Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01506 Информатика в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді. Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тілдер және автоматтар теориясы
    Несиелер: 3

    Тілдер, грамматика және шекті автоматтар теориясының негізгі түсініктері. Оларды ұсыну мен танудың күрделілігіне байланысты тілдердің иерархиясын түсіндіру. Тану есептерін шешу үшін соңғы модельдерді құру дағдылары. Әр түрлі есептеу модельдері үшін проблемалардың шешілмейтіндігін дәлелдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған.Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Информатиканың математикалық негіздері
    Несиелер: 3

    Бұл курста студенттер математикалық информатиканың негіздерін меңгеру үшін ақпарат теориясының әдістері, комбинаторика, математикалық логика және алгоритмді графикалық түрде ұсыну тәсілдері туралы білімді қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ пәнді оқу барысында студенттер қолданбалы есептерді шешу үшін математикалық аппаратты қолдану дағдыларын меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия
    Несиелер: 4

    Сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрияның негізгі түсініктері мен әдістері. Матрицалар, детерминанттар, сызықтық теңдеулер жүйесі. Әр түрлі математикалық есептерді шешуге ғылыми көзқарас. Абстрактілі логикалық ойлау. Қазіргі математикалық терминдермен жұмыс жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эмоционалды интеллект
    Несиелер: 5

    Эмоционалды интеллект және ұйымдастыру мәдениеті. Эмоционалды интеллекттің топтық көрсеткішітері. Эмоционалды менеджмент. Эмоционалды интеллект және тиімді команда құру. Жеке адамның эмоционалды интеллектін дамыту. Отандық және шет елдік ұйымдарда эмоционалды интеллект енгізудің жүйелі амалдары: жеке адамның мотивациясын орайластыру, топты қалыптастыру тәсілдері, даудамайларды шешу, кері байланыс орнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары математика
    Несиелер: 4

    Дифференциалдық және интегралдық есептеу. Тізбектер мен қатарлар. Дифференциалдық теңдеулер. Компьютерлік математика жүйелерін қолдана отырып, практикалық есептерді шешу үшін математикалық әдістерді қолдану дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар өлшеулер мен сынақтардың дәлдігін бағалау үшін ықтималды және статистикалық әдістерді қолдану мүмкіндігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Программалауды оқыту әдістемесі мен технологиясы
    Несиелер: 4

    Бұл курс студенттердің программалау дағдыларын, алгоритмдік сауаттылығы мен жүйелік ойлауын, сонымен қатар программалауды оқыту дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курсты оқу барысында студенттер Python тілінің стандартты кітапханасын пайдаланып сандарды, мәтіндерді және олардың жиынтығын өңдеуді және сақтауды үйренеді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жүйелік программалық қамтама
    Несиелер: 6

    Пәнді оқу барысында студенттер компьютердегі жүйелік программалық қамтама құрылымы мен құралдары, жүйелік процесстерді басқаруды ұйымдастыру, операциялық жүйелерді конфигурациялау мен администрациялау туралы білімді меңгереді. Сондай-ақ компьютердің аппараттық ресурстарын басқару үшін операциялық жүйе функциялары мен құралдарын пайдалануды, практикалық тапсырмаларды орындауда заманауи жүйелік программалық қамтама мүмкіндіктерін қолдануды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Компьютерлік математикалық жүйелер
    Несиелер: 5

    Maple компьютерлік жүйесіндегі алгебра, математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер есептерін шешу. Қолданбалы есептерді шешу үшін Maple қолданудың теориялық әдістері мен практикалық дағдылары. Графиктерді құру және анимациялау әдістері, матрицалар мен векторлардың шаблондарын орнату, Maple-де есептеу процесін басқару.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Компьютер архитектурасы және операциялық жүйелер
    Несиелер: 6

    Курста компьютер архитектурасының типтері, енгізу-шығару құрылғылары,процессор, адресация тәсілдері, операциялық жүйелер, процестер мен ағындар және BIOS функциясының мүмкіндіктері қарастырылады. Курс барысында студенттер компьютерді жеке құрылғылардан құрастыру, аналық тақшаны жинау, кабельдерді жалғау, операциялық жүйені орнату, жадыларды бөлу, ОЖ-ні өшіру дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы
    Несиелер: 5

    «Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы» курсы әр түрлі жас кезеңдеріндегі адам ағзасының мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызметін, организмнің даму динамикасы мен механизмдерін, ерекшеліктерін зерттейді. Курсты меңгеру барысында студенттің алған білімдері болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, педагогикалық іс-әрекетке дайындығының теориялық және тәжірбиелік білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу технологиясы
    Несиелер: 5

