6B04201 ҚҰҚЫҚ в Астана халықаралық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Құқық саласында білімді, қазіргі еңбек нарығының талаптарына толықтай жауап беретін, лидерлік қасиетке ие, бәсекеге қабілетті, мемлекеттік басқару және құқықтану саласында цифрлық технологияларды игерген жоғары деңгейде кәсіби білікті заңгер-менеджерлерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы Астана халықаралық университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B049 Құқық
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзілік тарих және Құқық негіздері
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B042 Құқық
Пәндер
-
Рим құқығы
Пән рим құқығының қалыптасуы мен дамуын, жалпы қағидаларын оқытуға бағытталған. Пәнде Рим құқығының қалыптасуына мәні ерекше саналатын 12 таблица заңдары, Солон заңдары, Ульпиан мен Юстиниан заңдарының табиғаты, принциптері оқытылады. Сонымен қатар, Рим құқығының қазіргі заманғы романо-германдық құқықтық жүйенің қалыптасуына ықпалы үйретіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мемлекет және құқық теориясы
Пән мемлекет және құқықтың пайда болу, даму заңдылықтарын үйретуге бағытталған. Мемлекет механизмі, мемлекет нысаны, мемлекет типологиясы және мемлекеттің функциялары үйретіледі. Пәнде құқықтың мәні, табиғаты, белгілері, принциптері үйретіледі. Сонымен қатар, құқықтық нормалар, оның құрылымы, нормативтік-құқықтық актілердің иерархиясы, құқық бұзушылық, құқықтық сана мен мәдениет үйретіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Халықаралық жария құқық
Пән әлемдік қоғамдастық субъектілері арасындағы құқықтық қатынастарды, адам құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдерін, гуманитарлық құқықты, халықаралық экологиялық құқықты, халықаралық құқықтағы жауапкершілікті зерттеуге бағытталған. Курстың мақсаты - ұлттық құқықтық жүйеге кіретін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен қатар, қағидалардың мазмұны мен мақсатын зерттеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы
Пән Қазақстан Республикасының конституциялық құқының қалыптасуы мен даму тарихын, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің құрылысы мен нысаны және оның конституциялық негіздерін оқытады. Сонымен қатар, билік тармақтары, президент, заң шығарушы, атқарушы, сот билігі, жергілікті басқарудың конституциялық негіздерін оқытуға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы
Пән сайлау заңнамасын және Қазақстан Республикасындағы сайлауды реттейтін құқықтық нормаларды, сондай-ақ халықаралық сайлау стандарттарын зерттеуге бағытталған. Сонымен қатар, әділ, тең сайлаудың стандарттары, сайлау процесінің принциптері мен кезеңдері, сайлау жүйелерінің ерекшеліктерін үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу
Пән Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың мәнін, әдістерін, ұйымдастырылуын, принциптері мен механизмдерін үйренуге бағытталған. Курстың мақсаты - кәсіби менеджерлердің жаңа буынын даярлау үшін қажет мемлекеттік басқару негіздері мен оны жетілдіру бағыттарын білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Демократия және адам құқықтары
Пән демократиялық мемлекеттің мәні мен мазмұнын, адам құқықтарының бүгінгі жалпы ұғымдарын үйретуге бағытталған. Демократиялық қоғамда адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың жүйесі механизмдері үйретіледі. Адам құқықтарын қорғаудың қазіргі заманғы тенденциялары мен мәселелері қарастырылатын болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тұрғын үй құқығы
Пән тұрғын үй саласында құқықтық қатынастарды, осы саланы реттейтін нормативті-құқықтық актілерді жүйелі түрде оқытуға бағытталған. Тұрғын үйге меншік құқығының пайда болуы мен тоқтатылуының негіздері, сондай-ақ азаматтардың тұрғын-үй қатынастарындағы құқықтары мен міндеттері, осы саладағы мемлекеттік органдардың қызметі оқытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бизнестің құқықтық ортасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама
Пән өз қызметінде қолдануға арналған нормативтік құжаттарды зерделеуге, кәсіби мәселелерді шешуде жүйеленген теориялық және практикалық білімдерді пайдалануға бағытталған, қоғамның әл-ауқаты мен мемлекет қауіпсіздігі үшін сыбайлас жемқорлықтың қаупі туралы білім береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өмір қауіпсіздігінің негіздері
Курс қауіпсіздік мәдениетін дамытуға, күнделікті өмірде, қауіпті жағдайларда, оның ішінде табиғи, техногендік және биологиялық-әлеуметтік сипаттағы қауіпсіз жүріс-тұрысқа дайындалуға, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға, алғашқы көмек көрсету дағдыларын және қорғаныс туралы негізгі білім алуға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Отбасы құқығы
Пән отбасы, неке және балалардың, ана мен әке болудың негізгі әлеуметтік-құқықтық институттарын реттейтін заңнаманы оқытуға бағытталған. Отбасы құқығы пән ретінде отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды құқықтық реттеу саласындағы жүйеленген білім болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім)
Пән қылмыстық құқықтың негізгі ұғымдары, қағидалары және институттарын оқытуға бағытталған. Сонымен қатар қылмыс ұғымы және оның құрамы, жаза, жазаның мақсаты, жаза тағайындау негіздері, қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қылмыстық жауаптылық, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату т.б. оқытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономикалық теория және оның қазіргі мәселелері
Курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға ықпал етеді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғам өміріндегі құбылыстар мен процестердің логикасы мен өзара байланысын түсінуге, алған білімдерін практикалық қызметте қолдана білуге көмектеседі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (Жалпы бөлім)
Пән азаматтық құқық пен азаматтық құқық ғылымдарын оқытуға бағытталған. Азаматтық-құқықтық оқыту курсы азаматтық құқықтың пәні мен әдісіне, азаматтық заңдар мен басқа да құқықтық актілердің мазмұнына, қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу механизміне, қалыптасуы мен дамуын реттейтін заңдарға қатысты азаматтық заңнаманың ережелері мен тұжырымдарын анықтайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім)
Пән қылмыстық деп танылған әрекеттердің ауқымы мен белгілерін, сондай-ақ қылмыстардың нақты белгілері үшін қарастырылған жазаның түрлері мен шектерін анықтайтын қылмыстық заңмен белгіленген нормалардың жиынтығын зерттеуге бағытталған. Олар адамға, меншікке қарсы, конституциялық құрылыстың негіздеріне және мемлекет қауіпсіздігіне қарсы және т.б. қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы
Пән атқарушы билік органдарының құрылымы мен жүйесін, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауаптылық пен жазаның негіздерін үйренуге бағытталған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік жаза тағайындау негіздерін, әкімшілік жауаптылық пен жазаның мақсатын және қағидаларын үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (Ерекше бөлім)
Пән азаматтық-құқықтық шарттардың негізгі түрлерін, азаматтық құқықтың ерекше бөлімінің басты институттарын оқытуға бағытталған. Пән азаматтық дауларды шешуде азаматтық құқық нормаларын қолдануға ықпал етеді. Азаматтық құқықтың Ерекше бөлімінің жүйесі мен оның институттары туралы білімді қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ҚР кәсіпкерлік құқығы
Пән кәсіпкерлік қызмет барысында дамитын әлеуметтік қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды оқытуға бағытталған. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері мен осы саладағы негізгі құқықтық институттар үйретіледі. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызмет түсінігі; кәсіпкерліктің құқықтық реттелу негіздері және оның құқықтық мәртебесі оқытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Корпоративті құқық
Пән кәсіпорындар мен корпорацияларды ұйымдастыру мен қызметінің принциптерін реттеудегі құқықтық қатынастарды және заңнаманы оқытуға бағытталған. Сонымен қатар, корпоративтік құқық ұғымы, оның институттары анықтамалар, түсініктер мен теориялар, корпоративтік дауларды шешу жолдары оқытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы
Пән еңбек құқығы субъектілерінің құқықтық мәртебесін, еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастарды оқытуға бағытталған. Еңбек пен жұмыспен қамтудың құқықтық реттелуін, еңбек шартының түсінігі мен оның түрлерін, Қазақстан Республикасында еңбек шартын жасау тәртібін, еңбек ақы мен жалақы және т.б. еңбек құқығы институттарын оқытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Парламенттік құқық
Пән Қазақстан Республикасында заң шығарушы билікті жүзеге асыратын Парламенттің және оның депутаттырынң конституциялық мәртебесін, қызметін тереңдете оқытуға бағытталған. Сонымен қатар, пән Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуын, парламенттік бақылау мен парламанеттік демократияның дамуын оқытуға бағытталған. Пәнді оқу барысында парламентаризм институты жетілген елдердің озық тәжірибесі де оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының сақтандыру құқығы
