Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01503 Математика-Информатика в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді. Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия
    Несиелер: 6

    Курс мазмұны үш саланы қамтиды: сызықтық алгебра, векторлық алгебра және аналитикалық геометрия. Курсты оқу нәтижесінде студент: - қарапайым геометриялық модельдерді қалыптастыру кезінде туындайтын есептерді шешу үшін аналитикалық геометрия әдістерін; - сызықты теңдеулер жүйесін шешу үшін сызықтық алгебра әдістерін; - аналитикалық геометрия есептерін шешу үшін координаталық әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эмоционалды интеллект
    Несиелер: 5

    Эмоционалды интеллект және ұйымдастыру мәдениеті. Эмоционалды интеллекттің топтық көрсеткішітері. Эмоционалды менеджмент. Эмоционалды интеллект және тиімді команда құру. Жеке адамның эмоционалды интеллектін дамыту. Отандық және шет елдік ұйымдарда эмоционалды интеллект енгізудің жүйелі амалдары: жеке адамның мотивациясын орайластыру, топты қалыптастыру тәсілдері, даудамайларды шешу, кері байланыс орнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған.Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математикаға кіріспе
    Несиелер: 5

    "Математикаға кіріспе" курсының бағдарламасы студенттерді жиындар теориясы мен математикалық логика негіздерімен, екілік қатынастардың, бейнелеулердің әр түрлі түрлерімен, қайталаусыз комбинаторика элементтерімен таныстыруды қамтиды. Бұл бөлімдер қазіргі математика тілін меңгеру үшін қажет және мамандық бойынша көптеген математикалық курстарды дұрыс игеруге негіз болып табылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Элементар математика
    Несиелер: 5

    Элементар математика практикалық білім мен дағдылардың базасы болып табылады, оның негізінде мектептегі математика курсының нақты тақырыптарын оқытудың әдістемелік аспектілері ашылады. Сондықтан курс бағдарламасында басты назар мектеп математикасымен тығыз байланысты бөлімдерге бөлінеді: Жалпы математикалық әдістер. Арифметика. Комбинаторика. Алгебра және анализ бастамалары. Тригонометрия. Планиметрия. Стереометрия.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Алгоритмдер және деректер құрылымы
    Несиелер: 5

    Деректер құрылымының жіктелуі. Деректер құрылымдарына операциялар. Деректерді бірізді қатынаумен сызықтық құрылымның деректер типтері. Мультитізімдер. Сызықтық құрылымдағы деректерді өңдеу алгоритмдері. Сұрыптау. Сызықты емес құрылым мәліметтерінің түрлері. Ағаштар. Ағаш терминологиясы. Бинарлы ағаш құрылымы. Тамаша теңдестірілген ағаштар. Екілік өрнектер ағаштары. Екілік іздеудің ағаштары. Массивтермен ұсынылған екілік ағаштар. Теңдестірілген ағаштар. Негізгі анықтамалар. AVL-ағаш түйіндері. Графтар. Оптимизациялық алгоритмдер. Қысқа жолдар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы
    Несиелер: 5

    «Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы» курсы әр түрлі жас кезеңдеріндегі адам ағзасының мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызметін, организмнің даму динамикасы мен механизмдерін, ерекшеліктерін зерттейді. Курсты меңгеру барысында студенттің алған білімдері болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, педагогикалық іс-әрекетке дайындығының теориялық және тәжірбиелік білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Программалау 1
    Несиелер: 5

    Алгоритмдеу негіздерін оқыту. Python программалау тілі, библиотекасы мен енгізу/шығару ерекшеліктері. Алгоритмдік құрылымдарға, литерларға, өрнектерге негізделген Python тілінің синтаксисі. Енгізілген деректер түрлерін сипаттау, Python-да программалау стилінің ерекшеліктері. Ендірілген деректер түрлері: сандар, жолдар, кортеждер, тізімдер, сөздіктер және жиындар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Математикалық талдау 1
    Несиелер: 5

    Курс базалық болып табылады, өйткені жоғары математиканың көптеген есептерін зерттеу және шешу кезінде осы курста оқытылатын әдістер мен ережелер қолданылады. Курс математикалық талдаудың іргелі ұғымдарын (функция, тізбек және қатар, шектер, үзіліссіздік, туынды және дифференциалдар, интегралдар), сонымен қатар шектердің, үзіліссіз функциялардың, дифференциялданатын функциялардың, қатарлар мен интегралдардың негізгі қасиеттерін қамтиды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жоғары алгебра
    Несиелер: 5

