Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01505 Физика-информатика в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Механика
    Несиелер: 6

    Механика кеңістікте уақыт бойынша денелердің өзара қозғалысына байланысты физикалық процестер мен құбылыстарды қарастырады. Механиканың негізгі есебі – бұл кез-келген уақытта дененің орнын анықтау болып табылады.Пәннің мазмұны кинематиканы, динамиканы, статиканы және сұйықтар мен газдар механикасын қамтиды.Пән академиялық білім беру траекториясының физика мамандану пәндерінің алғашқы пәні болатындықтан студенттерде бірегей, логикалық дұрыс байланысқан, тізбекті физикалық білімдерді қалыптастыруда маңызды болып табылады. Пән академиялық білім беру траекториясында мамандану пәндерінің алғашқы пәні болғандықтан, студенттер үшін бірегей, логикалық тұрғыдан дұрыс байланысқан, дәйекті физикалық білім қалыптастыруда маңызды болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мектеп физикасы
    Несиелер: 6

    «Мектеп физикасы» пәні жалпы физиканың бөлімдері бойынша мектепте физикалық білім берудің мақсаттары мен мазмұнын, оқытудың әдістері, құралдары мен ұйымдастырушылық нысандарын қарастырады. Пәнді оқытудың мақсаты: студенттердің мектепте жалпы физика пәні бойынша оқу процесінің мазмұны мен ұйымдастырылуы туралы білімдерін қалыптастыру; болашақ мұғалімді жалпы білім беретін мекемелерде физика пәнін оқытуға дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған.Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эмоционалды интеллект
    Несиелер: 5

    Эмоционалды интеллект және ұйымдастыру мәдениеті. Эмоционалды интеллекттің топтық көрсеткішітері. Эмоционалды менеджмент. Эмоционалды интеллект және тиімді команда құру. Жеке адамның эмоционалды интеллектін дамыту. Отандық және шет елдік ұйымдарда эмоционалды интеллект енгізудің жүйелі амалдары: жеке адамның мотивациясын орайластыру, топты қалыптастыру тәсілдері, даудамайларды шешу, кері байланыс орнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді. Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия
    Несиелер: 5

    Сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрияның негізгі түсініктері мен әдістері. Матрицалар, детерминанттар, сызықтық теңдеулер жүйесі. Әр түрлі математикалық есептерді шешуге ғылыми көзқарас. Абстрактілі логикалық ойлау. Қазіргі математикалық терминдермен жұмыс жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары математика
    Несиелер: 5

    Дифференциалдық және интегралдық есептеу. Тізбектер мен қатарлар. Дифференциалдық теңдеулер. Компьютерлік математика жүйелерін қолдана отырып, практикалық есептерді шешу үшін математикалық әдістерді қолдану дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар өлшеулер мен сынақтардың дәлдігін бағалау үшін ықтималды және статистикалық әдістерді қолдану мүмкіндігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Молекулалық физика және термодинамика
    Несиелер: 6

    Заттардың физикалық құрылысын сипаттау әдістерін. Газдардың молекула-кинетикалық теориясы. Температура. Газ заңдары. Максвел және Больцман таралулары. Тасымалдау құбылыстары. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың екінші бастамасы. Жұмыс циклі. Пайдалы әсер коэффиценті. Реал газдар. Сұйықтар. Қатты денелер. Фазалық ауысулар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Программалауды оқыту әдістемесі мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттердің программалау дағдыларын, алгоритмдік сауаттылығы мен жүйелік ойлауын, сонымен қатар программалауды оқыту дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курсты оқу барысында студенттер Python тілінің стандартты кітапханасын пайдаланып сандарды, мәтіндерді және олардың жиынтығын өңдеуді және сақтауды үйренеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Компьютер архитектурасы және операциялық жүйелер
    Несиелер: 6

