Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01902 Арнайы педагогика в ҚарМУ Е.А.Бөкетов

  • Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы
    Несиелер: 5

    Курста мектеп оқушыларының өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары туралы мағлұматтар берілген; анатомия, жүйке жүйесі, сенсорлық жүйелер физиологиясы, эндокриндік бездер, ас қорыту, тыныс алу, жүрек-тамыр аурулары және т.б; күнделікті режимді гигиеналық бағалау әдістері мен оқу, тұрмыстық үй-жайлардың гигиеналық нормалары мен оқу процесінде оқушылардың денсаулықтарын сақтау мен оған нұқсан келтірмеу әдістері қарастырылған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мамандыққа кіріспе: арнайы және инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Курста арнайы педагогиканың шетелде және Қазақстанда тәуелсіз ғылым ретінде қалыптасу тарихы қарастырылады. Болашақ мамандық туралы түсінік, оның басқа да педагогикалық мамандықтармен салыстырғандағы ерекшелігі айтылады; арнайы және инклюзивті білім берудегі кәсіби-педагогикалық қызметтің ерекшеліктері: бұзылған дамудың түрлері, олардың жіктелуі, дамуында ерекшелігі бар балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттің саясаты, Қазақстанда кәсіби-педагогикалық мамандықтардың даму перспективасы қарастырыла

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мамандыққа кіріспе: логопедия
    Несиелер: 5

    Курста сөйлеу бұзылыстары бар тұлғаларды оқыту, тәрбиелеу және түзету туралы арнайы педагогикалық ғылым ретінде логопедияның ғылыми-теориялық негіздері сипатталған; тілдік бұзылыстардың этиологиясы, патогенезі және жіктелуінің теориялық мәселелері қарастырылады. Мамандық туралы жалпы түсініктер ашылады: логопедтің профессиограммасы, еңбек шарты, маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар; заманауи логопедияның негізгі тенденциялары және даму жолдары көрсетіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Балалық жастағы невропатология
    Несиелер: 5

    Курста онтогенездегі баланың орталық жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, баланың жүйке-психикалық даму механизмдері мен заңдылықтары туралы түсініктер енгізілген; жүйке жүйесінің патологиясы; жүйке аурулары дамуының себептері мен механизмдері, балалық және жасөспірім кездегі ақыл-ой дамуындағы бұзылыстардыңспецификалық ерекшеліктеріқарастырылады, орталық жүйке жүйесінің патологияларындағы ақаулар мен кемістіктердің құрылымдары зерттеледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуындағы клиникалық ерекшеліктер және тұқым қуалаушы науқастар
    Несиелер: 5

    Курста «кеміс даму» ұғымы, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың категориялары, олардың дамуының клиникалық ерекшеліктері; Менделизм негіздері, тұқымқуалаушылықтың цитологиялық және молекулалық негіздері, адам генетикасы, тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы (жыныс генетикасы; гендерге байланысты мұрагерлік); тұқымқуалаушылыққа негізделгенпсихикалық және физикалық бұзылулардың нысандары, хромосомалық және гендік аурулар, олардың этиологиясы, патогенезі, жіктелуі қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың есту, көру, сөйлеу мүшелерінің патологиясы
    Несиелер: 5

    Курс адамның анализаторларының жалпы патологиялық даму ерекшеліктерін қарастырады. Сенсорлық жүйелер мен сөйлеудің түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы, құрылымы, қызметінің ерекшеліктері, дамуында проблемалары бар балалардағы сенсорлық белсенділіктің бұзылуының этиологиясы, патогенезі және клиникалық белгілері; көру, есту, сөйлеу мүшелері функциясының бұзылуына әкеп соқтыратын кейбір жиі кездесетін аурулардың түрлері сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сөйлемейтін балалардың тілін шығару
    Несиелер: 4

    Курс тілді меңгерудің заңдылықтарын, сөйлеудің қалыпты даму кезеңдерін, сөйлеудің дамуындағы қауіпті кезеңдерді, сөйлеудің болмауының себептері мен механизмдерін, сөйлеу тілі дамуының кешігуі бар балалар санатын, олардың сипаттамасын, ерекшелігін; баланың тілін шығарудағы логопедиялық жұмыстың бағыттарын, кезеңдерін, негізгі әдістерін, дыбыстар мен тілді шығару әдістемесін, оқыту құралдарын, сабақтарға қойылатын дидактикалық талаптарды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Арнайы психология негіздері
    Несиелер: 5