    Пән алгебраның жалпы курсы бойынша білімді жалпылауға және тереңдетуге, сондай-ақ абстрактілі-логикалық ойлауды қалыптастыруға және мұндай жалпыматематикалық түсініктерді қолдана білуге бағытталған. Курс жоғарғы алгебра курсының көптеген тақырыптарын: комплекс сандарды, көпмүшеліктерді, сызықты және евклидтік кеңістіктерді, квадраттық формаларды, топтар теориясының негіздерін қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Дифференциалдық геометрия және топология
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу болашақ математик маманның кеңістіктік түсініктерін дамытуға, пәнаралық байланыстарды түсіну деңгейін арттыруға және математикаға бір тұтас көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді. Пән үшөлшемді евклидтік кеңістіктегі сызықтардың және беттердің классикалық дифференциалдық геометриясының негіздерін қамтиды. Курс студенттерде есептерді шешу әдістерін меңгеру және осы саладағы дәлелдеу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Конструктивті геометрия
    Несиелер: 5

    Курс орта мектептерде, математиканы тереңдетіп оқытатын сыныптарда және жоғары оқу орындарында оқытылатын геометрия курсының көп бөлігін қамтиды. Курс дөңес көп қырлы қималарды құру, циркульмен және сызғышпен салу, геометриялық заңдар мен теоремалардың жұмысын көрнекі тексеруге мүмкіндік беретін геометриялық экспериментатор сияқты тақырыптардан тұрады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Алгебра және сандар теориясы
    Несиелер: 5

    Курс материалдары практикалық физикалық есептерді шешу үшін қажетті дифференциалдық геометрияны, топологияны, функционалдық талдауды, дифференциалдық теңдеулерді және басқа да көптеген пәндерді оқытуда қолданылады . Бұл оны зерттеудің өзектілігін анықтайды. Курстың жалпы ғылыми және кәсіби бағыты бар. Пәнге логикалық дәлелдемелерді жүргізудің әртүрлі әдістері, сондай-ақ алгебра мен сандар теориясы саласындағы кәсіби есептерді шешу әдістері оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің болашақ педагог мамандығына қызығушылықтарын дамытуға және кейін өзін-өзі жетілдіру мақсатында кәсіби өз бетінше білім алуға ынталандыруға бағытталған. Курс студенттердің педагогикалық үдерісті жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, басқару және талдау дағдыларын дамытуға; орта білімнің жаңартылған мазмұны аясында тәрбиелеу мен оқытудың технологиялары мен әртүрлі әдістемелерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы. Шетелде және Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Ерекше білім беруді қажет ететін жандарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жағдай жасау үшін әртүрлі профильдегі мамандар тобында жұмыс істеу дағдылары. Оқу жоспарларын бейімдеу және инклюзивті оқыту жағдайында репетиторлық практиканы ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Математикалық талдау 2
    Несиелер: 5

    Курста алғашқы функция ұғымдары; анықталмаған интеграл, анықталмаған интегралдың қасиеттері; интегралданатын функциялардың класы; анықталған интеграл, оның қасиеттері; Ньютон-Лейбниц формуласы; интегралдау әдістері; анықталған интегралдың қолданыстары; меншіксіз интералдар қарастырылады. Курс студенттердің: - шектерді есептеу, дифференциалдау және интегралдау біліктері мен дағдыларын; - қолданбалы есептерді шешу үшін математикалық талдаудың теориялық аспектілерін қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Программалау 2
    Несиелер: 4

    Пән Python тілінің реляциялық деректер қорын басқару жүйелерімен байланыс құру мүмкіндігін қарастырады. Сонымен қатар, деректер қорымен жұмыс істеуге арналған DB-API стандарты, объект-қормен қосылу әдістері, объект-ағымдағы өңделетін жазба курсоры, деректер типтері мен модульдерді іске асыру бойынша ұсыныстарды қамтитын конструкторларды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық курс. Курс білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында: білім беру басқармасы мен мекемелерінде компьютерлік бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы; АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Объектіге бағытталған программалау
    Несиелер: 4

    Пәнді оқу барысында студенттер объектіге-бағытталған программалау принциптері және объектілер мен класстар негізінде программалық қамтаманы жобалаудың, құрудың заманауи әдістері туралы білім алады. Сонымен қатар, курс әртүрлі операциялық жүйелер үшін графикалық интерфейсі бар қосымшаларды құру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
    Несиелер: 5

    Бұл курс қолданбалы қызметті математикалық қамтамасыз етуде туындайтын міндеттерді шешу үшін қажетті Ықтималдықтар теориясы бойынша негізгі білімдер мен негізгі дағдыларды қалыптастыруға бағытталған; студенттерде теориялық және қолданбалы есептерді шешу үшін қажетті теориялық-ықтималдық аппаратты қалыптастыру; математикалық статистиканың негіздерін түсіну және оны қолдану үшін қажетті ұғымдық теориялық-ықтималдық базасын және алгебралық дайындық деңгейін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Критериалды бағалаудың технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән технологияны оқу үдерісінде практикалық қолдануды оқытады. Курс білім беру мақсатындағы таксономияның негізінде және білім алушының білім деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың критерийлері мен формативтік және жиынтық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқыту нәтижелері мен әдістерінің өзара талаптары мен мақсаттарын үйретеді және бақылаудың рейтингтік жүйесінің тұжырымдамасын ашады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Мектеп математика курсында ықтималдықтар теориясын қолдану
    Несиелер: 5

    студенттерді жаратылыстану ғылымдарымен, физика-техникалық және инженерлік-физикалық пәндермен, экологиямен және экономикамен оқылатын кездейсоқ құбылыстардың математикалық модельдерін құруға, осы модельдерді талдауға үйрету, студенттерге математика ішінде және одан тыс жерлерде теориялық-ықтималдық құрылымдарды интерпретациялау дағдыларын үйрету, пәннің формальды негіздерін түсінуді қалыптастыру және студенттерде Ықтималдықтар теориясының формальды математикалық есептеріне формальды емес есептерді саналы түрде аударуға мүмкіндік беретін ықтималдық интуицияның жеткілікті деңгейін қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Математиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пән ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес жалпы мәдени, жалпы кәсіби және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға, математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша базалық теориялық білімді меңгертуге және оларды оқыту тәжірибесінде қолдана білуге, пәндік сипаттағы жүйелі білім негізінде бәсекеге қабілетті білікті педагогтарды сапалы даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Математикалық талдау 3
    Несиелер: 6

    Курс қатарлар мен тізбектер теориясының негізгі ұғымдарын қамтиды. Тізбектер мен қатарлар математиканың көптеген бөлімдерінде кеңінен қолданылады. Курс студенттердің түрлі қолданбалы есептерді шешу үшін, сондай-ақ басқа математикалық пәндерде қолдану үшін қажетті заманауи қатарлар теориясы саласында теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғылыми зерттеулер негіздері
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Информатиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Курс жаңартылған білім беру мазмұны аясында информатика сабақтарында оқыту әдістерін, формалары мен құралдарын жүзеге асыру ерекшеліктерін оқытады. Сондай-ақ, оқытудың әр түрлі деңгейлерінде мектеп информатикасын ұйымдастыру, жоспарлау және оқытудың мазмұндық және әдістемелік аспектілерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Геометриялық есептерді шешу практикумы
    Несиелер: 6

    Курс геометриялық фигуралардың жазықтықтағы қасиеттерін зерттеуге, кеңістіктік түсініктерді қалыптастыруға; ойлаудың математикалық стилін қалыптастыруға; геометриялық есептерді шеше білуді қалыптастыруға; математика мен болмыстың диалектикалық өзара байланысын түсінуді қалыптастыруға, математикалық пайымдаулардың сұлулығы мен әсемдігін түсінуге, геометриялық формаларды қабылдауға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Білім берудегі робототехника және мехатроника
    Несиелер: 5

    Курс мехатрондық модульдердің, білім беру роботтарының бөлшектерін және оларды құрастыруды, компьютерлік және электротехникалық компоненттерді біріктіру принциптерін оқытады, олардың негізінде инновациялық жүйелер мен машиналар жобалау және құруды қарастырады. Сондай-ақ білім беру роботтары мен жүйелерін құрастыру бойынша дағдыларды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Программалау 3
    Несиелер: 5

    Python программалау тілінің мүмкіндіктері. Python кітапханаларын, модульдерін робототехникада қолдану. Robotic Operating System метаоперациялық жүйесін қолдану. Gazebo-да модельдеу. OpenCV-де суретті өңдеу. Qt-да роботын GUI жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Электр техникасы және электроника
    Несиелер: 5

    Аналогтық электроника; электрониканың қазіргі элементтік базасы; жартылай өткізгіш диодтардағы түрлендіргіш техника; транзисторлардағы аналогтық Электрондық техника; операциялық күшейткіштердегі аналогтық Электрондық схемалар; импульстік электрондық құрылғылар; реттелетін түрлендіргіш жүйелер. Цифрлық электроника; цифрлық электрониканың арифметикалық және логикалық негіздері; Математикалық логика элементтері. Микросхемалар; жадтың жартылай өткізгіш элементтері; үлкен интегралды схемалар – микропроцессорлық жиынтықтың элементтері, сандық және аналогтық микросхемалардың жұптасуы; технологиялық объектілермен ұштастыру құрылғылары; интерфейстер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Жүйелік программалау
    Несиелер: 5

    Операциялық жүйелердің жұмыс жасау принциптері (қағидалары). Программалар мен операциялық жүйенің өзара әрекеті. Программалық жасақтама мен операциялық жүйелердің құрылымына қатысты ерекшелендіру білу. Ассемблер және С тілдерінде операциялық жүйенің қызметтерін қолдана отырып программалар құру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қиындығы жоғары есептер шешу практикумы
    Несиелер: 6

    Пән студенттердің математикалық мәдениетін қалыптастыруға, математикалық білімнің басқа салаларында және жаратылыстану-ғылыми мазмұнда пәндерде қолдану үшін математикалық есептерді шешудің заманауи әдістерін меңгеруге, пәндік сипаттағы жүйелі білім негізінде бәсекеге қабілетті білікті педагогтардың сапалы дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Математикалық физика теңдеулері
    Несиелер: 5

    Математикалық физика – қолданбалы математика бөлімдері арасындағы ерекше орнын сақтап отырған физикалық құбылыстардың математикалық модельдерінің теориясы. Бұл курста классикалық математикалық физиканың негіздері берілген. Толқын және жылуөткізгіштік теңдеулері, Пуассон мен Лаплас теңдеулеріне арналған бастапқы және шеттік есептерді шешудің айнымалыларды ажырату, интегралдық түрлендіру, Грин функциялары әдісі сияқты маңызды әдістер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Математикалық логика және дискретті математика
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Ол студенттерде заманауи ақпараттық кеңістікте бағдарлау үшін математикалық логиканың әдістері мен заңдарын қолдануды, білім беру ортасында оқытудың жеке тұлғалық, пәндік нәтижелеріне қол жеткізу үшін мүмкіндіктерін қолдана білу бойынша білім мен іскерлікті қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • 10-11 сыныптарда есептерді шешудің әдістемелік негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты 10-11 сыныптарда "Алгебра және талдаудың бастамалары" және "Геометрия" курстарының жаратылыстану-математикалық даярлау бағыты бойынша мазмұнын зерделеу; күрделілігі жоғары есептерді, оның ішінде практикаға бағытталған есептерді шешуге оқыту әдістемесін зерделеу; есептерді өз бетінше құрастыру, есептерді шешудің оңтайлы жолдарын іздеу біліктерін қалыптастыру; математика мамандығы студенттерінің жалпы математикалық дайындығын қамтамасыз ету болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мобильді программалау
    Несиелер: 5

    Мобильді гаджеттерді, қызметтерді, сервистерді программалау. IOS, Android платформаларының негізгі құрылғыларын зерттеу. Ұялы жүйелерді өндеуде платформаларының мүмкіндіктері. Пайдаланушы интерфейстерін құру. Аппараттық сенсорларды және ақпаратты сақтау қоймаларды платформада пайдалану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мәтінді есептер шығару практикумы
    Несиелер: 5

    Курс аясында мәтінді есептерді шешуді іздеу мәселелері, оларды шешудің негізгі әдістері қарастырылады. Курс пәндік-бағытталған. Курс студенттердің мәтінді есептерді шешу бойынша білімін кеңейтуге, тереңдетуге және жүйелеуге бағытталған және пәнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Дифференциалдық теңдеулер
    Несиелер: 5

    Курс практикалық есептерді математикалық модельдеу саласында жүйелендірілген білімді қалыптастыруға және оларды классикалық әдістер мен дифференциалдық теңдеулерді шешудің тәсілдері негізінде шешуге бағытталған; қарапайым дифференциалдық теңдеулер теориясының негізгі ұғымдары, дифференциалдық теңдеулерді шешуде қолданылатын математикалық аппарат туралы түсінік қалыптастыруға негізделген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Android және IOS үшін программалау
    Несиелер: 5

    Аталған курста білім алушылар мобильді гаджеттерді, сервистерді, қызметтерді бағдарламалау бойынша тұрақты білім алуы тиіс. Бұл курста IOS және Android әзірлемелерінің теориялық концепциялары қарастырылады. Курс бағдарламасында iOS, Android платформасының базалық құрылғысын және мобильді жүйелерді әзірлеу үшін осы платформаны ұсынатын мүмкіндіктерді оқып үйрену, пайдаланушы интерфейстерін, сервистерді құру бойынша, сондай-ақ сигнализацияны, аппараттық сенсорларды және көрсетілген платформа шеңберінде стандартты Ақпарат сақтау қоймаларын пайдалану бойынша практикалық дағдыларды алу қарастырылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Комбинаторика және математикалық индукция
    Несиелер: 5

    Курс мектеп математикасының теориялық негіздерін білетін, әртүрлі математикалық есептерді шешудің негізгі әдістерін меңгерген математиканың білікті мұғалімін дайындауға бағытталған. Курс студенттерде математикадан олимпиада есептерін шешу саласында оқушының оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың арнайы кәсіби дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Логикалық есептер шығару практикумы
    Несиелер: 5

    Курс студенттерде логикалық әдістер мен тәсілдер туралы түсініктерін, тиімді және ұтымды ойлаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Логика математиканың басқа да пәндермен тығыз байланысты: алгебра, комбинаторика, жиын теориясы, ықтималдықтар теориясы. Курс студенттердің өз бетінше ойлау дағдыларын дамытады, математиканы тереңірек зерделеуді қамтамасыз етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Олимпиада есептерін шығаруға оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты - әртүрлі типтегі математикадан олимпиадалық есептерді шешу әдістерін игеру. Курстың міндеттері: студенттерді олимпиадалық есептерді шешудің жалпы әдістерімен таныстыру; есептер шарттарын талдау, шешім нұсқаларын іздеу дағдыларын қалыптастыру және пысықтау; студенттерді математикалық есептерге тән күрделілік деңгейінің ерекшеліктерімен таныстыру; студенттерді математикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесімен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мұғалімнің кәсіби бағдарлары
    Несиелер: 5

    Пән сабақтың 7 модульге сәйкестігін кешенді бағалауға бағытталған. Ол келесі дағдыларды қалыптастырады: - оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану; - сыни ойлау; - оқытуды бағалау; - дарынды және талантты балаларды оқыту; - білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану; - оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу қызметін модельдеу; - білім берудегі басқару және көшбасшылық.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON5

    Критериалды бағалау технологияларын, формативті және жиынтық бағалау әдістерін меңгерген, инклюзивті білім беру жағдайында осы білімдерін қолдана алады;

  • Код ON4

    Кәсіби мәселелерді шешуде пәнаралық білімді қолданады;

  • Код ON3

    Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде, таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген

  • Код ON1

    Жаһандық мәселелерге бей-жай қарай алмайтын, еріктілік және инновациялық қызметке дайын, құқықтық және іскерлік мәселелер тұрғысынан білімді, ұлттық рухта тәрбиеленген және икемді дағдыларды (Soft skills) меңгерген көшбасшы-қыз

  • Код ON2

    Білім алушылардың жас кезеңдері ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған жүйедегі педагогикалық процессті жүзеге асыра алатын негізгі білім мен дағдыларды, сонымен қатар цифрлық білім беру технологиясын қолдану дағдыларын меңгерген

  • Код ON6

    Білім алушыларда математикалық және қолданбалы есептерді шешу үшін дайын компьютерлік бағдарламаларды, бағдарламалау тілдерін қолдану, гипотезаны қалыптастыру, математикалық модельдерді құру, есептеу және графикалық дағдыларын қалыптастырады;

  • Код ON7

    Зерттеу әрекетінің мақсаттарын өз бетінше қою және негіздеу қабілеттері мен дағдыларын көрсете отырып, оған жетудің тиісті әдістері мен тәсілдерін таңдайды; оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамыта алады.

Top