6B01505 Биология мұғалімін даярлау в ОҚМПУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай жалпымәдени және кәсіби құзыретіліктерді меңгерген бәсекеге қабылетті биология пәнінің мұғалімін даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B013 Биология мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Биологияға кіріспе
Пән тірі организмдердің қалыптасуы мен қасиеттері, даму деңгейлері, органикалық дүниенің даму эволюциясы, оның заңдылықтары мен көрініс беру формаларының тіршілік етуі мен кеңістікте таралуын қарастырады. Биологияны оқытуда тарихи мәліметтерді практикада қолдану, биологияның ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу және оларға қатысты жоба жұмыстарын орындауға коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау, сипаттауды үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жалпы химия
Жалпы химия пәнінің мазмұнында зат құрылысы туралы қәзіргі заманғы ұсыныстар және химиялық процестер (химиялық реакциялардың классификациясы, химиялық реакциялардың химиялық кинетикасы және химиялық тепе-теңдік) қарастырылған. Ғылыми-зерттеулерде модельдеуді қолдану, есептерді шешуде ЦБР-ды пайдалану, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ботаника
Өсімдіктердің құрылысы, дамуы, классификациясы, таралуы, табиғаттағы маңызы, таксономиялық категориялары, жеке және эволюциялық дамуы барысында қалыптасу процесі мен заңдылықтары қарастырылады. Өсімдіктер дүниесінің қазіргі жағдайы мен мәселелері, биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді білу, негізгі концепциялар мен даму перспективаларын меңгеру, тірі организмдердің түрлері, құрылысы мен тіршілік әрекеті, далалық бақылауды ұйымдастыру жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдіктер систематикасы
Пән өсімдіктердің көптүрлілігін реттеу арқылы өсімдіктер әлемін танып білуді, зерттеуді, тиімді пайдалануды, өсімдіктердің жер бетіне таралуын, систематикалық топтар мен таксономиялық категорияларын, өсімдіктердің жеке және эволюциялық дамуы барысында қалаптасу процесін, құрылымдық ерекшеліктерін қарастырады. Пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Цитология және гистология
Пәнді оқыту жасушаның құрылысы мен физиологиясының негізгі заңдылықтары, ағзадағы негізгі ұлпалар жүйесі мен жіктелуі, қызметі туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Жасуша мен ұлпалардың құрылысы туралы биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді, физиологиялық процестердің жүру механизмін білу, жүйелі ойлау негізінде білімдерін практикада қолдану көзделеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жасерекшелік психологиясы
Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Омыртқасыздар зоологиясы
Пән жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін, филогениясын, ұйымдасуын, экологиясын және омыртқасыз жануарлардың негізгі таксондарының практикалық маңызын қарастырады. Курс студенттердің биологиялық білімін кеңейтуге және тереңдетуге, жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған. Зоологияның ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу және тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Адам анатомиясы
Адам анатомиясы - бұл адам денесінің пайда болуы мен дамуы, формалары мен құрылысы туралы ілім. Анатомия адам ағзасы және оның бөліктерінің сыртқы формалары мен пропорцияларын, жекелеген мүшелерді, микроскопиялық құрылысын зерттейді. Адам денесін зерттеу әдістерімен терең танысады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Омыртқалылар зоологиясы
Курста жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі, филогениясы, ұйымдасуы, экология және омыртқалы жануарлардың негізгі таксондарының пракикалық маңызы қарастырылады. Курс студенттердің биологиялық білімін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың материалистік жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.Зоологияның ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу және тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Микробиология және вирусология
Микробиология және вирусология негіздері пәні негізігі білімді және кәсіби құзыреттілікті қалыптастырып, прокариотты және эукариотты микроорганизмдермен вирустар әлемінің морфологиясын, құрылысын, құрылымдарын, атқаратын қызметтерін, классификациясын зерттейтін ілім. Сонымен бірге, курс барысында бактерия жасушаларының морфо-физиологиясы мен құрылымдық компоненттері және вирустардың классификацияануы, ультрапаразиттік тіршілік жасауы, репродукциялық кезеңдердің заңдылықтары қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өсімдіктер физиологиясы
Пән өсімдіктердің функционалдық белсенділігінің негізгі заңдылықтарын, су тепе- теңдігін сақтау, фотосинтез, тыныс алу, қоректену ерекшеліктерін, өсімдіктердің қозғалысын, өсу мен дамуын қарастырады. Өсімдіктердің тіршілік әрекеті туралы негізгі базалық түсініктерді, ғылыми ақпараттарды іздестіруді меңгеру, оларда жүретін физиологиялық процестердің механизмін білу, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін практикада қолданукөзделеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
Пән педагогикалық ғылымның метапәндік идеялары негізінде оқу-тәрбие үдерісінің білімі мен түсінігін, тәрбие жұмысының формаларын, әдістерін, құралдарын тәжірибеде қолдануды зерттейді. Кәсіби міндеттерді шешу жолдары, оқу-тәрбие процесінің ғылыми әдістерін меңгеру, пәнаралық білімдерді кіріктіру, Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім беру тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбие жүйесі және тәрбие жұмысының диагностикасы сипатталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Молекулалық биология
Молекулалық биология - бұл ағзаның тіршілік етудегі молекулалық негіздерін, зерттеулердің негізгі бағыттарын, генетикалық ақпараттарды сақтау механизмдерін, оларды іске асыру және тарату жолдарын қарастырады. Молекулалық биологияның қазіргі заманғы жетістіктері мен даму перспективаларын, ғылыми зерттеулерде модельдеу, инновациялық технологияларды қолдану, проблемаларды шешудің креативтілігін бағалау және білімді практикада қолдану сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Адам және жануарлар физиологиясы
Тірі организмдегі тіршілік процестерінің негізгі заңдылықтары туралы білім жүйесін қалыптастыру. Тірі организм және оның жүйелерінің қасиеттері, организмдегі жүйелердің негізгі принциптері туралы түсінік. Курс биологиялық процестер мен жануарлар мен адамдардың әртүрлі жүйелері мен мүшелерінің жұмысының физиологиялық механизмдерінің негізін құрайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Биологияны оқыту әдістемесі
Биологияны оқыту әдістемесі пәнінде биологияны мектепте оқыту мақсаты мен міндеттері, ұстанымдары, әдістері, қалыптары және мазмұны, ұғымдарды қалыптастыру, сабақты және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу, бейіндік оқыту, білімін практикада қолдану мәселелері қарастырылады. Сабақ жоспарын жасау, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету, білім беруде инновациялық технологияларды қолдану жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Иммунология
Иммунология организмнің әртүрлі антигендерге молекулалық, жасушалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды қарастырады. Иммунологиялық зерттеулердің нәтижелерін, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, ізденушілік-зеттеушілік әрекет дағдысын игеру,пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, пәнаралық білімді интеграциялай білу, инклюзивті білім беру жағдайында, оқу-тәрбие процесінде баланы әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-психологиялық кеңес беру, диагностикалау, коррекциялаудың әдістері қарастырылады, инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалай білу сипатталады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бағалаудың заманауи технологиялары
Пән бағалау саласында қолданылатын соңғы әдістер мен тәсілдерді зерттеуге бағытталған. Сондай-ақ білім беру, психология, әлеуметтік педагогика сияқты әртүрлі салалардағы бағалауға қатысты аспектілерді қамтиды. Бағалау қағидалары мен теорияларын, бағалау әдістері мен құралдарын, бағалау деректерін талдауды және әділдікті қамтамасыз ету, біржақтылыққа жол бермеу, тест тапсырушының құпиялығын қорғау және бағалау әдістерінде адалдықты сақтау сияқты бағалауға қатысты этикалық мәселелер мен нұсқауларды зерттеуді үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биологияны оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану
Биология мұғалімінің тәжірибесіне білім беруді ақпараттандыруды оқытуда компьютерді және басқа да электронды құралдарды қолдану , оқытуды ұйымдастырудың жаңа тәсілін енгізудің кейбір аспектілері курс барысында қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биотехнология
Пән маңызды өнімдерді микроорганизмдер негізінде алу жайлы түсініктерді қалыпастырып, белок жетіспеушілік мәселелелерін шешудің биотехнологиялық әдістерін, клетка ішілік реттеудің молекулалық механизмдері және оларды микроорганизмдер селекциясында пайдалану туралы білімдері мен түсініктері, зерттеу әдістерін қолдануды қарастырады. Стандартты емес жағдайларда кәсіби проблемаларды шешу үшін өз білімі мен түсінігін жетілдіріп, қабілетін пайдалануды көздейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Биометрия
Пәнде биологиядағы математикалық әдістерді қолданудың принциптері мен әдістері туралы түсінік беріледі, бұл эксперименттер мен бақылаулардың нәтижелерінің дұрыстығы деңгейін айқындаудың сенімді құралдарын, сондай-ақ олардың дұрыс жалпылығын қарастырады. Биометриялық білімдерін жүйелі ойлау негізінде практикада қолдану, ақпараттық ресурстарды кәсіби қызметте қолдану, ақпараттық мәдениетін көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау көзделеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Аллергология
Курс аллергиялық реакциялар мен ауруларды, олардың себептерін, даму және көріністер механизмдерін, оларды диагностика жасау, алдын алу және емдеу әдістерін зерттейді. Тәжірибелік тұрғыдан аллергология бүгінде әлем халқының өлім-жітімінде жетекші орын алатын аурулардың мәселелерін шешеді. Курс адамның иммундық жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы, оның жас ерекшеліктері, иммундық жүйенің дамуы мен жұмыс істеуінің жасушалық және молекулалық механизмдері, оның негізгі кезеңдері және иммундық жауаптың генетикалық бақылауы туралы білімді қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Биофизика
Пән органдардың және жүйелердің физикалық негіздері, биологиялық ұлпалардың физикалық қасиеттері мен оларды зерттеу әдістері, физикалық факторлардың жасуша мен жасушалық құрылымдардағы ерекшеліктері туралы білім жүйесін қалыптастырады. Тірі организмдегі биофизикалық процестерді білу арқылы білімдерін жүйелі ойлау негізінде практикада қолдану, ақпараттық ресурстарды кәсіби қызметте қолдану, ақпараттық мәдениетін көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау көзделеді .
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Биомедицина және биоинформатика
Адамның морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін, мүшелер мен жүйелердің құрылымы мен функционалдық сипаттамаларын, жаспен, жыныспен және жеке дамуымен байланысты органдар мен жүйелермен танысу жолымен биологиялық және медициналық білімді игеруге бағытталған. Пәнді оқытуда білімін практикада қолдану, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулердің әдістері
Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға және ғылыми зерттеулерді меңгеруге мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
«Қаржылық сауаттылық»– курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биологияны оқытудың инновациялық технологиялары
Инновациялық технологияларды, оқыту процесін ұйымдастыру, іске асыру, үйлесімді білім беру ортасын құру, зерттеу жұмыстарын жүргізу, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу жолдары қарастырылады. Оқуды ұйымдастыруда критериалды бағалау, диагоностикалау, сабақ жоспарын жасау, АКТ арқылы кері байланыс орнату технологияларын қолдану, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Гендік инженерия
Генетикалық және биохимиялық әдістердің көмегімен түраралық кедергілері жоқ тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше, табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алу жөнінде мағлұмат береді. Молекулалы-генетикалық талдау әдістерін қолданып, өсімдік түрлерін, сорттарын зерделейді. Гендік инженерияны меңгеруде базалық идеялар мен заманауи әдістер жүйесін талдауды, алған білімдерін практикада қолдануды және зерттеу нәтижелерін өндіріске ендіруді қарастырылады қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Генетика және селекция негіздері
Генетика және селекция негіздері – тірі материяның екі іргелі қасиеттерін, яғни тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін біріктіруші биологиялық пән. Генетиканың интеграциялаушы рөлі, ол – тірі материяның әмбебап қасиеттерін ағзаның барлық ұйымдасу деңгейлерінде және барлық таксономиялық топтарында зерттейді. Ғылыми зерттеулерде модельдеу, инновациялық технологияларды қолдану, проблемаларды шешудің креативтілігін бағалау және білімін практикада қолдану сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жеке даму биологиясы
Жеке даму биологиясы организмнің жеке дамуының барлық процестерін, яғни онтогенезін, әртүрлі форма түзілу процестерінің молекулярлы, биохимиялық және генетикалық механизмдерін, ұрықтың субклеткалық және клеткалық ерекшеліктерін қарастырады. Білім мен зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдауда сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімді практикада қолдану, комуникативтілігі мен ақпараттық мәдениетін көрсету жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- ОN4 – пәннің нақты өмірдегі, ғылымдар жүйесіндегі орны мен рөлін дәйектей білу;
- ОN6 – инновациялық технологияларды оқытудың мақсат-міндеттеріне және оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолдану;
- ОN9 – оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялай білу;
- ОN10 – академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну;
- ОN7 – критериалды бағалаудың, диагностикалаудың, қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасаудың технологияларын пайдалану;
- ОN3 – танымдық, кәсіби және ғылыми зерттеулерде модельдеуді қолдану негізінде мәселелерді шешу жолдарын талдай білу;
- ОN2 – биологиялық заңдылықтар мен тұжырымдарды дәлелдеу мен ой-қорытулар жасауда, мәселелерді шешуде сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану;
- ОN5 – биология пәнін оқытуда АКТ-ны пайдалану арқылы оқушының жеке мүддесіне сай оқу үдерісін ұйымдастыра білу;
- ОN1 – биология ғылымының базалық идеялары мен заманауи әдістер жүйесіне негізделген білімі мен түсініктерін көрсете білу;
- ОN8 –ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және оларды оқытылатын салада қолдану;
Ұқсас БББ
6B01505 Биология
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01505 Биология
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01505 Биология
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B01505 Биология пәні мұғалімі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B01505 Биология (IP)
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01505 Биология
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01505 Биология мұғалімдерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01505 Биология
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B01505 Биология мұғалімдерін даярлау
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
6B01505 Биология (IP)
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
6B01505 Биология
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)