Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04140 Менеджмент в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Менеджментке кіріспе
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- менеджмент ғылымына кіріспе жасалып, теориялық және практикалық негіздері, менеджменттегі байланыстырушы үдерістер мен коммуникация, менеджменттің жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау функциялары туралы түсініктерді қарастыру. Сонымен қатар, менеджмент ғылымының эволюциясы, ұйым туралы түсініктер мен оның түрлері, ұйымның ішкі және сыртқы орталарын талдау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету; тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері
    Несиелер: 3

    Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстарға сипаттама беруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар түрлерінің мазмұны мен түсінігін білуге, қоғамға қауіпті дәрежесін айыра білуге және оларды алдын алып, әшкерелеуде қолданылатын әдіс-тәсілдерді білікті пайдалануды оқып үйретеді. Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты рухани-этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономикадағы математика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттердің қазіргі заманғы математикалық талдау әдістері, экономикалық объектілер мен субъектілердің іс-әрекетін ғылыми болжау туралы білімін қалыптастыру. Сонымен бірге экономикалық параметрлердің сипаттамалары бойынша әр түрлі статистикалық және динамикалық, математикалық микро- және макроэкономикалық модельдерді талдау қабілетін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы түрік тілінің грамматикалық ережелерін сөйлеу мен жазуда қолдана алады. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Статистика
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты ықтималдылық негіздерін есте сақтау, статистикалық ықтималдылықтар, сипаттаушы статистика және әлеуметтік мәселелерді өлшеу, статистикалық сипаттау арқылы шешу жолдарын үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экономикалық теория
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты экономикалық субъектілердің мінез-құлық заңдылықтары және микро және макро деңгейлердегі экономикалық қызмет ету механизмі туралы студенттерге қазіргі заманғы экономикалық ұғымдар мен модельдердің теориялық дамуы туралы жалпы түсінік беру, студенттердің тауарлар мен ресурстардың нақты нарықтарындағы жағдайды, баға деңгейінің және ақша ұсынысының қозғалысын талдаудың практикалық дағдыларын меңгерту, микро және макроэкономикалық деңгейде проблемалық жағдайларды анықтау, қазіргі экономикалық ойдың қалыптасуы мен эволюциясын қарастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Маркетингке кіріспе
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - маркетингтік қызметтің жалпы теориясын, мақсатын, принциптерін, функцияларын, қолдану аясын, объектілерді, маркетинг құралдары мен әдістерін жіктеу, маркетингтік ортаны және оны талдауды, маркетингтік зерттеуді ұйымдастыру, маркетингтік коммуникация, маркетингтік қызметтерді ұйымдастыру бойынша қабілетін қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби шет тілі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - маманның кәсіби құзыреттілік деңгейін жоғарылату үшін болашақ мамандардың кәсіби қызметінің әртүрлі аспектілерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби шет тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби түрік тілі
    Несиелер: 3