    Курс атиптік дамудың түрлерін, себептерін, механизмдері мен құрылымдарын, әртүрлі психикалық және физикалық кемістігі бар тұлғалардың психикалық дамуының ерекшеліктерін ашады; білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың клиникалық, физикалық, психологиялық-педагогикалық сипаттамаларын, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық қолдау бойынша мақсатты көмек көрсету стратегиясын негіздейді және даярлайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Курста педагогиканың әдіснамалық негіздері, оның дамуының негізгі кезеңдері мен бағыттары, мәні мен мазмұны, ерекшеліктері мен заңдылықтары, тұтас педагогикалық процестің құрылымы; сабақ - білім беру ұйымының негізгі формасы ретінде қарастырылады; оқыту кезіндегі диагностика және бақылау; қазіргі заманғы мұғалімнің кәсіби қызметіндегі оқыту технологияларымен әдістері, мұғалімнің кәсіби құзіреттіліктері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Логопсихология
    Несиелер: 5

    Курс сөйлеу бұзылыстары бар тұлғалардың психологиялық типологиясын, ауырлық дәрежесі мен этиологиясы әртүрлі сөйлеу бұзылыстары бар адамдардың (есту қабілеті мен интеллект сақталған) танымдық белсенділігінің қалыптасу ерекшеліктерін және оларды логопедиялық жұмыста ескеруді, танымдық ауытқуларды психологиялық түзетуді, осы санаттағы адамдардың жеке және әлеуметтік дамуындағы ауытқуларды ашады; ұқсас жағдайларда сөйлеу бұзылыстарын ажыратуға мүмкіндік беретін дифференциалдық диагностика әдістерін сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістері
    Несиелер: 4

    Курс экспериментальды зерттеудің жалпы мәселелерін қарастырады; ғылыми білім әдістерінің сипаттамасы және ғылыми зерттеулердің негізгі кезеңдері; ғылыми-педагогикалық экспериментті жүргізудің негізгі сызбасы; сапаны бағалау, критериалды аппаратты даярлауға, техникалық ресімдеуге және зерттеу нәтижесін жариялауға, өңдеуге қойылатын негізгі талаптар; арнайы және инклюзивті білім беру аясында зерттеу қорытындыларын өңдеу ережелері мен бағалау сипаттамасы талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері, ұлттық заңнаманың негізгі салаларын білу, қазіргі заманғы заңнаманың негізгі қағидаларын іске асыру және сыбайлас жемқорлық құбылыстарына төзбеушілікке азаматтық көзқарасты дамыту, адам құқықтары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды жүзеге асырудағы құқықтық мәселелерді шешу жолдары, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және алдын-алу шаралары туралы, қоғамның құқықтық мәдениетін жетілдіру туралы мәселелерді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері
    Несиелер: 5

    Қоғам мен табиғаттың даму негіздері, табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін құқықтық реттеу, жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және төтенше жағдайлардың салдарын бағалау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Арнайы педагогика
    Несиелер: 5

    Курста арнайы педагогика теориясы, арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы білім берудің тарихы; арнайы педагогика дидактикасының негіздері ұсынылады; арнайы білім берудің заманауи жүйесі және арнайы педагогиканың пәндік бағыттары көрсетіледі; арнайы білім берудің мазмұны мен ұйымдастырылуы сипатталады; арнайы педагогиканың дамуының негізгі мәселелері қарастырылады; осы саладағы шетелдік және отандық тәжірибені көрсетіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Психикалық науқастар кезіндегі сөйлеу тілінің бұзылуы
    Несиелер: 4

    Курста психиатриялық білім негіздері, психикалық бұзылулардың жіктелуі, жеке және әлеуметтік даму ерекшеліктері, психикалық бұзылулар мен сөйлеу кезіндегі өзгерістер мен даму кезеңдері қамтылған; сөйлеу бұзылыстарының табиғаты мен оның өзіндік ерекшелігі;психикалық аурулар кезіндегі сөйлеуді кешенді клиникалық және лингвистикалық талдау; дифференциалды диагностика, психикалық түзету және психикалық ауру кезіндегі сөйлеу бұзылуларының алдын-алу әдістері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық тексеру әдістері
    Несиелер: 4

    Курс білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздерін, даму бұзылыстары туралы заманауи көзқарастарды қамтиды; психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруді ұйымдастыру, оның құрылымы және әдіснамалық негіздерімен байланысты негізгі базалық түсініктерді қамтиды; білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық тексеру процесін және тексеру нәтижелерін талдауды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды кешенді логопедиялық тексеру технологиясы
    Несиелер: 4

