Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B01901 Дефектология в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жаһандық мәселелерге бей-жай қарай алмайтын, еріктілік және инновациялық қызметке дайын, құқықтық және іскерлік мәселер тұрғысынан білімді, ұлттық рухта тәрбиеленген көшбасшы-қыз
  • Инклюзивтік жағдайында білім алушылардың жас кезеңдері ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған жүйедегі педагогикалық процессті жүзеге асыра алатын негізі білім мен дағдыларды меңгерген
  • Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде, таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген
  • Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша педагогикалық үдерісті ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгерген
  • Ой-өрісі кең және ойлау мәдениеті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін базалық білімді меңгере алады
  • тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіптік) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда байланысқа түседі
  • қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды жұмыс, бос уақыт және коммуникация үшін сенімді және сыни тұрғыда қолдана алады
  • ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен медициналық-психологиялық-әлеуметтік-педагогикалық жұмысты модельдеудің, болжаудың, диагностикалаудың теориялық негіздері мен технологияларын меңгереді
  • кәсіби қызметті арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы ҚР нормативтік-құқықтық құжаттарына сәйкес жүзеге асырады
  • жаңартылған мазмұнды ескере отырып, білім алушылардың психофизикалық, жас ерекшеліктері мен жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру-түзету, тәрбие процесін жобалайды
  • білім берудің барлық сатыларындағы оқытудың ықпалдастығы мен сабақтастығын ескере отырып, арнайы және инклюзивті білім беру саласында педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады
  • ерекше білім беруге қажеттіліктері бар баланың жалпы және ерекше заңдылықтары мен даму ерекшеліктеріне сәйкес келетін АКТ, инновациялық технологиялар негізінде оқу-түзету, логопедтік қызметті ұйымдастырады.
Top