Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02306 Аударма ісі в Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

  • Экономика және сауда-саттық саласындағы аударма
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттерді банктік, қаржылық, сақтандыру және экономика секторларында қолданылатын терминологиямен, заңдылықтарымен және әдістерімен таныстыруға бағытталған және студенттерді көптеген қаржылық және экономикалық мәтіндерді аударуға үйретеді. Сонымен қатар студенттерге әртүрлі коммерциялық мәтіндерді араб тіліне аудару, оларды кейбір қажетті коммерциялық терминдермен қамтамасыз ету, трансұлттық компаниялар мен дүниежүзілік еңбек нарығының ортасында оқытып үйрету, жұмыс орталарындағы мәдени айырмашылықтарын және олардың аудармаға әсерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
  • Жазбаша аударма практикасы
    Несиелер: 5

    Бұл курста студенттер қарапайым және құрмалас сөйлемдерді қамтитын әр түрлі типтегі лингвистикалық мәтіндерді редакциялау, лингвистикалық қайта қарау және аудару бойынша біліктіліктерін жетілдіреді. Сонымен қатар студенттер мәтін контекстіндегі әр түрлі сөйлем синонимдерінің қайсысы мағына жағынан дұрысырақ келетіндігін толыққанды түрде жазып үйренеді.

    Селективті тәртіп
  • Баспасөз тілі аудармасы
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттерді әр түрлі публицистикалық материалдармен таныстыруға, сондай-ақ газет-журналдарды аударуға дағдыландыруға бағ ытталған. Сонымен қатар газетке редакциялық мақалалардың, жаңалықтар мен сценарийлердің аудармаларын және диалогтарды араб, ағылшын және қазақ / орыс тілдеріндегі публицистикалық терминдер базасын құруға негізделген.

    Селективті тәртіп
  • Шетел тілінің практикалық курсы (С1)
    Несиелер: 5

    Бұл курс жанама мағыналарды байқауға және автордың мақсатын жүзеге асыруға назар аудара отырып, көлемі, мазмұны және құрылымы жағынан күрделі мәтіндердің кең спектрімен айналысады. Осы пәнді игергеннен кейін студент сөз тіркестерін нақты зерттемей-ақ еркін және өздігінен сөйлей алады, сонымен қатар тілді әлеуметтік, академиялық және кәсіби ұйымдастырылған және күрделі тақырыптар бойынша егжей-тегжейлі қолдана алады.

    Селективті тәртіп
  • Шетел тілінің практикалық курсы (С2)
    Несиелер: 5

    Бұл курста студенттің естігендерінің немесе оқығандарының бәрін оңай түсінуге, ауызша да, жазбаша да әртүрлі қайнар көздердегі ақпаратты жалпылауға, сонымен қатар талқылауға бағытталған шет тіліндегі түпнұсқа мәтіндердің кең спектрі қарастырылған.

    Селективті тәртіп
  • Аударма практикасы – 1
    Несиелер: 5

    Бұл курстың мақсаты студенттердің сөйлем құрылымдарымен және олардың қолданылуымен танысуы мен таныстығын арттыруға, шетел және қазақ тілдерінің айырмашылықтарын көрсетуге және интеграцияланған абзацтарды аударудан басқа сипаттама және баяндау мәтіндеріндегі аударма қосымшаларын тәжірибеде қолдану қабілеттерін дамытуға бағытталған. мәтіннің негізгі идеясын, содан кейін осы идеяның бөлшектері болып табылатын басқа сөйлемдерді қамтиды.

    Селективті тәртіп
  • Базалық шетел тілінің практикалық курсы (А2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – шетел тілінде коммуникативтік-интермәдениетті құзыреттілікті, лексикалық қор мен грамматикалық құрылымдарды (А2) деңгейінде диалог жүргізу алуды дамыту.

  • Аударма практикасы – 2
    Несиелер: 5

    Бұл курстың мақсаты студенттердің Аударма ісі саласында теориялық білім жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ жазбаша және ауызша (жүйелі) аударманы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін аударма құзыреттілігін дамытуды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсатқа аударманың көрсетілген түрлері үшін қажетті машықтар мен дағдыларды дамыту жөніндегі міндеттерді кезең-кезеңімен шешу арқылы қол жеткізіледі.

    Селективті тәртіп
  • Технологиялық терминдер және ғылыми аударма
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттерді ғылыми-техникалық салалардағы аудармамен айналысуға, олардың мамандандырылған мәтіндерінің барлық үлгілерін, формалары мен деңгейлерін қамти отырып кеңейтуге машықтандыруға бағытталған. Ғылыми-техникалық терминдер түрлерін меңгеру арқылы ғылыми мәтіндерді аудару кезінде туындайтын әр түрлі мәселелер мен ғылыми проблемаларды шешуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Семантика
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттерге семантиканың түрлері мен олардың деңгейлері, семантиканың маңызды теориялары, ең танымал лексикалық мектептер және әдістер туралы біле отырып, студенттерді лингвистикалық мәтіндердегі семантикалық тақырыптармен таныстыруға және оларды араб мәтіндеріне қолдана білуге дағдыландырады. Бұл курс семантиканы және оның аудармада қолданылуын анықтайды.

    Селективті тәртіп
  • Шетел тілін практикалық курсы (B2)
    Несиелер: 5

    Бұл курс жанама мағыналарды байқауға және автордың мақсатын жүзеге асыруға назар аудара отырып, көлемі, мазмұны және құрылымы жағынан күрделі мәтіндердің кең спектрімен айналысады. Осы пәнді игергеннен кейін студент сөз тіркестерін нақты зерттемей-ақ еркін және өздігінен сөйлей алады, сонымен қатар тілді әлеуметтік, академиялық және кәсіби ұйымдастырылған және күрделі тақырыптар бойынша егжей-тегжейлі қолдана алады.

  • Екінші шетел тілі грамматикасы (жалғастырушы деңгей)
    Несиелер: 5

    Екінші шетел тілін және тілдік құрылымын пайдалана алады, яғни сауатты және дұрыс сөйлеу қызметіне, лексикалық, грамматикалық, фонетикалық материалдарды қолдана біледі. Мамандандырылған шетел тілі елінің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне сәйкес; дискурстың әр алуан түрлерін және сөйлеу стратегияларын қолданады.Араб тілінде өз пікірін жеткізу арқылы, болашақта арабша әдебиеттерді аудару. Пәнді меңгеру арқылы болашақта араб елдеріне ғылыми сапар барысында ғылыми еңбектерді оқып жүйелендіру.

    Селективті тәртіп
  • Заң саласындағы аударма
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттерге мамандандырылған заңдық мәтіндерді барлық заңдылықтары, формалары мен деңгейлерін кеңінен қамту арқылы заңды аударма практикасына дағдыландыруға бағытталған, сонымен қатар студенттерді заңды терминдермен, сөйлем құрылымымен, риторикалық ерекшеліктерімен, заңды мәтіндер үлгілерімен және олардың мазмұнымен таныстыруға дағдыландырады. Сондай-ақ келісімшарттар, келісімдер, заңдар, өзара түсіністік және құрылтай шарттары туралы меморандумдарды, жалдау мен жалға беру ережелері және т.б. мәселелердегі аударманы үйретеді.

    Селективті тәртіп
  • Аударма ісіндегі заманауи технологиялар
    Несиелер: 4

    Бұл курс компьютерлік аударма саласында арнайы білімі, іскерлігі, дағдысы бар мамандарды қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламалық қамтамасыз ету барысында лайықты аударма ісін жүргізу, өңдеу жұмыстарын жүргізу іскерлігін меңгерту. Курста копмпьютер және аударма, автоматтандырылған аудрама, аударма ісі жадылық жүйесі, машиналық аудрама, субтирт,редакциялау.

  • Зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Зерттеу әдістері белгілі бір құбылысты зерттеуді бастаған кезде қолданылатын процестер мен құралдар. Бұл әдістер ақпаратты жинауға, зерттеуге және көрсетуге мүмкіндік береді, осылайша барлық зерттеулердің басты мақсатына қол жеткізеді, яғни жаңа білімді игеру.

    Селективті тәртіп
  • Оқытылатын шетел тілінің шешендік өнері және аударма
    Несиелер: 5

    Бұл курс риториканың үш ғылымына арналған: ғилм ал- мағани, ғилм ал-бәдиғ, және ғилм ал-байан. Студенттерді Құран аяттары мен араб ақындары айтқан әдеби өлеңдеріндегі таңдалған риторикалық терминдердің жеткілікті мөлшерімен танысады. Сонымен қатар студенттердің әдеби талғамға деген қабілетін дамытады.

    Селективті тәртіп
  • Негізгі шетел тілі морфологиясы
    Несиелер: 4

    Бұл пән сөзжасалым және онымен байланысты ережелер тұрғысынан студенттің бақылау қабылеттерін дамытуға, және олардың есімді сөйлемдегі қызметін, сондай-ақ өзгерулерін меңгеруді дамытуға бағытталады. Шет тіліндегі мәтіндерді аудару кезінде осы морфологиялық білімді мамандандыру мақсатымен байланыстырылады.

    Селективті тәртіп
  • Ислам теологиясы
    Несиелер: 3

    Ислам теологиясы пәнінде ақида ілімінің генезисі мен даму кезеңдері, исламдағы сенімдік мазһабтардың шығу тарихы, иләһият, пайғамбарлық институты және ислам эсхатологиясы тақырыптары және аталған тақырыптарға қатысты тақырыпшалар қамтылады. Ислам теологиясының және сунниттік сенім мектептерінің негізін қалаған ғалымдардың ғылымдағы орны, ғылыми әдістері және теологиялық мәселелер бойынша алға тартқан тұжырымдары, тезистері сараланады.

  • Оқытылатын шетел тілі әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 4

    Бұл курста әдебиеттің әртүрлі дәуірлердегі кезеңдерді қарастырады және әдебиеттің тарихи оқиғаларымен, әр дәуірдегі кейбір әдеби құбылыстармен байланысын бөліп көрсетуге және кейбір көркем әдеби шығармаларды талдауға бағытталады.

    Селективті тәртіп
  • Көркем әдебиет аудармасы
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттердің көркем мәтіндерді шет тіліне аудару туралы танымын арттырады, оларға поэзия, әңгіме, роман және театр сияқты әртүрлі әдеби жанрларды аударуға үйретеді, талдауға, түсіндіруге, бағалауға және сынға назар аударады, сонымен қатар әдеби жанрлар арасындағы айырмашылықтар сияқты әдеби аударма саласындағы әртүрлі лингвомәдени мәселелер мен қиындықтарды шешуге назар аударады.

    Селективті тәртіп
  • Екінші шетел тілі грамматикасы (бастапқы деңгей)
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттің қажетті морфологиялық мәселелерді және олардың тіл білімі деңгейлерімен: фонетикалық, грамматикалық, лексико-семантикалық байланыстарын зерттеуге қажетті зерттеу дағдыларын дамытуға, сонымен қатар студенттің тілдік материалды морфологиялық тұрғыдан талдау қабілетін дамытуға бағытталған. Студент лексиканың түрін, мағынасы мен қызметі жағынан әр түрін ажырата алу үшін зат есім мен етістіктің септеу және жіктеу сияқты қазіргі лингвистикалық зерттеулердің нәтижелері туралы түсінік қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
  • Қолданбалы шешендік өнер және аударма
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттерді риторикалық ережелерді Құранға, хадиске және арабтардың сөздеріне поэзия мен прозада қолдана білуге, мәтіндерді риторикалық тұрғыдан талдауға және мәтіннен риторикалық сипаттамаларды ғылыми әдіснамалық негізде шығаруға үйрету мақсатын көздейді.

    Селективті тәртіп
  • Ғылыми жұмыстарды жоспарлау
    Несиелер: 5

    Пәнді толық игерген білімгер ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің және рәсімдеудің негізгі талаптарын,тәсілдерін меңгереді.Ғылыми басылымдарға зерттеу жұмысының талаптарын,кезеңдерін біліп шығады.

    Селективті тәртіп
  • Ауызша аударма практикасы
    Несиелер: 3

    Бұл курс белгілі бір саладағы екі тіл арасындағы ауызекі аударма мәселелерін қарастырады, оның ішінде жиналыс және конференция материалдарына арналған құжаттарды аудару, іскерлік кездесулерді аудару, телефон қоңыраулары, әлеуметтік шаралар. аудармашы өз жұмысын орындау кезінде кездесетін лингвистикалық және лингвистикалық емес мәселелерді шешуді қамтиды.