    Курста компьютер архитектурасының типтері, енгізу-шығару құрылғылары,процессор, адресация тәсілдері, операциялық жүйелер, процестер мен ағындар және BIOS функциясының мүмкіндіктері қарастырылады. Курс барысында студенттер компьютерді жеке құрылғылардан құрастыру, аналық тақшаны жинау, кабельдерді жалғау, операциялық жүйені орнату, жадыларды бөлу, ОЖ-ні өшіру дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы
    Несиелер: 5

    «Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы» курсы әр түрлі жас кезеңдеріндегі адам ағзасының мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызметін, организмнің даму динамикасы мен механизмдерін, ерекшеліктерін зерттейді. Курсты меңгеру барысында студенттің алған білімдері болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, педагогикалық іс-әрекетке дайындығының теориялық және тәжірбиелік білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Физикадағы ықтималдық теориясы
    Несиелер: 6

    Пән кездейсоқ құбылыстардың заңдылықтары мен қасиеттерін және оларды физика бойынша нақты білім мен маңызды дағдыларды игеруге, заманауи дүниетанымды қалыптастыруға қажетті статистикалық мәліметтерді талдауда қолдануды қарастырады. Деректерді жинау, талдау және ұсынудың негізгі принциптерімен таныстырып, ғылыми мүдделерге баулиды, студенттердің логикалық ойлауын дамытады. Пәннің мақсаты физикадағы кездейсоқ шамалармен және процестермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жүйелік программалық қамтама
    Несиелер: 6

    Пәнді оқу барысында студенттер компьютердегі жүйелік программалық қамтама құрылымы мен құралдары, жүйелік процесстерді басқаруды ұйымдастыру, операциялық жүйелерді конфигурациялау мен администрациялау туралы білімді меңгереді. Сондай-ақ компьютердің аппараттық ресурстарын басқару үшін операциялық жүйе функциялары мен құралдарын пайдалануды, практикалық тапсырмаларды орындауда заманауи жүйелік программалық қамтама мүмкіндіктерін қолдануды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Электр және магнетизм
    Несиелер: 6

    Бұл курс студенттердің табиғаттағы негізгі іргелі өзара әсерлесудің бірі болып табылатын электромагниттік құбылыстар негізінде физикалық процестер мен заңдылықтардың заңдылықтарын зерттеуге бағытталған.Электростатика, тұрақты және айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электрлік тербелістер мен толқындар туралы теориялық білім практикалық және зертханалық сабақтарда есептер шешу және зертханалық жұмыстарды жүргізу арқылы жетілдіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Компьютерлік ойындарды программалау әдістері
    Несиелер: 6

    Курс Python программалау тілінде Pygame көмегімен графикалық компьютерлік ойындарды құруды қарастырады. Пәнді оқу барысында студенттер Pygame кітапханасы және оның функциялары туралы білім алады. Курс барысында студенттер нақты компьютерлік ойындар жасау дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы. Шетелде және Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Ерекше білім беруді қажет ететін жандарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жағдай жасау үшін әртүрлі профильдегі мамандар тобында жұмыс істеу дағдылары. Оқу жоспарларын бейімдеу және инклюзивті оқыту жағдайында репетиторлық практиканы ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Программалау тілдері және технологиялары
    Несиелер: 6

    Курста алгоритмдеу негіздері, программалау тілдері мен технологияларының түрлері, алгоритмдік тілдер операторларының түрлері мен мәліметтер типтері, стандартты модульдер мен программалау стилін пайдалана отырып программалар әзірлеу, программалау сапасының көрсеткіштері, программаларды қайта өңдеу және тестілеу әдістері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық курс. Курс білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында: білім беру басқармасы мен мекемелерінде компьютерлік бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы; АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің болашақ педагог мамандығына қызығушылықтарын дамытуға және кейін өзін-өзі жетілдіру мақсатында кәсіби өз бетінше білім алуға ынталандыруға бағытталған. Курс студенттердің педагогикалық үдерісті жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, басқару және талдау дағдыларын дамытуға; орта білімнің жаңартылған мазмұны аясында тәрбиелеу мен оқытудың технологиялары мен әртүрлі әдістемелерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Электродинамика және АСТ
    Несиелер: 6