    Курс мазмұны әр түрлі жастағы балалардың логопедиялық зерттеуі (ауызша және жазбаша сөйлеу), тақырыбы, объектісімен міндеттері; зерттеу кезеңдері, олардың құрылымдық-мазмұндық сипаттамасы, моторлық функциялардың логопедиялық зерттеу схемалары, дыбыс айту және фонемалық қабылдау, сөздік қор және сөздің буындық құрылымы, грамматикалық құрылым және үйлесімді сөйлеу, сондай-ақ жазудың оптикалық-моторлы-, сенсорлық-акустикалық-моторлық және лингвистикалық деңгейлері туралы ақпаратпен ұсынылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Логопед жұмысындағы ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру
    Несиелер: 4

    Курс логопед жұмысының негізгі ғылыми-зерттеу әрекетін қарастырады:ғылыми зерттеуге ақпарат іздеудегі негізгі әдістер, логопед жұмысындағы ғылыми зерттеудің әдіснамасы және әдістемесі; өзіндік зерттеу жүргізу кезеңдері: критериальды аппаратты өңдеуге қойылатын талаптар, теориялық және тәжірибелік бөлім, ғылыми жаңашылдықты дәлелдеу, қорытындыны сипаттау, зерттеу қорытындысын өңдеу және бағалау ережесі талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Патопсихология
    Несиелер: 4

    Курс балалардағы психикалық процестердің бұзылуын, оның ішінде психикалық науқастар, олар туралы жалпы түсініктерді, құрылымын және олардың жіктелуін (АХЖ-10) талдауды, симптоматикасын, пайда болу себептерін; дифференциалды диагностика мәселелерін, психикалық науқасы бар баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуді және терапевтік әсерлердің тиімділігін, психикалық бұзылуларды емдеуді және балалық шақтағы көмекті ұйымдастыруды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қолданбалы бизнес
    Несиелер: 5

    Бұл пән заманауи қоғамға қажетті бизнес-жоспар құрудың әдіснамалық негіздері, тауарларды өткізу нарығын талдау әдістері, өнімдерді сипаттау, өндіріс жоспарын құру және ұсыну, жүзеге асыру, маркетинг жоспары мен ұйымдастырушылық жоспарын құру және ұсыну, қаржылық жоспарды жасау және ұсыну әдістерімен, қазіргі заманғы қолданбалы бизнестің маңызды және қажетті негіздерімен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың физикалық-психикалық даму бұзылыстарының нейропсихологиялық негіздері
    Несиелер: 5

    Курста ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардағы психофизикалық бұзылулардың жүйке-психологиялық негіздері, жоғары психикалық функцияларды жүйелі динамикалық оқшаулау теориясы және функционалды жүйелер теориясы, синдромдық талдау, мидың үш функционалды блоктарының тұжырымдамасы қарастырылады; баланың нормативті, девиантты және патологиялық дамуы; онтогенездің әр түрлі кезеңдеріндегі балалардың орталық жүйке жүйесінің ошақты зақымдануындағы жүйке-психологиялық синдромдар сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға жаратылыстану пәндерін оқытудың арнайы әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курс мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларын қоршаған орта әлемімен негізгі дидактикалық бірліктер деңгейінде таныстыру әдістемесін, оның ішінде экологиялық білім беру технологияларын, білім алуда ерекше қажеттіліктерібар балалармен жаратылыстану және әлеуметтік зерттеулерді қамтиды; осы санаттағы балалармен жұмыс істеудің типтік әдістері мен түрлері, пәндік даму ортасын құру технологиясын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 5

    Курста теориялық және әдіснамалық негіздер, даму кезеңдері мен бағыттары, мәні мен мазмұны, ерекшеліктері мен заңдылықтары, білім берудегі басқару құрылымы; педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен технологиясы ретінде; мектептің инновациялық менеджменті; мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді сертификаттау қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Курста инклюзивті білім берудің халықаралық және отандық тәжірибесі, ұйымдастырушылық шарттары; білім алу қажеттіліктері ерекше балаларды интеграциялау мен бейімдеу бойынша ұсыныстар; ерекше қажеттіліктері бар бала үшін жеке білім беру бағдарламасын жасау және енгізу; инклюзивті практика субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жеке сүйемелдеу әдістемесі (педагог-ассистенттің жұмысы)
    Несиелер: 5

    Курс түзету-дамыту ортасын құрудың негізгі қағидаттары мен оның оңтайлы жұмыс істеу шарттары; білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды педагогикалық түзету мен қолдаудың мазмұны, нысандары мен әдістері, түзету-дамытушылық оқытудың негізгі әдістемелері мен технологиялары; білім беру процесі жағдайында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жүйесі туралы негізгі ақпаратты қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру жағдайында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды логопедиялық сүйемелдеу
    Несиелер: 5

    Курста сөйлеу бұзылыстарын, оның ішінде ауызша және жазбаша сөйлеудің бұзылуы, олардың өзара байланысын талдаудың теориялық тәсілдері мен принциптері; балалардың сөйлеу, жазу, оқу бұзылыстарын жою бойынша логопедиялық жұмыс әдістемесі; әртүрлі құрылымды сөйлеу бұзылыстары бар балаларға түзету-педагогикалық жұмыста сараланған тәсілдерді қолдану; мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш мектеп оқушыларында жазу мен оқудың бұзылуының алдын алу мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Балалардың церебральды параличі бар балалармен логопедиялық жұмыс
    Несиелер: 5

    Курс церебральды сал ауруы кезіндегі сөйлеуді дамытудың ерекшеліктерін ашады: сөйлеуге дейінгі және сөйлеуді дамыту, сөйлеу бұзылыстарының белгілері, сөйлеу бұзылыстарының формалары, этиологиясы, механизмі;церебральды сал ауруы бар балаларды тексерудің ерекшеліктері: ұйымдастыру, әдістері, тәсілдері; церебральды сал ауруы бар балалардағы сөйлеу бұзылыстарын жоюдағы логопедиялық жұмысты ұйымдастыру және мазмұны қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға тіл пәндерін оқытудың арнайы әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курс білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды қазақ (ана тілі ретінде) тіліне оқытудың және сауат ашу кезеңдерінің мақсаты мен мазмұнын, заңдылықтарын, принциптерін, әдістері мен әдістемесін, әр кезеңдегі және әр сабақ түріндегі сөйлеу тілін дамыту жұмысының негізгі бағыттарын, сондай-ақ технологияларды, сабақтарды ұйымдастыруды, кері байланыс формаларын құруды және т.б. ұйымдастырушылық жұмыстардың ғылыми-практикалық негіздерін ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сенсорлық бұзылыстары бар балалармен логопедиялық жұмыс
    Несиелер: 5

    Курс сөйлеу тілінің сипаттамасын және сенсорлық бұзылыстары бар балалардың тіл кемістігінің ерекшеліктерін, тексеру спецификасын, бұзылыстың ауырлық дәрежесін қарастырады; сенсорлық бұзылыстары бар балаларда кездесетін тіл кемістіктерін жою мақсатында жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ұйымдастырылуы мен мазмұны,сабақты жоспарлау, оның мақсаты, құрылымы, әдіс-тәсілдерді таңдау, лексикалық көптүрлілігі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Үйден оқытудағы білім беру процесін сүйемелдеу әдістемесі
    Несиелер: 4

    Курс үйден оқыту (жеке) оқытудың және қашықтықтан оқыту технологиясының мәні мен ерекшелігін, қашықтықтан білім берудің мәселелерін, перспективаларын, мақсаттылығы мен шектеулерін ашады; үйде оқыту жағдайында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру үрдісін ұйымдастыру және сүйемелдеу, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру және бейімдеу үшін қолайлы орта құру мен оның әлеуетін ашубойынша негізгі түсініктерді қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Логомассаж
    Несиелер: 5

    Курс сөйлеу бұзылыстарын түзетуде қолданылатын логопедиялық массаж түрлерінің мәнін ашады; логопедиялық практикада массаждың қолдануға ұсыныстар мен қарсы көрсетілімдері; оны жүргізуге арналған жалпы әдістемелік нұсқаулар; логопедиялық массаждың босаңсыту және белсендіру әдістері, Е.В. Новикова, Ю. В. Микляева, Т. А. Воробьеваның зонд массажының, дәстүрлі, аппараттық, нүктелік т.б.түрлерінің авторлық әдістері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Логопедиялық сабақтарды жоспарлау мен ұйымдастыру
    Несиелер: 6

    Курс түзету-педагогикалық жұмыстың принциптері мен мазмұнын, әр түрлі сөйлеу патологиялары бар балалармен сабақтардың модельдерін және жеке, кіші және фронтальды логопедиялық сабақтардың теориясы мен әдістемесін ашады; ата – аналарға кеңес беру-ағарту жұмыстарымен, отбасындағы дыбыстық айтылымның бұзылуын түзету бойынша жұмысты ұйымдастырумен таныстырады; мектепке дейінгі, мектептегі логопедиялық кабинетте жеке жұмысты перспективалық жоспарлау әдістемесін қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға өнер және технология пәндерін оқытудың арнайы әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курс білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың бейнелеу өнерінің өзіндік ерекшелігін; білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытудың мақсаттары, мазмұны, заңдылықтары, қағидалары, әдістері мен тәсілдерін ашады; білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды өнер пәндері бойынша оқыту технологиясы саласындағы ақпаратты және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларын өнерге оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдерін қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ерте жастағы балаларға логопедиялық көмек
    Несиелер: 5