    Бұл курста түрлі қызмет салаларында кездесетін қолданбалы есептердің математикалық (MATLAB, Maple) және компьютерлік модельдерін (SketchUp) құру оқытылады. Сондай-ақ студенттер 3D-редакторларда (Cura, Blender және т.б) объектілердің модельдерін құру, басып шығару үшін 3D-үлгіні экспорттау және процесс моделдерін (физикалық, биологиялық экономикалық) электрондық кестеде әзірлеу және зерттеу дағдыларын меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Компьютерлік ойындарды программалау әдістері
    Несиелер: 6

    Курс Python программалау тілінде Pygame көмегімен графикалық компьютерлік ойындарды құруды қарастырады. Пәнді оқу барысында студенттер Pygame кітапханасы және оның функциялары туралы білім алады. Курс барысында студенттер нақты компьютерлік ойындар жасау дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Программалау тілдері және технологиялары
    Несиелер: 6

    Курста алгоритмдеу негіздері, программалау тілдері мен технологияларының түрлері, алгоритмдік тілдер операторларының түрлері мен мәліметтер типтері, стандартты модульдер мен программалау стилін пайдалана отырып программалар әзірлеу, программалау сапасының көрсеткіштері, программаларды қайта өңдеу және тестілеу әдістері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Программалар мен деректердің қауіпсіздігі
    Несиелер: 6

    Шифрлаудың негізгі әдістері. Практикалық есептерді шешуде оларды қолдану мысалдары бар криптографиялық хаттамалар. Криптожүйелерде қолданылатын негізгі алгоритмдер, сондай-ақ программалар мен деректердің қауіпсіздігін арттыру үшін қолданылатын шаралар. Компьютерлік желілердегі осалдықтарды анықтау, түзету және алдын-алу. Программалардың өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдеріндегі осалдықтарды анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік
    Несиелер: 6

    Курс барысында студенттер компьютерлік желі, желілердің жұмыс жасау принциптері, оның түрлері мен топологиялары, желі компоненттері, ортақ файлдармен жұмыс туралы білім алады. Сонымен қатар курс барысында ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау әдістері мен құралдары, деректер «құпиялылығы» және «тұтастығы», қауіпсіздік шаралары - деректерді резервтік көшіру және шифрлау, жеке тұлғаны сәйкестендіру әдістері оқытылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық курс. Курс білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында: білім беру басқармасы мен мекемелерінде компьютерлік бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы; АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің болашақ педагог мамандығына қызығушылықтарын дамытуға және кейін өзін-өзі жетілдіру мақсатында кәсіби өз бетінше білім алуға ынталандыруға бағытталған. Курс студенттердің педагогикалық үдерісті жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, басқару және талдау дағдыларын дамытуға; орта білімнің жаңартылған мазмұны аясында тәрбиелеу мен оқытудың технологиялары мен әртүрлі әдістемелерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Объектіге бағытталған программалау тілін оқыту
    Несиелер: 6

    Бұл курс объектіге бағытталған программалау тәсілінің негізгі ережелерін, құралдарын, технологияларын және оны объектіге бағытталған програмалау тілдерінің бірінде (C++, C#, Java, Python) жүзеге асыруды қарастырады. Сонымен қатар курс барысында студенттер объектіге бағытталған программалау тілін оқытудың әдістері мен дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы. Шетелде және Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Ерекше білім беруді қажет ететін жандарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жағдай жасау үшін әртүрлі профильдегі мамандар тобында жұмыс істеу дағдылары. Оқу жоспарларын бейімдеу және инклюзивті оқыту жағдайында репетиторлық практиканы ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Компьютерлік графиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курс растрлық/векторлық кескіндерді жасау және өңдеу, «дизайн», «қолданылуы», визуалды дизайнның классификациясы; ақпаратты қабылдау принциптері; «жақсы дизайн» қағидаттары; графикалық файл пішімдері; графикалық файлдарды түрлендіру; фотосуреттерді өңдеуге арналған программаларды (Adobe Photoshop, GIMP, Pixlr және т.б.) оқытуды қарастырады. Сонымен қатар студенттерді орта мектепте компьютерлік графиканы оқыту ерекшеліктерімен таныстырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Интерактивті интерфейс жасау әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курста интерактивті интерфейс түсінігі қарастырылады. Техникалық платформа және интерфейс түрлері. Интерактивті интерфейсті құру принциптері. Сапалы интерфейс құру. Дұрыс кері-байланысты жобалау. Метафоралар, идиомалар, күтілетін мақсат. Интерфейстердің визуалды дизайны. Интерактивті интерфейстерді жүзеге асырудың типтік шешімдері. Интерфейстерді синхрондау режимдері. Ақпарат алмасу қателіктерін анықтау және түзету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Интеллектуалды жүйелерді орта мектепте оқыту
    Несиелер: 6

    Курс студенттерді жасанды интеллект жүйелерімен шешілетін негізгі міндеттердің техникалық құралдарымен; жасанды интеллектінің заманауи жетістіктерін түсінуге негіз болатын тұжырымдамалар мен әдістермен таныстыруды қарастырады. Курсты оқу барысында студенттер мектепте интеллектуалды жүйелерді оқыту дағдыларын қалыптастырады. Сондай-ақ интеллектуалды жүйелерді Python, С++ және т.б. программалау тілдері арқылы жүзеге асыруды қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғылыми зерттеулер негіздері (информатикада)
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Критериалды бағалау технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән инновациялық технологияларды оқу үдерісінде практикалық қолдануды оқытады. Курс білім беру мақсатындағы таксономияның негізінде және білім алушының білім деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың критерийлері мен формативтік және жиынтық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқыту нәтижелері мен әдістерінің өзара талаптары мен мақсаттарын үйретеді және бақылаудың рейтингтік жүйесінің тұжырымдамасын ашады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Бастауыш мектепте АКТ оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Бұл курста бастауыш мектепте АКТ пәнін оқытудың негізгі принциптері қарастырылады. Бастауыш мектепте АКТ-ны оқытудың әртүрлі тәсілдері, АКТ-ны оқытуды ұйымдастырудың түрлері мен формалары, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына АКТ-ны оқытудың психофизиологиялық ерекшеліктері қарастырылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Жасанды интеллект негіздері
    Несиелер: 6

    Жасанды интеллект саласындағы жұмыстың негізгі бағыттары. Жасанды интеллектке арналған программалау тілінің синтаксисі. Білім ерекшеліктері және оларды ұсыну модельдері. Сараптамалық жүйелерді әзірлеу әдістері. Бағдарламалық жасақтаманы жобалау және жөндеу кезінде технологиялық және функционалдық стандарттарды, сапа мен сенімділікті бағалаудың заманауи модельдері мен әдістері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Білім берудегі робототехника және мехатроника
    Несиелер: 5

    Курс мехатрондық модульдердің, білім берудегі роботтардың бөлшектерін және оларды құрастыруды, компьютерлік және электротехникалық компоненттерді біріктіру принциптерін оқытады, олардың негізінде инновациялық жүйелер мен машиналар жобалау және құруды қарастырады. Сондай-ақ білім берудегі роботтар мен жүйелерді құрастыру бойынша дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Веб жобалау және бұлттық технология
    Несиелер: 5

    Бұл курста сайттарды программалау (HTML, CSS, Javascript) және конструктолар (Wix, Ucos және т.б.) көмегімен сайттар жасау, сонымен қатар веб-беттегі мультимедиа, сайтты алға жылжыту әдістері, сайтты жариялау және веб-эргономиканың ерекшеліктеріне сай сайттың дизайн-макетін жасау қарастырылады. Сонымен қатар, бұлттық технология түсінігімен таныстырып, оны кәсіби салада қолдану туралы білім береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • BigData
    Несиелер: 5

    BigData технологиялары. BigData технологияларын қолданудың ерекшеліктері мен болашағы. Белгілі бір тапсырма үшін қажетті инфрақұрылымды құру нұсқалары. Әртүрлі құралдарды қолдану арқылы BigData технологияларын практикалық қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Компьютерлік желілер және web-технологиялар
    Несиелер: 5

    Компьютерлік желілер, олардың компоненттері, желілік топология, желілік функциялар, хаттамалар, OSI протоколдарының жиынтығы, желілік архитектура, веб-қосымшаларды әзірлеу және пайдалану технологиялары. Компьютерлік желіні құру, тиімді топологияны таңдау, желідегі ақауларды анықтау және жою, веб-сайт құру, оның мазмұнын толтыру, java-апплеттерді жылжыту және құру дағдылары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Негізгі мектепте деректер базасын оқыту
    Несиелер: 5

    Курсты оқыту барысында студенттерде деректер базасының негізгі ұғымдары, формалар, есептер, сұраныстар және Bigdata туралы білім қалыптасады. Сондай-ақ электрондық кестелер мен деректер базасын басқару жүйелерінде (SQL) деректер базасын құру, деректерді іздеу және сұрыптау, деректер базасымен web-беттердің байланысын орнату және мектепте деректер базасын оқыту дағдылары қалыптасады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мобильді программалау технологиясы және толықтырылған шынайылық
    Несиелер: 6

