Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B05101 Өсімдіктер биотехнологиясы және микробиология в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасы қазіргі биотехнологияның теориялық және қолданбалы аспектілері бойынша іргелі білімі бар, биотехнологиялық нысандарды алу, зерттеу және қолдану дағдыларын меңгерген, алынған білімді жобалау институттарында, салалық кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу институттарында, селекциялық орталықтарда, білім беру ұйымдарында оқытушы ретінде қолдануға қабілетті биотехнолог кадрларды даярлауға арналған.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 6B051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Латын тілі негіздерімен ботаника, алгология, микология, латын терминологиясы мен номенклатурасы
Математика
Латын терминологиясы мен номенклатурасының негіздерімен өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясы
Химия
Жалпы микробиология
Биотехнология нысандары және олардың өндірістегі қолданылымы
-
2 Оқу жылы
Биотехнология негіздері
Өсімдіктер биохимиясы
Органикалық химия
Физика
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі
Микроорганизмдердің жеке топтарының биологиясы
Өсімдік цитогенетикасы
Қаржылық сауаттылық негіздері
Биофизика
Жалпы және молекулалық генетика
Заманауи қоғамдағы инклюзивті мәдениет
Ғылыми зерттеу негіздері
Молекулалық вирусология
Кәсіпкерлік және бизнес
-
3 Оқу жылы
Биотехнологиялық процестерді инженерлік қамтамасыз ету
Биоиндикация және биотестілеу
Өсімдіктер биотехнологиясы
Биоотын өндіру технологиясы
Ауыл шаруашылық дақылдарының селекциясы мен тұқым өндірісі
Өсімдіктер физиологиясы
Молекулалық биология
Молекулалық фитопатология
Иженерлік энзимология
Өсімдіктерді клональды микрокөбейту технологиясы
Өндірістік микробиотехнология
Экологиялық биотехнологияның қолданбалы аспектілері
Өсімдіктердің генетикалық инженериясы
-
4 Оқу жылы
Биотехнологиядағы биоэтика және қауіпсіздік
Өсімдіктердің биологиялық белсенді заттары
Өсімдіктердің екінші реттік метаболиттері
Тамақ және өңдеу өнеркәсіптері үшін қолданылатын микроағзалар
Өсімдіктердің биополимерлері мен жоғары молекулалы құрылымдары
Функционалды тамақ өнімдерінің биотехнологиясы
Тағамдық қоспалар биотехнологиясы
Биополимерлер
Өсімдіктерді қорғау құралдары мен биотыңайтқыштарды өндіру биотехнологиясы
Фитоиммунитет
Өсімдіктердің стресске төзімділігінің бейімделу механизмдері
Жоғары өсімдіктердің сигналдық жүйелері
Агроэкология және қоршаған орта
Микроорганизмдер экологиясы
Медициналық және ветеринарлық биотехнология
Тәжірибені жоспарлау және орындау әдістемесі
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау
- Сандық технологияны, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалану және кәсіпкерлік білімді өмірдің әртүрлі салаларында қолдану.
- Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі. Жаңа ғылыми білімді қалыптастыру, ғылымды іске асыру нысаны, әртүрлі факторлардың объектілеріне әсерін бағалауды жүзеге асыру, ғылым мен практика үшін сенімді дәлелденген және пайдалы шешімдер алу мақсатында құбылыстар арасындағы өзара әрекеттесуді зерттеу.
- Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
- Құқықтық сауаттылықтыарттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау
- Инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау.
- Ғылыми биотехнологиялық мәселелерді шешу стратегиясын анықтау, биотехнологиялық ғылыми эксперименттерді жоспарлау және өз бетінше орындау, алынған нәтижелерді түйіндеу, негіздеу және олардың негізінде өсімдіктер биотехнологиясы мен микробиология саласындағы жобаларды дайындау кезінде инновациялық шешімдер қабылдау, биотехнология мәселелері бойынша кеңес беру. Селекция және орман тұқым шаруашылығы саласындағы жаңа ғылыми әзірлемелерді талдау және қолдану.
- Жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қазіргі заманғы биотехнологиялық өндірістерді пайдалану; биотехнологиялық процестерді жүзеге асыру және басқару үшін алынған білімді, іскерлікті және дағдыларды қолдану; техникалық құралдар мен технологияларды қолданудың экологиялық салдарларын ескере отырып бағалау; қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету. Еңбекті қорғау және санитарлық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, жұмыс орнын ұйымдастыру бойынша білімін қолданады Инновациялық биотехнологиялық процестер мен өнімдерді құру үшін инженерлік талдау міндеттерін қою және шешу.
- Биотикалық және абиотикалық факторларға тұрақты селекциялық материалды құру бойынша селекциялық бағдарламалардың биотехнологиялық әдістерін талдау және өз бетінше таңдау, генетикалық және биотехнологиялық зерттеулерде биологиялық мәселелерді шешу үшін осы әдістерді қолдану. Күйзеліске, аурулар мен зиянкестерге төзімді сорттарды құру үшін in vitro түрлі технологияларының тиімділігін салыстыру, оларды экономикалық құнды генотиптерді құру үшін жетілдіру,өсімдіктерді зиянкестерден және қолайсыз ауа-райынан қорғау жүйесін бақылау.
- Микробтық синтез өнімдерін алу үшін әртүрлі субстраттарда микроорганизмдерді өсіру әдістерін қолдану. Биотрансформация және биосинтездің ерекшеліктерін және оларды пайдалану саласын, генетикалық түрлендіруді, клеткалық және гендік инженерия әдістерін білу. Жаңа энергия көздерін алу үшін биотехнология әдістерін қолдану, қалдықтарды өңдеу және ксенобиотиктердің биодеградациясы, топырақтың құнарлылығын арттыру. Биотехнологиялық процестерді модельдеуге қабілетті. Селекция және орман тұқым шаруашылығы саласындағы жаңа ғылыми әзірлемелерді талдау және қолдану
- Математика, физика, химия, органикалық химия, биологияның негізгі ұғымдары туралы негізгі білімді көрсетіп, іргелі және қолданбалы пәндерді білу. Аурулардың, зиянкестердің және басқа патогенді ағзалардың түр құрамын анықтау, олардың саны мен таралуын анықтау
- Базалық инженерлік және технологиялық білімді қолдану негізінде техникалық және технологиялық жүйелердің, техникалық объектілердің, биотехнологиялық өндірістің технологиялық процестерінің жекелеген элементтерін жобалауға қабілетті. Білу: өнімді өндіру технологиялары, ғылыми-зерттеу жұмысын тиімді жүргізудің заманауи ерекшеліктері, биоиндустрия кәсіпорындарында эксперименттік-зерттеу процесін оңтайландыру мақсатында оларды қолдану тәсілдері,медициналық, ветеринариялық және өнеркәсіптік биотехнологиялар саласындағы жасанды интеллект жүйелерін құру, қолдану және пайдалану жобаларын басқару. Аурулардың, зиянкестердің және басқа патогенді ағзалардың түр құрамын анықтау, олардың саны мен таралуын анықтау