуге көмектеседі. Тілдің тарихи даму процесіндегі өзара алыс-жақындықтарына, тілдік заңдылықтарына қатысты тарихи мәліметтерді меңгереді.
  • Түркі тілдерін салыстырмалы зерттеу арқылы тілдердің фонетикасы мен сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы жөнінде мағлұмат береді, олардың тектестігін дәлелдейтін ұқсастықпен қатар өзгешеліктерін де көрсетеді. Түркі тілдері мен жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты қарастырып, ғылыми-теориялық тұрғыдан терең қаралуына мүмкіндік береді. Ғылыми көзқарастар мен тұжырымдамалардың негізінде түркі тілдерін зерттеу – сол халықтардың тарихымен тығыз байланыста жүргізілгендіктен, тілдерді салыстыра отырып, танып білуге үйретеді. Түркітану мәселелерінде үйренуге қажетті мәтіндер оқудың, жаттығулар орындаудың, аударма жасаудың практикалық дағдыларын қалыптастыра біледі.
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері курсы ұлттық сөз өнері кезеңдерін теориялық жағынан сипаттайды. Осы мақсатты орындау үшін әдебиеттану ғылымындағы ең басты екі тарауы әдебиет тарихы мен әдебиет теориясы қисындарының тұтаса қолданылу ерекшеліктерін жүйелеп таныту міндеті көзделеді. Әдебиет тарихын дәуірлеуге байланысты жазылған іргелі зерттеулердің теориялық-методологиялық ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері, олардың әдебиеттану ғылымын дамытудағы ықпалы туралы кең көлемді мәліметтер беріледі. Ұлттық әдебиет теориясының қалыптасу тарихы әлемдік деңгейдегі әдеби ізденістердің тәжірибесіне сүйене отырып, қазақ әдебиетінің теориясын соның негізінде талдап түсіндіреді. Ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихы заманауи үрдістегі жетістіктер мен іркілістер ғылыми талдау барысында жан-жақты кешенді түрде меңгереді. Көркем шығармашылықты талдаудың ғылыми принциптерін теориялық тұрғыда пайымдауды үйренеді. Әдебиеттің қоғамдық сана мен өнер түрі ретінде ерекшелігін аша білуге жаттығады.
  • Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері- көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым екенін түсіндіреді. Сөз өнерінің түп-төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді. Қазақ әдебиеті тарихындағы ақтаңдақтар шығармашылығын меңгереді. Сол арқылы ұлттық әдебиет тарихындағы өнерге деген қоғамдық көзқарасты және тоталитарлық тәртіп аясындағы түрлі жайттарды ашуға себепкер болған алғышарттармен танысады. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің негізгі даму бағыттарынан жан-жақты хабардар болып, сыни көзқарастарын қалыптастырады. Аталмыш кезең аясындағы ұлттық әдебиеттің әлемдік мәдениет пен өнер контекстіндегі орны, маңызы, даму бағыттары мен бағдарларының өзіндік сипаты, типологиялық ерекшеліктері жайлы кешенді мағлұмат алады.
  • ХХ-ХХІ ғасырлар межесіндегі қазақ әдебиеті қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады. Қос ғасыр аясындағы ұлттық құндылықтарды қаламгер, сана, шығармашылық еркіндік тұрғысынан пайымдауға тірек болатын алғышарттармен кешенді түрде танысады. Тәуелсіз жылдардағы қазақ романы әдебиеттің даму процесін бағамдап және әдеби-теориялық талдау жасауды үйретеді. Тәуелсіздік және ұлттық әдебиетке деген негізгі ұстанымды пайымдай білуге, негізгі сипаттарын дербестік тұрғысынан саралауға жан-жақты мүмкіндік алады. Қазіргі қазақ прозасындағы ағымдар мен бағыттардың сыр-сипатын тануға дағдыланады. Көркем өнердегі әдеби ағымдар, бағыттар әдебиеттің даму бағдарына алғышарттар жасайтындығы туралы пайымдауларға Тәуелсіздік биігінен ден қоя алады.
  • Қазақ лингвистикасындағы жаңа бағыттар психолингвистика, когнитивтік лингвистика, паралингвистика, этнолингвистика, прагмалингвистика туралы ой-тұжырым жасай алады. Теориялық мағлұматтар, деректер, ғалымдардың көзқарастарын ескеріп, бейвербал амалдардың тілдік қатынастың ажырамас құралы екендігін ажырата отырып, көркем шығармадан алынған деректермен дәлелдеуге бейімделеді. Қазақ этнолингвистикасының даму жолдары жайлы теориялық материалдармен танысады. Өзіндік ерекшелігі мен үрдісі айқындалып келе жатқан, дербес те перспективті ғылым саласы ретінде танылады. Қазақ этнолингвистикасының қалыптасу, даму жолдарының өзіндік ерекшеліктерін игереді. Қазақ тіліндегі синкретизм құбылысына қатысты материалдарды талдауға, тәжірибе жүзінде еркін пайдалануға және оны оқытуға іскерлік жағынан дағдыланады. Синкретизм құбылысы арқылы кең мағынада мәдени шығармашылық түрлерінің, өнердегі тек пен түр, жанрлардың ерекшеліктерін сипаттауға мүмкіндік береді.

Похожие ОП

7M01701 Казахский язык и литература (1 год)

Университет «Туран-Астана» (Туран-Астана)

7M01701 Казахский язык и литература

Шымкентский университет (ШУ)

7M01701 Казахский язык и литература

Международный Таразский инновационный институт имени Шерхана Муртазы (ТИГУ)

7M01701 Казахский язык и литература

Западно-Казахстанский университет имени Махамбета Утемисова (ЗКГУ им. М. Утемисова)

7M01701 Казахский язык и литература

Кызылординский университет "Болашак"

7M01701 Казахский язык и литература

Торайгыров университет

7M01701 Казахский язык и литература

Каспийский университет технологий и инжиниринга имени Шахмардана Есенова (Yessenov University)

7M01701 Казахский язык и литература

Университет имени Шакарима города Семей (ГУ им. Шакарима)

7M01701 Казахский язык и литература

Казахский национальный педагогический университет имени Абая (КазНПУ им. Абая)

7M01701 Казахский язык и литература

Кокшетауский университет имени Шокана Уалиханова (КУ им. Ш. Уалиханова)

7M01701 Казахский язык и литература

Актюбинский региональный университет имени Кудайбергена Жубанова (АРГУ им. Жубанова)

7M01701 Казахский язык и литература

Западно-Казахстанский инновационно-технологический университет (ЗКИТУ)

7M01701 Казахский язык и литература

Университет имени Сулеймана Демиреля

7M01701 Казахский язык и литература

Восточно-Казахстанский университет имени Сарсена Аманжолова (ВКУ им. Аманжолова)

7M01701 Казахский язык и литература

Атырауский университет имени Халела Досмухамедова (АтГУ им. Досмухамедова)

7M01701 Казахский язык и литература

Казахский национальный университет имени аль-Фараби (КазНУ им. аль-Фараби)

7M01701 Казахский язык и литература

Карагандинский университет имени академика Евнея Арстановича Букетова (КарУ им. Букетова)

7M01701 Казахский язык и литература

Казахский национальный женский педагогический университет (КазНЖПУ)

7M01701 Казахский язык и литература

Жетысуский университет имени Ильяса Жансугурова (ЖУ им. Жансугурова)

7M01701 Казахский язык и литература (н/п)

Центрально-Азиатский Инновационный Университет (ЦАИУ)

Top