Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05101 Биология в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Жасуша биологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мазмұны студенттерде жасушаның құрылысы мен физиологиясының негізгі заңдылықтары, ағзадағы негізгі ұлпалар жүйесі мен жіктелуі туралы түсініктерді қалыптастырады. Жасушаның биология ғылымдарындағы орны мен рөлін дәйектеу және жоба бойынша жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету сипатталады. Пәнаралық білімдер интеграцияланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Биологияға кіріспе
    Несиелер: 4

    Пән тірі организмдердің тіршілік етуін, заңдылықтары мен көрініс беру формаларын, кеңістікте таралуын, тіршіліктің пайда болуы мен мәнін, дамуын, өзара байланыстарын және көптүрлілігін қарастырады. Биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді меңгеру, биологияның негізгі концепциялары мен даму перстпективаларын білу және ақпараттық ресурстарды кәсіби қызметте қолдану сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ботаника
    Несиелер: 6

    Өсімдіктердің құрылысы, дамуы, классификациясы, таралуы, табиғаттағы маңызы, таксономиялық категориялары, жеке және эволюциялық дамуы барысында қалыптасу процесі мен заңдылықтары қарастырылады. Өсімдіктер дүниесінің қазіргі жағдайы мен мәселелері, биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді білу, негізгі концепциялар мен даму перспективаларын меңгеру, тірі организмдердің түрлері, құрылысы мен тіршілік әрекеті, далалық бақылауды ұйымдастыру жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Микробиология
    Несиелер: 6

    Тірі ағзалар жүйесіндегі микроорганизмдердің рөлін, жалпы белгілері мен ультрақұрылымдық ұйымдасуын, алуантүрлілігін, дақылдау және өсуін, гетеротрофтар және автотрофтардағы энергетикалық, биосинтетикалық процестердің байланысын қарастырады. Микроорганзмдердің əртүрлілігі мен құрылымдық ерекшеліктерінің теориялық негіздерін, физиологиялық процестердің жүру механизмін білу, жүйелі ойлау негізінде білімдерін практикада қолдану сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Цитология және гистология
    Несиелер: 6

    Пәнді оқыту жасушаның құрылысы мен физиологиясының негізгі заңдылықтары, ағзадағы негізгі ұлпалар жүйесі мен жіктелуі, қызметі туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Жасуша мен ұлпалардың құрылысы туралы биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді, физиологиялық процестердің жүру механизмін білу, жүйелі ойлау негізінде білімдерін практикада қолдану көзделеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Білім алушыларда экономика және бизнес саласындағы құзыреттілікті, құқық негіздері туралы білімдері мен түсініктерін дамытады, ҚР Мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін, экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін, кәсіпкерлік дағдыларын, көшбасшылықты, т.б. білім алушының тұлғалық дамуын қалыптастыруға бағытталған пәнаралық білімді интеграциялау жолдарын сипаттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Молекулалық биология
    Несиелер: 6

    Молекулалық биология - бұл ағзаның тіршілік етудің молекулалық негіздерін зерттейді, зерттеулердің негізгі бағыттары, генетикалық ақпараттарды сақтау механизмдері, оларды іске асыру және тарату қарастырылады. Молекулалық биологияның қазіргі жетістіктері мен оның даму перспективалары, ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің молекулалық механизмін, заңдылықтарын білу, нәтижелерін және білімін практикада қолдану сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Биохимия
    Несиелер: 5

    Биохимия тірі организмдердің химиялық құрамын, олардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін химиялық процестерді, биологиялық қосылыстардың құрылымы мен қасиеттерін, ағзадағы химиялық айналуын, оның тіршілік әрекетінің физика-химиялық негіздерін қарастырады. Биохимиялық анализ негіздерін, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, ізденушілік-зеттеушілік әрекет дағдысын игеру, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Зоология
    Несиелер: 6

    Пән жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін, филогениясын, ұйымдасуын, экологиясын, негізгі таксондарының практикалық маңызын қарастырылады. Курста материалистік жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жануарлар патшалығының мегасистемасының қазіргі жағдайы мен мәселелері, биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді білу, негізгі концепциялар мен олардың даму перспективалары, жануарлардың түрлері, құрылысы мен тіршілік әрекеті, жануарларға далалық бақылауларды ұйымдастыру жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Биогеоценология
    Несиелер: 6

    Биогеоценология пәні биогеоценоздардың құрылысы мен қызметін, күрделі табиғи кешендерді, тірі организмдермен табиғат арасындағы өзара байланысты, бейорганикалық ортаның әсерін және онымен материалдық-энергетикалық байланыстарды қарастырады. Биологиялық жүйелердің ұйымдасу деңгейін, өсімдіктер және жануарлардың биологиялық жүйедегі ролін, табиғи ресурстарды қорғау шараларын айқындау және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Әлем флорасы мен фаунасы
    Несиелер: 6

    Пән өсімдіктер мен жануарлардың географиялық аймақтарға таралуының ғылыми негізін, тарихи қалыптасуының экологиялық, геологиялық және тарихи ерекшеліктеріне байланысты жеке сипаттамаларымен жан-жақты таныстырады. Флора және фаунаның тіршілік әрекеті туралы биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді, оларда жүретін физиологиялық процестердің жүру механизмін білу, ғылыми –зерттеу жұмыстары мен далалық бақылаулар ұйымдастыру көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Өсімдіктер физиологиясы
    Несиелер: 6

    Пән өсімдіктердің функционалдық белсенділігінің негізгі заңдылықтарын, су тепе- теңдігін сақтау, фотосинтез, тыныс алу, қоректену ерекшеліктерін, өсімдіктердің қозғалысын, өсу мен дамуын қарастырады. Өсімдіктердің тіршілік әрекеті туралы негізгі базалық түсініктерді, ғылыми ақпараттарды іздестіруді меңгеру, оларда жүретін физиологиялық процестердің механизмін білу, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін практикада қолданукөзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Прокариоттар физиологиясы
    Несиелер: 5

    Курс бактериялардың дақылдардағы өсуі мен дамуын, қоректік заттардың қажеттілік түрлері мен қабылдау механизмдерін, энергетикалық процестердегі субстраттың аэробты және анаэробты тотығуын, биогендік элементтердің трансформациясына қатысу жолдарын қарастырады. Прокариоттардың әртүрлілігі мен құрылымдық ерекшеліктерінің теориялық негіздері, физиологиялық процестердің механизмі және алған білімдерін практикада қолдануы сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Биология пәнін қашықтықтан оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Курста биологиядан қашықтықтан оқу әдістемесімен танысады. Қашықтықтан оқыту платформалары OnlineMektep, BilimLand арқылы видеосабақ жүргізуді, ZOOM, Cisco webex, Wooclap, Kahoot.it, Google Form платформаларымен тесттер шешуді, конференция сабақтарды, электронды журналды жүргізуді үйренеді. Қашықтықтан оқу материалдарын, цифрлық контенттерді әзірлеу, ізденушілік-зерттеушілік дағдылары мен шығармашылықтың әдіснамалық негіздерін меңгеру, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Геоботаника
    Несиелер: 6

    Геоботаника фитоценоздардың құрылымын, биотикалық қарым-қатынастарын, ішкі ортасының ерекшеліктерін, даму тарихын және фитоценоздарды классификациялаумен айналысады. Өсімдіктер дүниесінің қазіргі кездегі мәселелері, түрлері, құрылымдық ерекшеліктері туралы биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді, физиологиялық процестердің жүру механизмін білу және жүйелі ойлау негізінде білімдерін практикада қолдану сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат
    Несиелер: 6

    Кәсіби құзыреттілігін кеңейту және коммуникативтік талдамалық мәтіндік қызметпен байланысты құзыреттерді, ғылыми таным мен шығармашылықтың әдіснамалық негіздерін оқып-үйренуді, ғылыми зерттеу жұмыстары жүйесін зерделеуді, педагогикалық зерттеулердің бағытын таңдауды, ғылыми ақпараттарды іздестіруді, жинақтауды және өңдеуді, педагогикалық эксперимент мазмұнын, логикасын түзуді; зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қорытындылауды қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Биологиялық ғылыми жобаларды жоспарлау және ұйымдастыру
    Несиелер: 6

    Биология саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің жетістіктері мен даму перспективаларын түсінуін, өмірлік жағдайларда зерттеу есептерін шешуге дайындықтарымен байланысты жобалық іс-әрекет дағдыларын меңгеруін, оқу үрдісінде белсенді позиция, теориялық-қолданбалы ойлау типінің негіздерін қалыптастырады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, зерттеу нәтижелерін, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, ізденушілік-зеттеушілік әрекет дағдысын игеру көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Биология ғылымының тарихы
    Несиелер: 6

    Биология ғылымының тарихы пәні биологияның дамуын, теориялардың қалыптасуын, тірі организмдердің іргелі қасиеттерін мен даму заңдылықтарын зерттейді. Биологияны оқытуда тарихи мәліметтер мен жалпы кәсіби ақпаратты меңгеру және талдау, биологияның негізгі концепциялары мен даму перспективаларын білу көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Топырақ биологиясы
    Несиелер: 6

    Топырақтың құрылысын, құрамын, қасиеттерін, дамуының заңдылықтарын, географиялық таралуын, қоршаған ортамен байланысын, табиғаттағы маңызын, топырақты жақсарту және құнарсызданудан қорғауды қарастырады. Топырақтың құрамы, қазіргі экологиялық жағдайы туралы білімі мен түсініктерін қалыптастыру, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, ақпараттық ресурстарды кәсіби қызметте қолдану, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қолданбалы биология және топырақтану негіздерімен
    Несиелер: 6

    Топырақтың жалпы құрамын, физика-химиялық қасиеттерін меңгеру нәтижесінде тәжірибелік жер телімдеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға, ғылыми жұмыстарды жүргізу әдістерін меңгеріп, іс жүзінде қолдануға машықтандырады. Топырақтың экологиялық жағдайы туралы білімі мен түсінігін ғылыми-зерттеу саласында пайдалану, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, ақпараттық ресурстарды кәсіби қызметте қолдану, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақстанның дәрілік өсімдіктері
    Несиелер: 6

    Қазақстанда таралған дәрілік өсімдіктердің алуан түрлілігін, медицинада емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолдануды, олардың құрылысын, емдік қасиеттерін қарастырады. Дәрілік өсімдіктердің түрлерін, емдік қасиетін, құрылымдық ерекшеліктері туралы биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді, физиологиялық процестердің жүру механизмін білу және жүйелі ойлау негізінде білімдерін практикада қолдану сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Эволюциялық ілім
    Несиелер: 6

    Жер бетіндегі тіршіліктің дамуының себептері мен жолдары туралы ғылыми түсінікті қалыптастырады. Эволюция теориясын табиғи сұрыпталуға бейімделудің, түр түзілуінің, таксондар пайда болуының негізгі себебі ретінде қарастырады. Тіршіліктің дамуы туралы білімі мен түсініктерін көрсету, жалпы кәсіби ақпаратты меңгеру және талдау, биологияның негізгі концепциялары мен даму перспективаларын білу көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Адам анатомиясы
    Несиелер: 6

    Адам денесінің қалыптасуы мен дамуын, пішіні мен құрылысын, адам ағзасының жекелеген мүшелердің микроскопиялық құрылысын, органдардың құрылымдық ерекшеліктерін қарастырады. Органдардың анатомиялық құрылысын клеткалық және ұлпалық деңгейде зерттеу, биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді білу, зерттеу нәтижелерін қорытындылай білу көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Адам биологиясы
    Несиелер: 6

    Пәнді оқу студенттерде адамның пайда болуы, эволюциясы, олардың құрылымы, дамуы, көбеюі және тіршілік процестері туралы білім негіздерін қалыптастыруға бағытталған. Адам биологиясы туралы білімді қалыптастыру, биологиялық теориялар мен базалық ұғымдарды игеру, адам ағзасындағы физиологиялық процестердің жүру механизмін білу, ізденушілік-зерттеушілік дағдыларды меңгеру көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Паразитология
    Несиелер: 6

    Пәнді игерудің мақсаты - паразиттердің морфофизиологиялық ерекшеліктері, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы білімді қалыптастыру болып табылады. Пәнде паразитизмнің табиғаттағы басқа қарым-қатынас түрлерінің арасындағы орны, жануарлардың паразиттік өмір салтына бейімделуінің эволюциялық аспектілері, организмге тән физиологиялық процестердің жүру механизмі, жалпы кəсіби базалық ақпаратты меңгеру, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Териология
    Несиелер: 6

    Пәнді оқу барысында студенттер сүтқоректілердің түрлері, олардың морфологиясы мен физиология негіздері, таралуы, шығу тегі, жіктелуі, биосферадағы рөлі, өмір сүру кезіндегі бақылау әдістері, өсіру, таксономиялық зерттеулер, коллекциялау туралы түсініктерге ие болады. Сонымен қатар организмге тән физиологиялық процестердің жүру механизмі, жалпы кəсіби базалық ақпаратты меңгеру, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Адам физиологиясы
    Несиелер: 6

    Адам физиологиясы пәні ағзаның және оның жеке жүйелерінің тіршілік әрекетін қарастырады. Физиология ағзадағы физиологиялық функцияларды реттеу механизмдерін және оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын ашуға тырысады. Адам ағзасындағы физиологиялық процестердің жүру механизмі туралы білім алу, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүйелі ойлау негізінде білімді практикада қолдану қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Гистология және эмбриология негіздері
    Несиелер: 6

    Эмбриология организмнің жеке дамуының барлық процестерін, яғни онтогенезін, әртүрлі форма түзілу процестерінің молекулярлы, биохимиялық және генетикалық механизмдерін, ұрықтың субклеткалық және клеткалық ерекшеліктерін қарастырады. Эмбрионның құрылысын клеткалық және ұлпалық деңгейде зерттеу, биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді білу, зерттеу нәтижелерін қорытындылай білу көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Герпетология
    Несиелер: 6

    Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың экологиясы және ұйымдастыру ерекшеліктерін, жүйелеу, шығу тегі және филогениясы, сондай-ақ олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын қарастырады. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың түрлерін, құрылымдық ерекшеліктері туралы биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді, физиологиялық процестердің жүру механизмін білу және жүйелі ойлау негізінде білімдерін практикада қолдану сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Адам және жануарлар физиологиясы
    Несиелер: 6

    Пән адам мен жануарлар ағзасының өмірлік процестерін, оның физиологиялық жүйелерінің, жеке мүшелерінің, ұлпаларының, жасушаларының құрылысын және осы процестерді реттеу механизмдерін, сондай-ақ қоршаған орта факторларының өмірлік процестердің динамикасына әсерін қарастырады. Биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді, организмдегі физиологиялық процестердің жүру механизмін білу, ізденушілік-зерттеушілік дағдыларды меңгеру көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Орнитология
    Несиелер: 6

    Пән құстардың әр түрлі жүйелі топтарын, шығу тегі мен эволюциясының мәселелерін, түрлі жүйелі топтарының түрлік құрамын қарастырып, құстардың әртүрлі жүйелі топтарының диагностикалық белгілерімен таныстырады. Құстардың түрлерін, құрылымдық ерекшеліктері туралы биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді, физиологиялық процестердің жүру механизмін білу және жүйелі ойлау негізінде білімдерін практикада қолдану сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Нейрофизиология
    Несиелер: 6

    Нейрофизиология – нерв жүйесінің құрылысы мен қызметін зерттейтін физиология ғылымының бөлімі.Нерв клеткаларының қозуы, қозуды бір клеткадан екіншісіне өткізуі, рефлекстер, жарықты, дыбысты, сипап сезуді қабылдау әрекеттері туралы білім береді. Организмге тән функциялар мен физиологиялық процестердің жүру механизмін білу, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүйелі ойлау негізінде білімдерін практикада қолдану көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мектептегі оқыту мен бағалаудың жаңа тәсілдері
    Несиелер: 6

    Курста оқушылардың оқу жетістігін қалыптастырушы, жиынтық бағалау үдерісі арқылы жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысты мәселелер қарастырады. Оқу бағдарламасы мен оқу жоспарына, оқу мақсаттарына талдау жасап, бағалау критерийлерін құрастырады. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұнымен, құрылымымен, жиынтық бағалауды өткізу ережесімен танысады. Инновациялық технологияларды қолдану, академиялық адалдық принциптерін ұғыну, пәнаралық білімді интеграциялай білу сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Биологиялық препараттар жасау әдістері
    Несиелер: 6

    Пән бактерия колонияларынан, жануарлар мен өсімдіктердің ұлпаларынан микроскоптауға арналған препараттарды дайындаумен таныстырады. Бояу әдісін, микроскопиялық зерттеуді, уақытша және тұрақты микропрепараттарды дайындау тәсілдерін, қоректік ортаның құрамын анықтап, ферментаторда микроорганизмдерді өсіруді үйретеді. Ғылыми зерттеулердің методологиясы мен әдістерін саралау, білімін практикада қолдану және ақпараттық мәдениетін көрсету сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Инновациялық технологиялар және мектепте оқыту процесін ұйымдастыру
    Несиелер: 6

    Иинновациялық технологиялардың жүйесін, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушылық-педагогикалық қамтамасыз етудің ерекшеліктерін, идеяларды, инновациялық қызмет жағдайында білім беру жүйесін басқарудың жаңа парадигмаларын қарастырады. Оқуды ұйымдастыруда критериалды бағалау, диагоностикалау, АКТ арқылы кері байланыс орнату, инновациялық технологияларды қолдану, білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде пайдалану және пәнаралық білімдерді интеграциялау, проблемаларды шешудің креативтілігін бағалау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Генетика
    Несиелер: 6

    Генетика – геннің құрылымын, тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті туралы заманауи әдістер жүйесіне негізделген білім мен түсініктер қалыптастырады. Генетиканың интеграциялаушы рөлі – тірі материяның әмбебап қасиеттерін ағзаның барлық ұйымдасу деңгейлерінде және таксономиялық топтарына қатысты қарастырады. Ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің молекулалық механизмін ,заңдылықтарын білу, нәтижелерін және білімін практикада қолдану сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Биотехнология
    Несиелер: 6

    Маңызды өнімдерді микроорганизмдер негізінде алу жайлы түсініктерді қалыпастырып, белок жетіспеушілік мәселелелерін шешудің биотехнологиялық әдістерін, клетка ішілік реттеудің молекулалық механизмдері, оларды микроорганизмдер селекциясында пайдалануды, заманауи иммунобиотехнологияның, инженерлі энзимологияның перспективті бағытын қарастырады. Ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің молекулалық механизмін, заңдылықтарын білу, нәтижелерін және білімін практикада қолдану сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Өсімдіктер және жануарлар селекциясының негіздері
    Несиелер: 6

    Пән жануарлардың қолтұқымдары мен өсімдіктердің сорттарын шығарудың әдістерін, түрдің өзінің табиғи ареалынан басқа жерлерге таралуын қамтитын селекцияның генетикалық негіздерін қарастырады. Өсімдіктер мен жануарлар селекциясының жаңа бағыттарын, заманауи әдістердің көмегімен жүргізілетін селекциялық процестерді меңгеру, ғылыми зерттеулерді модельдеу, жүйелі ойлау негізінде білімін және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін практикада қолдану көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақстан биоресурстары
    Несиелер: 6

    Қазақстан биоресустары – еліміздегі өсімдіктер және жануарлар ресурстарының алуан түрлілігін, олардың өзіндік ерекшелігін, пайдалы өсімдіктер және жануарлардың жеке топтарын, олардан шикізат алу тәсілдерін және оларды қолдану жолдарын қарастырады. Биологиялық жүйелердің ұйымдасу деңгейін, өсімдіктер және жануарлардың биологиялық жүйедегі ролін, табиғи ресурстарды қорғау шараларын айқындау және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Биометрия
    Несиелер: 6

    Пәнде биологиядағы математикалық әдістерді қолданудың принциптері мен әдістері туралы түсінік беріледі, бұл эксперименттер мен бақылаулардың нәтижелерінің дұрыстығы деңгейін айқындаудың сенімді құралдарын, сондай-ақ олардың дұрыс жалпылығын қарастырады. Биометриялық білімдерін жүйелі ойлау негізінде практикада қолдану, ақпараттық ресурстарды кәсіби қызметте қолдану, ақпараттық мәдениетін көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау көзделеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 6

    Педагогикалық шеберліктің негізгі құрамдас бірліктерін, педагогтың ұйымдастырушылық қызметін, шебер педагогтың кәсіби және тұлгалық сапаларын қарастырады. Педагогикалық-психологиялық тұжырымдарды айқындау мен ой-қорытулар жасауды, шығармашылық қабілеттерді талдауды, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілікті, командада жұмыс істеуді, ақпараттық мәдениетін көрсетуді, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялауды, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалауды, жас ерекшелігін ескере отырып жоспарлауды ұсынады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON3

    ОN3 – тірі организмдердің құрылысын молекулалық, клеткалық және ұлпалық деңгейде зерделеп, организмге тән қызметтер мен физиологиялық процестердің жүру механизмін, экологиялық қауымдастықтардағы заңдылықтарды және табиғи ресурстарды қорғау шараларын білу;

  • Код ON2

    ОN2 – биологиялық тұжырымдарды дәлелдеу мен ой-қорытулар жасауда, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдауда сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану;

  • Код ON11

    ОN11–тірі ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігінің заңдылықтарын, генетика және биотехнологиялық заманауи зерттеу әдістерін, биотехнологиялық әдістердің көмегімен селекциялық процестерді жүргізуді меңгеру;

  • Код ON4

    ОN4- әр түрлі ақпараттық ресурстарды, компьютерлік жəне мультимедиялық технологияларды, сандық білім беру ресурстарын кəсіби қызметте қолдана білу;

  • Код ON5

    ОN5 – биологиялық жүйелердің ұйымдасу деңгейлерін, қызметін, өзара байланысын, биологияның негізгі концепциялары мен даму перспективаларын білу;

  • Код ON1

    ОN1– биологиялық нысандардың əртүрлілігі мен құрылымдық ерекшеліктерінің теориялық негіздерін, кəсіби базалық түсініктерді, ғылыми ақпараттарды іздестіруді меңгеру;

  • Код ON6

    ОN6 –ғылыми зерттеу жұмыстарының, ғылыми таным мен шығармашылықтың әдіснамалық негіздерін меңгеріп, олардың нәтижелерін оқытылатын салада қолдану;

  • Код ON12

    ОN12 – теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдану іскерлігін қалыптастыру арқылы ізденушілік-зерттеушілік дағдыларын игеру;

  • Код ON9

    ОN9 – білім алушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялай білу;

  • Код ON10

    ОN10 – кәсіби қызметінің тиімділігін арттыру мен білімін өмірде қолдану тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалай білу;

  • Код ON7

    ОN7 – инновациялық технологияларды пәнді оқытудың мақсат-міндеттеріне және білім алушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолдану;

  • Код ON8

    ОN8 – академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну;

6B05101 Өсімдіктер биотехнологиясы және микробиология
Бакалавриат

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B05101 Биология
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B05101 6B05101-Биология
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
6B05101 Биология
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биологиялық инженерия
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Ағылшын тілі
6B05101 Биология
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B05101 Биология
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B05101 Биология және ауылшаруашылығы
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Астана халықаралық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top