  • Дінтану
    Несиелер: 3

    Курс бағдарламасы жоғары оқу орнының құрылымымен және оқу үдерісінің технологияларымен, талапкердің меңгеретін мамандығы мен кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен және жоғары оқу орны түлегі дайындық деңгейіне қойылатын талаптармен танысуға мүмкіндік береді. Дінтанудың тарихы мен салаларын, маңыздылығын, қоғамда алатын орнын, дәстүрлі діндерден саяси және экстремистік діни топтардың аймашылығын зерттейді. Дінтанушы маман ретінде қоғамда орын алып жатқан діни мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады.

  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 3

    Бұл курс студенттерге аударма ғылымының негізгі терминдерімен таныстырудан басқа аударманың ғылым ретінде пайда болуын, сондай-ақ оның дамуы, формалары мен аударма жұмысының шарттарын бөліп көрсетуге бағытталады. Осы ғылымның мектептері, мәтін мен мәтіндердің мәдениетін талдаудың үлгілері, олардың аударма процестерін көрсете отырып, мәтін мен аударманың өзара байланысына назар аударып, мәтінді аударғанда практикалық қадамдарды түсіндіреді.

  • Идиомалық аударма
    Несиелер: 4

    Бұл курс терминдік тіркестер немесе нумизматика анықтау, олардың үйлесімділіктерін ажырату, заңдылықтарын атап өту, ерекшеліктерін анықтау және аудармадағы маңыздылығы тұрғысынан зерттеуге бағытталды. Бұл курс мақал-мәтелдер және осылардың бәрін аудармада қолданып, лингвистикалық үйлесімділік мысалдарын аударуға негізделеді.

    Селективті тәртіп
  • Құран Кәрім
    Несиелер: 3

    Құран Кәрімді түпнұсқадан оқуға және қырағатқа қатысты, әуезді оқуға қабілет қалыптастыру. Құран оқу қағидалары мен ережелерін үйрету; тәжуид қағидаларына сәйкес құран оқуды игерту. Сонымен қоса құран тарихын қоса оқытып, құрандағы аяттардың түсу себептерімен Меккелік және Мәдиналық аяттардың ерекшеліктерін оқыту. Құран Кәрімнің өнегелік қасиеттерін үйреніп, құрандағы моралдық этикалық қасиеттерді оқып үйрету.

  • Екінші шетел тілі (А1)
    Несиелер: 5

    Бұл пән оқытылатын шетел тілінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін меңгеруге, шетел тілі елі халықтарының мәдениетімен танысуға, сол тілде сөйлейтін өкілдермен жеке, кәсіби, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға қарым-қатынас жасай білуге, сөйлеу және тілдік құзыреттілікті меңгеру және жетілдіруге, медиатекстер мен кәсіби әдебиеттерді оқи және түсіне білуге, алдын-ала дайындықпен және дайындықсыз коммуникация жүргізу үшін жеткілікті мөлшердегі сөздік қорды қалыптастыруға бағытталған.

  • Базалық шетел тілінің практикалық курсы (В1)
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттердің лингвистикалық байлығын дамыту және оны шетел тілінің мәтіндерін түсіну үшін қолдануды, лингвистикалық лексика мен шетел тіліндегі сөз тіркестерін меңгеруге бағытталады. Осы курстың соңында студент таныс тақырыптар бойынша жұмыс немесе күнделікті өмірде болсын, адамды қызықтыратын салалар бойынша дәйекті жолдау құрастыра алады.

  • Дипломатиялық құжаттарды аудару
    Несиелер: 5

    Бұл курс дипломатиялық құжаттарға, дипломатиялық тілге арналған, сонымен қатар дипломатиялық коммуникациялардағы заманауи дипломатиялық тілді қарастырады, мысалы, ауызша және қол қойылған ноталар мен дипломатиялық ноталардың үлгілері сияқты кейбір дипломатиялық құжаттарды аударады.

    Селективті тәртіп
  • Аударма мәселелері мен қиындықтар
    Несиелер: 5

    Бұл курс қазақ тілінен шетел тіліне және керісінше қолданбалы аударманың проблемалары мен кедергілерін талдаумен, сондай-ақ аударма сапасын арттыру мақсатында аударманың дәлдігін бағалау және бағалау критерийлерімен айналысады. Шетел және қазақ тілдері арасындағы аударма процесінде және терминдер мен лингвистикалық тіркестердің алуан түрлілігін көрсететін әр түрлі мәтіндік стильдерді аударуда кедергілер мен шешімдер қамтиды.

    Селективті тәртіп
  • Діни мәтіндер аудармасы
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттерді діни мәтіндерді аудару әдістеріне, қасиетті мәтінге қатысты мәселелерді анықтауға және олармен жұмыс істеуді үйретуге бағытталған. лингвистикалық және діни мәселелерді негізге ала отыра, осы саланы аудару кезінде кездесетін проблемаларды шешеді.Курс әсіресе Құран Кәрімнің мағыналарын аударуға баса назар аударады.

    Селективті тәртіп
  • Екінші шетел тілі (В2)
    Несиелер: 5

    Коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру: әр түрлі стильде және коммуникативті жағдайларда шетел тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөйлеудің этикалық ережелерін сақтай отырып, монологиялық сөйлеудің негізгі формаларын білу және түсіну, кәсіби жазудың негізгі түрлерін білу, қарым-қатынастың ұлттық және шетел тілдік мәдениетін игеру, студенттің күнделікті және кәсіби қарым-қатынасқа түсуде коммуникативтілік қабілеттілік таныту.

    Селективті тәртіп
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Дарақтардың, популяциялардың, қауымдастықтардың экологиясы. Биосфера және оның тұрақтылығы. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық мәселелері. Табиғатты қорғау және тұрақты даму. Жасыл экономика. Тіршілік қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық құқықтық актілер. Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныстың міндеттері, құрылу және жұмыс істеу принциптері. Төтенше жағдайлардың жіктелуі, халықты қорғаудың принциптері мен тәсілдері. Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері.

  • Жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
    Несиелер: 4

    Жемқорлық әрекеттеріне әсер ететін факторлар, жемқорлық көріністері туралы білімдер; сыбайлас жемқорлық саласындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы біліктермен, білімдермен қаруландыру; күнделікті және білім алу қызметі кезінде, жемқорлық көріністерін қабылдаудағы сыншыл көзқараспен талдау. Рухани-адамгершілік тетіктерін жемқорлықтың алдын-алу негізінде қолдану; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру.

    Селективті тәртіп
  • Бұқаралық ақпарат құралдары тілінің аудармасы
    Несиелер: 5

    Бұл курстың мазмұны мамандандырылған медиа материалдарын ұсынуға, сондай-ақ радио мен теледидар саласында жиі кездесетін сөз тіркестерін қолдануға бағытталған және осы курстың соңында студенттер медиа-аударма саласындағы көкжиегін кеңейтіп, мамандандырылған терминдер мен сөз тіркестерін меңгере алады.

    Селективті тәртіп
  • Мәдениет саласындағы мәтіндер аудармасы
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттерді тіл мен мәдениеттің қарым-қатынасымен, сондай-ақ шет тілі мәдениетін тілін түсінуге, содан кейін ол тілден және керісінше сол тілге аударуда екі тіл арасындағы сөздерді қолдануда мәдени танымды дұрыс қолдана білуге бағыттайды.

    Селективті тәртіп
  • Оқытылатын шетел тілінің өркениеті
    Несиелер: 4

    Бұл пән тілдік және терминдік ұғымдары, мәдениет, мұра және өркениет ұғымдары, араб ислам өркениетінің ерекшеліктері, оның негіздері және оны алдыңғы өркениеттермен араластыратын факторлар мен оның қасиеттері қарастырылады. Содан кейін араб-ислам өркениетіндегі саяси, әскери, басқару және экономикалық жүйе және ондағы болған өзгерістер мен араб ислам өркениеті халықтар арасындағы мәдени байланыс көпірлерін құрудағы ролі зерттеледі.

    Селективті тәртіп
  • Екінші шетел тілі (А2)\\
    Несиелер: 5

    Бұл пәннің мақсаты студенттерді сөйлеу мәдениеті негіздеріне, атап айтқанда шетел тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормасына үйрету, коммуникативтік және мәдениетаралық құзыреттілікті жетілдіру, лингвистикалық, әлеуметтік-мәдени және прагматикалық құзыреттілікті дамыту, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын игеру, топта жұмыс істеу қабілеті, әлеуметтік, этникалық және мәдени құндылықтарды толерантты қабылдауын қарастыру.

  • Аударма мәселелері
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттерді аудармадағы объективтілік пен субъективтілік, аудармашының еркіндік шегі, мінез-құлық ережелері мен аударма этикасы сияқты аударма және ауызша аудармамен байланысты көптеген мәселелерге үйретуге, сонымен қатар студентті ұлттық, аймақтық және ғаламдық деңгейдегі аударма институттарымен таныстыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Ауызша сөйлеудің дамуы (негізгі тіл)
    Несиелер: 5

    «Ауызша сөйлеуді дамыту» курсының мақсаты студенттердің әр түрлі жағдайларда ауызша сөйлеу қарым-қатынастарын жүзеге асыру үшін олардың нақты қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес қабілеттерін дамытуды үйрету болып табылады. Студенттердің қарым-қатынасын жеңілдету үшін біз сөйлеу қызметінің осы түрінің ерекшеліктерін, мысалы, ынталандыруды, мақсаттылықты, белсенділікті, адаммен және адам ойлау әрекетін, эвристиканы, тәуелсіздікті, жылдамдықты және ситуацияны байланыстыруды ескеруіміз керек.

    Селективті тәртіп
  • Негізгі шетел тілінің синтаксисі
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттің шетел тілін түсінуіне және ондағы талдау заңдылықтарын білудегі тіркестер сияқты грамматикалық стильдердің негізгі ережелерімен және әртүрлі аудармаларды грамматикалық қателерден аулақ дұрыс аударма жасаудағы бірнеше құрылымдарын қарастыруды көздейді.

    Селективті тәртіп
  • Мәдениетаралық қарым-қатынас
    Несиелер: 5

    Бұл курста студент шет тілі мәдениеті мен оны оқытудың өзара байланысы туралы және тілді оқытудағы мәдени дозалардың мөлшері туралы, мәдени коннотациялардың тікелей немесе жанама түрде қаншалықты әсер ететіндігі туралы біледі. Студент сонымен қатар тілді оқытудың мәдени аспектілерін ұсыну жолында оқушылардың ынтасы мен көзқарасының әсерін біледі.

    Селективті тәртіп
  • Негізгі шетел тілінің қолданбалы грамматикасы – 2
    Несиелер: 4

    Бұл пән студенттердің қабілеттерін дамытуға бағытталады. Олар әртүрлі сөйлемдер мен құрылымдардың грамматикалық мағыналарын түсінеді. Контекс жағдайында қолдана алады. Сонымен қатар студенттерді аудиторияда практикалық сабақтарда нақты интерактивті шет тіліндегі ауызша және жазбаша құрылымдарды меңгеруге жетелейді.

    Селективті тәртіп
  • Негізгі шетел тілінің қолданбалы грамматикасы – 1
    Несиелер: 5

    Бұл курс сөйлемдерді талдай отырып, сөйлеуге, оқуға және жазуға қажетті негізгі қолданбалы тіркестерді үйретуге бағытталған. Ол грамматиканы оқытудың теориялық аспектілеріне емес, практикалық жағына, сондай-ақ сөйлемдер мен құрылымды тіркестер, шағын шолулар және т.б. жазуда негізгі грамматикалық элементтерді қолдануға назар аударады.

    Селективті тәртіп
  • Екінші шетел тілі (В1)
    Несиелер: 5

    Бұл пән студентке шетел тілінің грамматикалық құрылымы туралы түсінік береді, сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, сөйлемдерді дұрыс құрауға үйретеді. Сондай-ақ студенттерде тілде болып жатқан тілдік құбылыстар мен процестер туралы түсінік қалыптасады. Оқу нәтижесінде студенттер грамматикалық білімді, грамматикалық категорияларды және шетел тілінде ауызша және жазбаша сөйлеуді үйренудегі грамматиканың рөлі мен қызметі туралы ұғым қалыптасады, морфологиялық, синтаксистік талдау жасай алады, ана тілінің грамматикалық құрылымын оқытылатын шетел тілінің грамматикалық құрылымымен салыстырып, ажырата алады.

