7M01901 Дефектология (1.5) в QYZPU
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы өзекті әдістемедік және практикалық мәселелерді шешуге дайын мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 1,5 года
-
Кредиттер көлемі 90
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M021 Арнайы педагогика
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M019 Арнайы педагогика
Пәндер
-
Шетел тілі (кәсіби)
Меңгерілген тілдік білім мен сөйлеу біліктерін жүйелеу. Шет тілінде ауызша қарым-қатынас формаларының дағдыларын жетілдіру, баяндамалар мен хабарламалармен таныстыру, кәсіби қарым-қатынасты жүзеге асыру. Жазбаша дағдыларды жетілдіру. Қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби саладағы коммуникативтік міндеттерді шешуді жетілдіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Түзете-дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Пән студенттерге арнайы (ППТК, оңалту орталығы, арнайы мектепке дейінгі және мектеп ұйымдары) және инклюзивті білім беру жағдайында, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ерекшеліктерімен балаларды түзете дамытып оқыту негіздерімен танысуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Терапевтік технологиялардың ғылыми-практикалық негіздері
Пән барысында, суденттер жоғары оқу орны жанындағы психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті базасында (арт-технологиялар, АКТ технологиялары және т.б.) ОЕҚ бар балалармен терапевтік технологияларды практикалық қолдануды үйренеді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Басқару психологиясы
Басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Басқарудың психологиялықтеорияларының дамуы. Басқару психологиясының жалпы теориялық мәселелері. Басқарушылық ісәрекетті талдау. Менеджердің тұлғалық ерекшеліктері. Басқару міндеттерінің психологиялық ерекшеліктері. Меншік психологиясы. Басқарушының кәсіби іс-әрекеті. Басқару субъектісінің қызметтері. Басқарушылық қарым-қатынас психологиясы. Қызметкерлердің психологиялық сипаттамалары. Қызметкерлерді ынталандыру психологиясы. Ұйымның адам ресурстарын басқару технологиясы. Ұйымның кадрлық саясатын психологиялық қолдау. Ұйымдағы дау-дамалар психологиясы. Тұлғаның кәсіби деформациясының алдын алу технологиялары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
ОЕҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды нормативті-құқықтық қамтамасыз ету
Арнайы білім берудің халықаралық нормативтік-құқықтық актілері және ОЕҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы білімдерін көрсетеді; ҚР заңнамалық-құқықтық актілерін талдай алады және қолдана алады; ҚР инклюзивті білім беруді дамытуға тұжырымдамалық тәсілдер мен нормативтік-құқықтық актілерді қолдану дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Критериалды бағалаудың және бақылаудың заманауи технологиялары
Пән ОЕҚ бар балалардың жетістіктерін бағалаудың практикалық дағдыларын қалыптастырады. Пәнді оқу барысында студенттер арнайы ұйымда критериалды бағалаудың заманауи технологияларымен танысады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
ОЕҚ бар тұлғаларға инклюзивті білім берудің этикалық нормалары мен принциптері
Пәнді оқу барысында студенттер инклюзивті білім беру принциптерін, инклюзивті білім берудің гуманистік идеяларын, толеранттылық идеяларын және ОЕҚ бар балалармен жұмыс этикасын түсінеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
Пәнді оқу барысында студент арнайы білім беруде қолданылатын жаңа АКТ-мен танысады және тәжірибеде әртүрлі АКТ-мен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді, АКТ-ны өз бетімен қолдана алады ("Дельфа" тренажері және т. б.)
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Арнайы білім берудің әлеуметтік-коммуникативті технологиялары
Пәнді оқу барысында студенттер арнайы педагогтың әлеуметтік-коммуникативтік жұмысындағы дәстүрлі және қазіргі заманғы технологиялармен таныса алады, ЖОО жанындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне барады, ӘТБ кабинетінде, сенсорлық бөлмеде, монтессори - терапия кабинетінде жұмыс істеу дағдысына ие болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім берудегі мониторинг
Пән білім берудегі мониторинг саласындағы негізгі ұғымдар мен терминдер туралы білімді қалыптастырады; арнайы және инклюзивті білім беру саласында мониторингтік зерттеулерді жүргізу ерекшелігін түсінеді; студент арнайы және инклюзивті білім беру саласында мониторинг саласында әртүрлі әдістер мен тәсілдерді, технологиялар мен тәсілдерді қолдана алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Менеджмент
Курс менеджменттің мазмұнын ашып, қазіргі заманғы басқарудың негізгі принциптері мен әдістерін, сондай ақ ұйымның өмір сүруін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі рөлін, басқарушылық қызметтің әртүрлі түрлерін жүзеге асырудың нақты дағдыларын, басқару жүйелерін және жобалық талдауды қалыптастырады, сондай-ақ басқарудың даму тарихын қарастырады. болашақ менеджерлердің кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға қызмет етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Арнайы педагогиканың теориялық-әдіснамалық мәселелері
Пәнді оқу барысында студент ҚР-да арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың мемлекеттік саясатымен танысуға, тұлғаның білім беру саласындағы әртүрлі ғылыми теориялар мен идеяларды сын тұрғысынан талдауға, бағалауға және салыстыруға қабілетті болады; түзету-педагогикалық оқытуды инновациялық дамытуды жобалау технологиясын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
ОЕҚ бар балалардың андрагогикасы
Пәнді оқу барысында студент ОЕҚ бар ересек адамдардың әлеуметтік-психологиялық мәселелері бойынша түсініктері мен білімдерін көрсете алады; ОЕҚ бар ересек адамдарды оңалтудағы әлеуметтік-психологиялық білімдерді талдай және синтездей алады; ОЕҚ бар тұлғаларды оңалту, әлеуметтендіру және кәсіптік өсу әдістері мен технологияларын пайдалану дағдыларын меңгереді, жоғары оқу орны жанындағы студенттерге арналған ресурстық-консультативтік кабинеттің жұмысымен таныса алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ғылымның және арнайы және инклюзивті білім берудің заманауи мәселелері
Пән Қазақстандағы және шетелдердегі арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер саласындағы проблемалар мен қазіргі заманғы үрдістер туралы түсініктерді, ғылыми зерттеулер нәтижелерін сыни талдау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім берудің ғылыми-әдіснамалық негіздері
Пәнді оқу аясында студенттер инклюзивті білім беру әдістемесімен, ҚР және шет елдерде инклюзивті білім берудің теориясы мен тәжірибесін түсінудің заманауи тәсілдерімен таныса алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ОЕҚ бар балаларға білім берудегі пәнаралық қызмет
Психологиялық-педагогикалық құбылыстарды тану әдістемесінің деңгейлерінің сипаттамасын біледі және түсінеді; материалистік диалектиканың негізгі заңдарының, категориялары мен қағидаттарының әдіснамалық мәнін анализдей және синтездей алады; психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі жалпы ғылыми және нақты-ғылыми әдіснаманың принциптерін есепке алу және іске асыру дағдыларын меңгерген.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ЖОО-да арнайы педагогтардың коммуникативті құзыреттілігін жобалау
Пән барысында студенттер арнайы педагог ретінде кәсіби дағдыларды меңгереді. ЖОО-да оқыту дағдыларын меңгереді, ЖОО оқытушысы ретінде еңбек, әдістемелік, ғылыми, оқу қызметін жүзеге асыруды үйренеді
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Арнайы педагогика және психологиядағы ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негіздері және технологиялары
Ғылым әдіснамасының негізгі ұғымдарын, танымның диалектикалық әдісін және ғылыми зерттеу әдістерін біледі және түсінеді; педагогикалық шындық фактілерін, құбылыстарын зерделеудің әртүрлі тәсілдерін талдай және түсіндіре алады; арнайы педагогикада қазіргі заманғы психологиялық теориялар мен тұжырымдамаларды және арнайы педагогика мен психологияда заманауи педагогикалық және психологиялық теориялар мен концепцияларды қолдану дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру үдерісін жобалау
Пән тұлғаның әрі қарай кәсіби дамуын жоспарлау мен болжау бойынша оның тұлғалық және кәсіби өсуіне дайындығын қалыптастырады; түзету-педагогикалық жүйелерді жобалау технологиясын қолдану қабілетін; Кәсіби пәндерді оқыту дағдыларын қалыптастырады. Студент инклюзивтік білім беру үдерісін жобалау аясында әртүрлі әдістер мен тәсілдерді, технологияларды қолдана алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
ОЕҚ балаларды жалпы білім беру үдерісіне интеграциялау
Пән ОЕҚ бар тұлғалардың білім беру саласында пәнаралық қызметті жүзеге асыру қажеттілігін білімі мен түсінуігін қалыптастырады, студент түрлі мамандармен және ата-аналармен өзара әрекеттесу кезінде ғылыми еңбекті ұйымдастыруды меңгереді, ОЕҚ бар балалармен жұмыс істеу кезінде "командалық бағалауды" жүзеге асыру дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Қазіргі заманғы ғылым философиясының өзекті мәселелерінде бағдарлау және сөйлеу коммуникациясының кәсіби негіздерін (тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу) іскерлік хат алмасумен жұмыс істеу дағдысын (хат, электрондық пошта және т.б.) анықтайды
- педагогика және психология ғылымын дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, оқыту әдістерін басқару және меңгеру үрдістерін, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұнын ұсынады
- тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияны іске асырады;
- сандық зерттеу дағдыларын меңгереді;
- жаңартылған арнайы білім беру жүйесі жағдайында оқу-тәрбие, әдістемелік, зерттеу, әлеуметтік коммуникативтік үдерісті жүзеге асыру дағдыларын көрсетеді;
- ОЕҚ бар балаларға білім беруде оқу-әдістемелік құжаттарды талдап, критериалды бағалау техникасын меңгереді;
- Білім берудің барлық сатыларын оқытудың ықпалдастығы мен сабақтастығын ескере отырып, арнайы және инклюзивті білім беру саласында педагогикалық және әдістемелік жұмыстарын жүзеге асырады;
- Инновациялық технологиялар, АКТ негізінде жалпы және ерекше заңдылықтарға және ОЕҚ бар баланың даму ерекшеліктеріне сәйкес оқу - педагогикалық, түзету, әдістемелік қызметті ұйымдастырады.
Ұқсас БББ
7M01901 Дефектология
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
7M01901 Дефектология (1)
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
7M01901 Дефектология
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
7M01901 Дефектология
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)