    Пәнінің мақсаты білім алушыларға кәсіби түрік тілінің лексикалық және грамматикалық компоненттері туралы білімдерін құру, алған білімдерін ауызша және жазбаша пайдалану. Өз саласы бойынша практикада алған түрік тіліндегі білімдерін болашақ мамандықтарында қолдана білу, яғни кәсіби біліктілігін қалыптастыру болып табылады. Кәсіби арнайы пәндерді түрік тілінде оқып білу – бұл еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман даярлаудың басты құралы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бизнеске бағытталған түрік тілі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты- бизнеске бағытталған түрік тілі пәні түрік тілінде кәсіби сөз жасамының негізгі жолдарын, көп мағыналы сөздердің мәтіндік мағынасын, сөз тіркестері мен түрлі қарым-қатынас жағдаяттарын, сөздік орамдардың қолданылу ерекшеліктерін үйретуга арналған. Сонымен қатар студенттерде бизнес-түрік тілінің лексикалық және грамматикалық компоненттері туралы білімдерін құру, алған білімдерін ауызша және жазбаша пайдалану. Өз саласы бойынша практикада алған түрік тіліндегі білімдерін болашақ мамандықтарында қолдана білу, яғни кәсіби біліктілігін қалыптастыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты бухгалтерлік есеп курсына қатысты негізгі ұғымдар түсіндіру, бухгалтерлік баланс және табыс туралы есеп тұжырым-дамасын ұйымдастыру, шоттардың операциялық мерзімі және шоттарың атауы, дайын өнім және бағалы қағаздар, дебиторлық қарыздар мен қорлар шоттарын талдау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби-бағытталған шет тілі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты- - түлектердің тілдік құзіреттілігін практикалық қалыптастыру, яғни. кәсіби қызметтің әртүрлі салаларында, ғылыми және практикалық жұмыста, шетелдік әріптестермен қарым-қатынаста, өзін-өзі тәрбиелеу және басқа мақсаттар үшін шет тілін қолдануға мүмкіндік беретін білім мен дағдылардың деңгейін қамтамасыз ету. Курс практикалық мақсатпен қатар, олардың жалпы мәдениеті мен білімін арттыруға, ойлау мәдениеті мен күнделікті және кәсіптік қарым-қатынас жасауға, толеранттылық пен басқа елдер халықтарының рухани құндылықтарын құрметтеуге ықпал ететін білім беру және тәрбие мақсаттарын жүзеге асырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сыни және жүйелі ойлау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - дүниетанымдық ұғымдар мен категориялар арқылы адам өз өмірін қайта құруға талпынып, жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізіп, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал ету, дәйекті, әрі дұрыс ойлау арқылы өзіне және қоғамда болып жатқан процестер мен өзгерістерге аналитикалық ойлау тұрғысынан логикалық сараптама жасау. Сыни ойлау қабілеттерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі, түркі халқының әлем халықтар ортасында орны, олардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі және қазақ мемлекетінің келешегі жөніндегі көкейтесті мәселелерді қарастырaды. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Ғылымдағы лидерлік туралы әдебиеттерді шығармашылық тұрғыдан талдайды, қоғамда өмір сүрген көшбасшылардың өмір деректері мен көзқарастарын талдайды. Кәсіптік қызметінде азаматтық, төзімділік секілді ұстанымдар негізінде оң бағыттағы коммуникативті дағдыларды, лидер мен қызметкер арасындағы қатынасты, субординацияны сақтау мәдениетін қалыптастырады. Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ататүрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Империяның құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері пәннің мазмұнын құрайды. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады. Пән ұлы сопы-ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын зерделеуге, оның дүниетанымы мен хикметтерді түсіндіруді жүйелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Микроэкономика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономикалық білімнің бүкіл жүйесі мен ғылыми экономикалық дүниетанымның негізін қалайтын іргелі экономикалық ғылыммен таныстыру; микро құбылыстар мен процестерді зерттеу әдістемесі мен құралдарын игеру; микро деңгейдегі экономикалық процестердің дамуын, нарықтардың жұмыс істеуін, шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау мүмкіндігін алу; бакалаврдың кәсіби қызметінде «Менеджмент» бағыты бойынша қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Басқару және ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- жүйені қалыптастырудың негізгі бағыттарын қамтиды, яғни ұйымның ықпалды топтарын талдау және ұйымдық қақтығыстарды болдырмау, корпорацияны дұшпандардан құтқарудан қорғауды қамтамасыз етуді анықтай білуге үйрету; ұйымдастыру стратегиясын әзірлеу, ұйымдық құрылымдардың түрлерін қалыптастыру, олардың негізгі параметрлері және оларды жобалау принциптерін жинақтау, басқару шешімдерінің түрлері және оларды қабылдау әдістері, ішкі бақылаудың негізгі түрлері мен рәсімдері, ірі компаниядағы тұлғааралық, топтық және ұйымдық коммуникациялардың түрлері мен ерекшеліктерін меңгерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мотивациялық менеджмент
