6B01202 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мектепке дейінгі мекемелерде оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асыратын, бала тәрбиесінде отбасына педагогикалық-психологиялық қолдау көрсететін, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу саласында ұйымдастырылған іс-әрекеттердің мазмұны, әдістері мен құралдары және нәтижелері туралы ақпараттарды өңдеу мен қолдана алатын түлектерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Пәндер
-
Мектепке дейінгі педагог мамандығына кіріспе
Пән мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына қатысты құндылықты кәсіби ұстанымдарды қалыптастырады және болашақ педагог тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттерін тәрбиелейді. Курс білімгерлерді мектепке дейінгі ұйым педагогының кәсіби қызметінің мәні мен ерекшелігі туралы бастапқы білімдіқалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы мамандықтың әлеуметтік маңыздылығын ұғынуда теориялық педагогикалық білімді қолдану дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түрік тілі (B2)
Бұл курс академиялық B2 деңгейіндегі түрік тілінің негізгі стандартын үйренуге арналған. Курс техникалық (мамандандырылған) тақырыптарды қоса алғанда, түрік тіліндегі нақты және дерексіз тақырыптар бойынша күрделі мәтіндерді ұсынады. Курстың мақсаты-академиялық тілді жетілдіру. Пәнді оқу нәтижесінде студент әртүрлі тақырыптар бойынша түсінікті, егжей-тегжейлі мәтін құра алады, өз көзқарасын түсіндіре алады, тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды қолдай алады және оларға қарсы дәлелдер келтіре алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі балалар психологиясы
Пән мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуының жетекші заңдылықтарын ашады, психикалық даму кезеңдері мен баланың жасына байланысты психологиялық ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастырады. Мектепке дейінгі әртүрлі жас кезеңдеріндегі балалардың жалпы және жеке даму нормалары мен психологиялық мазмұны туралы білімді қалыптастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер психологияның теориялық негіздерін ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін диагностикалау әдістерін қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы
Пән студенттерге мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтау және олардыңанатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен даму заңдылықтарына байланысты қоршаған ортаға бейімделу тәсілдерін үйретеді. Салауатты өмір салтын, гигиена ережелерін және денсаулықты нығайтуды меңгертеді. Білім алушы зияткерлік қабілеттерін қамтамасыз ету әдістерін, педагогикалық процесте мектеп жасына дейінгі баланың танымдық әлеуетінің жоғары деңгейін зерттейді, баланың денесіне әсер ететін факторларды анықтау үшін антропометриялық әдістерді қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мектепке дейінгі педагогика
Курс болашақ педагогтың ерте және мектепке дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу жұмысының ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастырады.Пәнді оқу барысында білім алушылар диагностикалық, ұйымдастырушылық, проективті, коммуникативтік, аналитикалық, жалпы педагогикалық және арнайы құзіреттермен, сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиенің заңдылықтары, мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың мазмұны, формалары, әдістері, технологиялары туралы білімдерді меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Педагогика
Пән тұтас педагогикалық процесте оқытудың теориялық-әдістемелік негіздерін, қағидаларын, әдістері, формалары мен технологияларын, кәсіби педагогикалық іс-әрекет ретінде модельдеуді, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқу-тәрбие процесін басқару туралы түсінік қалыптастырады. Білім алушы пәнді меңгерту нәтижесінде білім беру мекемелеріндегі субъектілермен оқу және тәрбиелеу жұмыстарын атқаруға, оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға, ғылыми, кәсіби міндеттерді шешуге, балалардың педагогикалық іс-әрекетін ұйымдастыруға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түрік тілі (C1)
Бұл курс академиялық С1 деңгейінде түрік тілінің негізгі стандартын оқуға арналған. Курста күрделі публицистикалық және көркем мәтіндер, олардың стилистикалық ерекшеліктері қарастырылады. Студенттердің ауызша және жазбаша кәсіби,ғылыми,академиялық қарым-қатынастар орнату дағдыларын дамытады. Курсты оқу нәтижесінде студент күрделі тақырыптарды нақты және егжей-тегжейлі айтады, өз ойларын жазбаша түрде нақты және қисынды түрде білдіреді, тілдік стильді қолдана отырып, өз көзқарастарын нақты айтады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түрік тілі (А2)
Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде студенттердің практикалық дағдыларын дамытады. Курс студенттердің тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент қарапайым күнделіктіәлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі
Пән білім алушыларда мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеуді дамытуға бағытталған педагогикалық іс-әрекеттің заңдылықтарын терең түсінуді қалыптастырады және ғылыми-педагогикалық негізде сөйлеуді дамытудың ең тиімді құралдарын, әдістері мен тәсілдерін әзірлейді. Курсты оқу нәтижесінде білім алушылар балалардың сөйлеуінің грамматикалық аспектілерін қалыптастырудың тиімді технологияларын, балалардың тілдік оқыту саласындағы заманауи бағдарламаларды іске асырудың әдістемелік және практикалық дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік қызмет
Пән білім алушылардың мектепке дейінгі білім беруде іске асырылатын жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруіне бағытталған әдістемелік қызметті ұйымдастыру бойынша білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Оқу барысында мектепке дейінгі білім беру мекемесінде әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға дайындайды, ол талдауды, бақылауды, әдістемелік сүйемелдеуді, білім алушылардың оқу-тәрбие процесін, ойын, заттық, шығармашылық, мәдени-тынығу қызметін жүзеге асыру мәселелерінде мамандардың пәнаралық және өзара іс-әрекетіне қатысуды көздейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру және басқару
Пән басқару мен ұйымдастырудың ғылым ретінде жалпы түсінігін қалыптастырады, білімгердің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде басқару қызметін орындауға теориялық және практикалық дайындығына, кәсіби және ұйымдастырушылық қызметке қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Курс аяқталғаннан кейін білімгерлерде мектепке дейінгі ұйымды және оның әртүрлі буындарында басшылық ету бойынша құзыреттер қалыптасады, педагогикалық диагностика және ұжым жұмысын оңтайландыру әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Пән мектепке дейінгі мекемеде тәрбиелеудің ғылыми-теориялық, әдіснамалық негіздері, мақсаты, міндеттері, тәрбие үдерісінің ерекшеліктері, заңдылықтары мен қағидалары, мектепке дейінгі балалар ұжымын дамыту, тәрбие әдістері, тәрбие жұмыстарының формалары мен технологияларын және тәрбие үдерісін басқару мен ұйымдастыру туралы жалпы түсінік қалыптастырады. Білімгер пәнді игеру барысында тәрбие жұмысының нәтижелерін талдау әдістерін және тәрбие жұмысының жоспарын, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру іскерлігін, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру
Пән инклюзивті білім берудің қағидалары және теориялық, әдіснамалық негіздері, ерекше қажеттіліктері бар мектепке дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және инклюзивті тәжірибе аймағында білім беруді ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы арнайы білім беруді қажет ететін, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды құқықтық-нормативтік құжаттарға сүйене отырып, қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру, дамыту, өмірге бейімдеу жолдарын көрсетіп, педагогикалық процесті ұйымдастыра алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Педагогикалық риторика
Пән кәсіби этика мен сөйлеу мәдениетінің негіздерін қалыптастыру, сөйлеу іс-әрекетінің әртүрлі түрлерін игеру, білім алушылармен әңгімелесуді білікті жүргізе білу; сөйлеу шеберлігінің негіздерін меңгеруге бағытталған. Курсты оқу нәтижесінде білімгерлер жалпы және кәсіби (педагогикалық) риториканың негізгі идеяларын, принциптерін және ережелерін, риторикалық аргументация және полемикалық шеберлік техникасының негіздерін, педагогикалық қарым-қатынастағы кедергілерді еңсеру тәсілдерін, негізгі педагогикалық сөйлеу жанрларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мектепке дейінгі балалардың физикалық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Пән мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі саласында білім алушыларды кәсіби даярлауды жүзеге асырады. Бұл курсты оқу нәтижесінде білімгерлер баланың дене тәрбиесі мен дамыту әдістемесін, баланың қимыл-қозғалыс әрекеттерін, оқыту негіздерін, қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру заңдылықтарын игереді. Балалардың қозғалыс әрекетінің әртүрлі формаларын ұйымдастыруды және басқаруды, физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес физикалық дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Мәнерлеп оқу практикумы
Пән болашақ мамандардың көркем мәтіндерді мәнерлеп оқу мен баяндаудың кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Оқу нәтижесінде білімгерлер мәнерлеп оқуды өнер ретінде көркем шығарманы оқу теориясымен танысады және нақты арнайы жаттығуларды орындау барысында мәнерлілік пен сөйлеу техникасын меңгереді. Мәнерлеп оқу дағдыларын, әр түрлі жанрдағы көркем шығармаларды орындау, әдістемелік талдау дағдыларын қалыптастырады. Көркем мәтіндерді мәнерлеп оқу дағдыларын тәжірибеде көрсете алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мектепке дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру
Пән мектеп жасына дейінгі баланың қоршаған әлемді тұтас қабылдау идеялары мен тұжырымдамаларына негізделген, болашақ педагогтардың білім беру процесін жобалаудың кәсіби құзыреттіліктерін меңгеруді көздейді. Бұл курсты оқу нәтижесінде білім алушылар қоршаған орта туралы идеяларды қалыптастыру негіздерін игереді, мектеп жасына дейінгі баланың әлемі туралы идеяларды қалыптастыру кезінде жүйелік-белсенділік тәсілін жобалау және іске асыру, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі
Пән білім алушыларда білім беру әдіснамасы, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру, білім беру саласында зерттеуді ұйымдастырудың базалық қағидаттары саласындағы іргелі білімді, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікті қалыптастырады. Курс ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі ережелерін, принциптері мен заңдылықтарын, ғылыми дүниетанымның негіздерін, зерттеулерді ұйымдастыруды, нәтижелерді зерттеу, өңдеу және жалпылау әдістерін, педагогикалық зерттеулердің тәжірибесін, ресурстарды ұтымды пайдалануды және жұмысты ғылыми ұйымдастыруды қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жобалау әдістемесі (эксперименттік тәжірибе)
Пән болашақ мамандарды педагогикалық жобалау негіздерімен, мектепке дейінгі ұйымның білім беру ортасын жобалау әдістемесін қолдануға дайындығын қалыптастырумен таныстырады. Курс жобалау әдістемесін іске асырудың негізгі нысандарын, әдістері мен алгоритмдерін игеруге бағытталған. Оқыту нәтижесінде білім алушы педагогикалық жобалаудың теориялық және әдістемелік негіздерін, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің инновациялық білім беру ортасын, педагогикалық жобалау алгоритмін, жобалау әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың карапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Пән болашақ маманды мектепке дейінгі балалардың математикалық дамуын жүзеге асыруға дайындауға бағытталған. Курс мектепке дейінгі ұйымның болашақ педагогтарында балалардың математикалық түсініктерін дамытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін түсінуді, білім алушыларды оқытудың, жоспарлаудың және педагогикалық қызметті талдаудың заманауи нысандарымен, құралдары және әдістерімен таныстырады. Білім алушылар ұйымдастырылған іс-әрекетті жоспарлау, балалар ойынын ұйымдастыру және басқару, конспектілеу, тәжірибелік жұмыс жүргізу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Бұл пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және кешенді зерттеу дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын бағалау, көрсету және түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ата-түрік принциптері
Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін және экологиялық сауаттылығын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогикалық әдеп
Пән болашақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандарын кәсіби ортада өзара әрекеттесуге, педагогикалық қарым-қатынасты тиімді жүзеге асыруға; кәсіби мінез-құлық пен сөйлеу мәдениетінің нормаларын игеруге; кәсіби қоғамдастықта қабылданған этикалық нормаларға негізделген кәсіби құзыреттер мен дағдыларды қалыптастыруға дайындауды көздейді.Курсты оқу нәтижесінде педагогикалық қарым-қатынас этикасының принциптері мен нормаларын және педагогтің этикалық-адамгершілік мәдениетінің негіздерін білу саласында кәсіби құзыреттіліктері қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көшбасшылық теориясы
Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тәрбиеші шеберлігі
Пән білім алушылардың педагогикалық шеберлік пен педагогикалық техника негіздерін меңгеруге ықпал ететін оқыту және тәрбиелеу өнерін, білімін, іскерлігі мен дағдыларын ұдайы жетілдіруге қажеттілігін қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент педагогикалық шеберліктің барлық элементтерін кешенді және тиімді пайдалану негізінде кәсіби оқыту мен тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу және мектепке дейінгі білім беру мекемесінің тәрбиешісінің кәсіби шеберлігін қалыптастыру процесін ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Мектепке дейінгі балалардың музыкалық білімі
Пән білімгерлерде мектепке дейінгі балаларды музыкалық тәрбие берудің теориясы мен әдістемесі бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыруды көздейді. Курсты оқу нәтижесінде білімгер мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық тәрбиелеу мен дамытудың теориялық негіздерімен, музыкалық-педагогикалық процесс жүйесінің сипаттамасымен, музыкалық қызмет түрлерімен (тыңдаушы бала, орындаушы бала, құрастырушы бала) танысады және балалардың музыкалық қызметінің формаларын,музыкалық өнердің түрлерін, жанрларын, бағдарламалардың мазмұнын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Баланың мәдени тынығуын ұйымдастыру
Пән мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының Болашақ педагогтарының балалардың мәдени бос уақытын ұйымдастыру әдістері мен технологияларын зерделеуге бағытталған. Курс мәдени-демалыс бағдарламаларын құрудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын игеруді, балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды, бос уақыттың әртүрлі бағыттарын, формаларын (және олардың мазмұнын) қамтиды. Оқыту нәтижесінде білім алушылар балалардың бос уақытын ұйымдастырудың негізгі әдістері мен тәсілдерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Балалардың шығармашылық дағдыларын дамыту әдістемесі
Пән білім алушыларда заманауи әдістемелерге сәйкес балалардың көркемдік-шығармашылық дамуы бойынша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруда базалық, ғылыми-теориялық білім мен практикалық іскерлікті қалыптастырады және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру сапасын қамтамасыз ету үшін білімгердің қабілеттеріне қолдау көрсетеді. Курс аяқталғаннан кейін білім алушыда балалардың көркемдік-шығармашылық дамуы бойынша бірлескен және жеке білім беру жұмысын ұйымдастыру формаларын, әдістері мен құралдарын анықтау және іске асыру қабілеті қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Көркем әдебиет және драма
Пән мектепке дейінгі балаларды көркем шығармалар мен ертегілерді оқуға деген ықыласымен қызығушылығын тәрбиелеуге, көркем әдебиет шығармалары бойынша драмалық дағдыларды қалыптастыруға, оқытылатын көркем шығармаларды мәнерлеп оқып, талдай білуі, балаларды театр ойындарына тарту, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін сомдауға ықпал етеді. Курсты оқу нәтижесінде студенттер оқылған көркем шығарманың мазмұнын драматизациялауда экспрессивтілік құралдарын қолдана отырып, жеке шығармашылық қабілеттерін білдіру дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Монтессори технологиясы
Пән мектепке дейінгі білім беру мұғалімдеріне М.Монтессоридің теориясы мен технологиясы, оның педагогикалық жүйесі туралы тұтас түсінік береді. Курсты оқу нәтижесінде студент балалармен әртүрлі маңызды оқу жаттығуларын өткізуге, Монтессори материалдарымен өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бірегей сенсорлық дидактикалық материалмен танысады; Монтессори тобының жабдықтарын, мінез-құлқын және топтағы балалар, мұғалімдердің қызметін, педагогикалық процесті ұйымдастыру іскерлігі мен дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Мектепалды сыныптарындағы оқыту әдістемесі
Пән мектеп жасына дейінгі баланың алғашқы күндерін ұйымдастыру мәселелері бойынша дайындық сыныбы мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер мектепке дейінгі балалардың мектепке бейімделуінің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, баланы оқытудың сәттілігін, оның мұғаліммен және құрдастарымен қарым-қатынасын және одан әрі психологиялық, жеке және әлеуметтік даму қабілетін талдай алады. Бұл курс мектепалды білім берудің нормативтік-құқықтық, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Оқу таным әрекетін ұйымдастыру
Пән қазіргі заманғы оқытуды ұйымдастыратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарын даярлауға бағытталған. Курсты аяқтағаннан кейін білім алушылар оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін меңгереді, балабақшада оқу іс-әрекетін ұйымдастыру дағдыларын игереді, мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс формаларын игереді, оқу процесінде әртүрлі субъективті қатынастарда оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырады, оның формалары мен әдістерін қолдана алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Мектепке дейінгі педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі
Пән білімгерлерді мектепке дейінгі педагогикалық пәндерді оқытудың мақсаты, мазмұны, тәсілдері, технологиялары, нысандары, әдістері, құралдары мен нәтижелерін игеруге, жалпы және кәсіптік құзыреттіліктерінің жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Оқу нәтижесінде білімгерлер педагогикалық процесті басқарудың жалпы түсініктері мен элементтерін, қолдану дағдылары мен іскерліктерін игереді, инновациялық әдістерді қолдана отырып, білімгерлердің ақыл-ой белсенділігі артады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Балалар ойынының теориясы мен технологиясы
Пән білім алушыларда мектепке дейінгі білім берудің заманауи әдістемелері мен технологияларына сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың ойын қызметін басқару бойынша базалық ғылыми-теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Курсты оқу нәтижесінде білім алушы мектеп жасына дейінгі балалардың ойын теориялары мен технологиялары саласындағы арнайы кәсіби құзыреттілікті және балалар ойынын ұйымдастыру және басқару саласындағы кәсіби педагогикалық мәселелерді шешуге практикалық дайындықты меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Мектепке дейінгі балалар диагностикасы және мониторингі
Пән мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басын, олардың қабілеттерін, қызығушылықтарын зерттей алатын, балалардың білім беру бағдарламасын игеруіндиагностикалауға және мониторингіжасауға бағытталған. Курсты оқу нәтижесінде білім алушыларда педагогикалық мониторингтің принциптері, әдістері мен құралдары туралы түсініктер қалыптасады, балалардың білім беру бағдарламасын игеру нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін әртүрлі жас топтарында білім беру жұмысын ұйымдастыруды және талдауды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Сауат ашу негіздері
Пән мектеп жасына дейінгі балаларды сауат ашуға дайындаудың теориялық және әдістемелік мәселелерін тереңдетугебағытталған. Курсты оқығаннан кейін студенттер келесі дағдылар мен іскерліктерді игереді: сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамыту; фонематикалық есту; сөйлеудің грамматикалық құрылымы; қолдың ұсақ моторикасы; сөзге, өз сөзіне және басқалардың сөйлеуіне қызығушылық пен назар аудару; сөздікті байыту; балалардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру; сөздерді дыбыстық-буындық талдауға үйрету; буындар мен сөздерді оқу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
Профессии
Оқыту нәтижелері
- -оқыту және тәрбиелеу процестерінде балалардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті ;
- - заманауи білім беру әдістемесін және технологиясын қолданып, оқу-тәрбие үдерістерін жоспарлайды;
- - әріптестерімен әрекеттесе отырып, мектепке дейінгі білім беру сатысында оқыту сабақтастығы мен кіріктіру қағидаттарына сәйкес оқу-әдістемелік материалдарын әзірлейді;
- - мектеп жасына дейінгі балалардың оқу жетістіктерін диагностикалайды, мониторингті жүзеге асырады;
- - мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша білім ортасының зерттеулерін жоспарлайды және жүргізеді.
- - кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады;
- - оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық әдеп ережелерін сақтай отырып, гуманистік педагогика идеяларын қолданады;
- -мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастырады;
- - оқыту мен тәрбиелеу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады, балаларды тілдік және интеллектуалдық дамытуда пәнді оқытудың, ұйымдастырылатын іс-әрекеттің түрлі педагогикалық құралдары мен тәсілдемелерін қолданады;
- - көптілді ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады;
- - командада жұмыс жасау қабілеттігін көрсетіп, кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылады;
- - мектепке дейінгі білім саласында мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы кәсіби қабілетті қалыптастырады;
Ұқсас БББ
6B01202 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы (ағылшын)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01202 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
6B01202 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
6B01202 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Қызылорда ашық университеті