Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D02301 Филология в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Пәнде ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі түсініктері, зерттеу жүргізудің ғылыми әдістері, түрлі ғылыми зерттеу жүргізуде қолданылатын әдістер тобын таңдаудың негізделуі, пәндік зерттеу саласына қатысты жалпы ғылыми, формальді-логикалық, пәнаралық зерттеу әдістері, ғылыми-зерттеу практикасының негізгі мәселелері қарастырылады. Пән зерттеу жұмысын жүргізу барысында пәндік зерттеу саласына қатысты ғылыми-зерттеу әдістерін, ғылыми-зерттеу жұмыс нәтижелерінің нақтылығы мен оның тиімділігін бағалау әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық жазылым
    Несиелер: 4

    Пәнде ғылыми мәтіннің құрылу принциптері мен тәсілдері, әр түрлі жанрдағы (ғылыми, ғылыми-оқу және т.б.) ғылыми мәтіндерді құру ережелері, ғылыми мәтіндерді жариялау үшін құру және редакциялау, белгілі бір ғылыми қызмет саласындағы академиялық дәстүрдің ерекшеліктері қарастырылады. Докторанттардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде жеткізе білу, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық мәтіндеді құру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселелері
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты – докторанттардың әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық ұстанымдары мен ғылыми негіздері аясында зерттеу жүргізуін қамтамасыз ететін құзіреттіліктер қалыптастыру. Әдебиет тарихын дәуірлеудің ғылыми критерийлері. Географиялық, тарихи, тарихи-салыстырмалы, аналитикалық тәсілдер. Әдебиет тарихын дәуірлеудің гетерогенді, тарихи-азаматтық, хронологиялық ұстанымдары. Жанрлық прициптер. Дәуірлерді бағыттар мен ағымдар тұрғысынан жіктеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Лингвистикадағы сандық трансформация
    Несиелер: 5

    Цифрлық технологиялардың даму дәуірінде тілді зерттеудің жаңа нысандары пайда болуда: миллиондаған мәтіндер топтамасы, тарихи мәліметтер базасы, сандық мұрағаттар, тіл туралы үлкен мәліметтер жиынтығы бар электронды мұражайлар. «Лингвистикадағы сандық трансформация» курсы цифрлық деректермен жұмыс істеудің заманауи құралдарын, оларды гуманитарлық зерттеулерде пайдалану технологиялары және мәдени мұраны цифрлық түрде сақтау әдістерін игерген мамандарды дайындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тарихи мәтіндерге тілдік талдау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – докторанттарға тілдің тарихи дамуын айқындайтын көне жәдігерлерге тілдік тұрғыдан талдау жасата отырып, ұлттық тілдің даму сипатын бағамдай алатын құзыреттілік қалыптастыру. Әр дәуір ескерткіштері тілінің фонетикалық даму сипаты: дыбыстардың жіңішкеру үдерісі, жаңа артикуляциялық, акустикалық базаның қалыптасуы, лексикалық бірліктердің семантикалық дамуы, семантикалық дамудағы түркілік таным мен уәждеме, жалпы грамматикалық жүйесі, стилі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиеттанудың жаңа тенденциялары мен бағыттары
    Несиелер: 5

    Әдебиеттану ғылымының бүгінгі келелі мәселелерін жан-жақты талдау, түсіндірумен қатар, оларды соңғы жылдары жарық көрген монографиялармен, зерттеу мақалалармен таныстыру, мәнді маңызды еңбектерді конспектілеу, бүгінгі әдебиеттану бағытын аңғартатын пікірлермен, негізгі идея, басты ағымдарды түсіндіру, өзара салыстыру, алда тұрған өзекті мәселелерді айқындау, зерттеудің жаңа әдістемелері мен әдіс-тәсілдерін іздестіру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Грамматикадағы жаңа бағыттар
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - қазақ тілінің коммуникативті грамматикасы саласындағы негізгі кәсіби құзыреттіліктерді қазіргі қазақ тілінің коммуникативті грамматикасының басты бағыты ретінде қалыптастыру. Ол қазақ грамматикасының ерекшеліктерін құрылымдық-жүйелік бірлікте функционалды тұрғыда зерттейді. Функционалды коммуникативті грамматиканың негізгі бөлімдері, ғылыми зерттеуді жүзеге асыру үшін қолданылатын лингвистикалық талдау әдістері, фактілерді тілдік талдау және функционалдық аспектіде түсіндіру алгоритмі қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Код ON2

    Академиялық мәтінді дайындау, жазу және редакциялаудың негізгі қағидаларын, ережелерін, нормаларын біледі..

  • Код ON6

    Филология ғылымындағы концепция, теория мен бағыттарға, құбылыстар мен үдерістерге сыни тұрғыдан талдау жасай алады.

  • Код ON1

    Ғылым дамуының негізгі принциптерін, тіл білімі мен әдебиеттанудың жаңа бағыттарын біледі

  • Код ON4

    Әртүрлі ғылым шеңберінде алған білімдерін кіріктіріп, зерттеушілік, эмоционалды және әлеуметтік интеллектісін, кәсіпкерлік дағдыларын дамытады;

  • Код ON5

    Тұлғааралық коммуникация, лингвистикалық және әдеби мәтінді талдауға байланысты білім негіздерін тәжірибеде қолданады.

  • Код ON3

    Жаһандану мен интеграция жағдайында отандық ғылым дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын, ғылыми танымның әдіснамасын, әлемдік және қазақстандық ғылым жетістіктерін сараптайды.

  • Код ON7

    Өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында іргелі отандық және шетелдік ғылым жетістіктеріне талдау жасап, қолданады.

  • Код ON8

    Ғылыми жұмыс жүргізу әдістері мен құралдарын біледі, зерттеу жұмыстарын дайындауда және оның нәтижелерін өңдеуде қолданады.

Top