    Әр түрлі мобильді операциялық жүйелерде қосымшаларды өндеу және программалау технологиялары. Мобильді қосымшаларды өндеудің теориялық тұжырымдамалары. Мобильді қосымшалар мен ойындарды жобалау, өндеу және программалау негіздері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Информатиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Курс жаңартылған білім беру мазмұны аясында информатика сабақтарында оқыту әдістерін, формалары мен құралдарын жүзеге асыру ерекшеліктерін оқытады. Сондай-ақ, оқытудың әр түрлі деңгейлерінде мектеп информатикасын ұйымдастыру, жоспарлау және оқытудың мазмұндық және әдістемелік аспектілерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мобильді программалау
    Несиелер: 6

    Мобильді гаджеттерді, қызметтерді, сервистерді программалау. IOS, Android платформаларының негізгі құрылғыларын зерттеу. Ұялы жүйелерді өндеуде платформаларының мүмкіндіктері. Пайдаланушы интерфейстерін құру. Аппараттық сенсорларды және ақпаратты сақтау қоймаларды платформада пайдалану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мектепте зерттеу қызметін ұйымдастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Зерттеу қызметін ұйымдастыру ережелері және зерттеу әдістемесі. Әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау кезінде өзіндік іс-әрекеттің рефлексия дағдыларын дамыту және бекіту, зерттеу нәтижелерін таныстыру, ғылыми таным әдістерін игеру. Оқушылардың дербестігін дамыту және өз қызметінің нәтижелері үшін жауапкершілік.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мұғалімнің кәсіби бағдарлары
    Несиелер: 5

    Пән сабақтың 7 модульге сәйкестігін кешенді бағалауға бағытталған. Ол келесі дағдыларды қалыптастырады: - оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану; - сыни ойлау; - оқытуды бағалау; - дарынды және талантты балаларды оқыту; - білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану; - оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу қызметін модельдеу; - білім берудегі басқару және көшбасшылық.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мектеп информатика курсының ғылыми негіздері
    Несиелер: 5

    Ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми жұмыстардың мақсаты мен міндеттері. Мектептегі ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру тәсілдері. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалау әдістері. Жобалау жұмыстарын әзірлеудің негізгі және қосалқы құралдарын қолдану дағдылары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON3

    Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген.

  • Код ON5

    Компьютердің аппараттық және жүйелік бағдарламалық қамтамасын біледі және түсінеді.

  • Код ON2

    Білім алушылардың жас кезеңдері ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған жүйедегі педагогикалық процессті жүзеге асыра алатын негізгі білім мен дағдыларды, сонымен қатар цифрлық білім беру технологиясын қолдану дағдыларын меңгерген

  • Код ON10

    Ақпараттық жүйелер және компьютерлік желілерде ақпаратты сақтау, іздеу, өңдеу және қорғау бойынша білімдерін көрсетеді.

  • Код ON7

    Қолданбалы, сондай-ақ робототехниканы программалаумен байланысты есептерді шешу үшін алгоритмдер құрады және компьютерлік программалар мен мобильді қосымшаларды әзірлейді.

  • Код ON1

    Жаһандық мәселелерге бей-жай қарай алмайтын, еріктілік және инновациялық қызметке дайын, құқықтық және іскерлік мәселелер тұрғысынан білімді, ұлттық рухта тәрбиеленген және икемді дағдыларды (Soft skills) меңгерген көшбасшы-қыз

  • Код ON4

    Ғылыми және практикалық зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін пәндік және пәнаралық білімді қолданады.

  • Код ON9

    Информатиканы оқытудың мазмұнды және әдістемелік аспектілерін пайдаланады және оқушылардың жетістіктерін цифрлық және бұлттық технологиялар көмегімен бағалауды жүзеге асырады.

  • Код ON6

    Бағдарламалық қамтаманы қорғау әдістері мен құралдарын меңгерген және үлкен деректермен (BigData) жұмыс істеу қағидаларын біледі.

  • Код ON8

    Кәсіби қызметте математиканың, компьютерлік және математикалық модельдеу программалардың қолданбалы білімін қолданады.

6B01506 6B01506-Информатика, АКТ және робототехника
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01506 Информатика
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01506 Информатика және Робототехника
Бакалавриат

Silkway Халықаралық университеті

БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01506 Информатика
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01506 Информатика
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top