Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01502 Физика (1.5) в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру.
    Несиелер: 4

    «Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру» курсында ХХІ – ғасырдағы ғылымның даму ерекшеліктері: Қазақстан Республикасы мен шетел (Жапония, Европа, АҚШ, Қытай, Ресей және т.б.) ғылымдарындағы басым бағыттар, ғылыми жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру, сонымен қатар тәжірибелік мәліметтерді өңдеу әдістері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Баламалы энергия көздері
    Несиелер: 6

    Курсты оқу барысында білімалушы баламалы энергия көзі саласының қазіргі жай-күйі, энергетика саласындағы проблемалар мен даму тенденциясы, энергетикалық құрылғылардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі, техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеп, оқуды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Менеджмент
    Несиелер: 2

    Курс менеджменттің мазмұнын ашып, қазіргі заманғы басқарудың негізгі принциптері мен әдістерін, сондай ақ ұйымның өмір сүруін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі рөлін, басқарушылық қызметтің әртүрлі түрлерін жүзеге асырудың нақты дағдыларын, басқару жүйелерін және жобалық талдауды қалыптастырады, сондай-ақ басқарудың даму тарихын қарастырады. болашақ менеджерлердің кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға қызмет етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өрістің кванттық теориясы
    Несиелер: 6

    Пәнді оқу барысында магистранттар еркін өрістердің кванттық теориясымен танысады. Толқынды өріс және толқынды функциялардың трансформациялық қасиеттері туралы түсінік қалыптастырылады. Бұл пәнде магистранттар өрістердің негізгі түрлерін: скалярлар, векторлар, спинорларды зерттейді. Бос өрістердің лагранжиандары туралы түсінік алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Конденсрлі орта физикасы
    Несиелер: 6

    Конденсерлі орта физикасының теориялық және эксперименттік аппараты химия, материалтану, инженерия, нанотехнология, атом физикасы, ядролық физика тіпті биофизикада қолданылатындықтан бұл пән физика ғылымының ең белсенді дамып келе жатқан саласы болып табылады. Пән магистранттарға күшті байланысы бар өзара әрекеттесетін өте көп бөлшектер туралы білім береді. Пән конденсерлі орта физика бөлімдерінің келесі реттілігімен құрылады: заттардың құрылымдық бөліктері, бөлшектер байланысының физикалық және химиялық негіздері, бөлшектердің өзараәрекеттесуі, сұйықтар мен қатты денелер, конденсерлі орта физикасының әртүрлі бағыттары мен қосымшалары. Өз кезегінде, осы тараулардың әрқайсысы заманауи конденсерлі орта физикасының мәнін ашатын көптеген тақырыптар мен тақырыпшалардан тұрады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физиканы оқытудағы интерактивті визуализациялау
    Несиелер: 6

    Физика курсындағы «Механика», «Молекулалық және термодинамика», «Электр және магнетизм», «Оптика» бөлімін оқыту кезінде оқыту сапасын жоғарылату үшін және физикалық процестерді терең түсіну үшін физика бөлімдерінің тақырыптары бойынша жасалған интерактивті визуализациялау өте маңызды. Сондықтан визуализациялау мен интерактивтілікпен біріктіре отырып, лектордың жетекшілігімен компьютерде «Механика», «Молекулалық және жылу физикасы», «Электр және магнетизм», «Оптика» бөлімдерінен виртуалды-интерактивті зертханалық жұмыстар жасалынып құрылады. Осы лекциялық курста магистранттар физиканың аталған бөлімдерінің түрлі тақырыптарын, процестерді интерактивті визуализациялау түрлерімен толық танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жылу физикасының таңдаулы бөлімдері
    Несиелер: 6

    Термодинамика: жұмыстық денелер қоспасы, жылу сыйымдылық, термодинамика заңдары, термодинамикалық процестер мен циклдар, нақты газдар мен булар, ағындар термодинамикасы, жылу техникалық құрылғылардың термодинамикалық талдауы, фазалық ауысу, химиялық термодинамика. Жылу электр құрылғыларының циклдары. Жылу алмасу теориясы: жылу өткізгіштік, конвекция, сәулелену, жылу тасымалдану. Масса алмасу негіздері. Жылу және масса алмасу құрылғылары. Жылу алмастырғыш аппараттарды есептеу негіздері. Отын және жану негіздері. Жылыту түзгіш құрылғылар, суытқыш және криогенді жабдық техника. Өнеркәсіптегі жылуды қолдану. Қоршаған ортаны қорғау. Энергия үнемдеу негіздері. Қосымша энергия ресурстары. Энергия үнемдеудің негізгі бағыттары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физикадағы сандық әдістер
    Несиелер: 6

    «Физикадағы сандық әдістер» курсы физикалық есепті құрастыру және оны шешудің ең тиімді сандық әдісін табу туралы білім мен практикалық дағдыларды игеруге бағыталған. Бұл курста келесі тақырыптар қарастырылады: Физикадағы сандық әдістер: негізгі ұғымдар, есептер шығару. Функцияларды жуықтау. Функциялардың интерполяциясы. Эмпирикалық формулаларды таңдау. Сызықтық және квадраттық интерполяция. Функцияларды жақындату. Функцияларды жақындату. Ең төменгі квадраттар әдісі. Сандық интегралдау әдістері. Тіктөртбұрыш, трапеция әдісі. Симпсон әдісі. Монте-Карло әдісі. Физикалық құбылысты немесе процесті сипаттайтын әртүрлі интегралдық және дифференциалдық теңдеулердің сандық шешімі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 2

    Курс шет тілін практикалық меңгеруді қамтамасыз етуге, шетелдік білім беру процесінде тілдік емес мамандықтар магистранттарының мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін Базалық Стандарт (С1) деңгейінде қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 2

    Басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Басқарудың психологиялықтеорияларының дамуы. Басқару психологиясының жалпы теориялық мәселелері. Басқарушылық ісәрекетті талдау. Менеджердің тұлғалық ерекшеліктері. Басқару міндеттерінің психологиялық ерекшеліктері. Меншік психологиясы. Басқарушының кәсіби іс-әрекеті. Басқару субъектісінің қызметтері. Басқарушылық қарым-қатынас психологиясы. Қызметкерлердің психологиялық сипаттамалары. Қызметкерлерді ынталандыру психологиясы. Ұйымның адам ресурстарын басқару технологиясы. Ұйымның кадрлық саясатын психологиялық қолдау. Ұйымдағы дау-дамалар психологиясы. Тұлғаның кәсіби деформациясының алдын алу технологиялары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Заманауи физиканың өзекті мәселелері
    Несиелер: 4

    Пән физика ғылымның даму межесіне қатысты стандартты болжаулар аясындағы тұжырымдарға негізделеді. Табиғатпен физика диалогы: негізгі кезеңдер және танымның заманауи әдістемесі. XXI ғасыр физикасындағы когнитивтік принциптер. Эволюция процестерінің физикасы. Сингулярлы оқиғалардың космологиялық гипотезасы. Қазіргі заманғы физика және «резервтік» эволюция идеялары. Негізгі тасымалдаушылар физикасы және аксиоматикалық теориясы. Наноөлшемді процестердің, күрделі жүйелер физикасы. Қазіргі заманғы физикада жаңа білім құру мәселесі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім сапасын бақылау мен бағалаудың синергетикалық жүйесі
    Несиелер: 5

    Оқу нәтижелерін бағалаудың түрлері, формалары және ұйымдастырылуы. Білім сапасын бақылаудың мәні, функциялары және талаптары. Бес балдық шкаланың даму кезеңдері. Бақылаудың түрлері, формалары және әдістері. Дәстүрлі бес баллдық бағалаудың функциялары мен кемшіліктері. Оқу нәтижелерін бағалаудың қазіргі заманғы тәсілдері. Білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі ретінде рейтингтік бақылау жүйесі. Рейтингтік бағалау жүйесін ұйымдастырудың шарттары және оның артықшылықтары. Рейтингті бағалау жүйесін жобалау кезеңдері. Тестілеу оқу нәтижесін бағалау құралы ретінде. Тестілеудің психологиялық аспектілері. Портфолио оқыту нәтижелерін жиынтық бағалау құралы ретінде.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Күрделі физикалық есептерді шешу практикумы 1
    Несиелер: 5

