Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02302 Филология в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты ҚР еңбек нарығының талаптарына лайықты; өзгермелі әлемде игерген терең білімі, кәсіби дағдысы негізінде жеңіл бейімделе алатын, эмоционалды интеллекті деңгейі жоғары, қазақ филологиясын дамытуда жетекші рөл атқаруға дайын, жоғары білікті филолог-мамандар даярлау. Әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдаса отырып заманауи талаптарға жауап беретін ұлттық филологиялық білім берудің моделін қалыптастыру.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B037 Филология
  • Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет
  • Қоғамтану білімі (пәнаралық курс)
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасының негізгі салалары мен институттарын сипаттайды: конституциялық; әкімшілік; азаматтық; қаржылық; қылмыстық; рәсімдік; еңбек; кәсіпкерлік; экологиялық. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің заңнамалық негіздерін зерделеу. Студенттің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Ұлттық құқық салаларында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін ашып көрсетеді экономиканың жұмыс істеу заңдарының кешенді көзқарастарын қалыптастыруға, бизнестің түрлі салаларында қолданбалы құзыреттілікке қол жеткізуге бағытталған бизнес-білім алуды қалыптастыруға, өз бизнесін құру мен табысты іске асыру мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Тірі организмдердің жұмыс істеуінің негізгі заңдылықтарын, ұйымның түрлі деңгейлеріндегі экожүйелерді, тұтастай алғанда биосфераны және олардың тұрақтылығын қарастырады. Өмірді қорғаудың теориялық негіздерін қамтиды; құқықтық, нормативтік, техникалық және ұйымдық негіздерін және техникалық құралдардың және технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қамтиды. Ілияс Жансүгіровтің өмірбаяны мен шығармашылық қызметін, әдебиеттану ғылымындағы орнын қарастырады. Оның отандық әдебиеттің көркемдік қағидаларын қалыптастырудағы үлесін зерттейді. Білім алушылардың бойында ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің дағдылары мен құзіреттіліктер қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Лингвистика негіздері
    Несиелер: 6

    Лингвистиканың зерттеу нысанын, қалыптасып, даму тарихын, басқа ғылымдармен байланысын; тілдің қоғамдық мәні және оның жүйесі мен құрылымын; тілдің шығуы және тілдердің жасалуы мен дамуын зерттейді; тілдердің пайда болуы туралы теорияларды, тіл білімінің салаларын, олардың зерттеу нысанын, қызметін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ жазуының тарихы мен емлесі
    Несиелер: 6

    Жазудың маңызы, қызметі, даму тарихы (пиктографиялық идеографиялық, буын, әріптік жазу), фонема, графема ұғымдары, жазудың негізгі категориялары, үндесім заңы және қазақ жазуын қарастырады. Қазақ жазуының тарихы, емле ерекшеліктері, негізгі орфографиялық қағидалар, ғалымдардың емле ережелері жайлы тұжырымдары, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселелерін сипаттайды. Жаңа емле ережесі бойынша білім беруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Кәсіби бағытталған орыс тілі
    Несиелер: 5

    Орыс тілі коммуникативтік үдерістің негізгі белгілері, құрылымы, прагматикалық тілдік бірліктер деңгейі-сөз, сөз мағынасы, сөйлем, мәтін түрлері, пайымдаудың түрлері, кәсіби салаларда іскерлік қарым-қатынас жасау мәселелері қарастырылады. Кәсіби ақпараттарға бағытталған ғылыми мәтіннің, терминнің құрылымы, логикалық және бейнелік анықтаулар, кітаби лексика, мамандық бойынша мәтінмен жұмыс, тілдік норма түсініктері мен интернационалдық кірме сөздер меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
    Несиелер: 6

    Дыбыстау аппараты, дыбыс пен фонеманың арақатынасы, аллофон, архифонема түсініктерін қамтиды. Вокализм, консонантизм, олардың классификациясы; эксплозив, фрикатив, альвеоляр; лабиаль, денталь, лингваль, фрикатив дауыссыздар; транскрипция, оның түрлері, буын, екпін, үндестік заңы, ықпал түрлері, фонетикалық құбылыстар және олардың түрлерін қарастырады. Орфография, орфоэпия, графика, жазу тарихы, жаңа қазақ әліпбиі жайлы білім беруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 5