    Селективті тәртіп
  • Базалық шетел тілінің практикалық курсы (В2)
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттерге осы мәтіндердің негізгі идеяларын түсінуге және олардың лексикалық байлығын, құрылымы мен әдістерін дамытуға көмектесуге бағытталған белгілі бір тақырыптардағы кейбір орташа қиындықтағы мәтіндерді оқумен айналысады. Осы курстың соңында студент көптеген тақырыптар бойынша нақты, анық мәтіндер жаза алады.

  • Базалық шетел тілінің практикалық курсы (А1)
    Несиелер: 6

    Білім алушылардың тілдік ой-өрісін кеңейту және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында шетел тілінің айтылу негіздері мен оқыту қабілетін қалыптастыру; шетел тілінің практикалық меңгеру құзыреттіліктерін А1 деңгейінде жетілдіру.

  • Саяси саладағы аударма
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттерді саясат саласындағы жалпы терминологиямен таныстыруға және студенттерге саяси мәтіндерді шетел тіліне және керісінше аударуға үйретуге бағытталған, студенттерді саяси дискурс тілімен таныстырады. Ол мәтіннің мағыналық реңктері мен өзегіне назар аударуды үйретеді.

    Селективті тәртіп
  • Дискурс анализі және аударма
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттерді аударма талдауындағы тенденциялармен таныстыруға бағытталған, студенттерді аудармадағы ең негізгі ұғымдармен таныстыру мәселелерімен айналысады. Аударма, мәтін, сөйлеу, мәтінді байланыстыру және оның құралдары мен мағыналық жүйелілігі сияқты логикалық аударма және т.б. теорияларына анализ жасайды.

    Селективті тәртіп
  • Синхронды аударма
    Несиелер: 5

    Синхронды аударманы Кәсіптік оқыту аясында пәнді оқытудың негізгі мақсаты студенттердің кәсіби дағдыларын және ағылшын тілінен орыс тіліне және орыс тілінен ағылшын тіліне синхронды аударманы жүзеге асыру іскерліктерін меңгеру, студенттерде кәсіби дағдыларды қалыптастыру болып табылады. синхронистің аудармашылық құзыреттілігі. Құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту үшін негіз-синхронды аударманы жүзеге асыру үшін қажетті арнайы іскерліктер кешені ретінде түсіндірілетін құзыреттілік болып табылады

    Селективті тәртіп
  • Академиялық жазылым
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің негізгі ерекшеліктерімен танысуға, академиялық дискурстың кең таралған жанрларын зерделеуге, мәтіннің мақсаты, құрылымы, стилистикалық ерекшеліктері негізінде ауызша және жазбаша оқу академиялық мәтіндерді құрастыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

  • Код ON8

    Қазақ және орыс тілдерінен араб тіліне және керісінше құқық саласындағы мамандандырылған аударма дағдыларын меңгеру; аударманың әртүрлі салаларындағы мәтіндерге грамматикалық және морфологиялық ережелерді қолдану. Лингвистикалық терминологияларды үйренеді, тілдік құбылыстарды анықтай алады. Өз бетімен тіл білімі саласында әдебиеттерді оқып, саралай алады.

  • Код ON2

    Аударма ісі мамандығы саласында ауызша аударманың маңыздылығы арқылы ой-сананы дамыту; ауызша аударма техникаларында біршама ілгері деңгейге ие болу; ілеспелі аудармаға қатысты жаттығулар орындау және әртүрлі диалектілерге машықтану.

  • Код ON10

    Діни мәтіндер мен Құран Кәрімді аудару дағдыларын дамыту.

  • Код ON5

    Әртүрлі грамматикалық формалардың айырмашылғын түсіну және көмекші құралдар мен грамматикалық формалардың қызметін білу; мәтіндерді түсіну және оларға талдау жасау, сондай-ақ иғрабтың мағынаға әсерін түсіну дағдыларына жаттығу жасау.

  • Код ON13

    Араб тарихы мен өркениетін білу, алған білімін болашақта мамандықты игеруде, анализ жасауда қолдану. Сөйлеу мәдениеті, көпшілік алдында сөйлеу, ауызша және жазбаша сөйлесу, академиялық жазу негіздерін меңгеру; ауызша және жазбаша мамандандырылған сөйлеуді сауатты және стилистикалық деңгейде ұйымдастыру; хабарламалар, баяндамалар жасау, пікірталас жүргізу; тұлғааралық және топтық коммуникацияларды жүзеге асыру; шетелдік қызмет көздерінен кәсіби қызмет саласындағы ақпаратты алу және сыни тұрғыдан бағалау; академиялық және кәсіби ортадағы қарым-қатынас жағдайындағы коммуникация мәселелерін дұрыс шешу; іскерлік және мамандандырылған терминологияны қолдану; өздігінен білім алуда және өздігінен оқуда ақпарат көздерін кәсіби түрде пайдалану.

  • Код ON4

    Шетел тілінің дыбыстық жүйесін терең меңгеру, бұл оның дыбыстарын дұрыс айтуға көмектеседі; шет тіліндегі кейбір лексикалар, терминдер, стильдер мен тіркестерді игеру; шетел тілінің негізгі тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын еркін меңгеру.

  • Код ON11

    Діндер дамуының ортақ заңдылықтарын айқындап, негіздей алу және дін саласындағы әртүрлі мәліметтерге талдау жасай алу. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін білу; жалпы ғылыми және арнайы зерттеу әдістерін қолдану; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін педагогикалық қызметке енгізу. Ақпаратты зерттеу және тарату барысынында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану. Қазіргі заманғы әдебиетті, әдебиет саласындағы шешендік өнермен танысады. Әдеби құбылыстарды алған теориялық біліміне сай саралай алады; шетел әдебиеті дамуының негізгі кезеңдерін және қазіргі әдеби процестердің заңдылықтарын білу; шетелдік және қазіргі заманғы туындылардың тақырыптары мен көркемдігін, өнер туындыларының тәрбиелік бағытын тану; мәдениетаралық қарым-қатынас негіздері туралы білімдерін шет тілінің өкілдерімен қарым-қатынаста қолдану; шет тілі мәдениетіндегі тілдік және мәдени тосқауылдарды жеңу; өлкетанудың негізгі ережелерін және аймақтық ақпарат көздерін пайдалану; тіларалық және мәдениаралық айырмашылықтарды бағдарлау.

  • Код ON7

    Қазақ және орыс тілдерінен араб тіліне және керісінше аударма дағдыларын меңгеру; жазбаша және ауызша кәсіби аударма дағдыларын білу. Кәсіби бағытталған мәтінді түсіндіруге, мамандық бойынша терминдерді пайдаланып, кәсіби қарым-қатынастағы проблеманы дайындалмаған пікірлерімен жеткізуге қабілетті Қазақ (орыс) және шет тілінде жазбаша және ауызша.

  • Код ON3

    Дыбыстарды әртүрлі реңктерде дұрыс дыбыстау; фонетика теорияларын жалаң және аффрикат (күрделі) дыбыстарды талдауға қолдану; студенттердегі тілдік сезімді дамыту; шетел тілінде сөйлеуге байланысты құбылыстар арқылы екпін мен сөйлеу әуезі бойынша студенттердің тілдік түйсігін дамыту.

  • Код ON9

    Мамандандырылған құқық және дипломатия салаларындағы аударма дағдыларын меңгеру.

  • Код ON6

    Ауызша және жазбаша аударма салаларында әртүрлі мәтіндерді аудару кезінде грамматикалық және морфологиялық ережелерді қолдану.

  • Код ON1

    Шетел тілін онымен еркін жұмыс істеуге және оның интеллектуалды, көркем шығармалары мен жаңа да қырларын білуге мүмкіндік беретіндей деңгейде меңгеру; шетел тілінде еркін сөйлесе алу; әдеби мәтіндерді аударуда тілдік дағдыны дұрыс және орнымен қолдану.

  • Код ON12

    Құран оқу ережелерін жетік меңгеру, накты сүрелерді жатқа білу. Аударма ісі бойынша теория және практиканы ұштастыра отырып, ауызша және жазбаша аударма біліктілігін қалыптастырады. Аударма салаларында әртүрлі мәтіндерді аудару кезінде грамматикалық және морфологиялық ережелерді қолдану.

  • Код ON14

    Әлеуметтік ортада тұтас тұлғаны қалыптастыруға және жеке тұлғаның жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсете білу; қоғамдық қауіпсіздік әдістерін қолдана білу. Этика нормаларын сақтайды және негізгі нормативтік құжаттарын қолданады.

Top