Пән сақтандыру қызметін ұйымдастырудың және жүзеге асырудың құқықтық негіздерін кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде зерттеуге бағытталған. Курстың пәні сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық құқықты да, жеке құқықтық қатынастарды да қамтиды. Сондай-ақ, сақтандыру нарығына қатысушылардың құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері, сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалау оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының жер құқығы
Пән жер құқығының жалпы бөлімінің негізгі ережелерін оқытуға бағытталған. Жер құқығы пәнінде осы пәннің әдісі, жүйесі, жер құқығы қатынастарының түсінігі мен ерекшеліктері, жер құқығының тарихы және оның қайнар көздері, әдістемелік және т.б. оның қалыптасуы мен дамуындағы жер құқығының теориялық негіздері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының банк құқығы
Пән банктік жүйені, банктік қызметті, Қазақстан Республикасының банктік заңнамасын оқытуға бағытталған. Курстың пәні банк саласында туындайтын мемлекеттік құқықты да, жеке құқықтық қатынастарды да қамтиды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің реттеуші, бақылау және қадағалау функциялары оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
Пән құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның генезисін, даму негіздерін оқытуға бағытталған. Пәнді меңгеру барысында билік тармақтарының тепе-теңдік және тежемелік қағидасы, адам құқықтары мен бостандықтары жүйесі, тәуелсіз сот билігі, құқықтың үстемдігі, азаматтық қоғамды нығайту, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың қызметінің құқықтық негіздері оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы
Пән қылмыстық сот ісін жүргізудің түрлері мен сатылары; қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері; соттық дәлелдеудің мақсаттары мен ерекшеліктері, азаматтардың құқықтарын қорғау нысандары. Тиімді коммуникация дағдыларын алу, құқық пен заңға құрметпен қарауды қалыптастыру, заңнаманы талдай білу, фактілер мен жағдайларды дұрыс заңдық тұрғыдан саралауды оқытуға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының ақпараттық құқығы
Пән Қазақстан Республикасындағы ақпараттық саладағы қатынастарды құқықтық реттеу жүйесін оқытуға бағытталған. Сонымен қатар азаматтардың ақпараттық қажеттіліктерін қауіпсіз қанағаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған заманауи ақпараттық технологияларды қолдану жағдайында ақпараттық ресурстарға қатысты ақпараттық қызмет пен қатынастарды құқықтық реттеу, ақпараттық жүйелер мен желілердің қызметі саласындағы білімді қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы
Пән экологиялық құқықтың пәні мен әдісін, экологиялық құқық жүйесін, құқықтық реттеудің объектілері мен принциптерін, экологиялық құқықтық қатынастардың мазмұнын оқытуға, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұйымдастырушылық және экономикалық механизмдерді зерттеуге бағытталған. Адамның және азаматтың экологиялық-құқықтық мәртебесі, табиғи ресурстарға меншік құқығы, экологиялық құқық бұзушылықтар үшін заңды жауапкершілік негіздері оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы
Пән азаматтық іс жүргізу теориясын қолданыстағы азаматтық іс жүргізу заңнамасымен және сот практикасымен ұштастыра оқытуға бағытталған; Азаматтық процестік кодексте белгіленген тәртіппен азаматтық іс жүргізу әрекеттерін орындау үшін азаматтық іс жүргізу нысанын игеру; іс жүргізу құжаттарын құру дағдыларын дамыту; азаматтық айналымда туындайтын жағдайларды шешу үшін азаматтық іс жүргізу ережелерін қолдану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет елдердің конституциялық құқығы
Пән құқықтық жүйесі озық, дамыған демократиялық елдердің конституциялық құрылысы мен құқығын тереңдете оқытуға бағытталған. Пәнді оқу барысында Қазақстан Конституциясын қабылдауда үлгі ретінде алынған француз конституциясы, АҚШ конституциясы, Германия, Швейцария, Италия, Жапония, Оңтүстік Кореяның конституциялық жүйелері меңгеріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Келісімшарт құқығы
Пән азаматтық құқықтың негізгі институты ретіндегі келісімшарт туралы жалпы ережелерді, оның азаматтық-құқықтық жүйесіндегі орнын, құқықтық табиғатын, шарттардың түрлерін, шарт тараптарының құқықтары мен міндеттерін тереңдете оқытуға бағытталған. Сонымен қатар келісімшарттардың құқықтық күші, келісімшарттық құқықты зерттеу шеңберінде ішкі заңнамамен реттелмеген шарттардың жаңа түрлері оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақстан Республикасының қаржы құқығы
Пән қаржы құқығының маңызды институттарын зерттеуге бағытталған: қаржы, қаржылық қызмет, қаржы жүйесі, қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері, қаржылық құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қаржы құқығының ерекше бөлімі институттарын оқытуға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қылмыстық іс жүргізу бойынша практикум