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- ұйымдағы ынталандыру жағдайлары талдауға, бұның негізінде ынталандыру механизмдері мен практикада қолданылып жүрген басқару қызметкерлерін ынталандыру модельдерін жетілдіру жолдарын көрсетіп беруге, сонымен қатар ұйымның тиімді қызметтін қамтамасыз ету үшін менеджменттегі мотивация негіздері бойынша білімін қалыптастыру, еңбекті ынталандыру жəне мотивтендіру бойынша шараларды жасау жəне жүзеге асыру механизмдерін ұсыну жолдарын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Шешім қабылдау критерийлері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі шешім қабылдау технологияларын түсінуге қажетті белгілі дағылар мен жүйелі ойлауды қалыптастыру болып табылады. Сонымен бірге, ұйымдарда кәсіби тұрғыдан шешім қабылдауды жүзеге асыру үшін жинақталған білімдерді қолдану; шешім қабылдау барысында мәселені дұрыс қоя білуді және табысты шешім қабылдауды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бизнестің қоршаған ортасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - ұйымның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін басқарудың өзекті мәселелерін шешуге қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыру, бизнестің қоршаған ортасы, оның элементтері мен деңгейлерін талдауға, ұйымның клиенттік ортаға әсер ету жолдары мен технологияларын, бәсекелестік стратегияны саналы түрде таңдауға, ұйымның сыртқы және ішкі байланыс аудиторияларымен қарым-қатынасын құруға, халықаралық нарықта ұйымдардың жұмыс істеу ерекшеліктерін үйретуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Менеджмент
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттерді кәсіпорынды ұйымдастырудың және басқарудың негізгі қағидалары мен әдістерін, қазіргі заманғы жағдайдағы кәсіпорынды басқару теориясы мен практикасының негіздерін, басқару саласындағы шешім қабылдау процестерін, қалыптасқан кезден бастап салалық бәсекелестік жағдайында жұмыстың заманауи әдістері мен әдістерімен таныстыру, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жаңа білімдер мен дағдылармен қаруланған білікті мамандар даярлау болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әлеуметтік саладағы менеджмент
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - әлеуметтік менеджменттің мазмұны мен түрлері туралы жүйелік идеяларды қалыптастыру, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді зерттеудің негізі ретінде әлеуметтік менеджмент туралы білім беру, студенттерге кәсіби қызметті сауатты жүргізуге мүмкіндік беретін білімді игеруге көмектесу, әр түрлі әдіснамалық сипаттама беретін әлеуметтік менеджменттің негізгі тәсілдері мен тұжырымдамаларын түсіну. және оны әр түрлі басқару жүйелерінде қолдану дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өндірісті басқару
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - өндірістік жүйелерді ұйымдастыру, жоспарлау және бақылауды түсіндіру, студенттерді кәсіпорынның өндірістік (жедел) стратегиясын қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздерімен таныстыру, қызмет көрсету саласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен кәсіпорындардың сипаттамаларын білуге негізделген өндіріс саласындағы басқарушылық дүниетанымды қалыптастыру, өндірісті басқару саласындағы басқарушылық мәдениетін дағдыларға тәрбиелеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Маркетингті басқару
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- маркетинг жүйесін басқару қағидалары, ұйым құрылымында маркетинг жүйесін жобалау әдістерін түсіндіру, маркетингті басқару үрдісі, басқару технологиясы бойынша білімдерін қалыптастыру, маркетингтік ақпараттарды алу жүйесі және нарықтық ортаны талдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қаржылық менеджмент
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- –нарықта мақсатты қызмет етуі үшін стратегиялық және тактикалық бағытта жетістіктерге жету үшін компанияның қаржылық басқарудың маңыздылығын түсіндіру, қаржылық басқару бойынша білімдерін жинақтау, кәсіпорын капиталын қалыптастыру және максималды түрде тиімді пайдалануды басқару жолдарын ұсыну дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бизнесті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың заманауи бизнесті ұйымдастырудағы құзіреттілігін теориялық және практикалық материалдар негізінде қалыптастыру, заманауи ғылым ретінде бизнесті ұйымдастырудың принциптері, әдістері мен әдістерін, сыртқы орта жағдайындағы заманауи ұйымның мәнін, нақты айқындалған мақсаттар қою, кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайларды анықтау мүмкіндігін көрсету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Маркетинг негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - маркетингтің негізгі ұғымдары, маркетингтің микро және макро ортасы, мақсатты нарықты сегменттеу принциптерін көрсетіп беру, сонымен қатар маркетингте тауар, баға саясаты, жылжыту және тарату арналары, қызмет көрсету, коммерциялық емес ұйымдар маркетингі туралы білімдерді жинақтау, жалпы маркетингтік қызметті ұйымдастыруды тәжірибеде қолдануға үйретуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тәуекелдерді басқару
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- басқару шешімдерін қабылдау және іске асыру процесін және оны іске асыру нәтижесінде туындаған қолайсыз нәтиже ықтималдығын азайтуға және ықтимал жобалық шығындарды барынша азайту жолдарын түсіндіру, нәтижесінде тәуекелді басқару бойынша білімдерін жинақтау және тәжірибеде қолдануға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жобалық менеджмент
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға жобаны басқарудың нақты жағдайларында өз бетінше әрекет ету дағдыларын, сыртқы ортаны және кәсіпорынның ерекшеліктерін (күшті және әлсіз жақтарын) талдауға негізделген пайда болатын мүмкіндіктерді анықтауда және кәсіпорынға қауіп-қатерді бағалауда теориялық білім мен практикалық дағдыларды игерту, нақты өндірістік және экономикалық жағдайларды шешу, ұтымды басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық ойлауды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Инновациялық және креативті менеджмент
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты студенттерді инновациялық менеджменттің теориялық негіздері және инновацияларды экономикалық бағалау әдістері туралы білімдердің жиынтығы, сонымен қатар инновациялық іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған экономикалық ойлауды дамыту, сонымен қатар студенттерді шығармашылық ұжымдарды басқарудың заманауи қолданбалы әдістерімен, дамыту әдістерін игерту, қызметкерлердің жеке шығармашылық қабілеттерін пайдалану, мамандарды кәсіби пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сапа менеджменті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - сапа менеджменті түсінігі және оның дамуы, жаппай сапа менеджменті (TQM) және оны енгізудің модульдік жүйесі, TQM жүйесі ерекшеліктері мен принциптерін түсіндіру , ИСО 9000 сериялы халықаралық сапа жүйесінің стандарттары және кәсіпорынның сапа жүйесін сертификаттауға дайындау мен енгізу процедуралары бойынша дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тайм-менеджмент
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - басқару және ұйымдастыру кезінде уақыт шығынын азайту мен үнемдеуге байланысты әдіс және тәсілдер, уақытты тиімді ұйымдастырудың негізгі заңдылықтарын көрсетіп беру, қазіргі таңдағы уақытты басқару әдістері мен ұстанымдары, уақытты басқаруды ұйымдастыру, уақытты басқарудың жоспарын жасау сатылары, уақытты басқарудың күнтізбелік жоспарын жасауға әрекет етеді. Сонымен қатар заманауи сипаттағы кәсіби-менеджер дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Халықаралық менеджмент
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы интернационалдандыру заңдылықтарын және халықаралық бәсекелестікті, жеке фирмалар мен корпорациялар деңгейінде халықаралық бизнесті стратегиялық басқарудың процестері мен құрылымын анықтау, әртүрлі елдердегі бизнес мүмкіндіктеріне байланысты фирманың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру жолдарын түсіндіру, халықаралық нарықта жұмыс істеудің жолдарын көрсету болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ұйым теориясы және мінез-құлқы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- ұйым мәні, ұйым теориясы әдістері, қағидалары, ұйымды құру жолдары, ұйым жіктемесі, басқарушылық мәселелерді шешу үшін ынталандыру, көшбасшылық және биліктің негізгі теорияларын қайталау, топтық қарым қатынастарды және команда құру қағидаттары, топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдарын анықтау, жанжалды жағдайларды шешудің әр түрлі әдістері, адам ресурстары аудитін жүргізу және ұйымдық мәдениетті қалыптастыру бойынша дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Үлкен деректер және блокчейн
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - студенттердің басқару ғылымы саласындағы практикалық дағдыларын дамыту, кейіннен кәсіби салада қолдана отырып, математиканы қолдану арқылы бақылау есептерін шешу қабілеттерін қалыптастыру. Әлеуметтік-экономикалық процестердегі тұрақты, қайталанатын қатынастарды, олардың құрылымдық сипаттамаларын, экономикалық қатынастардың қызмет ету заңдылықтары мен даму тенденцияларын анықтаумен байланысты методологиялық және теориялық мәселелерді тереңдету, осы негізде әлеуметтік-экономикалық өмірдің қалыптасқан факторлары мен құбылыстарына түсінік беру

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Басқару шешімдерін қабылдау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- басқару шешімдерін жасау технологиясының теориялық және әдіснамалық негіздері бойынша фундаментальды ғылыми білімді қалыптастыру, басқару шешімдер және жауапкершілік ұғымдарын дамыту. Бұл ұғымдар негізінде әлеуметтік жүйедегі шешімнің мәні мен мазмұнын және сапалы, тиімді және оңтайлы шешімдер қабылдаудың әдістерін ұсыну болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Стратегиялық адам ресурстарын басқару
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - адами ресурстарды басқарудың стратегиялық құралдарын қолдану бойынша қажетті білім мен дағдыларды игеру негізінде білім алушылардың стратегиялық ойлауының сапасын арттыру. Курста білім алушылар ұйымның ұзақ мерзімді табысқа жету мен өркендеуі туралы стратегиялық ойлауға, стратегиялық шешімдер қабылдауға және адами ресурстардан жоғары табыстар мен оларды басқаруға мүмкіндік беретін мақсатты басқару әрекеттерін орындауға үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Басқару және лидерліктің жаңа бағыттары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты -басқарудың жаңаша бағыттары, басқарушлықтың әртүрлі стильдері, лидер басшы тәртібінің типтері, мотивацияның ғылыми негіздері, соның ішінде Маслоу және Герцберг теорияларын ашып көрсетіп беру, тиімді басшы ретінде жұмыс атқаруына мүмкіндік беретін басқару дағдыларын жинақтау, мақсат қою, жұмысты жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жалпы сапа менеджменті принциптері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - кәсіпкерлік қызмет процесінде сапа саласындағы ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерді қабылдаудың бастапқы дағдыларын қалыптастыру, сапа менеджментінің сегіз принципі ИСО 9000 топшасына енетін сапа менеджменті жүйелеріне арналған стандарттарды тәжірибеде қолдана алу қабілеттерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Үдерістерді өлшеу және бағалау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - үдерістерді ендірудің алғашқы этаптары ретінде ұйымдағы сапа менеджменті жүйесінің өлшеу және бағалау негіздерін түсіндіру, ИСО 9001-2009 сапа менеджментінің жүйесі бойынша ұйым үшін сапа менеджментін өлшеу және мониторинг жүргізудің тиімді әдісі ретінде білімдерін жинақтау, аталған әдіс арқылы жоспарланған нәтижелерге жету жолдарын және жоспарланған нәтижелерге жетпеген жағдайда оларды түзетуші және түзету әрекеттері жүзеге асыру жолдарын түсіндіру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бизнеске арналған статистикалық талдау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты -кәсіпорынның қызметін басқару процесінде статистикалық талдаудың рөлін көрсету, нарыққа бағдарланған кәсіпорынның даму стратегиясын әзірлеу үшін статистикалық талдау аспектілерін, талдау ақпаратын алу және талдау процесін зерделеуге бойынша құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қолданбалы бизнес және қоғам
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қоғаммен іскерлік ынтымақтастық институтын ұйымдастыру және оның қызметі туралы негізгі білімді қалыптастыру, қоғам мен кәсіпкерлік құрылымдар арасындағы серіктестік саласындағы жүйелі теориялық білімін қамтамасыз ету, қазіргі жағдайда қоғам мен бизнес жүйесін ұйымдастыру мен жұмыс істеу негіздерін түсіндіру, қоғамның серіктестік жүйесін құру мәселелерін қарастыру, қоғамның және бизнестің елдің қазіргі дамуындағы рөлін анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Басқарудағы электронды коммерция
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - электрондық ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктердің әлемдік экономика жүйесіне әсерінен электрондық комерцияның дамуының мағыздылығын түсіндіру, электрондық коммерция қағидаларын қолдану арқылы бизнесті ұйымдастыру мәселелерін шешу жолдарын көрсету, электрондық коммерцияны тәжірибеде қолдануғаүйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Басқару технологиялары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - басқару технологиясының түсінігін, ұйымдарды басқару технологиясы туралы түсіндіру, әлеуметтік нысандарды басқару технологиясын құрастыру, персоналды басқару технологиясы бойынша дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Маркетингтік стратегиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - бизнес-стратегия аясында маркетингтік стратегияны құру, кәсіпорынды басқару процесінде стратегиялық маркетингтің рөлін анықтау, маркетингтің аналитикалық аспектілерімен танысу, нарыққа бағытталған кәсіпорын үшін стратегияны құру, маркетингтік ақпарат алу және талдау процесін зерттеу үшін терең теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бизнес консалтингті басқару
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты бизнес негіздері мен олардың өзара қарым-қатынасын зерттеп, бизнестегі консалтинг қызметін тиімді ұйымдастыруды басшылыққа алып, корпоративті басқарудағы әлеуметтік жауапкершілік пен бизнестегі әлеуметтік серіктестікті және бизнесте экономикалық-әлеуметтік тиімді жобаларды басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Коммуникация және лидерлік
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- тұлға арасындағы коммуникация, шағын топтардағы коммуникация, қауымдық коммуникациямен қарым-қатынас жасай білуі, көшбасшылық тәсілдерін қолдануды түсіндіру, басқару іс-әрекетінің негізгі функциялары коммуникация және лидерлікті қолдану дағдыларын жинақтау, ұйымдардардағы коммуникация және лидерлік түрлері, формалары, ерекшеліктерін үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Басқару практикасын зерттеу әдістері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми түсінігін меңгерту және оны әдістемелік қолдау, ұйымдастыру және жүргізу бойынша практикалық ұсыныстарды жинақтау, басқарушылық шешімдерді қабылдаудың бастапқы дағдыларын қалыптастыру, басқарушылық зерттеу әдістерін тәжірибеде қолдана алу қабілеттерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    -барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қолдану; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады.

  • Код ON2

    -жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; - мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады.

  • Код ON3

    - қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады.

  • Код ON4

    - кәсіби қызметі саласындағы базалық кәсіби білімдерін, негізгі тәсілдері мен әдістерін пайдалану қабілетіне ие, ғылыми зерттеулер жүргізе біледі және дағдыларын тәжірибеде тексереді; - кәсіби білімін және дағдыларын арнайы шеңберлі мамандықта, ғылыми және техникалық қызметінде халықаралық серіктестік шеңберінде қолданады.

  • Код ON5

    - кәсіби қызметі барысында ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылайды, тексереді; - әртүрлі ғылыми ойлар мен теорияларды кәсіби тұрғыда талдайды, бағалайды және салыстыра алады, өзінің көзқарасын идеялар мен тәжірибе негізінде жоғары деңгейде дәйектейді, ғылымда өзіндік дербестік танытады.

  • Код ON6

    - сыртқы ортаның ұйым қызметіне әсерін бағалайды, нарықтық тәуекелдерді анықтау және талдау, тұтынушылардың, нарықтық құрылымдардың және саланың бәсекелестік ортасының іс-әрекетін талдау жасай біледі; - ұйымды басқару міндеттеріне сәйкес экономикалық, қаржылық және ұйымдастырушылық-басқарушылық модельдерді құруға әрекет етеді; - технологиялық, өнімдік инновацияларды немесе ұйымдық өзгерістерді жүзеге асыру барысында ұйымың өндірістік қызметін басқару дағдыларын қалыптастырады.

  • Код ON7

    - қоршаған ортаға зерттеулерді жобалайды және жүргізеді, алынған нәтижелерді кәсіби тұрғыдан қарастырады, статистикалық сараптаудан өткізеді, есептілік ережелерін біледі; - бизнес орта саласындағы іс-әрекеттерді диагностикалауды, талдау және жинақтау негізінде кешенді мониторингті дәлдікпен дербес жүзеге асырады.

  • Код ON8

    - заманауи басқару әдістемесін және технологиясын талқылайды; - нәтижеге сәтті жету үшін іс-әрекеттерді дәлдікпен орындайды, дағдыларын үйлестіреді; - басқару іс-әрекетін ұйымдастыруда жауапкершілікті өзіне жүктейді.

  • Код ON9

    - ұйымның даму принциптері мен заңдылықтарын, ұйымдағы қызметкерлердің өзара әрекеттесу тұжырымдамасын түсіндіреді, оның ішінде мотивация, коммуникация, топты құру, көшбасшылық және жанжалдарды басқару сұрақтарын шешеді; -жеке бизнес үрдістердің және басқару шешімдерінің тиімділігін бағалауға әрекет етеді; - кәсіпорынның қызмет ету саласындағы ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерді қабылдау және орындау дағдыларын қалыптастырады.

  • Код ON10

    - басқару іс-әрекеттерінің, тәртіп үлгілерінің қалыптастырылғанын талдау және бағалау бойынша білімінің өзара байланысын көрсетеді, тексереді; - ақпаратты өңдеу әдістерін дәлдікпен дұрыс жүзеге асырады, дағдыларын үйлестіреді; - кәсіби сынақ барысында өзінің әрекеттеріне деген жауапкершілікті өзіне жүктейді.

  • Код ON11

    -ұйымның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйым стратегиясын құру және іске асыруда стратегиялық талдау жасау жолдарын түсіндіреді және дағдыларын қалыптастырады; -активтерді бағалау, ұйым капиталын басқару, инвестициялық шешімдер, капитал құрылымын қалыптастыру, оның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік нарықтардағы операцияларға қатысты шешімдер қабылдау кезінде қаржылық басқарудың негізгі әдістерін қолданады.

Top