Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01902 Арнайы педагогика в Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

  • Арнайы педагог (дефектолог) тұлғасы мен кәсіби әрекеті
    Несиелер: 6

    Педагог-дефектологтың кәсіби маңызды сапалары туралы түсінік беріледі. Педагог-дефектологтың кәсіби білімінің мазмұны, түзете білім беру іс-әрекетінің бағыттарын қарастырады. Дефектологтың кәсіби құзіреттілігіне қойылатын талаптар меңгертіледі. Мұғалім-дефектологтың жұмыс бағыттары (диагностикалық, түзетушілік, аналитикалық және кеңес беру-ағартушылық, әдістемелік-ұйымдастырушылық, әлеуметтік-педагогикалық, оңалтушылық, психотерапиялық) баяндалады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Есту , көру, сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және патологиясы
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқу барысында есту, көру және сөйлеу мүшелерінің құрылымы, функциялары, патологиясы туралы түсініктер қалыптасады. Курстың мазмұны есту, көру және сөйлеу органдарының қызметін зерттеудің негізгі әдістерін, сондай-ақ есту, көру және сөйлеуді оңалту және бұзылымдардың алдын алуда қолданылатын заманауи құралдар мен әдістері қарастырылған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогика
    Несиелер: 4

    Педагогика ғылымының алдында тұрған мiндеттердің күрделiлiгi бiздің қоғамымыздың барлық саласында жүрiп жатқан қайта құру процесi туындайды. Педагогика ғылымы алдындағы басты мiндеттердің бiрi - үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiн жасайды, негiзгi бағыттар халық ағарту жүйесiн, оқу-тәрбие процесiн интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуаландыру, индивидуализациялау және демократиялан¬дырудың ғылыми теориялық принциптерiн ашады, тәрбиенің ролi мен жеке адамның қалыптасуы туралы, теориялық мәселелердi айқындайды. Бiлiм беру мазмұнының ғылыми негiздерiн жасайды, жалпы политехникалық және кәсiптiк бiлiм берудің арасындағы қатынасты анықтайды, оқу тәрбие процесiн оптималдандырудың тиiмдi әдiстерiн ашады, ғылыми практикалық мәнiн көрсете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық негіздері
    Несиелер: 5

    Курс мемлекет және құқық туралы негізгі түсініктерімен танысуға бағытталған, білім алушылар қазақстандық құқық жүйесі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктері, заңды жауапкершілік негіздері туралы білім алады. Курсты оқу барысында білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мінез-құлық негіздерімен қатар қоғам мен мемлекетте сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік қалыптасады, білім алушылар сыбайлас жемқорлық құбылыстарына заңды түрде қарсы әрекет ету қабілетін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Логопедия негіздері
    Несиелер: 6

    Курс барысында сөйлеу бұзылыстары туралы тарихи зерттеулер негіздері; балалар тілінің қалыптасу жолдары, заңдылықтары, сөйлеу тілі кемшіліктерінің себептері, механизмдері; сөйлеу бұзылуларының психолингвистикалық және клиникалық-физиологиялық аспектілері; сөйлеу кемшіліктерін анықтаудың кәсіби дағдылары мен біліктерін қалыптастыру, дифференциалды диагностика, балаларға арналған мекемелердің әртүрлі типтері жағдайында түзету, логопедиялық әсер етудің негізгі бағыттарын анықтау қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеу негіздері
    Несиелер: 5

    Оқу курсы ғылыми зерттеудің мазмұны мен әдістері, академиялық жазу және академиялық адалдық туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыруға, түрлі салаларда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін білім, дағды, технологиялар мен әдістерді игеруге бағытталған. Пән бағдарламасы ғылыми зерттеу тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды; теориялық және эксперименттік зерттеулердің әдіснамасын зерделеу; зерттеулерді талдау және тұжырымдар мен ұсыныстар беруді қамтиды. Ғылыми зерттеулердің енгізілуі мен тиімділігіне, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және оқуды бітіру жұмыстарын рәсімдеу ережелеріне көп көңіл бөлінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақ жазуы және латын әліпбиі
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту аясында білім алушылар жазу тарихы, графика және лингвистика, қазақ жазуының зерттелуі, әліпбиі мен жазу ерекшеліктері туралы, Көне түркі жазба ескерткіштері, араб, латын алфавитіне негізделген қазақ әліпбиі, графикалық таңба мен фонема арасындағы заңдылықтар, орфография мәселелері туралы ақпарат алады. Лингвистиканың салалары, Көне түркі жазба ескерткіштері, орфоэпия мен орфография мәселелері және қазіргі орфографияның теориялық мәселелерінің шешімдері туралы негіздей алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • 21 ғасыр мұғалімінің кәсіби дамуы
    Несиелер: 5

    21 ғасыр мұғалімінің кәсіби дамуы пәнін оқытуда оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттілігі негізге алынады. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі меңгертіледі. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқудың заңдылықтары айқындалады. Оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияны (АКТ) пайдалану негіздері қарастырылады. Оқытуды басқару және көшбасшылық, мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы тақырыптары меңгертіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
    Несиелер: 3

    Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы курсын оқытудағы мақсат педагогикалық бағыттағы білім алушылардың білімін профильдеу. Әртүрлі жастағы оқушылардың анатомо-физиологиялық жүйелерінің даму заңдылықтары туралы білімді қалыптастырады. Физиологиялық дамудың жас ерекшелік заңдылықтарын білу, даму заңдылықтарының заманауи проблемаларына сүйене отырып, оқу процесін, оқыту гигиенасын ұйымдастыру, оқытуда психологиялық мәселені қалыптастыру мәселелерін үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Бұл курс адам мен тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы, адамның өмір сүру ортасына әсер етудің ауқымы мен рұқсат етілген шектері, теріс әсерлерді азайту және қауіпсіз өмірді қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы білім алуға бағытталған. Пән төтенше жағдайлар туындаған кезде адамның қоршаған ортамен өзара байланысының қауіпсіз тәсілдерін, өндірістік сала объектілерінің тұрақты жұмысын, теріс факторлардан қорғау және мониторинг жүргізу, техногендік және табиғи сипаттағы қауіпті жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою мәселелерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экономика, бизнес және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттерді экономика мен бизнестің теориялық негіздерімен, елдің экономикалық дамуындағы кәсіпкерліктің үрдістерімен және рөлімен, мемлекеттік реттеу принциптерімен және қолдау әдістерімен таныстырады; нарықтық экономикада қолданылатын білім алушылардың ұғымдық аппаратты игеруіне және иеленуіне, бизнесті жүргізудің негізгі нысандарымен, бизнес-жоспарды әзірлеу дағдыларымен, қазіргі экономикалық жағдайларда компания қызметіндегі тәуекелдерді бағалаумен ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ұлттық руханият
    Несиелер: 3

    Курс рухани құндылықтар жүйесін, қазақтың ұлттық болмысын, руханияттың этномәдени бастауларын, ұлттық сананы, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, дүниетанымды, діни шыдамдылықты, салт-дәстүрлерді, өнерді, әдебиетті, ұлттық тәрбиені, дәстүрлі мәдениетті, жоғары сананы тәрбиелейтін рухани мұраны зерттейді. Пән әлемдік және жалпыадамзаттық құндылықтарды, халықтық дәстүрлерді, ата-баба мұрасын құрметтеу рухында тәрбиеленген рухани-адамгершілік тұлғаны қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Нейропсихология және нейродиагностика негіздері
    Несиелер: 5

    Нейропсихологияның зерттеу пәні мен бағыттары түсіндіріледі. Жоғары психикалық функциялар және оның мидағы механизмі менлокальды зақымдануы ұғымдары түсіндіріледі. Нейропсихология ғылымының басқа ғылымдармен байланысын айқындайды. Антропопсихизм, биопсихизм, нейропсихизм теориялары қарастырылады. Нейропсихология ғылымының дамуы және оны дамытуға үлес қосқан ғалымдар туралы ұғымдары кеңейеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Инклюзивті білім беру пәнін оқытуда жалпы инклюзивті білім беру, негізгі міндеттері, ерекшелігі, халықаралық тәжірибесі, принциптері оқытылады. «Білім баршаға» бағдарламасы, Қазақстандағы инклюзивті білім беру мәселелері көрсетілген. Инклюзивті білім беру деңгейінің дамуы, мемлекеттік бағдарлама негізінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен инновациялық жолдарын жүзеге асыру туралы қарастырылған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқу білім беру нәтижелерін критериалды бағалаудың теориясы мен технологиясын меңгеруге; білім беру нәтижелерін критериалды бағалаудың практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәнді игеру барысында студент оқыту нәтижелерін бақылау үшін тестілерді пайдаланудың негізгі психологиялық және педагогикалық аспектілерін; педагогикалық тестілерді құрастыру және пайдалану әдістерін; алынған нәтижелерді бағалау және түсіндіру әдістерін; тестілеуде қолданылатын компьютерлік технологияларды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Жас ерекшелігі психологиясы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқып-үйрену барысында болашақ маманның әр жас кезеңінің психологиялық сипаттамаларын дамыту және зерттеу әдістерін ұйымдастыру және нәтижелерді синтездеу туралы білімдері қарастырылады; жас ерекшелік психологиясының теориясы мен әдіснамасы; жас ерекшеліктерінің кезеңдері, жас мәселесі және психикалық даму ерекшеліктері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Арнайы педагогика
    Несиелер: 5

    Курсты оқыту барысында ауытқуы бар балалардың психологиялық және физиологиялық даму ерекшеліктері зерттеледі, сондай-ақ оларды оқыту мен тәрбиелеу жолдары, түзету, қалыптастыру әдістері анықталады. Курсты меңгеру барысында арнайы білім, түзету-ағарту жұмысы, оңалту және т.б. арнайы педагогиканың негізгі категориялары анықталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру кеңістігіндегі Тьютор
    Несиелер: 5

    Бұл пән курсында тьюторлық қызметтің халықаралық және отандық дәстүрлері, инклюзивті білім беруді нормативті-құқықтық қамтамасыз ету, тьюторлар қызметінің мазмұны мен ерекшелігі туралы ұсыныстар, тьюторлықтың әдіснамасы туралы түсінік меңгертілңді. Мұғалімнің кәсіби қалыптасуы мен дамуы, тьторлық қолдаудың технологиялары мен әдістері игеріледі. Алынған білімді тәжірибеде қолдану, оқыту технологияларының сапасын бағалау, талдау жасау және сараптама жүргізу біліктері қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Кохлеарлық имплантациядан кейінгі балаларды кешенді жетелеу
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында логопедтің сурдологпен, сурдопедагогпен өзара әрекеттесу ерекшеліктері, кохлеарлық имплантациядан кейін балаларды кешенді оңалтудың негізгі міндеттері мен бағыттары туралы түсініктер қалыптасады. Пәнді меңгеру процесі өзекті түзету-педагогикалық міндеттерді шешу кезінде білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салалары қызметкерлерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге дайындықты қалыптастыруға бағытталған. Сөйлеу мен дыбыстарды қабылдау, кохлеарлы имплантациясы бар балалардағы сөйлеу және тіл жүйесінің даму ерекшеліктері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ерте, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәелелерін диагностикалау
    Несиелер: 5

    Осы пәнді оқу барысында ерте, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін диагностикалау жүйесі, даму бұзылыстарын психологиялық-педагогикалық жүйелеу, даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың әртүрлі санаттарындағы қызмет бұзылыстарының диагностикалық сипаттамалары қарастырылады. Психологиялық-медициналық мекемелерде балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың, педагогикалық кеңес беру еректеліктері анықталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Тифлопедагогика негіздері
    Несиелер: 5

    Тифлопедагогиканың ғылым ретінде дамуы және құрылуының негіздері мәселелері қарастырылады. Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту жүйесінің заңдылықтары мен қағидалары негізге алынған. Арнайы білім беру мекемелерінде көру қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту әдіс-тәсілдері және технологиялары қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Мүмкіндігі шектеулі балалардың сөйлеу тілін дамыту әдістемесінің негіздері
    Несиелер: 5

    МШБ сөйлеу тілін қалыптастырудың ғылыми-әдіснамалық қағидалары, арнайы әдістері қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі балаларды сөйлеуге үйретуді ұйымдастырудың формалары анықталған. Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызша сөйлеу тілі оқыту бағдарламасының мазмұны зерделенеді. Сөйлеуге үйретудің полисенсорлық әдістері қарастырылады. Сөйлеуге үйретудің жүйелі түрде ұйымдастырылуы мен кезеңдері қамтылған. Балалардың сөйлеу тілін дамытудағы дифференциялдық ықпал ету жолдары меңгеріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Сурдопедагогика негіздері
    Несиелер: 5

    Сурдопедагогиканың ғылым ретінде даму және құрылуының негіздері қарастырылады. Есту қабілеті бұзылған балаларға психологиялық педагогикалық сипаттама берудің ерекшелігі баяндалады. Арнайы мекемелерде түзету және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары түсіндіріледі. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері меңгертіледі. Есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектептерде сабақ берудің әдістері, қағидалары, әдістемесі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Дамуында ауытқулары бар балалар отбасымен ұйымдастырылатын жұмыстар
    Несиелер: 5

    Отбасылық тәрбиенің негізгі заңдылықтары, қағидалары және оны жүзеге асыру жолдары қарастырылған. Дамуында ауытқулары бар балалар отбасымен ұйымдастырылатын тәрбиенің әдістері мен құралдары меңгертіледі. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына берілетін педагогикалық кеңестер жүйесі сараланады. Дамуында ауытқулары бар балалар отбасымен ұйымдастырылатын тәрбиелік жүйенің формаларын ұйымдастыру жіктемелері игертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Түзете-дамыта оқытудың психологиялық педагогикалық негіздері
    Несиелер: 5

    Қазіргі тұжырымдамалардың ғылыми-әдіснамалық негіздері баяндалады. Түзете-дамыта оқыту мазмұнының негізгі бағыттары туралы түсінік беріледі. Қоғамдағы МШ балаларды коррекциялық қолдау, түзете дамыта оқыту мен интеграция ұғымдары талданады. Мектептегі үлгермеушіліктің себептері, «мектептегі дезадаптация» ұғымдары қарастырылады. МШБ бойындағы кемшіліктерді компенсациялау, оқудағы үлгермеушілікті жою, жеке эмоциялық ерік сферасындағы жағымсыз жағдайларға қарсы тұру жолдары көрсетіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Есту қабілеті бұзылған балаларға математиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту барысында есту қабілеті зақымдалған балаларды математикаға оқытудың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылады. Есту қабілеті зақымдалған балаларды математикаға оқытудың ерекшеліктері талданады. Есту анализаторы бұзылған балалардың математикалық қабілеттерінің дамуының ерекшеліктері, оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері, қарапайым және аралас есептерді шешуге оқыту кезеңдері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Зиятында ауытқуы бар балаларды математикаға оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Берілген пән курсында математикаға оқытудың пропедевтикасы, математикалық білімді меңгеруде зияты зақымдалған балалардың мүмкіндіктерін зерттеу, математика сабақтарында дифференциалды тәсілді жүзеге асыру қарастырылады. Нақты әдістемелік ұсынымдар беріледі. Ақыл-ойында кемшілігі бар оқушыларда математикалық білімді қалыптастыру тәсілдері, оқыту әдістемесінің жалпы сұрақтары, оқу материалының берілуі, қарапайым және аралас есептерді шешуге оқыту кезеңдері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Жалпы білім беру жүйесіндегі дамуында кемшілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық жетелеу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Психологиялық-педагогикалық жетелеу әдістемесі тұжырымдамасы, пайда болу тарихы меңгерілген. Психологиялық-педагогикалық жетелеу әдістемесінің теориялық негіздері айшықталған. Психологиялық-педагогикалық және дифференциалды диагностиканы қолдану салалары қарастырылып, психодиагностикалық зерттеудің жалпы принциптері кіріктірілген. Психологиялық, педагогикалық және дифференциалды зерттеу әдістері жіктелген. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық тексеру мен диагностикалық және кеңес берушілік қызмет көрсету жүйесін қамтыған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Математиканы оқытудың жалпы жүйесінде есептер шығару тиімді жаттығулардың түрі ретінде қарастырылған. Математика сабағының типтері мен құрылымы анықталған. Арнайы мектепте математиканы оқыту үрдісіне, ерекшелігіне, ұйымдастырылуына, формалары мен құралдарына сипаттама беріледі. Есептер шығаруда оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері қамтылған. Жай және құрама есептерді, оқу материалының жүйілі түрде орналасуын үйрету кезеңдері толық қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Зияты бұзылған балалардың сөйлеу тілін дамытудың әдістемесі
    Несиелер: 5

    Зияты бұзылған балалардың сөйлеу тілін дамытудың ғылыми-әдіснамалық принциптері, арнайы әдістері, тәсілдері меңгертіледі. Мектепке дейінгі зиятында ауытқуы бар балаларды дұрыс сөйлеуге үйретуді ұйымдастырудың формалары қарастырылады. Зиятында ауытқуы бар балалардың ауызша сөйлеу тіліне оқыту бағдарламасының мазмұны баяндалады. Сөйлеуге үйретудің полисенсорлық әдісі кіріктіріліп, сөйлеу тілін дамытудың жүйелі түрде ұйымдастырылуы туралы ақпарат беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Есту қабілетін дамыту
    Несиелер: 5

    Ерте жастағы және мектеп жасына дейінгі баланың есту қабілетін дамыту жұмыстары туралы ақпарат беріледі. Есту қабілетін дамытудың маңыздылығы түсіндіріледі. Есту қабілетін дамытудың мазмұны мен әдістері, мақсаты мен міндеттері баяндалады. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы білім ұйымдары мамандарының қызметі функциялары меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Логопсихология
    Несиелер: 5

    Логопсихология пәні, міндеттері, әдістері, зерттеудің негізгі бағыттары, қысқаша тарихы туралы сипаттама беріледі. Сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету әдістері меңгертіледі. Сөйлеу тілі бұзылыстарының әртүрлі формалары бар психикалық процестердің онтогенезде дамуы туралы зерделенеді. Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тиімді құралдарын анықтау жолдары көрсетілген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • ЕББҚ бар балаларға дүниетануды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға дүниетануды оқыту әдістемесі курсы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан адам, қоғам және табиғаттың өзара байланысы мен тәуелділігі туралы білім саласындағы кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. ЕББҚ бар балалардың есте сақтауын, зейінін, ойлауын, қиялын, қабылдауын, сөйлеуін, эмоционалдық және ерікті сферасындағы кемшіліктерді дер кезінде және тиімді түзету мен дамыту мүмкіндіктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Зият бұзылымдарының клиникасы
    Несиелер: 6

    Интеллектуалды бұзылыс, этиология және патогенез ұғымдарына анықтама беріледі. Ақыл-ойы кемшілігінің клиникалық сипаттамасы, зият бұзылысының тұқымқуалаушылық формасы туралы баяндалады. Экзогендік фактордың организмге әсері, туғанға және туылғаннан кейінгі кезеңі түсіндіріледі. Зият бұзылысының профилактикасы, балалардағы интеллектуалды жеткіліксіздіктің реабилитациялық жұмысының емдеу–түзетудің қағидалары оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері, оның мақсаты, міндеттері, мазмұны, мәні талқыланады. Арнайы мектептегі тәрбие жүйесінің ерекшеліктері анықталады. Осы пән курсында тәрбиенің заңдылықтары, құралдары, формалары қарастырылады, сонымен қатар тәрбие жүйесінің субъектілері ретінде арнайы ұйымдардағы тәрбие жұмысын ұйымдастырушы мамандардың қызметтеріне сипаттама беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Дактильді ым-ишара тілі
    Несиелер: 5

    Дактильді ым-ишара тілі, өзіндік ым-ишара түсініктері туралы мол мағлұмат беріледі. Ым-ишара эквиваленттері қарастырылады. Дактильді әліппе және дактильді сандар мазмұнындағы мәелелер қарастырылған. Дактильді ым-ишара тілін ғылымға енгізудегі зерттеулер талданып, меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Есту қабілеті бұзылған балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл пән курсында есту қабілеті зақымдалған балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері, мақсаты, міндеттері, мазмұны, мәні қарастырылады. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектептегі тәрбие жүйесінің ерекшеліктері анықталады. Естімейтін балалардың теориялық және практикалық білім алуының тәрбиелік мазмұнының ерекшелігі, тәрбиенің заңдылықтары, құралдары, тәрбие түрлері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Зиятында ауытқушылығы бар балаларды сауат ашуға оқыту
    Несиелер: 5

    Зиятында ауытқушылығы бар балаларды сауат ашуға оқытудың әдіснамалық негіздері қамтылған. Лингвистика, психолингвистика, және оның әлеуметтік қызметі теориясы, қазіргі жетістіктері кіріктірілген. Сауат ашуға оқытудың мақсаты, міндеттері қарастырылады. Қалыпты, аномальды даму кезіндегі балаларды сауат ашуға оқытудың заңдылықтары, ерекшеліктері туралы қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қазақ тіліне оқыту, арнайы педагогика қағидалары сараланған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларды тілге оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән мазмұнына балалардың сөйлеу тілін қалыптастырудың ғылыми-әдіснамалық қағидалары, әдістері, тәсілдері, ұйымдастыру формалары туралы мәліметтер кірістірілген. Ауызша сөйлеу тіліне оқыту бағдарламасының мазмұны, сөйлеу тілін игертудің жолдары, полисенсорлық әдіс туралы баяндалады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тілге оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздерінің ерекшеліктері қарастырылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы
    Несиелер: 6

    Пәнді оқытуда ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы жұмысының негізгі бағыттары, ғылыми тұжырымдары баяндалады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен диагностикалық қызметтің мазмұны мен маңызын, қазіргі әдістерін, қызметі мен тәсілдерін, жаңа психотехнологиялық компоненттерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында психикалық дамуы тежелген балалар дамуындағы кемшіліктердің орнын толтыруға, эмоционалдық және тұлғалық саланың жағымсыз ерекшеліктерін түзетуге, оқушылардың оқу әрекетін қалыпқа келтіруге және жақсартуға бағытталған жұмыс жүйесін қарастыруды қамтиды. Пән инклюзивті білім беру жағдайында психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері туралы заманауи ғылыми идеяларды түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Есту қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы
    Несиелер: 6

    Психологиялық-педагогикалық диагностиканың тұжырымдамасы, пайда болу тарихы туралы білімдерді меңгертеді. Есту қабілеті бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық диагностикасының жалпы теориялық негіздерін анықтайды. Есту қабілеті бұзылған балалардың психиодиагностикалық зерттеудің жалпы принциптерін талдайды. Психологиялық, педагогикалық және дифференциалды зерттеу әдістері туралы баяндалады. Есту қабілеті бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық тексерудің мәні қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Логопедиялық тәжірибедегі денсаулық сақтау технологиялары
    Несиелер: 5

    Курстың пәні, мақсат, міндеттері, ұғымдары туралы түсінік беріледі. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың денсаулығын сақтау технологиялары қарастырылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы логопедиялық жұмыстардың бағыттары, міндеттері, құралдары туралы баяндалады. Логопедиялық көмекті ұйымдастыруда басшылыққа алынатын құжаттар (стандарт, бағдарлама, әдістемелік нұсқаулар, авторлық бағдарламалар т.б.) қарастырылады. Денсаулық сақтау технологиялары туралы мәселелер қамтылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілін дамытудың әдістемесі
    Несиелер: 5

    Нашар еститін балалармен арнайы мекемеде жеке жұмысты жоспарлау және жүргізудің ерекшеліктері баяндалады. Нашар еститін балалардың қабылдауын дамыту, арнайы сабақтарды ұйымдастырудың принципптері меңгертіледі. Есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту ерекшеліктері, жеке түзету-ағарту жұмыстары туралы ақпарат беріледі. Нашар еститін бастауыш мектеп оқушыларына арналған есту қабілетін дамыту оқу бағдарламасының мазмұны түсіндіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық
    Несиелер: 5

    "Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық" пәні білім беру жүйесіндегі негізделген қажеттілік ретінде еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап береді, нақты жағдайларды талдау және диагностикалау дағдыларын дамытады. Пәнді оқытудың мақсаты білім берудегі көшбасшылықты ұйымды басқару құралы ретінде қолдану аясында қарастыруға негізделген және болашақ мамандардың көшбасшылық әлеуетін психологиялық-педагогикалық құрал ретінде дамытуға, болашақ білім беру көшбасшысы ретіндегі білім алушының рефлексивті құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу барысында білім алушы ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын меңгереді, білім берудегі барлық мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады және жетілдіріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Арнаулы мектептегі тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі
    Несиелер: 5

    Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, мәні қамтылған. Арнайы мектептегі тәрбие жүйесінің ерекшеліктері айқындалған. Арнайы мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар тәрбие жүйесінің субъектісі ретінде. Тәрбие заңдылықтары, принциптері, әдістері, құралдары, формалары туралы ақпараттар толық кіріктірілген. Тәрбие түрлері қарастырылған. Тәрбие тұжырымдамасына анықтама берілген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Арнайы білім берудегі IT және цифрлық ресурстар
    Несиелер: 4

    Арнайы білім берудегі IT және цифрлық ресурстар пәні сандық технологиялар (мультимедиялық оқыту бағдарламалар, электрондық оқулықтар, ТВ-технологиялар, Интернет-желілерінің мүмкіндіктері) Мультикид, Эдуплей бағдарламалары туралы білімдерді меңгертеді. Оларды қолдану жолдары көрсетіледі. Тәрбиелеу-оқыту жұмыстарын ұйымдастыру, цифрлық технологияларды енгізуге қойылатын талаптар, енгізу кезеңдері туралы түсініктер беріледі. Техникалық оқыту құралдарының классификациясы қамтылған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жалпы сөйлеу тілі жетіспеушілігі бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту әдістемесі
    Несиелер: 3

    Бұл курсты оқу студенттерде сөйлеудің жалпы дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дамуының мәселелері туралы көп қырлы көзқарасты қалыптастыруға, арнайы педагогиканың бөлімі ретінде сөйлеуді дамыту әдістемесі туралы идеяларды қалыптастыруға бағытталған. Сөйлеуді дамытудың арнайы әдістемесінің тұжырымдамалық аппаратын игеру шарттары қарастырылады. Сөйлеуді дамыту бойынша жеке, топтық және фронтальды сабақтарға арналған түзету және дамыту бағдарламаларын әзірлеу ерекшеліктері меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Алалия кезіндегі түзету жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Алалияның жалпы сипаттамасы, классификациясы туралы білімдерді меңгертеді. Алалия кезіндегі түзету жұмысының мазмұны, міндеттері және мақсаты мазмұнындағы мәселелер оқытылады. Сөйлеу анализаторының дауыстық анатомиялық құрылымы туралы ақпарат беріледі. Алалик балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері меңгертіледі. Алалия тіл кемшілігі бар балаларға логопедиялық жұмыстар арқылы тіл кемшіліктері туралы мәселелер қарастырылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Церебральді сал ауруымен ауыратын балалардың сөйлеу тілін түзету
    Несиелер: 5

    Балалардың сал ауруы кезіндегі сөйлеу тілінің, бас миының бұзылымы, ауырлығы және локализациялануы туралы мәліметтер қамтылған. Церебральды сал ауруымен ауыратын балалардың сөйлеу тіліндегі дамудың кешеуілдеуі себептері оқытылады. Балалардың церебральді салдануы кезіндегі логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері қарастырылады. Балалардың церебральды салдану кезіндегі бас миының, сөйлеу орталықтарының және қимыл қозғалыстарының ерте органикалық бұзылым түрлерімен таныстырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Балалардың сөйлеу тілі бұзылысын диагностикалау, түзету және алдын алудың нейропсихологиялық негіздері
    Несиелер: 5

    Тіл кемшілігі бар балалардағы сөйлеу ерекшеліктері және мінездемесі меңгертіледі. Фонетикалық ритмика ұғымы, оны сипаттайтын негізгі көріністері туралы мәліметтер қамтылған. Фонетикалық ритмика, ауызша сөйлеу ұғымдарының мәні сараланып, ғылыми тұжырымдар қарастырылған. Фонетикалық және ауызша сөйлеуінде бұзылысы бар балалардың сөйлеу тілі ерекшелігі және сипаттамасы туралы білімдер меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Зиятында ауытқуы бар балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы
    Несиелер: 5

    Зиятында ауытқуы бар балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы тұжырымдамасы туралы білімдерді меңгертеді. Психологиялық-педагогикалық кеңес берудің әдіснамалық негізі баяндалады. Психологиялық-педагогикалық кеңес берудің кезеңдері, оның сипаттамасы меңгертіледі. Дамудың әлеуметтік жағдайы сипаттамасы, оның ерекшеліктерін зерттеу әдістері жіктеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Аутистикалық спектр бұзылымы бар балалармен түзету жұмысы
    Несиелер: 5

    Аутистикалық спектр бұзылымының пайда болу себептері, сипаттайтын көріністері туралы ақпараттар кіріктірілген. Ерте балалар аутизмін зерттеу мәселелері қарастырылады. Аутист балалармен жұмыс жүргізудегі жаңа технологиялар қолдану мәселелері қамтылған. Аутизмі бар балалармен жүргізілетін жұмыстың ерекшелігі, әдіс-тәсілдері, құралдары туралы түсініктер беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Арнаулы түзету мектебінде зияты зақымдалған балаларға пәндерді оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Зиятында ауытқуы бар балаларға пәндерді оқытудың міндеттері, мазмұны мен технологиясы меңгертіледі. Зиятында ауытқуы бар балаларға арналған мектептерде арнайы пәндерді оқытудың ерекшеліктері қарастырылады. Арнайы мектептегі балаларды оқытудың қазіргі жүйесі мен қағидалары баяндалады. Интеллектісі бұзылған балаларды заттық – практикалық оқытуда сабақтарды жоспарлау оқытудың түрлі деңгейінде жүйесі, дидактикалық материалдар көмегі мәселелері оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Арнайы білім беру мекемесінде еңбек және бейнелеу өнері теориясы мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқу барысында мүмкіндігі шектеулі балаларға еңбекті және бейнелеу өнерін оқытудың ерекшеліктері туралы түсінік қалыптасады. Курстың мазмұнында еңбекке, бейнелеу өнеріне оқытуды ұйымдастырудың негізгі құралдары, тәсілдері, әдістері мен формалары туралы мәліметтер берілген. Мектепке дейінгі арнайы білім беру ұйымдары мен мектептердегі еңбекке баулу және бейнелеу өнері пәндерінің ерекшелігі туралы ақпараттар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Зиятында күрделі ауытқуы бар балаларды оқыту
    Несиелер: 3

    Зиятында күрделі ауытқуы бар балаларды оқыту пәнін оқыту студенттерде ауыр деңгейдегі ақыл-ой кемшілігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамалары туралы түсінік береді. Пәнді оқу барысында ауыр деңгейдегі ақыл-ой кемшілігі бар балаларды оқыту мен түзете-тәрбиелеудің мақсаты, міндеті, қағидалары, мазмұны, оқыту әдістері меңгертіледі. Ауыр деңгейдегі ақыл-ой кемшілігі бар балаларды оқытудың қазіргі кезеңдегі жүйесі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Фонетикалық ритмика және ауызша сөйлеуге оқыту әдістемесі
    Несиелер: 3

    Фонетикалық ритмика бұзылысы ұғымы, негізгі сипаттамасы туралы мәліметтер қамтылған. Фонематикалық қабылдауын дамыту ұғымдарының мәні сараланып, ғылыми тұжырымдар қарастырылған. Фонетикалық тіл бұзылымдары бар балалармен жүргізілетін әдістемелік жұмыстарды қамтиды. Мұндай жетіспеушілігі бар балалардағы ауызша сөйлеу тілінің ерекшелігі және мінездемесі туралы білімдер меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Түрлі білім беру ұйымдарында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
    Несиелер: 6

    Курстың мақсаты – әртүрлі типтегі білім беру мекемелер жағдайында түзете-дамыту логопедиялық әсер етудің кәсіби дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Пәнді оқу сөйлеу тілінің бұзылыстарының жіктелуі, оларды түзету, алдын алу шаралары, логопедиялық жұмыстың коррекциялық-педагогикалық жүйесін ұйымдастыру туралы қазіргі заманғы ғылыми түсініктер мен қағидаларды қамтиды. Пәнді оқу барысында студенттер логопедиялық тексеру, балалардың ауызша және жазбаша сөйлеуіндегі бұзушылықтарды түзету дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Есту қабілеті бұзылған бастауыш сынып оқушыларына жаратылыстануды оқытудың теориясы мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Есту қабілеті бұзылыстарын коррекциялау және психикалық функцияларды компенсациялауда, білім беруді ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері қамтылған. Нашар еститін балалардың қабылдауын дамытып, жаратылыстану сабағын ұйымдастырудың ерекшелігі қарастырылған. Есту қабілеті нашар балалармен жеке түзету-ағарту жұмыстарының мәні түсіндіріледі. Нашар еститін бастауыш мектеп оқушыларына арналған ЕҚД оқу бағдарламасының мазмұны оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Дұрыс дыбысталуды қалыптастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Дұрыс дыбысталуды қалыптастыру әдістемесі мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы сөйлеу тілінің бұзылыстары мәселелерін жан-жақты қарастырады. Сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру әдіс-тәсілдеріне сипаттама беріледі. Дұрыс дыбысталуды қалыптастыруды дамыту жолдары көрсетіледі. Дыбыстауында бұзылысы бар балалармен жүргізілетін логопедтің жұмыстары ұсынылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Күрделі бұзылымдары бар балалардың психофизикалық дамуы
    Несиелер: 6

    Курстың мақсаты – білім алушылардың дамуында кемшілігі бар балалар туралы білімдерін кеңейту, олармен арнайы педагог ретінде жұмыс істеу қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру. Пән екі немесе одан да көп бұзылысы бар балалармен түзете-дамыта оқыту жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері, жолдары мен тәсілдері туралы заманауи ғылыми түсініктерді ашады. Курсты оқу барысында студенттер күрделі бұзылымы бар балаларды психологиялық-педагогикалық тексеруден өткізу және олармен түзету жұмыстарын жоспарлау дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ринолалия және дауыстың бұзылуын түзету жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Сөйлеу анализаторының перифериялық бөлімінің дауыстық анатомиялық құрылымы туралы ақпарат берілген. Дауыстың акустикалық сипаттамасы, негізгі функциялары, дауыс шығару механизмдері қамтылған. Дауыстың бұзылуының жалпы сипаттамасы туралы мәселелер қарастырылған. Дауыстың бұзылуының негізгі себептері анықталған. Ринолалияның жалпы сипаттамасы, классификациясы туралы білімдерді меңгертеді. Ринолалия кезіндегі түзету жұмысының мазмұны, міндеттері және мақсаты мазмұнындағы мәселелер оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық техникасы
    Несиелер: 6

    Бұл курстың мазмұны есту қабілеті бұзылған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жүйесіннің ерекшеліктері мен қағидаларын қарастырады. Арнаулы білім беру ұйымдарында және отбасында саңырау және нашар еститін балалармен түзету-педагогикалық жұмыстың ұйымдастырылуы мен мазмұнын ашады. Әртүрлі дәрежедегі есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілін дамыту және сөйлеуін қалыптастыру үшін компьютерлік технологияларды сабақта қолдану ерекшеліктері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Кохлеарлық имплантациядан кейінгі балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстар
    Несиелер: 5

    FM-жүйелер және стационарлық дыбыс күшейтетін жабдықтар туралы ақпараттар қарастырылды. Ауызша емес және сөйлеу дыбыстарын естуді қабылдауды, дыбыстарға шартты-моторлық реакцияны дамыту мәселелері кіріктірілген. Арнайы таңдалған сөздіктер, когнитивтік процестерді дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар жүйесі қамтылған. Кохлеарлы имплантациялаумен бірге баланың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстарға нұсқау берілген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Сөйлеудің ырғақтық-ритмдік бұзылуын коррекциялау әдістемесі
    Несиелер: 5

    Сөйлеудің ырғақтық-ритмдік бұзылуын коррекциялау әдістемесін оқытуда сөйлеудің ырғақты-ритмдік бұзылымының патогенезі, этиологиясы мәселелері қарастырылады. Тұтығу, тіл кемшілігінің невроздық және невротикалық типіндегі клиникалық, психологиялық, педагогикалық сипаттамаларына түсінік беріледі. Тұтығу тіл кемшілігін түзету туралы көзқарастар, тұтығудың түрлері, қалыпты сөйлеуін логопедиялық технологиялар арқылы қалыптастыру жолдары көрсетілген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON4

    Түрлі ауытқуы бар тұлғалар диагностикасы мен түзету жұмыстарын жүзеге асыра алады.

  • Код ON6

    Арнайы білім беру саласында ғылыми, әдістемелік, статистикалық және басқа да ақпараттарды өз бетінше жинау, өңдеу, талдау, сараптау белгілі-бір мазмұн беру дағдысын меңгереді, академиялық жазу дағдыларын біледі және қолданады.

  • Код ON5

    Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне қоғамды, ата-аналарды ұйымдастыра біледі, тұлғаға бағдарланған оқыту мен білім беру үдерісінде қарым-қатынас және педагогикалық ынтымақтастықты қалыптастыра алады.

  • Код ON3

    Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың ауытқушылықтарын анықтаудың теориялық негіздері мен әдістерін бақылау және бағалаудың ерекшеліктері туралы білімдері мен түсініктерін көрсете алады.

  • Код ON8

    Ерте, мектепке дейінгі, мектеп жасындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жүргізілетін жұмыстың мазмұны және формаларын, педагогикалық түзетуші көмек көрсету жүйесін меңгереді.

  • Код ON2

    Дамуында әртүрлі ауытқушылығы бар ерте, мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды әлеуметтендіру, білім беру және тәрбиелеу сабақтастығын жүзеге асырады.

  • Код ON7

    Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалардың күнделікті өмірдегі әлеуметтік мәнді дағдыларын қалыптастыру мен танымдық қызметін жетілдіру әдістерін қолданады.

  • Код ON1

    Арнайы білім беру саласында азаматтық және моральдық ұстаным, салауатты өмір салты, табиғат пен қоғамның өзара әрекеттестігінің заңдылықтары, ана тілі және шет тілдеріндегі коммуникациялық бағдарламалар туралы іргелі білімдер мен дағдыларды қолданады, экономикалық теория, кәсіпкерлік және құқық негіздерін біледі.

6B01902 Арнайы педагогика
Бакалавриат

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)

БББТ: B020 Арнайы педагогика

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01902 Арнайы педагогика
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B020 Арнайы педагогика

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01902 Арнайы педагогика
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B020 Арнайы педагогика

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01902 Арнайы педагогика
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B020 Арнайы педагогика

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01902 Арнайы педагогика
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B020 Арнайы педагогика

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top