Пән қылмыстарды тергеу кезінде қылмыстық іс жүргізу құжаттарының мазмұны мен жіктелуі: қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі іс жүргізу құжаттары; тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қойылатын жалпы талаптар; қылмыстық жауапкершілікке тарту кезіндегі іс жүргізу құжаттары бойынша студенттерді заңдық маңызы бар құжаттарды құрастыра білуге үйрету бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Адам құқықтарын қорғау механизмдері
Пән адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық механизмін тереңдете оқытуға бағытталған. Пәнді оқу барысында адам құқықтары мен бостандықтарының халықаралық стандарттары, халықаралық, аймақтық және ұлттық жүйелердің ерекшеліктері, адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың мәселелері тереңдете қарастырылатын болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Нотариат және атқарушылық іс жүргізу
Пән Қазақстан Республикасындағы нотариаттың қызметін үйренуге бағытталған. Білікті заң көмегін көрсетуде нотариалдық қызмет, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету - мамандандырылған мемлекеттік органның атқарушылық құжаттардың заңды күшіне енгендерді мәжбүрлеп орындауға бағытталған процедуралық іс-әрекеттерін оқытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақстан Республикасының энергетикалық құқығы
Пән энергетикалық ресурстарды, энергияның әртүрлі түрлерін өндіру, түрлендіру, беру және пайдалануды қамтитын ұлттық экономика саласы болып табылатын энергетика саласында дамып келе жатқан қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін оқытуға бағытталған. Энергетикалық құқық - мұнай және газ, көмір өнеркәсібі, атом және су электр станцияларынан алынатын электр энергиясы салаларын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді оқытуға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Азаматтық іс жүргізу бойынша практикум
Пән іс жүргізу нормаларын қолдану, істерді шешу дағдыларын дамытуға, процессуалдық құқықтық қатынастар субъектілерінің мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша ситуациялық міндеттерді шешу дағдыларын дамытуға бағытталған. Заңгерлердің кәсіби құзіреттілігі - процессуалдық құжаттарды дайындау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
ҚР Әкімшілік іс жүргізу құқығы
Пән әкімшілік-процестік рәсімдерге қойылатын заманауи талаптарды зерделеуге және студенттердің процестік құжаттармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеру мүмкіндігіне бағытталған. Сондай-ақ, әкімшілік құқықты зерттеу кезінде алынған білім негізінде әкімшілік іс жүргізу құқығын тереңірек зерттеу, әкімшілік-юрисдикциялық өндірістердің әкімшілік процесс жүйесіндегі әкімшілік өндірістің басқа түрлерімен арақатынасын түсіну, студенттерді іс жүргізу тәртібімен таныстыруғы бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Адвокатура және заң кеңесі
Пән адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметін меңгеруге, оның көмегімен жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін, адвокаттардың құқық қолдану мәселелерін шешуге қатысу формаларын ұсынуға бағытталған. Заң консультанттарының қызметі қолданыстағы заңнама шеңберінде зерделенеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ҚР құқық қорғау органдары
Пән білім алушыларды ҚР құқыққорғау органдарының жүйесін құқықтық табиғатын, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмысқа қарсы күрес функцияларын және оларды іске асыру үшін көзделген құқық қорғау қызметін қамтамасыз ету жөніндегі құқықтары мен міндеттерін ескере отырып, оның тағайындалуын айқындауда кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша халықаралық -құқықтық тәжірибе
Аталған пәнде студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша шет елдердің тәжірибесін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте заңнаманы жетілдірудің негіздерін оқиды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша заңнаманы талдау, қорыту және негіздеу қабілетін жетілдіру оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ҚР транспорттық құқығы
Пән көлік құралдарымен тасымал, қолдану және өзге де құқықтық қатынастарды реттейтін заңнама жүйесін тереңдете оқытуға бағытталған. Тасымалдау процесін жүзеге асыру үшін көлік құралдарын пайдалану бойынша қызметтер көрсетуге байланысты туындайтын көлік компаниялары мен клиенттер арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін көлік құқығының пәні туралы білімді қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сот риторикасы
Пән аудиторияға қажетті әсер ету үшін сөйлеудің құрылымын және көпшілік алдында сөйлеу әдіс-тәсілдерін үйретуге бағытталған. Көпшілік алдында сөз сөйлеуді дайындау және орындау мәнерін меңгеруді, түсінікті, қызықты, дұрыс және сенімді сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Жалпы риторика - бұл сөйлеуді дайындаудың, құрудың және сөйлеудің жалпы ережелерін оқытуды қамтиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасындағы медиацияның құқықтық негіздері
Пән медиацияны қолдану жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны дауларды реттеудің баламалы тәсілі ретінде зерделеуге бағытталған; медиацияның түсінігі мен мәнін ашады; медиацияны жүргізудің шарттары мен ережелерін зерделейді; медиация қағидаттарын түсіндіреді. Қолданбалы сипаттағы пәндермен, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, әкімшілік құқықпен пәнаралық байланысы бар.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы
Пән қылмыстық-атқару құқығы саласындағы базалық білімді зерделеуге, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі институтының рөлін, маңызы мен міндеттерін дұрыс түсінуге. Қылмыстық сот актілерінің шешімдерін орындау тәртібі. Қылмыстық-атқару жүйесіне қатысушылардың құқықтық режимі анықтап оқытуға бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Криминалистика
Пән криминалистикалық техниканың жалпы ережелері, қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесі, студенттерді жеке тергеу әрекеттерін, нақты қылмысты тергеу барысында тактикалық-криминалистикалық комбинациялар мен тактикалық операцияларды жүргізудің тактикалық-криминалистикалық тәсілдері мен әдістерін оқытуға, үйретуге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының салық құқығы
Пән салық заңнамасының теориясын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын оқытуға бағытталған. Курстың пәні салық міндеттемелерінің туындауына және орындалуына байланысты қатынастарды, сондай-ақ салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелерін қамтиды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы салық салудың конституциялық негіздері, принциптері, қосарланған салық салуды жою мәселелері оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
ҚР кеден құқығы
Пән Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеудің құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негіздерін оқытуға бағытталған. Курстың пәні кеден саласына ықпал ететін мекемелер мен қызмет түрлерін (кеден органдары мен кеден қызметі, кедендік және кедендік тарифтік реттеу, кедендік құқық бұзушылықтар) қамтиды. Сондай-ақ, ЕАЭО-дағы бірыңғай кедендік реттеу, ЕАЭО кеден заңнамасы мәселелері оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Криминология
Пән криминология ғылымының негізгі ережелерін, ішкі істер органдарының құқық қорғау ерекшеліктеріне қатысты қылмыстың жекелеген түрлерінің сипаттамаларын зерттеуге бағытталған. Криминология оқу пәні ретінде болашақ мамандарға қажет криминологиялық теорияның жалпы мәселелерін ғана емес, сонымен қатар қылмыстың жекелеген түрлерінің алдын алуға қатысты нақты мәселелерді де зерттеуді қамтиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құжаттарды даярлаудың заңи техникасы
Пән құжаттарды дайындаудың құқықтық техникасын меңгеруге бағытталған. Пәннің мақсаты - құжаттарды құрастырудың құқықтық техникасын түсіну қабілетін қалыптастыру; құқықтық актілер мен құжаттарды дайындау тәсілдерін және әдістерін меңгеру; құқықтық құжаттарды жүйелеу және есепке алу процесін бағалау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің құқықтық негіздері
Мемлекеттік қызмет ұғымының теориялық-құқықтық танымын, мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы ұғымының мазмұнын үйретеді. Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы саралауды, өзекті мәселелеріне қатысты құқықтық таным қалыптастырады.Мемлекеттік қызмет, белгілі бір адамдар арқылы, елдегі әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістерді қамтамасыз етеді. Себебі ол мемлекеттік биліктің іске асырылуында маңызды рөл атқарады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу құқығы саласындағы білім мен дағдыларды қолдану және Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесінің негіздерін білу. Қылмыстық құқық пен процестің негізгі категорияларын білу: қылмыс, құқық бұзушылық, жаза, қылмыс құрамы туралы негізгі түсініктерді және қылмыстық жазаны қолдану арқылы жеке адамды және қоғамды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінің құқықтық негіздерін білу; қылмыстық сот төрелігін жүзеге асыруды меңгеру.