    Координаттар жүйесі Салыстырмалық принципі. Галилей мен Лоренцтің түрлендірулері. Уақыттың салыстырмалығы. Релятивистиік әсерлер. Уақыт аралығы. Бойлық ауқымда қысқарту. Төрт өлшемді кеңістік-уақыт. Магнетостатика. Векторлық потенциал. Эйнштейннің салыстырмалық теориясы. Энергия мен импульстың түрленулері. Пилинкаре-Эйнштейннің салыстырмалық принципі. Галилей түрлендірулері. Лоренц түрлендірулері. Минковский таралулары. Электромагниттік өріс теңдеуі. 4 өлшемді потенциал. Векторлық потенциал.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Теориялық физика
    Несиелер: 4

    Курс классикалық және кванттық электродинамиканың түсініктері мен заңдылықтарын, сонымен қатар салыстырмалылықтың арнайы теориясын, электродинамикалық есептерді есептеу мен талдауды, электродинамиканың теориялық аппаратын электроника мен электротехникада қолдануға арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғылыми зерттеулер негіздері
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Критериалды бағалау технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән технологияны оқу үдерісінде практикалық қолдануды оқытады. Курс білім беру мақсатындағы таксономияның негізінде және білім алушының білім деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың критерийлері мен формативтік және жиынтық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқыту нәтижелері мен әдістерінің өзара талаптары мен мақсаттарын үйретеді және бақылаудың рейтингтік жүйесінің тұжырымдамасын ашады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Информатиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курс жаңартылған білім беру мазмұны аясында информатика сабақтарында оқыту әдістерін, формалары мен құралдарын жүзеге асыру ерекшеліктерін оқытады. Сондай-ақ, оқытудың әр түрлі деңгейлерінде мектеп информатикасын ұйымдастыру, жоспарлау және оқытудың мазмұндық және әдістемелік аспектілерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Атомдық және ядролық физика
    Несиелер: 4

    Томсонның атомдық моделі. Резерфорд тәжірибесі. Атомның ядролық моделі. Ядроның байланыс энергиясы. Бор постулаттары. Стефан-Больцман заңы. Радиоактивті ыдырау заңдары. Альфа ыдырау, оның түрлері. Нейтрино. Бета-ыдырау теориясының элементтері. Гамма-сәулелену. Гамма-сәулелену заңдылықтарының сақталуы. Ядролық гамма резонанс. Изотоптар. Нейтронды жаңалықтар. Лептондар. Нейтрино. Нейтрон массасы. Кәдімгі бөлшектердің әртүрлі кластарға бөлінуі. Кварк. Адрон.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Физиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Курста студенттер келесі тақырыптарды: физиканы оқытудың мақсаттары мен әдістері, олардың классификациясы және оқу үрдісінде жүзеге асыру мүмкіндіктері, физика бойынша оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары, физикадан сабақтың түрлері, заманауи физика сабағына қойылатын талаптар, физиканы саралап оқытудың формалары,физикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері формалары және физиканы оқыту құралдары және оларды оқу үрдісінде қолдану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Жылу физикасының негіздері
    Несиелер: 5

    Пән жылу физикасы саласындағы негізгі мәселелерді, жылу мен жұмыстың өзара түрлену заңдылықтарын, жылу беруді, әртүрлі отындардың жануының сипаты мен теориясын, әртүрлі жылу қозғалтқыштары мен энергетикалық қондырғылардың әрекет ету принциптері мен энергетикалық тиімділігін, жылу тасымалдау процестерін қарастырады. Процестердің физикалық мәніне және математикалық сипаттау, оларды шешудің заманауи әдістеріне ерекше назар аударылады Пәннің мақсаты жылу физикасы, жылу-масса алмасу негіздерін зерделеу, жылу-физикалық және жылу-техникалық процестерді сипаттау арқылы білім алушыларда ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік
    Несиелер: 4

    Курс барысында студенттер компьютерлік желі, желілердің жұмыс жасау принциптері, оның түрлері мен топологиялары, желі компоненттері, ортақ файлдармен жұмыс туралы білім алады. Сонымен қатар курс барысында ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау әдістері мен құралдары, деректер «құпиялылығы» және «тұтастығы», қауіпсіздік шаралары - деректерді резервтік көшіру және шифрлау, жеке тұлғаны сәйкестендіру әдістері оқытылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Статистикалық физика және термодинамика
    Несиелер: 5

    Пәнде термодинамиканың кинетикалық заңдалықтары макроскопиялық теорияның негізі ретінде ұсынылады. Практикалық тапсырмалар термодинамикалық шамалардың көмегімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, кванттық механиканың микро жүйелерінің таралуы функциясымен байланыстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Программалар мен деректердің қауіпсіздігі
    Несиелер: 4

    Шифрлаудың негізгі әдістері. Практикалық есептерді шешуде оларды қолдану мысалдары бар криптографиялық хаттамалар. Криптожүйелерде қолданылатын негізгі алгоритмдер, сондай-ақ программалар мен деректердің қауіпсіздігін арттыру үшін қолданылатын шаралар. Компьютерлік желілердегі осалдықтарды анықтау, түзету және алдын-алу. Программалардың өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдеріндегі осалдықтарды анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Объектіге бағытталған программалау тілін оқыту
    Несиелер: 5

    Бұл курс объектіге бағытталған программалау тәсілінің негізгі ережелерін, құралдарын, технологияларын және оны объектіге бағытталған програмалау тілдерінің бірінде (C++, C#, Java, Python) жүзеге асыруды қарастырады. Сонымен қатар курс барысында студенттер объектіге бағытталған программалау тілін оқытудың әдістері мен дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Оптика
    Несиелер: 5

    Пәннің бағдарламасы бойынша жарықтың электрмагниттік сипаты, жарық, фазалық және топтық жылдамдықтардың таралуы және электромагниттік толқындардың спектрлері зерттеледі. Фотометрия, геометриялық оптика негіздері мен заңдылықтары, когеренттік, жарық кедергісі, жарық дифракция, Гюйгенс-Френел қағидасы, Френел және Фраунхофер дифракциясы, дифракциялық тор, оптикалық аберрациялар, жарық поляризациясы. Жарықтың шашырауы, жұтылуы және шашырауы, сәулелену түрлері, Кирхгоф заңы, Стефан-Больцман радиациясы және Виннің ығысу заңы, Рэлея-Джинс формуласы, Планк формуласы, оптикалық кванттық генераторлар, фототүсірілім, Комптон эффектісі, жарық қысымы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Білім берудегі робототехника және мехатроника
    Несиелер: 5

    Курс мехатрондық модульдердің, білім беру роботтарының бөлшектерін және оларды құрастыруды, компьютерлік және электротехникалық компоненттерді біріктіру принциптерін оқытады, олардың негізінде инновациялық жүйелер мен машиналар жобалау және құруды қарастырады. Сондай-ақ білім беру роботтары мен жүйелерін құрастыру бойынша дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Теориялық физика 1
    Несиелер: 5

    Пәнде көптеген құрамдас бөлшектерден тұратын тепе-теңдік пен тепе-теңдік емес макроскопиялық жүйелердің қасиеттерін сипаттаудың статистикалық және термодинамикалық әдістері зерттеледі. Студенттер келесі тақырыптармен танысады: статистикалық және термодинамикалық формализм, термодинамикалық потенциал, микро-канондық таралу, Больцман, Максвелл және Гиббс таралулары, Гиббс кванттық таралуы, кванттық статистика, Ферми-Дирак статистикасы, Бозе-Эйнштейн статистикасы және басқа тақырыптар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Компьютерлік графиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курс растрлық/векторлық кескіндерді жасау және өңдеу, «дизайн», «қолданылуы», визуалды дизайнның классификациясы; ақпаратты қабылдау принциптері; «жақсы дизайн» қағидаттары; графикалық файл пішімдері; графикалық файлдарды түрлендіру; фотосуреттерді өңдеуге арналған программаларды (Adobe Photoshop, GIMP, Pixlr және т.б.) оқытуды қарастырады. Сонымен қатар студенттерді орта мектепте компьютерлік графиканы оқыту ерекшеліктерімен таныстырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Кванттық механика негіздері
    Несиелер: 5

    Курс микрообъектілер туралы кванттық-механикалық түсінікті қалыптастыруға бағытталған.Қазіргі физиканың дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылатын курста микроскопиялық масштабтағы микромир процестері және микробөлшектердің қасиеттері, олардың қозғалысы мен өзара әрекеттесу заңдылықтары кванттық шамалардың дискреттілігі, толқындық сипаты және объектілерді сипаттаудың ықтималды (статистикалық) әдісі туралы түсініктеріне сүйене отырып зерттеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Интерактивті интерфейс жасау әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курста интерактивті интерфейс түсінігі қарастырылады. Техникалық платформа және интерфейс түрлері. Интерактивті интерфейсті құру принциптері. Сапалы интерфейс құру. Дұрыс кері-байланысты жобалау. Метафоралар, идиомалар, күтілетін мақсат. Интерфейстердің визуалды дизайны. Интерактивті интерфейстерді жүзеге асырудың типтік шешімдері. Интерфейстерді синхрондау режимдері. Ақпарат алмасу қателіктерін анықтау және түзету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Физикалық практикум
    Несиелер: 5

    Физикалық практикумның жүргізілу мақсаты физика курсының әртүрлі тақырыптары бойынша алған білімдерін қайталау, тереңдету, кеңейту және жалпылау. Студенттердің эксперименттік білімдерін күрделі құрлылғылар мен күрделі эксперименттерге қолдану және дамыту. Оларда өздігіне эксперименттік тапсырмаларда шеше білуді қалыптастыру. Сондықтан да физикалық практикум практикасы БББ маңызды құрамы болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Физикалық құбылыстарды модельдеу
    Несиелер: 5

    Физикалық және математикалық модельдеу тұжырымдамасы. Механиканың негізгі түсініктері мен заңдары. Механика мәселелерінің математикалық модельдерін жасау технологиясы. Дифференциалдық теңдеулерді сандық шешу (Эйлер, Рунге-Кутта әдістері). Компьютерлік модельдеу қателері. Электродинамиканың анықтамалары мен теңдеулері. Графикалық эквипотенциалды беттер. Тәжірибелік деректерді статистикалық өңдеудің аралас әдісі. Тербелістер жүйесі. Оптикалық модельдер. Әртүрлі жүйелердің дискреттік және үздіксіз сипаттамасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мұғалімнің кәсіби бағдарлары
    Несиелер: 5

    Пән сабақтың 7 модульге сәйкестігін кешенді бағалауға бағытталған. Ол келесі дағдыларды қалыптастырады: - оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану; - сыни ойлау; - оқытуды бағалау; - дарынды және талантты балаларды оқыту; - білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану; - оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу қызметін модельдеу; - білім берудегі басқару және көшбасшылық

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Физикадан күрделі және құрлымданған есептерді шешудің әдістемесі
    Несиелер: 5

    Физикалық оқу эксперименті және көрнекіліктер технологиясы болашақ физика мұғалімдерінің эксперименттерді жүргізу техникасының жүйелі білім мен біліктерін қарастырады. Студенттерге эксперименттер мен көрнекіліктер технологиясының оқыту мүмкіндіктерін кеңейтіп көрсету. Тәжірибе дайындауға және көрсетуге студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу; физикалық эксперимент теориясы мәселелеріне студенттердің назарын аудару.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мектеп информатика курсының ғылыми негіздері
    Несиелер: 5

    Ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми жұмыстардың мақсаты мен міндеттері. Мектептегі ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру тәсілдері. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалау әдістері. Жобалау жұмыстарын әзірлеудің негізгі және қосалқы құралдарын қолдану дағдылары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қатты дене физикасы
    Несиелер: 5

    Пән бойынша денелердің құрылысы, кристал материалдардың атомдық-электрондық құрылымын зерттеу, олардың құрамының, құрылымы мен әртүрлі физикалық қасиеттерінің арасындағы тәуелділіктер оқытылады. Қатты дене физикасы олардың атомдары мен молекулары реттелген жүйелер- кристалдарға үлкен жиынтықтарға біріккендегі, жекелеген атомдар мен молекулалардың және олардың қасиеттерінің арасындағы байланысты орнатуға арналады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мектепте зерттеу қызметін ұйымдастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Зерттеу қызметін ұйымдастыру ережелері және зерттеу әдістемесі. Әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау кезінде өзіндік іс-әрекеттің рефлексия дағдыларын дамыту және бекіту, зерттеу нәтижелерін таныстыру, ғылыми таным әдістерін игеру. Оқушылардың дербестігін дамыту және өз қызметінің нәтижелері үшін жауапкершілік.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мектеп физикалық эксперименттер технологиясы
    Несиелер: 5

    Физикалық оқу эксперименті және көрнекіліктер технологиясы болашақ физика мұғалімдерінің эксперименттерді жүргізу техникасының жүйелі білім мен біліктерін қарастырады. Студенттерге эксперименттер мен көрнекіліктер технологиясының оқыту мүмкіндіктерін кеңейтіп көрсету. Тәжірибе дайындауға және көрсетуге студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу; физикалық эксперимент теориясы мәселелеріне студенттердің назарын аудару.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON1

    Инновациялық және волонтерлік қызметке дайын, жаһандық проблемаларға бей-жай қарамайтын және икемді дағдылары бар (Soft skills), ұлттық рухта тәрбиеленген іскерлік және құқықтық мәдениетті түсінеді

  • Код ON11

    Физикалық құбылыстарды физика және астрономияның іргелі теориясы мен заңдары негізінде түсінеді

  • Код ON2

    Білім алушылардың жас кезеңдері ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған жүйедегі педагогикалық процессті жүзеге асыра алатын негізгі білім мен дағдыларды, сонымен қатар цифрлық білім беру технологиясын қолдану дағдыларын меңгерген

  • Код ON6

    Кәсіби деректер қоры (BigData), бұлтты технологиялар, веб-қосымшалар мен кескіндерді өңдеуге арналған бағдарламалық құралдарды біледі

  • Код ON3

    Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде, таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген

  • Код ON7

    Компьютерлік желі мен есептеу техникасының архитектурасын талаптарға сәйкес жобалайды, ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді

  • Код ON8

    Әлемнің қазіргі ғылыми көрінісін айқындайтын физиканың іргелі заңдары мен принциптері туралы ғылыми көзқарас қалыптастырады

  • Код ON5

    Білім беру робототехникасын программалау және компьютерлік, мобильді (iOS және Android платформаларында) қосымшаларды жасау үшін жоғары деңгейдегі программалау тілдерін меңгереді

  • Код ON9

    Жалпы және теориялық физикадан күрделі, эксперименттік, олимпиадалық есептерді математикалық аппарат көмегімен шешеді

  • Код ON10

    Физикалық құрал-жабдықтарды пайдалану және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтап, физикалық эксперименттерді ұйымдастыру және жүргізу әдістемесін меңгереді

  • Код ON4

    Кәсіби қызмет процесінде физика-математикалық аппаратты, информатика теориясын, компьютерлік модельдеу әдістерін, зерттеудің теоориялық, есептік және эксперименттік әдістерін қолданады

Top