    Курста ерте жастағы балаларды психологиялық және педагогикалық тексеру, ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстары, бала өмірінің алғашқы жылындағы психомоторлық дамуының заңдылықтары, жас бала мен оның отбасына көрсетілетін кешенді психологиялық-педагогикалық көмектің негізгі бағыттары мен мазмұны, әдістері; 0-ден 3 жасқа дейінгі балалармен логопедиялық, дамыту және түзетушілік жұмыстардың технологиялары қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Логоритмика
    Несиелер: 5

    Курс логопедиялық ырғақ ұғымын, оның құралдарын, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардағы психомоторлық және сенсорлық функцияларды зерттеу әдістемесін, түзету білім беру процесінде логопедиялық ырғақты қолданудың әдіснамалық және әдістемелік негіздерін ашады. Логоритмикада қолданылатын саусақ гимнастикасы, музыкалық ойындар, вокалды-артикуляциялық және фонопедикалық жаттығулар, таза сөйлеу, сөзжұмбақтар, жалпы моторика мен мимиканы дамыту, коммуникативті билер тәрізді технологияларды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Зият бұзылыстары бар балалармен логопедиялық жұмыс
    Несиелер: 5

    Курс ақыл-ой дамуында жетіспеушілігі мен психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің дамуының ерекшеліктерін, бұзылу себептерін, құрылымын, тексеру жұмысының ерекшеліктерінжәне балалардағы сөйлеу бұзылыстарын жою бойынша түзету - логопедиялық жұмысты ұйымдастыруды және оның мазмұнын; жеке және фронтальды логопедиялық сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі
    Несиелер: 6

    Курс білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі бойынша теориялық ережелерді зерттейді. арнайы мектепте математиканы оқытудағы білім беру, тәрбиелік, түзету-дамытушылық міндеттерді анықтау, математиканы арнайы бағдарлама бойынша оқыту әдістемесімен таныстырады, арнайы және инклюзивті мектептерде сабақта және сабақтан тыс уақыттарда математиканы оқытуға даярлық мәселелерін қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға ерте түзету көмегін ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Курс балалардың дамуында пайда болуы мүмкін бұзылыстардың алдын алуға бағытталған ерте жастағы психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік шараларды кешенді көмек (скрининг) ретінде жүргізу; баланың психикалық даму барысы мен қарқынын қалыпқа келтіруде отбасының ролі, яғни, ата-аналардың баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруға үйренуі отбасының өмірін қалыпқа келтіріп, отбасында мүгедек баланы тәрбиелеуден бас тарту ықтималдығын төмендететіндігі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды физикалық дамыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курс білім алуда ерекше қажеттіліктерібар балалардың физикалық даму ерекшеліктерін және әртүрлі даму бұзылыстарындағы қозғалыс ақауларының құрылымын; дене шынықтыру, емдік денешынықтыру және түзету ырғағы сабақтарын ұйымдастырудың әдістемелік мәселелерін, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта ұсақ және жалпы моториканы дамыту; түзету білім беру ұйымдарында дене шынықтыру, емдік денешынықтыру және ритмика сабақтарын ұйымдастыру мен және өткізудің тиімді әдістері мен технологияларын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға және заттық-тәжірибелік әрекетке үйрету әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курс білім алуда ерекше қажеттіліктерібар балаларды заттық-тәжірибелік, оның ішінде күнделікті өмірде, ойында, оқуда және т.б. пәндік-манипуляциялық іс-әрекеттерге үйретудің және өзіндік өмірге дайындалу және қоғамға сәтті бейімделу үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық білімдер мен дағдыларды қалыптастырудың арнайы әдістемесін; қолданылатын тиімді әдістер мен озық тәжірибелер, арнайы жаттығулар мен ойындар, сенсорлық даму әдістерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектеп жүйесінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру
    Несиелер: 4

    Курс мектептегі білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту ұғымын; қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға қойылатын техникалық талаптарды; қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық қағидаттарын; онлайн және офлайн режимдерінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілдерін; қашықтықтан білім беру әдістемесін; дистациялық оқытудың негізгі түрлерін: бейнедәрістер, конференциялар, вебинарлар, чаттар; интернет іс-шараларды ұйымдастыру: олимпиадалар, фестивальдар, конкурстар, желілік жобаларды қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарындағы логопед жұмысын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Курс мектепке дейінгі және мектептегі жалпы және арнайы білім беру жүйесіндегі логопедиялық практиканың мәні мен ерекшеліктерін ашады: топтарды құру шарттары, максималды толығуы, логопедиялық сабақтардың жиілігі мен ұзақтығы, міндетті құжаттаманың тізбесі мен нысандары, логопедиялық сабақтар өткізу әдістерін қамтиды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау жүйесінде: әртүрлі жастағы балалардың сөйлеу тілі кемістігін түзету, іс қағаздарын жүргізу бойынша жұмыс қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмысты әртүрлі типтегі мекемелерде ұйымдастырудың ерекшеліктері
    Несиелер: 5

    Курс білім алуда ерекше қажеттіліктеріоқушылардың танымдық іс-әрекеті мен тілдік дамуындағы ауытқуларды түзету мен білім беру процесінәртүрлі мекемелер жағдайында дұрыс ұйымдастырып,сапалы білімді қамтамасыз етудіңжолдарын қарастырады. Арнайы педагогикалық және балама әдістерді, білім алуда ерекше қажеттіліктерібар балаларға арналған әр түрлі мекемелер жағдайында оларды оқыту мен тәрбиелеуде кездесетін қиындықтарды жеңуде тиімді технологияларды қолдануды саралайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Аутистік спектр бұзылыстары бар балалармен логопедиялық жұмыс
    Несиелер: 6

    Курс аутистік спектр бұзылыстары бар балалардағы сөйлеу бұзылыстарының нұсқаларын, тексеру ерекшеліктерін (вербалды және вербалды емес функциялар), дифференциалды диагностиканы, дизонтегенездің әртүрлі жас кезеңдерінде аутистік спектр бұзылыстары бар балалардағы сөйлеу бұзылыстарын жою бойынша логопедиялық жұмысты ұйымдастыру мен оның мазмұнын, балаларға көмек көрсетудің дәстүрлі және инновациялық әдістерін, тәсілдері мен технологияларын; жеке логопедиялық сабақтың құрылымын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыстағы заманауи инновациялық әдістер
    Несиелер: 5

    Курс заманауи арнайы және инклюзивті білім беру кеңістігінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалармен түзету-педагогикалық жұмыста қолданылатын заманауи, әрі тиімді құралдары мен формаларын қарастырады. оның ішінде әртүрлі топтағы білім алуда ерекше қажеттіліктері барбалалар категориясымен жүргізілетін жеке және топтық жұмыстар барысында қолданылатын оқыту, түзетушілік, дамытушылық және логопедиялық инновациялық әдістер қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қашықтықтан оқыту платформалары мен сервистері
    Несиелер: 4

    Курсқа қашықтықтан оқытудың модельдері мен технологиялары; бейнеконференцияларды, бейне-кездесулерді, вебинарларды өткізуге арналған платформалар; қашықтықтан оқыту жүйелері (LMS); қашықтықтан оқытуға арналған білім беру контентін әзірлеу: оқу мультимедиасын құру сервистері; сауалнамалар мен тесттерді құру сервистері; интерактивті тапсырмалар жасаудың онлайн-сервистері; интерактивті жұмыс парақтарын құрастырушылар; аудио және бейне өңдеу құралдары; курс конструкторлары кіреді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды түзете-дамыта оқыту әдістері
    Несиелер: 5

    Курс инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагог-ассистенттің кәсіби қызметінің ұйымдастырушылық жағдайларын, жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзиялық жағдайларда оқушыны жеке қолдаудың негізгі нысандарын, жұмыс қағидаларын, мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін және педагог-ассистенттің лауазымдық міндеттері мен жұмысының спецификалық ерекшеліктерін (оқу жоспары, әртүрлі нозоологиялық бұзушылықтар топтарына арналған оқу бағдарламаларының мазмұны, бағалау) қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу жұмысының арнайы әдістемесі
    Несиелер: 6

    Курс тәрбие теориясының тұжырымдамаларын, білім беру жүйесінің компоненттерін, олардың өзара әрекеттесуін қарастырадыы. Сынып ұжымының қызметінің мазмұнды бағыттары мен формалары, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылармен, сыныптанжұмыстары тыс жеке және ұжымдық жұмыс әдістері, гуманистік тәрбие жүйесінің негізгі принциптері, әдістері мен тәсілдері тұлғаға бағытталған, сараланған тәсілдерге негізделген тәрбие жұмысы қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарындағы түзету-дамыту жұмыстары
    Несиелер: 5

    Курс жалпы білім беретін мектептердебілім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалармен логопедиялық жұмыстарды ұйымдастыру және қолдау; білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылар категориясына кіретін балаларға арнайы білім беру жағдайында логопедиялық көмек міндеттерін, инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық қағидаларын, спецификасын (бейімделген арнайы білім беру бағдарламасы), инклюзивті білім беру мектептеріндегі логопедтің түзетушілік жұмыстарын қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік инклюзиясы негіздері
    Несиелер: 5

    Курс әлеуметтік инклюзия мәселелеріне отандық және шет елдердің зерттеулерінің әртүрлі әдіснамалық еңбектеріне теориялық негіздеме жасайды; инклюзивті білім беру тәжірбиесінің таралуына әсер ететін факторларды қамтиды; өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар мен жасөспірімдердің, психикалық мүгедектігі бар жастардың, сондай-ақ аға буын өкілдерінің әлеуметтік-мәдени инклюзия практикаларын карастырады; мүгедектікті түсіну модельдерін, оның ішінде медициналық және әлеуметтік модельдерді қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    Қоғам туралы білімді тұтас жүйе және адам ретінде; жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделерін; кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын; зиянды және қауіпті факторлардың адамға және табиғи ортаға әсері туралы білімдерді қолданады және көрсете біледі. Қоғамды жаңғыртудың тарихи тәжірибесі, әлеуметтік ғылымның өзекті бағыттары бойынша білімді қолданады, экономикалық және идеялық-мәдени бағыт бойынша жеделдетілген жаңғырту кезеңінде қазақстандық даму моделін қалыптастыруға белсенді қатыса отырып, өзінің кәсіби қызметінде ғылыми дүниетаным мен азаматтық ұстаным танытуға қабілетті. Білім беру ортасында академиялық адалдық қағидалары мен мәдениетінің маңызын түсінеді және соған сай әрекет етеді.

  • Код ON2

    Мектеп жасындағы балалардың физикалық дамуын бағалайды және оқушылардың дамуының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері туралы білімді кәсіби деңгейде меңгерген; есту, көру, сөйлеу органдарының құрылысы мен жұмыс істеуінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерінің заңдылықтарын талдайды; есту, көру, сөйлеу органдары патологиясының этиологиясын, патогенезін, жіктелуін ажыратады; есту, көру, сөйлеу органдарының патологиясын анықтау бойынша негізгі диагностикалық іс-шараларды қолданады; есту, көру, сөйлеу органдарының бұзылыстарын түзетудің және орнын толтырудың техникалық құралдарын пайдалануды меңгерген; сенсорлық жүйелер бұзылуының алдын алу тәсілдерін таңдап қолданады.

  • Код ON3

    Әлеуметтік бейімделуге қабілетті жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін оқытудың әдістері мен тәсілдерін қолданады; білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымын басқаруда қазіргі заманғы іскерлік коммуникациялардың түрлері мен нысандарын пайдаланады; болашақ кәсіби қызметке жақсы бағдар алады, инклюзивті білім беру жағдайында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын жасауға қатысады. Педагогикалық және психологиялық ғылымдар бойынша ғылыми зерттеулердің әдістерін біледі, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру саласында одан әрі оқуын өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдылары бар.

  • Код ON4

    Биология мен медицинадағы озық білімге негізделген тұқым қуалайтын аурулар туралы білімдерін көрсетеді. Тұқым қуалаушылықтың цитологиялық және молекулалық негіздерін сипаттайды; генетикалық мәселелерді шешеді, асыл тұқымды құрастырады, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардағы клиникалық бұзылулардың ерекшеліктерін анықтайды; хромосомдық аберрацияның этиологиясын, патогенезін түсіндіреді; білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардағы клиникалық бұзылулардың негізін құрайтын тұқым қуалайтын хромосомдық және генетикалық аурулар туралы ақпаратты жинақтайды.

  • Код ON5

    Алдыңғы қатарлы білімге негізделген медицина ғылымының зерттеліп отырған салаларында білім мен түсінушілікті көрсетеді. Орталық жүйке жүйесінің құрылымдық ерекшеліктерін анықтайды; жүйке жүйесі ауруларының этиологиясын, патогенезін және клиникалық көріністерін ажыратады; неврологиялық бұзылыстарды диагностикалау және түзету әдістерін практикалық қызметте қолдана алады. «Психикалық бұзылулар» ұғымын анықтайды, жас кезеңдерінің ерекшеліктерін, даму дағдарыстары мен қауіп факторларын ескере отырып, психикалық бұзылыстың ерекшеліктерін ажыратады.

  • Код ON6

    Балалар дамуындағы нейропсихологиялық негіздердің мәнісін түсінеді және білімдерін кәсіби деңгейде қолданады, балалардың танымдық саласының дамуына, сенсорлық интеграцияға және т. б. қатысты дәлелдерді тұжырымдайды. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардағы бұзылулардың нейропсихологиялық негіздерін сипаттайды; білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардағы негізгі бұзылыстарды жіктейді; балалық шақтағы сөйлеу бұзылыстарын кешенді нейропсихологиялық диагностикалау және түзету әдістерін қолданады; білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардағы сөйлеу бұзылыстарының алдын-алу шараларын ұсынады.

  • Код ON7

    Ұсынылған психологиялық-педагогикалық сипаттамалар негізінде атипті даму санаттарын айқындайды; білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім сапасын жақсарту бойынша мақсатты көмек стратегиясын құрады; диагностика жүргізуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, психологиялық-педагогикалық, логопедтік тексеру нәтижелерін талдайды, логопедтік қорытындыны тұжырымдайды және негіздейді, осы негізде түзету-дамыту жұмысын жоспарлайды. Әріптестермен, ата-аналармен және білім алушылармен жұмыс жасауда коммуникативтік дағдыларды көрсетеді.

  • Код ON8

    Арнайы және инклюзивті білім беру саласында, оның ішінде логопедиялық бағыт бойынша жеке ғылыми зерттеу әдістерін және академиялық жазуды біледі, дағдыларын қолданады, таңдаған мамандығы бойынша одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары бар. Оқу қызметін бағалау критерийлерін негіздейді; эксперименттік зерттеулердің нәтижелерін талдайды және қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді бағалайды; арнайы педагогика және логопедия саласындағы білімді пайдалана отырып кешенді зерттеулерді жобалайды және жүзеге асырады; курстық және дипломдық жұмыстар түрінде есептік құжаттаманы дайындау және алынған деректерді қорыту тәсілдерін меңгерген.

  • Код ON9

    Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды математикаға, тіл пәндеріне, бейнелеу өнеріне, еңбек қызметіне, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға, заттық-тәжірибелік әрекетке үйрету, физикалық тұрғыдан дамыту, қоршаған ортамен таныстыру жұмыстарын жоспарлайды, әзірлейді және ұйымдастырады; білім беру жүйесінде логопедия сабақтары мен жеке сабақтар өткізуді ұйымдастырады және жобалайды; жеке көмекке мұқтаж білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалармен сабақтың перспективалық жоспарларын, жеке даму бағдарламаларын әзірлейді. Ата-аналармен ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізеді, ерте жаста сөйлеу бұзылысының құрылымы мен ауырлығын анықтау үшін логопедиялық тексеру жүргізеді, логомассаж және логоритмика жұмыстарын жүргізеді.

  • Код ON10

    Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама жасайды; білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың психикасы мен жеке басының қалыптасуының өзіндік ерекшелігін түсіндіреді; әлеуметтік қызметтердің қызметін талдайды және әртүрлі профильдегі мамандардың (арнайы педагог, логопед, әлеуметтік педагог, психолог, физиотерапия нұсқаушысы және медицина қызметкері) бірлескен өзара әрекеттесу бағытын әзірлейді; сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамаларын талдайды; зерттеу мақсаттарына сәйкес келетін логопедиялық әдістер кешенін жоспарлайды және таңдайды; зерттеу мақсаттарына сәйкес келетін толық логопедиялық қорытынды жасайды. Әр түрлі психологиялық-педагогикалық жағдайларда тиімді қарым-қатынасқа түседі, білім беру ортасындағы субъектілермен кәсіби қарым-қатынас жасау дағдыларына ие.

  • Код ON11

    Білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастырады; білім алуда ерекше қажеттіліктері балалармен бірге оқитын оқу топтарымен (сыныптармен) өзара іс-қимыл жасайды; үйде оқитын балалардың мүмкіндіктері мен даму жағдайын ескере отырып, жеке-сараланған тәсілді қолданады; психологиялық-педагогикалық диагностика нәтижелері негізінде түзету-дамыту жұмысын жоспарлайды, оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді таңдайды; әлеуметтендіру тәсілдерін айқындайды; отбасылармен сындарлы өзара іс-қимыл жасайды, консультациялық көмек көрсетеді; ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арнайы және инклюзивті білім берудің негізгі мәселелерін талдайды; тиісті түзету-дамыту және психологиялық-педагогикалық шешімдерді ұсынады; оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі әдістерін айқындайды, білім беру ұйымдарының әртүрлі типтерінде оқу-тәрбие процесін жоспарлай, басқара және жүзеге асыра алады.

  • Код ON12

    Инновациялық және IT-технологияларды қолдана отырып, оқу процесін ұтымды ұйымдастырады. Қашықтықтан білім беру технологияларын көрсетеді, қашықтықтан оқыту әдістерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, онлайн-сервистерді, мектептегі білім беру жүйесінде қашықтықтан оқытуға арналған платформаларды қолданады. Білім беру процесінде қолданылатын озық технологияларды зерттеуді өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары бар.

Top