- Нотариустар мен атқарушылық іс жүргізу саласындағы құқықтық менеджмент дағдыларын меңгеру, сондай-ақ адвокаттар алқасы мен заң консультанттарының қызметін құқықтық реттеу саласындағы білімге ие болу.
- Салық, қаржы, банк, кеден, сақтандыру, еңбек, энергетика, транспорт, ақпарат, жер және экологиялық құқық саласындағы мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу және құқық қолдану дағдыларына ие болу.
- Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің құқықтық реттеу негіздерін, мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық негіздерін және мемлекеттік қызметшілердің этикасын білу. Мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін өкілдік ету негіздерін меңгеру. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің құқықтық негіздерін білу.
- Әкімшілік, әкімшілік іс жүргізу құқығы және халықаралық жария құқық саласындағы білім мен дағдыларды қолдану, халықаралық және ұлттық құқықтың нормативтік актілерімен жұмыс жасау дағдыларын көрсету.
- Отбасы, тұрғын үй, кәсіпкерлік құқық саласындағы құқықтық реттеу бойынша білім мен терминологияны меңгеру, медиацияның құқықтық базасы бойынша құзыретке ие білу.
- Нормативтік құқықтық актілерді құқық қолдану тәжірибесінде талдай және қолдана алу, кәсіби қызметте материалдық және процессуалдық құқық нормаларын енгізе алу, құқық қорғау органдарының жүйесін білу.
- Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы саласындағы білім мен дағдыларды қолдану, Рим құқығының негіздерін білу, сондай-ақ корпоративтік және келісім-шарттық құқықтық қатынастарды құқықтық реттеуді, сондай-ақ сот пен басқа қатысушылар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды білу. Азаматтық құқықтық қатынастарда сот төрелігін жүзеге асыру.
- Мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы және жұмыс істеу заңдылықтары, басты құқықтық түсініктерін, сондай-ақ келесідей бұқаралық құқық салаларының негізгі тұжырымдарын біледі: ҚР және шетелдердің конституциялық құқығы, парламенттік құқық, сайлау құқығы. Құқықтық мемлекеттің, азаматтық қоғамның негізгі принциптері, сондай-ақ адам құқықтарын қорғаудың демократиялық механизмі туралы білімге ие болады.
- Криминология және криминалистика саласында білімге ие болу.
- Өз қызметінде нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалануға дайын, қоғамның әл-ауқаты мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін сыбайлас жемқорлық болып табылатын қауіптілік туралы білімі бар, кәсіби міндеттерді шешу кезінде экономикалық ғылымның жүйелендірілген теориялық және практикалық білімін пайдалануға қабілетті болу.
- Төтенше жағдайлар жағдайында тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі заманғы теориясы мен тәжірибесі туралы білу.
Ұқсас БББ
6B04201 Халықаралық құқық
КИМЭП университеті
6B04201 Құқық
Шымкент университеті
6B04201 Құқықтану
M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti
6B04201 Құқықтану
Торайгыров университеті
6B04201 Құқықтану
Халықаралық білім беру корпорациясы
6B04201 Азаматтық, еңбек және кәсіпкерлік құқық
А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
6B04201 Құқықтану
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)
6B04201 Құқықтану
«Тұран-Астана» университеті
6B04201 Құқықтану
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B04201 Құқықтану
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
6B04201 Құқықтану
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B04201 Құқықтану
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B04201 Құқықтану
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
6B04201 Халықаралық құқық
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B04201 Қолданбалы құқық
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B04201 Құқықтану: құқық қорғау қызметі
Q UNIVERSITY
6B04201 Құқықтану
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B04201 Құқықтану: сот- прокурорлық қызмет
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B04201 Құқықтану
Қонаев университетi
6B04201 Құқықтану
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B04201 Құқықтану
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B04201 Құқықтану
«Тұран» университеті
6B04201 Құқықтану
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B04201 Құқықтану
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B04201 Құқықтану
Еуразия Технологиялық Университеті (ЕТУ)
6B04201 Құқықтану
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B04201 Құқықтану
Инновациялық Еуразия университеті
6B04201 Құқықтану
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
6B04201 Құқықтану
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B04201 Құқықтану
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B04201 Құқық
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B04201 Құқықтану
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B04201 Құқықтану
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B04201 Құқықтану
Алматы менеджмент университеті (AlmaU)
6B04201 Құқықтану
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті