Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B08701 Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету в АЭжБУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ауыл шаруашылығы саласында экономиканың инновациялық және ғылымды қажетсінетін салалары үшін, отандық және әлемдік зияткерлік еңбек нарықтарының қажеттіліктеріне жауап беретін, ауыл шаруашылығы өндірісінде сапалы серпіліс жасауға дайын, оларды кәсіби қызметте іске асыруға қажетті теориялық және практикалық білімі, іскерліктері мен дағдылары бар, элиталық жоғары уәжді кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B183 Агроинженерия
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 6B087 Агроинженерия
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Сызықты алгебра
Дифференциалдық және интегралдық есептеу I
Мамандыққа кіріспе
Химия
Дифференциалдық және интегралдық есептеу II
Физика 1
-
2 Оқу жылы
Майнор 1
Электротехниканың теориялық негіздер 1
Электрэнергетикадағы математикалық тапсырмалар және компьютерлік моделдеу
Дифференциалдық теңдеулер
Электр техникалық материалдар және бұйымдар
Энергетикалық қондырғылардағы қауіпсіздік техникасы
Физика 2
Жылутехниканың теориялық негіздері
Цифрлық басқару жүйелерінің логикалық негіздері
Майнор 2
Электр жабдықтарын монтаждау, баптау және пайдалану
Ықтималдық және статистика
Электротехниканың теориялық негіздері 2
-
3 Оқу жылы
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және өндеу машиналары мен қондырғылары
Электр машининалар
Жасанды интеллект
Электр аппараттары және өлшеу құралдары
Жаңартылатын энергия көздері
Майнор 3
Үлкен деректерді талдау
Электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысының негіздері
Автоматты басқару теориясы
Электрмен жабдықтау
Ауыл шаруашылық машиналарының электр жетегі
Ауылдық электр тораптары
Майнор 4
-
4 Оқу жылы
Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазу
Ауыл шаруашылығындағы жарықтандыру және сәулелендіру қондырғылары
Жаңартылатын энергия көздеріне негізделген энергетикалық жүйелерді жобалау
Ауыл шаруашылығында объектілерді энергиямен қамту жүйелерін жобалау
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
Ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар
Еңбекті қорғау
Биомасса, биогаз технологиялары және қондырғылары
Ауыл шаруашылығы объектілерін энергиямен қамтамасыз ету және энергия үнемдеу
Электр жарығы
Электр энергияны жинақтаушы
Интеллектуалды энергетикаға кіріспе
Ауыл шаруашылығындағы электротехнология
Өнеркәсіп экономикасы, кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялар
ЖБП ЖОО компонентінің модулі (Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экология және өміртіршілік қауіпсіздігі негіздері)
Технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Электр станцияларын, электр тораптарын, электр тораптарының және кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйелерінің релелік қорғанысын және ішкі және сыртқы жарықтандырудың жарық техникалық қондырғыларын жобалау мәселелерін меңгеру. Қалыпты және апаттық режимдерге талдау жүргізу және сандық релелік қорғаныс және автоматиканың іске қосылу параметрлері мен орындаудың мүмкін нұсқаларын анықтай білу.
- Электр техникалық өлшеу құралдарын, автоматты басқару жүйелерін, релелік қорғаныс және автоматиканы дұрыс есептеу және таңдау. Аспаптарды, автоматты жүйелерді реттеу.
- Жаңғыртылатын энергия көздері негізінде электр станциялары мен энергетикалық кешендердің электр қондырғыларының элементтерін құрастыруға және жобалауға қатыса алады. Жел энергиясы мен Күн радиациясының мониторинг жүйесін қолдану.
- Құқықтық және этикалық нормалар білімінің негіздерін меңгеру және оларды кәсіби қызметте қолдана білу. Интеллектуалдық, мәдени, физикалық, кәсіби өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдірудің перспективалық бағыттарын дербес құра алады және енгізе алады. Қазақстан тарихы бойынша объективті білімді ғылыми негіздеу.
- Қазіргі заманғы компьютерлік, ақпараттық технологияларды, сандық техниканы және электр энергетикасындағы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану қабілеті, компьютерлік желілерде жұмыс істеу дағдыларын көрсету.
- Әлеуметтік, тілдік және экономикалық білім негіздерін, өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін және қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және экология ережелерін сақтауды меңгеру. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін қолдану қабілетін көрсету.
- Жылу және электр энергетикасы объектілерінің тиімді өндірістік-технологиялық жұмыс режимін анықтауға, энергия және ресурс үнемдеу саласында шешімдер қабылдауға қабілетті. Энергетикалық ресурстарды үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың практикалық дағдыларын, энергияны өндіру мен орынды пайдаланудың ең тиімді әдістерін қамтамасыз ететін энергетикалық агрегаттар мен жүйелерді есептеудің инженерлік әдістерінің дағдыларын қолдану.
- Кәсіпорындардың барлық типтеріндегі электр станцияларының, электр тораптары мен электрмен жабдықтау жүйелерінің электр техникалық жабдықтарын монтаждауды, жөндеуді, реттеуді, сынауды және пайдалануды, сандық басқарылатын жартылай өткізгіш энергия түрлендіргіштерінің электр механикалық жүйелерін, релелік қорғаныстың сандық терминалдарын диагностикалауды дербес жүргізуге қабілетті.
- Электр машиналарының, автоматтандырылған электр жетегі мен коммутациялық электр аппараттарының сандық жүйелерінің параметрлерін, сипаттамаларын, таңдауын есептеуді жүзеге асыру, заманауи электротехникалық материалдардың ерекшеліктерін білу және жоғары кернеулі техникамен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. Энергетикалық жүйелерде жүретін химиялық реакциялардың ерекшеліктерін біледі.
- Базалық математикалық, физикалық және басқа да жаратылыстану-ғылыми білімді, сондай-ақ электр техниканың, электр тізбектері мен электр магниттік өрістің теориялық негіздерін электр инженерлік есептерді шешу үшін пәнаралық контексте көрсету және қолдану.
- Жасанды интеллектте жиі қолданылатын тілдерде бағдарламалау дағдыларын, табиғи тілді талдау және генерациялау әдістерін білу. Үлкен деректерге қатысты негізгі принциптерді, үлкен деректерді өңдеуге арналған негізгі құралдармен және платформалармен жұмыс істеу дағдыларын біледі. Деректерді талдауға, үлкен деректер жиынтығынан құнды ақпаратты алу үшін статистикалық әдістер мен машиналық оқытуды қолдануға, смарт-метрлер мен автоматтандырылған басқару жүйелерін қоса алғанда, смарт энергетикалық желілердің тұжырымдамалары мен компоненттерін пайдалануға қабілетті.
Ұқсас БББ
6B08701 Агроинженерия
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
6B08701 Аграрлық техника және технология
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
6B08701 Аграрлық техника және технология
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B08701 Аграрлық техника және технология
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті