Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01505 Биология в Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

  • Биологияға кіріспе
    Несиелер: 5

    Курс мазмұны жалпы биология ғылымының даму кезеңдері, тіршіктің пайда болуы мен тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері, микроағзалар, өсімдіктер мен жануарлардың әлемінің жалпы сипаттамасы, ағзалардың көбеюі мен даму заңдылықтары, ағзалардың тіршілік ортасымен қарым-қатынасы туралы алғашқы ғылыми білімдерді қалыптастырады. Биологияның жалпы ғылым жүйесіндегі орнын және құндылығын, даму тарихын және қазіргі заманғы жағдайын білу арқылы биологияның негізгі іргелі заңдылықтарын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өсімдіктер анатомиясы, морфологиясы және систематикасы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында өсімдіктердің жасуша, ұлпа және мүшелер деңгейіндегі сыртқы және ішкі құрылымдарының ерекшеліктері, тіршілік заңдылықтары және ұрықтанудан бастап тұқым, жеміс және жаңа өсімдіктің пайда болуына дейінгі көбею, өсу ерекшеліктері қарастырылады. Өзектілігі өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясы, төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің алуан түрлiлігi, олардың классификациясы, систематикалық топтарының туыстық қатынастары, табиғат пен адам өміріндегі маңызы туралы білімді меңгеру қажеттілігімен түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 5

    Оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың білім деңгейін анықтауда критериалды бағалаудың маңызы ерекше. Білім беру процесінде білім алушылардың білім көрсеткішін арттырумен қатар олардың жеке тұлғалық қасиеттері мен құзыреттіліктеріне, қоршаған ортада қарым-қатынас жасай білу қабілеттіліктеріне, өзін-өзі жетілдіру бағыттарына да үлкен мән беру қажет. Критериалды бағалау алдын ала белгілі өлшемдерге сәйкес білім алушының жеке оқуын түзетуге мүмкүндік беруді, оқу мақсаттарына сәйкес күтілетін нәтижеге жетуде білім алушылардың білімін бағалауды қамтиды. Критериалды бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылып, интерактивті оқытудың ұжымдық, топтық, жұптық түрлерінің барлығына өз тиімділігін көрсетеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогика
    Несиелер: 4

    Педагогика ғылымының алдында тұрған мiндеттердің күрделiлiгi бiздің қоғамымыздың барлық саласында жүрiп жатқан қайта құру процесi туындайды. Педагогика ғылымы алдындағы басты мiндеттердің бiрi - үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiн жасайды, негiзгi бағыттар халық ағарту жүйесiн, оқу-тәрбие процесiн интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуаландыру, индивидуализациялау және демократиялан¬дырудың ғылыми теориялық принциптерiн ашады, тәрбиенің ролi мен жеке адамның қалыптасуы туралы, теориялық мәселелердi айқындайды. Бiлiм беру мазмұнының ғылыми негiздерiн жасайды, жалпы политехникалық және кәсiптiк бiлiм берудің арасындағы қатынасты анықтайды, оқу тәрбие процесiн оптималдандырудың тиiмдi әдiстерiн ашады, ғылыми практикалық мәнiн көрсете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Бұл курс адам мен тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы, адамның өмір сүру ортасына әсер етудің ауқымы мен рұқсат етілген шектері, теріс әсерлерді азайту және қауіпсіз өмірді қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы білім алуға бағытталған. Пән төтенше жағдайлар туындаған кезде адамның қоршаған ортамен өзара байланысының қауіпсіз тәсілдерін, өндірістік сала объектілерінің тұрақты жұмысын, теріс факторлардан қорғау және мониторинг жүргізу, техногендік және табиғи сипаттағы қауіпті жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою мәселелерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақ жазуы және латын әліпбиі
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту аясында білім алушылар жазу тарихы, графика және лингвистика, қазақ жазуының зерттелуі, әліпбиі мен жазу ерекшеліктері туралы, Көне түркі жазба ескерткіштері, араб, латын алфавитіне негізделген қазақ әліпбиі, графикалық таңба мен фонема арасындағы заңдылықтар, орфография мәселелері туралы ақпарат алады. Лингвистиканың салалары, Көне түркі жазба ескерткіштері, орфоэпия мен орфография мәселелері және қазіргі орфографияның теориялық мәселелерінің шешімдері туралы негіздей алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Зоология
    Несиелер: 6

    «Зоология» пәні жануарларды, олардың шығу тегін, дамуын қазіргі жағдайын жан-жақты зерттеп, биосферадағы маңызын талдау жасайды. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың морфологиясы, систематикасы, биологиясын түсіндіреді. Омыртқалы жануарлар пәнін меңгеру нәтижесінде студенттер теориялық курс пен қатар практикалықта тәжірибе алады. Алған білімін ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге,өсімдіктер мен жануарлар әлемінің эволюциясындағы әртүрлі топтардағы жануарлардың маңыздылығын анықтауға қолданады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық негіздері
    Несиелер: 5

    Курс мемлекет және құқық туралы негізгі түсініктерімен танысуға бағытталған, білім алушылар қазақстандық құқық жүйесі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктері, заңды жауапкершілік негіздері туралы білім алады. Курсты оқу барысында білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мінез-құлық негіздерімен қатар қоғам мен мемлекетте сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік қалыптасады, білім алушылар сыбайлас жемқорлық құбылыстарына заңды түрде қарсы әрекет ету қабілетін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеу негіздері
    Несиелер: 5

    Оқу курсы ғылыми зерттеудің мазмұны мен әдістері, академиялық жазу туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыруға, түрлі салаларда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін білім, дағды, технологиялар мен әдістерді игеруге бағытталған. Пән бағдарламасы ғылыми зерттеу тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды, теориялық және эксперименттік зерттеулердің әдіснамасын зерделеу, зерттеулерді талдау және тұжырымдар мен ұсыныстар беруді қамтиды. Ғылыми зерттеулердің енгізілуі мен тиімділігіне, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және оқуды бітіру жұмыстарын рәсімдеу ережелеріне көп көңіл бөлінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экономика, бизнес және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттерді экономика мен бизнестің теориялық негіздерімен, елдің экономикалық дамуындағы кәсіпкерліктің үрдістерімен және рөлімен, мемлекеттік реттеу принциптерімен және қолдау әдістерімен таныстырады; нарықтық экономикада қолданылатын білім алушылардың ұғымдық аппаратты игеруіне және иеленуіне, бизнесті жүргізудің негізгі нысандарымен, бизнес-жоспарды әзірлеу дағдыларымен, қазіргі экономикалық жағдайларда компания қызметіндегі тәуекелдерді бағалаумен ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
    Несиелер: 3

    Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы курсын оқытудағы мақсат педагогикалық бағыттағы білім алушылардың білімін профильдеу. Әртүрлі жастағы оқушылардың анатомо-физиологиялық жүйелерінің даму заңдылықтары туралы білімді қалыптастырады. Физиологиялық дамудың жас ерекшелік заңдылықтарын білу, даму заңдылықтарының заманауи проблемаларына сүйене отырып, оқу процесін, оқыту гигиенасын ұйымдастыру, оқытуда психологиялық мәселені қалыптастыру мәселелерін үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Білім алушыларға инклюзивтік білім берудің негізгі міндеттері, ерекшеліктері мен қағидаттары ұғымдарын меңгеруге, жинақталған халықаралық тәжірибені жинақтауға, инклюзивтік білім берудің даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Курс мазмұнында "Баршаға арналған білім" бағдарламалары, Қазақстандағы инклюзивті білім беру проблемалары ұсынылған, мемлекеттік бағдарлама негізінде инклюзивті білім беруде инновациялық тәсілдерді іске асыру тәсілдері қарастырылған

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Адам анатомиясы
    Несиелер: 5

    «Адам анатомиясы» пәнінің мазмұны адам организмінің құрылысы, морфологиясы,топографиясы, шығу тегі және онтогенездік,филогенездік дамуы туралы білімге негізделген. Бағдарламаны игеру барысында адам организмін құрайтын мүшелер мен тіндердің құрылысын, жеке, жыныстық және жастық ерекшеліктеріне сәйкес мүшелердің өзара анатомо-топографиялық қатынастары туралы түсініктер жинақталып, адамның дене құрылысына сыртқы ортаның, еңбектің, әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерлерін де сипаттайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Өсімдіктер физиологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мазмұнын игеру арқылы маңызды мәселелер зерттеледі: өсімдік ағзасының химиялық құрамы, өсімдік жасушаларының құрылымы, сипаттамалары, фотосинтез, өсімдіктердің тынысы, су режимі, өсімдіктердің өсуі мен дамуының физиологиясы, фитохормон түрлері, минералды тамақтану, өсімдіктердің әртүрлі факторларға төзімділігі физиологиясы. Өсімдіктердің физиологиялық негіздерін білу үшін қажетті теориялық біліммен және практикалық іскерлік дағдылармен қаруланады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Органикалық және биологиялық химия
    Несиелер: 5

    Курс мазмұны органикалық және биологиялық химияның негізгі әдістерін меңгеруге, белоктардың, аминқышқылдардың, көмірсулар, майлар және нуклеин қышқылдарының қасиеті мен құрылымын ерекшеліктерімен танысуға, тұқымқуалау ақпараттарының механизмдері және клетканың генетикалық аппараттарының құрылымды-қызметі және тұқымқуалау ақпаратының іске асу механизмдерін, нуклеин қышқылдары мен белок молекулаларының құрылысын, тірі организмдердің химиялық құрамын, тірі материяда болатын химиялық реакцияларды меңгертуге негізделген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ұлттық руханият
    Несиелер: 3

    Курс рухани құндылықтар жүйесін, қазақтың ұлттық болмысын, руханияттың этномәдени бастауларын, ұлттық сананы, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, дүниетанымды, діни шыдамдылықты, салт-дәстүрлерді, өнерді, әдебиетті, ұлттық тәрбиені, дәстүрлі мәдениетті, жоғары сананы тәрбиелейтін рухани мұраны зерттейді. Пән әлемдік және жалпыадамзаттық құндылықтарды, халықтық дәстүрлерді, ата-баба мұрасын құрметтеу рухында тәрбиеленген рухани-адамгершілік тұлғаны қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Цитология және гистология
    Несиелер: 5

    Пәнінің мазмұны адам және жануарлар организмiндегi жасушалар, ұлпалар, ағзалар, оның жүйелерінiң микро-, субмикроскопиялық құрылысын, клетканы зерттеу әдістерін, клетканың бөліну типтерін, адам мен жануарлардың эмбрионалдық даму ерекшеліктерін, ұлпалардың морфо-функционалдық ұйымдасуын, ұлпалардың түрлерін, қызметтерін, жасушалар мен ұлпалардың биологиясын сипаттайды. Цитологиялық, гистологиялық уақытша препараттарды әзірлеу, жарықтық микроскопта талдай алу машықтарын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Микробиология және вирусология негіздері
    Несиелер: 5

    Микробиология-биология ғылымының жеке саласы. "Микробиология және Вирусология негіздері" микроорганизмдердің биологиялық қасиеттерін, олардың тірі және жансыз табиғатпен байланысын, пайдалы қасиеттерді практикалық қолдануды және олардың зиянды әрекеттерін жоюды зерттейді. Микробиология және вирусология саласында жүйелі білім алу мұғалімнің ғылыми көкжиегін кеңейтуге, оны тәуелсіз зерттеуші және мұғалім ретінде қалыптастыруға ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Тірі ағзалардың физиологиясы
    Несиелер: 5

    Жердегі тіршіліктің пайда болуы, жануарлар мен адамдардағы физиологиялық процестер және олардың механизмдері, ағзаның қоршаған ортамен байланысы. Дененің сыртқы әсерлерге және ішкі ортаның әртүрлі әсерлеріне реакциясын зерттеу. Бұл тірі организмдердегі негізгі физиологиялық өмірлік процестердің заңдылықтарын, сондай-ақ жалпы жүйелердің, органдардың және барлық ұлпалар мен жасушалардың өмірлік белсенділігін зерттейтін ғылымның маңызды саласы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Териология
    Несиелер: 5

    Курс мазмұны аңдар туралы ерекше биологиялық маңызға ие зоологияның фундаментальды бөлімдерінің бірі болып табылатын териология ғылымының мәселелеріне негізделген. Зоологияның саласы ретінде териология жалпы, систематикалық және қолданбалы болып болып бөлінеді. Жалпы териологияға сүтқоректілердің морфологиясы, физиологиясы, экологиясы, эмбриологиясы мен таксономиясы жатса, систематикалық териология сүтқоректілердің негізігі таксономиялық топтарының класификациясын береді. Қолданбалы териология сүтқоректілерді адаммен тікелей байланысты немесе олармен жанама байланысқан объект ретінде қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Адам және жануарлар физиологиясы
    Несиелер: 5

    «Адам және жануарлар физиологиясы» пәнінің мазмұны арқылы жалпы тірі ағзалардағы физиологиялық процестердің сиапттамасы, механизмі, ағза қызметтерінің сипаттамасы, тіршілігі үшін маңызы туралы теориялық білімді меңгерте отырып, тірі құрылымдардағы биохимиялық өзгерістер мен физиологиялық үдерістердің арақатынасын, реттелу, жүйкелік қозу, эфференті және афференті жүйке жолдарын, рецепторлардың қызметтерін, гормондардың әсерін анықтау машықтарына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Микроағзалар биотехнологиясы
    Несиелер: 5

    Курс микроорганизмдерді культивирлеу, культивирлеудің отпимальді жағдайлары, өсу және көбею, культивирлеу әдістерін қарастырады. Микробиологиялық өндірістің негіздері, шикізат алу технологиялық процестердің сатыларын, микробты биомассаны алу, нан пісіру ашытқыларын алу, мелассадан ашытқы алу, табиғи газды микробты биомассасын, сутекті бактериялардың биомассасын алуды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Селекцияның генетикалық негіздері
    Несиелер: 5

    "Селекцияның генетикалық негіздері" пәні адамға тұқым қуалаушылық, селекция және жаңа сорттар мен будандарды алу заңдылықтарын алуға мүмкіндік беретін әдістермен сипатталады. Пәннің мазмұны генетикалық материалдың өзгергіштік негіздері, генетикалық процестердің молекулалық механизмдерін талдау бойынша теориялық білімді сипаттайды, тұқым қуалаушылық заңдылықтарын жан-жақты зерттейді, өзгергіштік түрлерін анықтайды, пайда болу себептерін бақылайды және есепке алады, зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістерін меңгертеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Генетика
    Несиелер: 5

    Пән бағдарламасы генетикалық материалдың өзгергіштігін, генетикалық процестердің молекулалық механизмдерін: тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері, көбеюдің түрлері, мейоз кезеңдерінің ерекшеліктері, гибридологиялық әдіс, будандастыру мен белгілердің тұқым қуалау типтері, ажырау заңдылықтары және статистикалық талдауларға негізделелген теориялық білімді қалыптастырады. Соынмен қатар адам ағзасының тұқым қуалайтын физикалық және ақыл-ой дамуы бұзылыстарының тұқымқуалау формаларын, оларды уақтылы диагностикалау және түзету әдістерін, селекция негіздерін игетреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Биологияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Биологияны оқытудың әдістемесі пәні оқытудағы түрлі әдістерді, білім беру принциптері мен заңдылықтарын, білім беруді ұйымдастырудың ең негізгі формасы, яғни сабақты ұйымдастырудың инновациялық әдістері негізінде пән бойынша теориялық мәліметтерді меңгерту нәтижесінде оларды өмірде қолдануға үйретеді. Соынмен қатар биология пәнінің орта мектептерге арналған оқу бағдарламалары мен оқулықтарының мазмұнын талдау, оқытуға қойылатын талаптар мен іске асыру технологияларын меңгертеді

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Оқытудағы жаңа тәсілдер
    Несиелер: 5

    "Оқытудағы жаңа тәсілдер" курсы пән мұғалімін бейіндік даярлауға негіз болатын оқыту әдістерін ғана емес, мазмұнын да қамтиды. Пән мазмұны оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін­өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға; түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзыреттілік танытатын белсенді қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті білім және практикалық дайындықты қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Орнитология және құстардың тұлыбын дайындау технологиясы
    Несиелер: 5

    Орнитология құстар фаунасын мен экологиялық ерекшеліктерін, жер шарында таралуын, тыныс алу, қан айналым, ас қорыту жүйесінің ерекшелігіне тоқталады. Таксидермия қазіргі түсінік бойынша оқу процесіне қажет көрнекі биологиялық құралдар (тұлыптар, қаңқалар, муляждар, үлгілер, терілер, макро және микропрепараттар) музей композициясын құрастыруға қатысты іргелі теориялық білім мен практикалық дағдыға үйрететін көлемді бөлім. Осы екі ғылым саласы негізінде пән курсы құрылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Биотехнология негіздері
    Несиелер: 5

    "Биотехнология негіздері" курсы микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының қатысуымен Адам өмірі үшін маңызды түрлі қажетті өнімдерді технологиялық жолдармен алуды үйретеді. Ауыл шаруашылығы, азық-түлік, мал, өсімдік салаларын жекелеген бағыттарда қарайды. Курс биотехнология өндірістерінде, зертханада пайдаланылатын құрал-жабдықтарды, жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін зерттейді, теориялық оқыту барысында алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдысын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Топырақ биологиясы
    Несиелер: 5

    Курстың негізгі ерекшелігі бұл ғылым саласының күрделілігі. Онда жоғары және төменгі саты организмдері,өсімдіктер, омыртқасыз және омыртқалы жануарлар бар.Тірі әлемнің күрделілігі көпжақты және негізгі элементтер айналасындағы биота рөлі,топырақтың тірі заттарының қарым-қатынастық механизмдері туралы, жердің жоғары бөліміндегі органикалық заттардың ыдырауы және түрленуі, гумустың түзілуі мен ыдырауы,оның биохимиялық жəне биологиялық айналымы туралы білім алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық
    Несиелер: 5

    "Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық" пәні білім беру жүйесіндегі негізделген қажеттілік ретінде еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап береді, нақты жағдайларды талдау және диагностикалау дағдыларын дамытады. Пәнді оқытудың мақсаты білім берудегі көшбасшылықты ұйымды басқару құралы ретінде қолдану аясында қарастыруға негізделген және болашақ мамандардың көшбасшылық әлеуетін психологиялық-педагогикалық құрал ретінде дамытуға, болашақ білім беру көшбасшысы ретіндегі білім алушының рефлексивті құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу барысында білім алушы ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын меңгереді, білім берудегі барлық мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады және жетілдіріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Гүл шаруашылығы ландшафттық дизайн негіздерімен
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында гүлді-сәндік өсімдіктер, олардың биоалуантүрлілігі, ландшафтық дизайн, фитодизайн ұғымдарының мәні ашылып, жалпы гүл шаруашылығы, гүлді-сәндік өсімдіктердің шығу және мәденилендірілу тарихы, классификациясы, ашық және қорғаулы топырақта гүлді-сәндік өсімдіктерді өсірудің алғы шарттары, көбею жолдары, көпжылдық, екі жылдық және бір жылдық, сонымен қатар жабық интерьерде өсірілетін гүлді-сәндік өсімдіктердің биологиялық, әрі өсіру ерекшеліктері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Өсімдіктер және ауылшаруашылығы биотехнологиясы
    Несиелер: 5

    «Өсімдіктер және ауылшаруашылығы биотехнологиясы» курсы in vitro өсімдіктерінің морфогенезі мен регенерациясы жолдарын, клон өсімдіктерін микрокөбейту және сауықтыруды, өсімдіктердін жаңа сорттарын алу технологияларын, ауылшаруашылық өндірісінде өсімдіктердің зиянкестерімен күресу мен жаңа сұрыптарын шығару, мал өнімділіктерін арттыру және экологиялық апат салдарларымен тиімді күресу әдістерін түсіндіреді. Сонымен қатар азықтық ақуыз алу технологиясын, баламалы энергия көздерін алу жолдарын, мал азығының сапасын арттыру дағдысын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Сәндік көгалдандыру, ландшафт жұмыстарын ұйымдастыру негіздері
    Несиелер: 5

    Сәндік көгалдандыру, ландшафтық жұмыстарын ұйымдастыру негіздері пәні - құрамына участокты жобалау және бөлу, белгілі бір климаттық жағдайымен топырағына байланысты өсімдік таңдау, оны участокта бір-бірімен үйлестіру арқылы орналастыру,сонымен қатар аумақта су қоймаларымен жолдар арқылы аумақты көгалдандыру өнерімен танысатаны болады. Ландшафтық дизайн, бақ саябақ өнерін ұйымдастыру сияқты участокты жобалауды, белгілі бір өсімдік пішіндерімен үйлесімін, декоративті төсемдер, жарықтандыру және басқа құралдарды қолдана отырып шектеулі кеңістікте табиғи жұмақ ұйымдастыра білетін болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Геология және топырақтану негіздері
    Несиелер: 5

    Пән мазмұнында табиғаттың ерекше түзіліс денесі, ауыл шаруашылығының негізгі өндіріс құралы – топырақтың түзілуі, құрамы, қабаттары, қасиеттері баяндалады. Жер қыртысында кездесетін минералдар мен тау жыныстары, геологиялық процестер туралы мәліметтер беріліпі, олардың топырақтың түзілуіне, құрамы мен қасиеттеріне әсері баяндалады. Сонымен қатар топырақтың ылғалдылық қасеттері, таралу заңдылықтары, топырақтың эрозияға шалдығу шарттары және алдын алу шаралары баяндалады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Эволюция теориясы
    Несиелер: 4

    Курс мазмұныныда эволюциялық процестерді зерттеу әдістері, органикалық әлем эволюциясы ілімінің негізгі принциптері және эволюцияны зерттеу әдістері туралы идеялар бар. Сонымен қатар ежелгі грек философтарының еңбектеріндегі эволюциялық идеялардың дамуы, қайта өрлеу дәуіріндегі жабайы табиғаттың дамуы идеясының ерекшеліктері және эволюциялық теорияның қазіргі жағдайы туралы ақпарат бар. Эволюцияның қозғаушы күштері, эволюциялық процестің генетикалық негіздері туралы түсінік береді және бейімделгіш модификацияның эволюциялық маңыздылығын ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Эволюциялық ілім
    Несиелер: 4

    Курс мазмұнымикроэволюция және макроэволюция туралы түсініктерді; жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуының жалпы заңдылықтары; ағзаның функционалды дифференциациясы туралы түсінік; қазіргі эволюцияның жетістіктері, оның биологияның дамуындағы бөлімдері мен практикалық маңызы туралы тұтас түсінік; органикалық әлемнің пайда болуы туралы түсініктерді қамтиды; биологиялық профиль зертханаларында практикалық дағдылар мен машықтарды игеруге үйрету. Эволюциялық теорияның негіздерін игеруге және қазіргі биологияның күрделі материалын өз бетінше түсінуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Көшеттік материалдарды өсірудің заманауи технологиясы
    Несиелер: 5

    "Көшеттік материалдарды өсірудің заманауи технологиясы" курсы жеміс дақылдарын өсіру бойынша агротехникалық іс - шараларды зерделеуді, олардан жоғары өнім алу мақсатында сапалы көшет материалдарын дайындаудың қазіргі заманғы технологиялық әдістерін айқындауды, көшет өсіру үшін тұқым материалын дайындауды, питомниктердің егіс бөлімшесінде тұқымнан көшеттер өсіруді және көшет материалдарын тұрақты жерге өсіру жөніндегі мемлекеттік стандарттың талабы бойынша агротехникалық іс-шараларды қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Молекулалық биология
    Несиелер: 5

    Курстың мазмұны молекулалық биология нуклеин қышқылдарының құрылымы мен функцияларын, тұқым қуалайтын ақпаратты жүзеге асырудың принциптері мен тетіктері, сондай-ақ жасуша құрылымы мен функцияларының молекулалық негіздері, өсу, даму, бөліну, ісік трансформациясы және жасуша өлімі процестерімен таныстырады. Тірі организмдердің молекулалық-генетикалық, жасушалық және популяциялық деңгейлерінің өзгеру қағидаларын және тұқым қуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жылыжай шаруашылығы
    Несиелер: 5

    "Жылыжай шаруашылығы" пәні студенттерде жылыжай шаруашылықтары туралы, олардың қазіргі заманғы жабдықтармен жарақталған құрылғылары туралы, негізгі және қосалқы технологиялық процестерді механикаландыру, жылыту және желдету жүйесі туралы, көкөніс өсіру кезінде қысқы блоктық және ангарлық жылыжайларда микроклиматты сақтау және түрлі үлдірлі құрылыстар туралы кешенді ғылыми білімді қалыптастыруға ықпал етеді. Білім алушыларда тұтас жаратылыстану-ғылыми дүниетанымды қалыптастыру және олардың ғылыми әдістерді пайдаланудың арнайы дағдыларын игертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жасушаның молекулалық биологиясы
    Несиелер: 5

    Курстың мазмұнында жасушаның морфо-функционалды ерекшеліктерін зерттейді. Жасушаның барлық компонентерінің (ядро, цитомембрана, митохондриялар, лизосомалар, эндоплазмалық тор және т.б.) химиялық құрамына ерекше көңіл бөлінеді. Сәйкес бөліктеріне ДНҚ және РНҚ молекулаларында қышқылды-қалыптастырушы реакциялары егжей-тегжейлі талданады. Биологиялық процестерді молекулалық деңгейде қарастырады, жеке молекулалардың өзара әрекеттесуінің нәтижесін, нақты химиялық реакциялардың жүруін қамтамасыз ететін каталитикалық әсерлер, макромолекулалардағы ақпараттарды сипаттайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқыту теориясы
    Несиелер: 5

    Бұл курс білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұны болашақ маманның кәсіби қызметінің әдіснамалық сипатын қалыптастыруда пәннің теориялық негіздерін және оның практикасының өзара байланысын, танымдық іс-әрекетін белсендіруде замануи оқыту оқытудың әдістерін меңгертумен қатар дидактикалық процесте саралау, педагогикалық қағидаларды, міндеттерді, мақсаттылық пен бағыттылықты жүзеге асыратын және ғылыми әдістемелік білімдер жүйесі қалыптасады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жаңа білім беру теориясы мен практикасы
    Несиелер: 5

    Курс білім алушылардың замауни білім алуын, білім беру жүйесіндегі жаңа тенденциялардың стартегиялық бағыттарын, бағдарламасын жүзеге асыруда болашақ маман кәсіби қызметінде замануи білім беруді дамыту, білім жүйесін модерндеудің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру, педагогикалық білім беруді жаңарту барысында нақты ғылыми әдіснамасы мен моделін құру, кәсіби біліктіліктерін шыңдау, жетілдіру жолдарында жобалау және басқару әрекетін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Биологиядан сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру
    Несиелер: 6

    Пәннің мазмұны сабақтан тыс іс-әрекеттерді ұйымдастырудың ерекшеліктері, әдістері, формалары,тәсілдері туралы білімді қалыптастырады, сабақтан тыс іс-шаралар жоспарларын құру, жүргізу, талдау, жалпылау, тірі бұрыштарды, оқу-тәжірибе алаңын, табиғаттағы экскурсияларды дұрыс ұйымдастыру дағдыларын меңгереді. Сонымен қатар болашақ биология мұғалімінің кәсіби міндеттерін кәсіби қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес шеше алатын шығармашылық тұлғасын дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мектепте биологиялық тәжірибелерді жүргізу әдістемесі
    Несиелер: 6

    «Мектепте биологиялық тәжірибелерді жүргізу әдістемесі» курсының мазмұны биология пәні бойынша қосымша сабақтарды және сабақтан тыс шараларды, биологиялық тақырыптар негізінде тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудың, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе учаскелерінде оқушылардың тәжірибе жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін меңгертіп, білім алушыларда теориялық білімді игеруге қажетті практикалық машықтарын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Биологиядағы IT және цифрлық ресурстар
    Несиелер: 4

    "Биологиядағы IT және цифрлық ресурстар" оқу курсы - бұл биология мен информатика тоғысындағы ғылымның бөлімі және биологиялық объектілерді зерттеуде ақпараттық тәсіл мен ақпараттық технологияларды қолдану мәселелерін қамтиды. Курстың мақсаты-биологиялық жүйелерде болатын Ақпарат және ақпараттық процестер туралы идеяларды қалыптастыру. Міндеттері: биологиялық зерттеулер нәтижелерін талдау және құжаттамалық ресімдеу үшін желілік технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастыруды қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қолданбалы биология топырақтану негіздерімен
    Несиелер: 5

    Бұл курс биология және топырақтану мәселелерін қамтиды. Топырақ генетикасы, топырақ физикасы мен химиясы, агрохимия және егіншілік сияқты бөлімдер қарастырылып, зерттелуде. Курс студенттердің ерекше назарын топырақта болып жатқан процестер мен құбылыстарға, олардың дамуына, қарашіріктің пайда болуына, топырақ профилінің қалыптасуына, топырақтың қалыптасуы мен дамуындағы микроорганизмдердің рөліне, олардың жіктелуіне, топырақ құнарлылығы мен өсімдіктердің қоректенуіне бағыттайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ауыл шаруашылық негіздері
    Несиелер: 5

    Оқу курсы ауыл шаруашылығы ғылымы бойынша теориялық білімді, пән мазмұны бойынша тәжірибелік жұмыстардыжасауға қажетті практикалық дағдыларды меңгеруге, сонымен қатар ауыл шаруашылығы ғылымының негізгі салаларымен таныстыру қарастырылған. Пән мазмұнында жер шаруашылығы жүйесі, топырақ құрамы мен құнарлылығы, мәдени өсімдіктердің түрлі сорттары және үй жануарларының тұқымдары, олардың күтімі, мал азығын даярлау туралы, ауылшаруашылы агрохимиясы туралы білімдерді игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Биологияны оқыту процесін интернационалдыру
    Несиелер: 3

    Бұл курс биология пәніндегі пәнаралық инеграцияның мәнін, яғни орта білім берудегі биоинформатика, биотехнология, биофизика, биомедицина салаларындағы бірлескен ұғымдар мен түсініктердің берілу әдістемесін, алынға білімдер нәтижесінде еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік, халықаралық және мәдениет аралық әрекеттесу және ынтымақтасу машықтарын қалыптастыру және шет тілдерін меңгеру арқылы өз кәсіби саласындағы жаңа дағдылар мен технологияларды меңгеру болып табылады

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON3

    Биологиялық пәндерді оқыту әдістемесін және биологиялық зерттеулер жүргізу тәжірибесін біледі; зерттеу саласында зерттеу әдістері мен академиялық жазуды қолданады; педагогикалық эксперимент нәтижелерін ескеретін ғылыми негізделген шешімдер қабылдайды, алынған нәтижелер бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды нақты тұжырымдайды, эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелерін есеп, ғылыми баяндама, хабарлама, ғылыми мақала, әдістемелік құрал түрінде стилистикалық сауатты ресімдейді

  • Код ON2

    Көпмәдениетті, көпэтносты және көпконфессиялы қоғамда конструктивті диалог құру, қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгерген, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті бола алады; оқу процесін іске асыруда ерекше ұғымдар мен терминдердің мағынасын түсіндіруде тілдік параллельдерді жүргізе алады; қоғамдық пікірге, дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі және өзінің кәсіби қызметінде оларға бағдарланады; басқа мәдениеттер мен діндердің өкілдерімен өнімді өзара іс-қимыл жасайды;

  • Код ON8

    Сапалық және сандық талдау жүргізеді, алынған мәліметтерді салыстырады, биологиялық тақырыпты оқыту әдістерін талдайды, биологиялық объектілерді мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды оқыту құралы ретінде қарастырады, табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен олардың қалыптасуы мен өзгеру заңдылықтарын түсінеді;

  • Код ON1

    Кәсіби педагогикалық қызметін ұйымдастыру барысында құзыретті шешімдер қабылдау үшін биология саласындағы іргелі білімі мен дағдыларын қолданады

  • Код ON6

    Шетел тілін кәсіби деңгейде меңгеріп, кәсіби мәселелерді шешу үшін әр түрлі ауызша және жазбаша қарым-қатынас құралдарын қолданады және қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби қызмет саласында ғылыми зерттеулер жүргізу дағдылары қалыптасады;

  • Код ON10

    Биологиялық, микробиологиялық нысандардың әртүрлілігі, идентификациясы, жіктелуі туралы негізгі түсініктерді сипаттайды. Биологиялық, биотехнологиялық, молекулалық-генетикалық әдістерді қолдану арқылы тіршілікті ұйымдастырудың әртүрлі деңгейлеріндегі өмірге талдау жасауды жүзеге асырады;

  • Код ON5

    Оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық-психологиялық, дидактикалық ұстанымдарды және кәсіби іс-әрекеттегі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруда студенттердің анатомиялық-физиологиялық, жас ерекшеліктерін қолданады, адам құрылысы, даму заңдылықтары, оның кызметімен танысу арқылы тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау негіздерін біледі;

  • Код ON4

    Оқытудың заманауи инновациялық және интерактивті әдістерін меңгерген және оларды іс жүзінде қолданады, кәсіби қызметті жетілдіру үшін алынған ақпаратты талдайды және шығармашылық түрде өзгертеді;

  • Код ON7

    Мектептегі биологияны оқытудың заманауи ғылыми және практикалық мәселелерін бағалайды, өзінің кәсіби қызметін бағалау үшін әртүрлі салалардағы әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары әдістерін қолданады, ұлттық руханият және әлеуметтік-саяси пәндер шеңберінде базалық білімдерді ескереді, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсінеді;

  • Код ON9

    Жаңа білім беру теориясы мен практикасын меңгеру арқылы инновациялық технологиялардың әр түрін қолдана отырып, мектепте биологияны оқыту әдістемесін, сонымен қатар бақылау мен реттеудің тиімді құралдарын, биологиялық процестердің жүйелері мен әдістерін қолданады;

  • Код ON11

    Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау үшін жұмыс саласындағы оқу процесі субъектілерінің психологиялық білімі үшін орта білім беру бағдарламасының жаңартылған мазмұнына сәйкес оқыту нәтижелерін, критериалды бағалауды бақылайды;

  • Код ON12

    Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін біледі және түсінеді; экономикалық білімнің негіздеріне ие, менеджмент, маркетинг, қаржы туралы түсінікке ие болады.

6B01505 Биология
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B013 Биология мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01505 Биология
Бакалавриат

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)

БББТ: B013 Биология мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01505 Биология
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B013 Биология мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01505 Биология
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B013 Биология мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01505 Биология мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B013 Биология мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01505 Биология
Бакалавриат

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B013 Биология мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01505 Биология мұғалімдерін оқыту
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B013 Биология мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01505 Биология мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B013 Биология мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01505 Биология пәні мұғалімі
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B013 Биология мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01505 Биология
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B013 Биология мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01505 Биология мұғалімдерін оқыту
Бакалавриат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: B013 Биология мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top