    Көп деңгейлі физикалық есептерді шығару әдістемесінің теориялық негіздерін оқып үйрену. Тапсырмалардың құрылымы және жіктелуі. Есептерді талдау және есептерді шешудің жалпыланған әдісі (механика мысалында). Молекулалық физика мен термодинамикадағы есептерді шешу әдістері. Молекулалық физика мен термодинамикадағы графикалық есептерді шешу әдістері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физиканы оқытудағы жобалау технологиясы
    Несиелер: 5

    Визуализациялауды интерактивтілікпен біріктіре отырып, компьютерде физика бөлімдерінен виртуалды-интерактивті зертханалық (ВИЗ) жұмыстар жасалынып құрылады. Осы ВИЗ-жұмыстарының алдында, аталған бөлімдерден, зертханалық жұмыстарды жобалау процессі, физиканы оқытудағы жобалау технологиясының бір бөлігі жүргізіледі. Оның ішінде физикалық өлшеу құралдарын жобалау, оның өлшем дәлдігін жобалау, өте күрделі процесстерді көрнекілеп-интерактивтендіру т.б.,сияқты жұмыстардың жобасы мен сценариін жасау. Физиканы оқытудағы,түсінуге күрделі тақырыптарға, мультимедиа қосымшаларын жобалау кіреді. Жобалау технологиясының өте қажетті бөлігі-физикадағы ғылыми-зерттеу проектілерін жобалау.Оны іске асыру үшін қажетті құрал-жабдықтар және қаржы ресурстарын жобалау, іс-сапар мен публикацияны,болатын авторлық құжаттарды, патенттерді жобалау. Осы лекциялық курста магистранттар физиканың аталған бөлімдерінің түрлі тақырыптарынан жобалау процесстерін игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физика және оның әдіснамалық негіздері
    Несиелер: 6

    Арнайы салыстырмалылық теориясын әлемдік эфир мәселесін, арнайы салыстырмалылық теориясын қарастырады. Уақытқа байланысты іргелі мәселелерді түсіндірудегі жалпы салыстырмалылық теориясының ролі. Ғылыми-техникалық прогрестің теориялық базасы тұрғысындағы кванттық физика. Шредингер теңдеуі. Толқынды физика. Анықталмағандық қатынас және одан шығатын салда. Лазер физикасы. Ықтималдық заңдылықтарының іргелілігі. Динамикалық физикалық теориялардан статистикалық заңдар мен теорияларға өту мәселесі, сақталу заңдары және ықтималдық. Бейберекеттік пен реттілік. Өздігінен реттелу теориясы. Синергетика. Қажеттілік пен кездейсоқтылықтың диалектикасы. Сәйкестік қағидасы тағылымдық процестің диалектикасы. Кванттық механикадағы сәйкестік қағидасы. Механиканың әртүрлі модельдері, классикалық механика, релятивистік механика, кванттық механика теориялары мен практикалық қолданылу аясы қарастырылады. Физиканың дамуы мен сәйкестік қағидасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Цифрлық ресурстарды пайдаланып физиканы оқыту
    Несиелер: 5

    Электронды білім беру саласындағы заманауи инновациялық-технологиялық бағыттағы ізденушілікті дамытады. АКТ-мен жұмыс жасау негіздерін әдістемелік тұрғыда меңгереді. Оқыту барысында цифрлық ресурстардың мүмкіндіктері мен цифрлық платформаларды қолдану жолдарын зерделейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жалпы физика курсын тереңдетіп оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пән мазмұнында физиканың маңызды бөлімін оқып-үйренудің ерекшеліктері ашылады, мектеп практикасында ең қиын, бірақ әдіснамалық және іс жүзінде маңызды мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Оқу материалын іріктеу, оқыту әдістемесін құру принциптері талқыланады, физиканың жеке бөлімдері бойынша есептерді шешуге оқытудың әдістемелік тәсілдері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектепте физиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Физика заңдылықтары мен ұғымдарын оқытудың инновациялық әдістері меңгеріліп, табиғатта жүретін құбылыстар мен процестерді ғылыми тұрғыда оқытуға және болашақ физика мамандары үшін кәсіби іс-әрекетке бағытталған құзыреттіліктер қалыптастырылады. Жоғары мектептегі оқу үдерісін заманауи талаптарға сәйкес ұйымдастырудың педагогикалық заңдылықтары, пән бойынша теориялық білім, білік және дағды деңгейі анықталады. Дәрістік, зертханалық және семинарлық сабақтарды дайындау және өткізу (оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуге қатысуды қоса алғанда), ғылыми жұмысты басқару дағдылары мен қабілеттерін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экологияның физикалық негіздері
    Несиелер: 5