    Кәсіби, қоғамдық-саяси қатынас салаларындағы ауызша және жазбаша сөйлеу ерекшелігін; кәсіби-себептелген жағдайлар шеңберінде шетел тіліндегі мәтінді құру мен ұйымдастырудың ұлттық-мәдени ерекшеліктерін; кәсіби қатынас саласындағы шетел тілінің сөздік құрамының стилистикалық ерекшеліктерін; әлеуметтік факторларға, қатынас жағдайына, әңгімелесушінің мәртебесіне және оның коммуникативтік ниеттеріне сәйкес түрлі тілдік және сөйлесу құралдарын қолдануды меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Іскерлік қазақ тілі
    Несиелер: 5

    Ауызша және жазба іскери сөз әдебі, келсіссөз жүргізу, іскерлік кездесуде өзін-өзі ұстауды, таныстырылым, тұсаукесер өткізу дағдыларын; келіссөз жүргізу әдебін қарастырылады. Кәсіби іскерлік қарым-қатынас барысында үйлесімді сөйлеу және мінез-құлық стратегиялары мен тактикасын сауатты пайдалануды қалыптастырады. Қазақ тілінде іс қағаздар жүргізуді, құжат түрлерін, жіктелісін, деректемелерін, қазақ тілінде электронды құжат айналымды меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Алаш дәуіріндегі тілтанушылар
    Несиелер: 6

    Алаш тілтанушыларының грамматика, алфавит, орфография, терминология, түркі тілдері, тіл, таным, әдістемеге қатысты ғылыми тұжырымдарын игерту көзделеді. Ғалымдардың тіл дыбыстарын жіктеуі, әліпбиі жасауы, грамматикалық категориялар, сөз таптары, олардың категориялары, құрмалас сөйлем, түрлеріне қатысты еңбектерінің мазмұны, маңызы мен мәні қарастырылады. Алаш тілтанушыларының фонетика саласындағы; морфология саласындағы; синтаксис саласындағы; терминология саласындағы еңбектерін қамтиды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Фольклор тарихы
    Несиелер: 5

    Фольклордың ауызша сөз өнері ретіндегі табиғаты, ерекшеліктері, жазба әдебиетпен арақатынасы, фольклордың зерттелу тарихы жөнінде білім беруге бағытталған. Фольклор, халық даналығы, ауызша сөз өнері, ауыз әдебиетінің туу, таралу, сақталу ерекшеліктері қамтылады. Фольклор жанрлары, классификациялау принциптері, тұрмыс-салт жырлары, лирикалық өлеңдер, халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы
    Несиелер: 5

    Әдеби тілдің ұлттық дәуірі мен оған дейінгі кезең арасындағы сапалық айырмашылықтарды, қазақ әдеби тілінің даму кезеңдерінің жіктелуін, қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерге тарамдалуы, қазақың ұлттық жазба әдеби тілі сияқты мәселелерді қарастырады. Қазақ әдеби тілі жайындағы пікірлер, қазақ әдеби тілінің даму кезеңдері барысындағы айырмашылықтар, ұлттық жазба әдеби тіл мәселесі меңгертіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Көркем шығарма поэтикасы
    Несиелер: 5

    Әдеби тек, түрдің, ағым, бағыттың, стиль, әдістің ерекшеліктерін, көркемдік тұтастық деңгейлерінің ішкі байланыс заңдылықтарын зерттейді. Қазіргі қазақ прозасы, поэзиясының даму бағыттарын; қазіргі қазақ жазушыларының шығармашылық ерекшеліктерін; қазіргі қазақ прозасы, поэзиясындағы басты тақырыптар табиғатын; поэтикасын; дәстүр мен жаңашылдықты, ұлттық-рухани мұраттарды, тілдік-стильдік құбылыстарды меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Лингвистикалық сараптама
    Несиелер: 6