    Физиканы оқыту үрдісінде экологиялық білім берудің педагогикалық негіздерін қарастырады. Білім берудің әр түрлі сатыларында жаңа әдістер мен технологияларды қолдану және білім беру үрдісін ұйымдастыру, жүзеге асыру. Қоршаған ортаның ластануының физикалық факторлары. Білім алушыларда экологиялық білім негіздерін қалыптастыру және адам өмірінде экологиялық әлеуеттің маңызы. Қоршаған орта мен табиғатты қорғау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Күрделі физикалық есептерді шешу практикумы 2
    Несиелер: 5

    Курс бағдарламасы бойынша есептерді шешуде физикалық құбылысты талдауға, шешімді ауызша баяндауға, алынған жауапты талдаудың ерекшеліктеріне тоқталады. Алғашқы сабақтар жалпы физиканың бөлімдері электр және магнетизм, оптика және атомдық физика бөлімдерінің есептерін шығару әдістемесіне тоқталып, келесі бөлімдерде күрделі есептер шығару әдістемесі, яғни пәнаралық мазмұндағы есептер, олимпиада есептерін шығару әдістемесі қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Код ON1

    Менеджменттің және жеке тұлғаны психологиялық басқару мәселелерінің теориялық-әдіснамалық негіздерін, шет тілінде сөйлеу кәсіби қарым-қатынас теориясы мен практикасын түсіндіреді.

  • Код ON2

    Білім беру ұйымдары субъектілерінің қарым-қатынас жүйесін және басқару әдістері мен жеке тұлғаның кәсіби сапаларын бағалау әдістерін меңгереді, шет тілінде зерттеу нәтижелерін баяндайды.

  • Код ON3

    Ғылыми және инновациялық мәселелерді шешу үшін қажетті классикалық және теориялық физиканы көрсету;

  • Код ON4

    Қарастырылып жатқан құбылыстың және процестің физикалық және педагогикалық мағынасын, ғылыми зерттеулердің нақты міндеттерін, педагогикалық тапсырмаларды интерпретациялау;

  • Код ON5

    Қолданбалы және эксперименталды мәселелерді, ғылыми және инновациялық міндеттерді қазіргі заманғы жабдықтармен және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып шешу;

  • Код ON6

    Зерттеу жұмыстары нәтижелерін физиканың ғылыми-зерттеу заңдылықтарына сәйкес негіздеу және ұсыну;

  • Код ON7

    Сыни көзқарас тұрғысынан инновациялар мен ғылыми зерттеулердің тиімділігін талдау және бағалау;

  • Код ON8

    Ғылыми-зерттеу, инновациялық іс-әрекетті (ғылыми семинарлар, конференциялар және т.б.) жобалау және ұйымдастыру.

7M01502 Физика
Магистратура

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01502 Физика
Магистратура

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
7M01502 Физика
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01502 Физика педагогін даярлау
Магистратура

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01502 Физика (бейідік)
Магистратура

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01502 Физика
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01502 Физика педагогтарын даярлау
Магистратура

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01502 Физика (1.5)
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01502 Физика (1)
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01502 Физика
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01502 Физика
Магистратура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01502 Физика
Магистратура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01502 Физика
Магистратура

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01502 Физика
Магистратура

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01502 Физика педагогтарын даярлау
Магистратура

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top