    Құқықтық кеңістіктегі тіл мен сөйлеу мəтіндерін саралау, жүйелеу; заң құжаттарына лингвистикалық сараптама; заңдық жəне нормативті-құқықтық актілерге ұсыныстар; заңдық мəтіндерді аударма; құқықтық баға берілуге тиіс мəтіндерге сараптама; дəлелдік ақпарат алудың тəсілі немесе құралы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазақ тілінің стилистикасы
    Несиелер: 5

    Фонетикалық, лексика-фразеологиялық, сөзжасамдық, синтаксистік стилистиканы, қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдерін, стильдік қатенің түрлерін қарастырады. Стилистиканың ұғым-категорияларын, зерттеу әдістерін, қазақ тілінің стилистикалық құралдарын, стилистикалық мағына және синонимдерді меңгертуге бағытталған. Тілдік-стилистикалық мәдениетті қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
    Несиелер: 5

    Сөз мағынасының дамуы, семасиология; сөз және мағына, сөздің көпмағыналығы, олардың пайда болу жолдары: метафора, метонимия, синекдоха; қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы, шығу арналары, қалыптасуы мен дамуы, сөздік құрамның тарихи арналары қарастырылады; қазақ лексикологиясының этимология, ономасиология; лексикография салалары бойынша білім беруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Лингвистикалық зерттеу әдістері
    Несиелер: 6

    Жалпы лингвистикалық әдістер тілдің теориялық зерттеу тәсілі мен әдістерін құрайтындығын, олар белгілі бір лингвистикалық теория мен ортақ әдістемеге сүйенетіндігін меңгерту көзделеді. Тіл аспектілерін зерттеуде белгілі бір теориялық қондырғыларға сүйенетін тәсілдер, әдістемелер мен операциялардың жиынтығы, олардың көмекші техникикалық құрал ретінде қолданылуы (компонентті талдау, статистикалық талдау, эксперимент) қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 5

    Ежелгі заман, орта ғасыр тіл білімі, қайта өркендеу дәуірі тіл білімі, ХІХ ғасыр тіл білімі, ХІХ ғасыр тілі білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері, ағымдары, ХХ ғасыр лингвистикасы, кеңестік тіл білімі, қазіргі лингвистиканың антропоцентристік тұрғыда зерттелуі, жаңа бағыттары, тілді зерттеу әдістері қарастырылады. Қолданбалы, салыстырмалы-тарихи, типологиялық, структуралық, ареалдық, математикалық лингвистиканы меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Көркем мәтінге лингвистикалық талдау
    Несиелер: 5

    Көркем тіл мен әдеби тіл, олардың байланысы мен ерекшеліктері, нормалары, тілдің көркем әдебиеттегі эстетикалық қызметі, көркем мәтіннің түрлері, поэзиядағы ақындық еркіндіктер, олардың тілдік дәстүрлі қалыпқа қайшы жақтары, тілдік, стилистикалық эсперимент, мағыналық және салыстырмалы стилистикалық, статистикалық әдістер, қаламгердің дара стиліне тән ерекшеліктерді анықтау, талдау мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
    Несиелер: 5

    Сөздердің морфологиялық құрылымы, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, граммтикалық форма, грамматикалық категория; сөздің құрамы және морфемалардың түрлері; сөз формалары және оалрдың жасалу тәсілдері, түрлері; сөз таптары, олардың жіктелуі; сөз таптарының лексика-грамматикалық сипаты, түрлену жүйесі, синтаксистік сипаты мен қызметі қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Алаш дәуірі әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХХ ғасыр басындғы саяси-әлеуметтік жағдай және ұлттық әдебиеттің дамуы; алаш дәуірі әдебиетінің өкілдері мен олардың шығармашылығы; қазақ әдебиетіндегі ұлт-азаттық идея; алаш әдебиеттануының қазақ әдебиеттану ғылымынан алатын орны; алаш әдебиеті және ұлт мәдениеті; алаш дәуірі әдебиеті жаңаша көзқараста қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Функционалды грамматика
    Несиелер: 5

    Функционалды грамматика теорияларының қалыптасуына, функционалды граммати¬каның функция, функционалды семантикалық өріс, категориялық жағдаят ұғымдарына түсінік бері¬ліп, қазақ тіл білімінде қарастырылған функционалды-семан-тикалық өрістер қамтылады. Қазақ тіліндегі грамматкалық бірліктердің темпоралдылық- мезгіл, персональдылық- жақтылық, посесивтік- меншіктілік, компаративтік- салыстырмалы, каузальдық- себеп, локативті- мекен, таксис, модальділік, сандық, кеңістік т.б. қызметтері, семантикалық функциялардың өзектелінуінің тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Көне түркі және ақын-жыраулар поэзиясы
    Несиелер: 5

    Білге Қаған, Қорқыт, Ахмед Иүгінеки, Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани, Хорезми, Құтб, Сайф Сарай, Дүрбек, шығармашылығы, ХҮ - ХҮIII ғасырларда өмiр сүрген жыраулар өмірі мен шығармашылығы қарастырылады. Жыраулар мен ақындар поэзиясының өзiндiк даму ерекшелiктерi, басылу жайы мен зерттелуi, оның кейiнгi кезеңдегi әдебиетке әсерi, шығарманың идеялық-тақырыптық негізі, тілдік-көркемдік табиғаты сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Жетісу әдебиеті
    Несиелер: 5

    Жетісу өңірінен шыққан ақын - жазушылар өмірі мен шығармашылығын оқыту арқылы туған өлке тарихы, мәдениеті, әдебиеті меңгертіледі. Жергілікті әдебиетті оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесі қамтылады. Жетісу жеріндегі ақын-жазушылардың әдеби мұрасы, оның идеялық-композицялық ерекшеліктері, поэтикасы, қазақ әдебиетіне қосқан жаңалығы, жергілікті әдебиет өкілдерінің бағдарламада қамтылуы, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХІХ ғасырдағы көрнек өнерінің тұтастығы (синкретизм), оның өкілдері: сал-серілер, әнші-ақындар шығармашылығы, ағартушылық, демократияшыл көзқарастағы ақын-жазушылар шығармашылығы, дәстүрлі айтыс өнері, нәзира дәстүрінің көріністері, зар заман поэзиясы қарастырылады. Жазба әдебиеттің дамуы, регресшіл және прогресшіл романтизм бағытындағы шығармалар, әдебеттегі «атамекен» концептісі, ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі, шығармалардың идеялық-тақырыптық, поэтикалық ерекшеліктерін меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Түркі халықтары әдебиеті
    Несиелер: 5

    Қырғыз, өзбек, татар, түркімен, түрік, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт әдебиетінің қалыптасып даму тарихын, әдебиет өкілдері мен олардың шығармашылығын қарастырады. Түркі халықтары әдебиеті өкілдері шығармаларының мазмұнын, тақырыбын, поэтикалық, сюжеттік-композициялық ерекшелігін, образдар жүйесін, әдебиеттегі ортақтық мәселелері мен өзіндік ерекшеліктерін, ХХІ ғасырдағы түркі тілдес халықтар әдебиетінің даму арналарын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Шетел әдебиеті тарихы
    Несиелер: 5

    Шетел әдебиетінің тарихы мен даму кезеңдерін, классикалық шығармаларды, қазіргі әдебиетпен сабақтастығын, әлемдік әдебиеттің ХХІ ғасырдағы даму заңдылықтары, оған әсер етуші факторлар, жалпы әдеби процесс, оның даму жолы, бағыттары, қазіргі кезеңдегі түрлі ағымдар мен әдеби бағыттар, оның өкілдерінің шығармашылығы қарастырылады. Көне грек, рим әдебиетінен бастап, ағылшын, француз, герман, орыс әдебиеті өкілдерінің классикалық шығармалары, оның поэтикасы, образдар әлемі меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
    Несиелер: 7

    Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі дамуының негізгі ерекшеліктері, дауысты және дауыссыз дыбыстардың тарихи өзгерістері, қазақ тілі тарихи морфологиясын білудің әдістері мен көздері, есім сөз таптары мен етістік категорияларының дамуы қарастырылады. Тарихи грамматика пәнінің негізгі теориялық тұжырымдары көне әдеби жазба ескерткіштер тілі мен халықтың сөйлеу тілі ерекшеліктері меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет
    Несиелер: 5

    Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің даму арналарын, проза, поэзия, драматургия жанрындағы жаңалықтарды, ұлттық рух, діл әдебиеттегі көрінісін, қазіргі қаламгерлердің соны ізденісін, дәстүр сабақтастығын қамтиды. Қазақ әдебиеттану ғылымының басым бағыттарын, алаш әдебиетін, әлемдік әдебиеттегі үрдістер мен бағыттарды, модернизм, постмодернизм, экзистенциализм т.б. ағымдарды меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдағы әдеби процесс, түрлі ағымдар мен бағыттар, сол дәуірдегі әдебиет өкілдері, олардың әдеби мұралары, көркем шығармалардың тақырыбын, идеясын және поэтикасын қамтиды. Пән жазба әдебиет өкілдерінің шығармашылығы, діни-ағартушылық және ағартушы-демократтық бағыттағы шығармалар, қазақ әдебиетіндегі сыншыл реализм, қазақ прозасындағы жаңалықтар, әңгіме жанрының шеберлерін, қазақ романдарын меңгертеді. ХХ ғасырдағы қазақ қаламгерлері шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін, тақырыптық-идеялық мазмұнын, құрылымын, жанрлық-стильдік ерекшеліктерін меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
    Несиелер: 7

    Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты, фонологиялық ерекшеліктері; морфологиялық ерекшеліктері; лексикалық қабаты; синтаксистік құрылысы; түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері; түркі тілдерінің жіктелуі; салыстырмалы фонетика; салыстырмалы морфология; салыстырмалы синтаксис қарастырылады. Түркі тілдерінің зерттелу тарихы; түркі тілдерінің жүйесіне тән дыбыстық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері; түркі тілдерін салыстыра зерттеуде тарихи-салыстырмалы әдіс меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
    Несиелер: 7

    Сөз тіркестері, тіркесу амалдары мен формалары, есімді және етістікті тіркестер; сөйлемді тану принциптері, сөйлем мүшелері, сөйлемнің түрлері, сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуін қамтиды. Құрмалас сөйлемнің жалпы сипатын, салалас, сабақтас аралас, көп компонентті түрлері, жасалу ерекшеліктері, құрмалас сөйлемнің интонациясы, тыныс белгілері және оны оқыту жайлы теориялық білім беруге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Компьютерлік лингвистика
    Несиелер: 5

    Компьютерлік лингвистика, лингвистикалық статистиканың теориялық мәселелері, фонема, әрп, буын, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем қолданыстарындағы математикалық сандық-статистикалық заңдылықтар, статистикалық әдіс, ықтималдық теориясы, жиілік сөздіктердің түрлері, ақын-жазушы тілінің сөздігі, сөздік қоры қамтылады. Студенттерге мәтіндерді лингвостатистикалық тұрғыда талдауды меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мәдениетаралық коммуникация
    Несиелер: 6

    Мәдениеттердің ықпалдасуы мен диалогы идеяларынан туындаған мәдениаралық коммуникация мәселесі уақыт өте келе тұлғааралық мәдени коммуникация деңгейіне өткендігі, бүгінгі таңда мәдениетаралық коммуникация мәселесі жаһанданудың өзара әріптестік және өзара түсіністік аспектісінде аса өзекті екендігі, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын халықаралық менеджмент және маркетинг саласында, БАҚ қызметінде, трансұлттық саясат саласында қолдану ерекшеліктері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Іскерлік қарым-қатынас және сөйлеу мәдениеті
    Несиелер: 6

    Қазақ тіл мәдениетінің негіздерін, шешен сөйлеудің логикалық-құрылысы, стилі, әдістерін, импровизация, сөзді әсерлі жеткізу тәсілдерін қарастырады. Ресми іс-қағаздар стилін, ғылыми стиль, сөйлеу мәдениетінің қатысымдық сапасын, пікірталастыру мәдениетін, жұртшылық алдында сөйлеуді, академиялық шешендік; таныстырылым, тұсаукесер өткізу дағдыларын; келіссөз жүргізу әдебін; сөйлеу этикетін, сөйлеу техникасы және дикциямен жұмысты; қарым-қатынастың бейвербальды амалдарын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әлеуметтік лингвистика
    Несиелер: 5

    Тілдің қоғамдық табиғаты, әлеуметтік мәні, әлеуметтік қызметі, тілдік болмыстың формалары, тілдің әлеуметтік саралануы, тілдік қалып, тілдік жағдай, тіл саясаты, диглоссия, мультилингвизм, билингвизм, пиджинизация, креолизация үдерістері қарастырылады. Тілдің дамуы, қазіргі жай-күйі; қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі, тіл туралы заңдар; қатысымдық сапалардың тілге қатысы және олардың тілдің әсерлілігі мен эстетикасына тигізетін әсері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Психолингвистика
    Несиелер: 5

    Психолингвистиканың теориялық негіздері, зерттеу нысаны, психолингвистика ғылымының пайда болуы мен дамуы, адамның сөйлеу әрекетіндегі психолингвистикалық ерекшеліктер қарастырылады. Психолингвистикада тіл бірліктерінің (дыбыстар, сөздер, сөйлемдер, мәтіндер) өзіне емес, сөйлеуші үшін психологиялық анықтама, сөйлемдердің түсінікті болуы, сол сияқты тілді меңгеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Академиялық жазу
    Несиелер: 6

    Академиялық жазылымның ерекшелігі, академиялық оқылым, тақырып таңдау, ақпарат іздеу, жазылым, ақпаратты сын тұрғысынан талдау, академиялық адалдық, академиялық этика, филологиялық зерттеу әдістері, гипотеза, сандық мәліметтерді өңдеу, мәтіннің құрылымы, дайындау кезеңдері қарастырылады. Ғылыми зерттеулер үдерісін ұйымдастыруды жоспарлауды және іске асыруды; зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдарды талдауды, бағалауды, салыстыруды және қорытынды жасауды меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Когнитивті лингвистика
    Несиелер: 5

    Когнитивтік лингвистиканың нысаны, мақсаты, міндеттері, қалыптасу тарихы, басқа ғылым салаларымен байланысы, қазақ тіл біліміндегі, шетел тіл біліміндегі көрінісі туралы мәселелер қамтылады. Когнитивтік лингвистиканың басты мәселелері - концепт ұғымы, концепт және концептуалдық құрылым, тілдік тұлға, дүниенің тілдік бейнесі, концептуалды метафора, танымдық фразеологизмдер, соның ішінде, этнографиялық фразеологизмдердің когнитивтік аспектісі жайлы ғылыми тұжырымдар меңгертіледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Аударма теориясы мен практикасы
    Несиелер: 6

    Қазақ тіл біліміндегі аударматану мәселесін, тарихын, теориясы мен тәжірибесін, аударма теориясының негізгі салаларын, аудармадағы тілдік дәнекерлікті, баламалық мәселелерін, көркем аударманы, лексикалық бірліктерді аударудың негізгі жолдарын эквивалентсіз лексиканы қарастырады. Орыс-қазақ тілінде жазбаша-жазбаша; ауызша-ауызша; жазбаша-ауызша; ауызша-жазбаша аударма жасауды меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Этнолингвистика
    Несиелер: 5

    Тіл және ұлттық мәдениет, қазақ этнолингвистикасының ғылыми зерттеу әдістері; қазақ этнолинвистикасындағы жүйелілік принципі, тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми бағыттары; елтану, лингвомәдениеттану, этнолингвистикалық арналар, ұлттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болатын басты факторлар, қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы түпдеректер, дүниенің тілдік бейнесі, тілдің паремиологиялық қоры қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON1

    көптілді ортада тұлғааралық және мәдениаралық коммуникация барысында әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылым салаларындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың казақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі аясында белсенді азаматтық позицияны танытады.

  • Код ON3

    қазақ тілінің фонетика, лексикология, морфология, синтаксис салалары бойынша теориялық білімін көрсетеді; жоғары эмоционалды интеллекті, шешендік өнер мен сөйлеу әдебін көрсетеді; тіл тарихының негізгі кезеңдері мен өкілдері, ағымдары мен жаңа бағыттарын ажыратады; тілдерді генеологиялық, типологиялық, функционалдық тұрғыда жіктейді; қазақ жазуының тарихын, емлесін сипаттайды.

  • Код ON2

    Құқықтық, экономикалық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортадағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы қоғамдық әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді зерделеуде зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерді бағалау және қолдану қабілетіне ие.

  • Код ON12

    қазақ тілінің дамуына ықпал ететін әлеуметтік, ғылыми жобалар жасайды; қазақ тілі бойынша ғылыми жұмысты ұйымдастырады, бағалайды; лингвистиканы зерттеуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігін бағалайды.

  • Код ON7

    әлеуметтік, мәдени, кәсіби қызмет саласында сараптамалық, консалтингтік, аналитикалық қызмет көрсетеді; жасанды интеллектідегі қазақ тілі қолданысының мәселесін шешеді; тіл саясатының бағыттары мен әртүрлі бағдарламалардың тілдік ортаға ықпалын бағалайды.

  • Код ON4

    қазақ тілі грамматикалық құрылымының тарихи өзгерістерін зерттейді, көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасайды, алаш дәуіріндегі тілтанушылардың ғылыми тұжырымдарын басшылыққа алады, түркі тілдерінің грамматикалық ерекшеліктерін жалпылайды.

  • Код ON9

    лингвистика теориясы мен лингводидактиканың қазіргі ғылыми-зерттеулеріндегі жаңалықтарды сыни тұрғыда талдайды; тіл білімінің жаңа бағыттарындағы негізгі теориялар мен концепцияларды салыстырады; тілдік ортаның дамуына ықпал ететін экстралингвистикалық және интралингвистикалық, транслингвистикалық факторларды ажыратады, түркі тілдерінің грамматикалық тұлғаларын салыстырады.

  • Код ON10

    қазақ әдеби тілінің тарихын негіздейді; тілдік обьектілердің стильдік ерекшеліктерін бағалайды; жалпы тіл білімінің теориялық тұжырымдарына, функционалды грамматика теориясына қатысты пікір білдіреді, тілдің танымдық, мәдени, этникалық, психологиялық, қолданбалық ерекшелігін дәйектейді.

  • Код ON6

    іскерлік коммуникацияның құралдары мен стратегиясын қолданады; мәдениетаралық деңгейде сұхбаттасады; қазақ тілінде іс қағаздар жүргізеді; академиялық мәтінді интерпретациялайды; қазақ-орыс тілдерінде ауызша және жазбаша аударма жасайды; тілдік объектілерге лингвистикалық сараптама жасайды.

  • Код ON5

    қазақ және шетелдік ақын-жазушылардың шығармашылығына идеялық-мазмұндық, жанрлық ерекшелік, сюжеттік-композициялық, стильдік, поэтикалық тұрғыда кешенді талдау жасайды; түркі халықтары әдебиетінің даму бағытын бағалайды.

  • Код ON11

    қазақ тілінде сауатты, тілдік, стильді нормаға сай жазба жұмыстар, шығарма, эссе, әңгіме құрастырады; тіл блімінің жаңа бағыттарының даму үдерісіне қатысты болжам жасайды; қазақ тілі бойынша зерттеуді жоспарлайды.

  • Код ON8

    әдебиет теориясы мен сынын, поэтикасын сын тұрғысынан талдайды; қазақ әдебиеті тарихындағы негізгі кезеңдерді, бағыттарды, мектептерді, оның өкілдерін ажыратады; әдеби тұжырымдарды салыстырады.

6B02302 Филология: орыс тілі
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B037 Филология

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
6B02302 Орыс филологиясы
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B037 Филология

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
6B02302 Филология
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B037 Филология

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B02302 Филология
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B037 Филология

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B02302 Филология
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B037 Филология

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B02302 Филология: қазақ филологиясы
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B037 Филология

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B02302 Шетел филологиясы
Бакалавриат

Орталық-Азия Университеті

БББТ: B037 Филология

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B02302 Филология
Бакалавриат

«Тұран-Астана» университеті

БББТ: B037 Филология

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B02302 Шетел филологиясы және кәсіби коммуникация
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B037 Филология

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
Top