Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Әдебиеттану ғылымындағы әдіснамалық мектептер
    Несиелер: 5

    Әдебиеттану ғылымының қалыптасу және дамуының негізгі кезеңдері (пайда болуы, ғылыми-философиялық алғышарттары), әдебиеттанудың тарихы, соңғы он жылдағы әдебиеттану ғылымының мәселелері қарастырылады. Қазіргі әдебиеттанудың теориялары мен концепциялары, әдебиеттанудағы негізгі бағыттар мен мектептер, көркем шығарманы зерттеу әдістемесі мен әдіснамасын меңгереді. Қазақ әдебиеттану мектептерінің бағыттарын айқындап, зерттеу нәтижесін халықаралық басылымдарда жариялауға, сараптама жасай алуға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тілдік жүйе және лингвостилистика мәселелері
    Несиелер: 5

    Тіл саласындағы іргелі ізденістердің бағыттарын айқындап, қазіргі қазақ тілі стилистикасының негізгі тілдік факторларын дәйектеу жолдарын қарастырады; тілдік жүйені ғылыми танымның әдіснамасына, заманауи тұжырымдамаларға, заңдылықтарға баға беру арқылы түсіндіреді. Лингвостилистика мәселелерін тілдік жүйемен байланыстыра отырып талдайды, тілдік жүйенің лингвистикадағы орнына сараптама жасауды анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық хат
    Несиелер: 5

    "Академиялық хат" пәнін меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми-ақпараттық мәтіндермен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән докторанттардың жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогиканың философиясы және әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми жетістіктердің қалыптасу үдерісін және адамзаттың философиялық ойларының дамуын зерттейді."Педагогиканың философиясы және әдіснамасы" пәнін зерттеудің негізгі теорияларын, зерттеу әдістерін, сондай-ақ философия ғылымындағы онтологиялық және эпистемологиялық бағыттарды толық қамти отырып, зерттеу әдістерін игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ауыз әдебиетінің поэтикасы
    Несиелер: 5

    Ауыз әдебиеті үлгілерін ғылымның басқа салаларымен байланыстыра отырып зерттейді, поэтикалық талдауларға әдебиеттанымдық тұрғыдан баға беруді меңгертеді. Ауыз әдебиеті үлгілерін теориялық тұрғыдан ғылыми негіздеп, фольклордың көркемдігін, өзекті мәселелерін терең түсіндіреді, ғылыми пікірлерін нақты деректермен тұжырымдау жолдарын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Іргелі және қолданбалы зерттеулердің жетістіктері мен даму перспективаларын түсіну жолдарын, өмірлік жағдайларда зерттеу есептерін шешумен байланысты жобалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастрады, оқу үрдісінде белсенді позиция, теориялық-қолданбалы ойлау типінің негіздері жайлы материалдарды түсіндіреді. Заманауи әдістер жүйесіне негізделген базалық білімі мен түсінігін кеңейту, алған білімдерін практикада қолдану және зерттеу нәтижелерін өндіріске ендіру жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым мен білім берудегі педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Педагогикалық технология арқылы әр түрлі жағдайлардағы оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдарды қолдану жолдарын меңгертеді, болашақ маманға ақпаратпен жұмыс істеу, педагогикалық технология көмегімен білімді, іскерлікті, кәсіби дағдыны игерту арқылы тұлғалық қасиетті дамытады, өмір бойы білім ала отырып, ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптама жасауға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON3

    Ғылыми танымның әдіснамасына, заманауи тұжырымдамаларға, заңдылықтарға баға береді

  • Код ON1

    Тіл мен әдебиет саласындағы іргелі ізденістердің бағыттарын айқындап, ғылыми зерттеу жүргізеді

  • Код ON4

    Ғылыми зерттеулердің ұлттық немесе халықаралық басылымдарда жариялап, нәтижесін қолданысқа енгізеді

  • Код ON5

    Менеджменттің практикалық проблемаларын білікті түрде шешеді, білім және ғылым саласындағы жаңашылдықтарды қолданысқа енгізеді

  • Код ON6

    Академиялық адалдық мәдениетін ұстана отырып, мәтінге ғылыми-сараптамалық баға береді.

  • Код ON2

    Тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелерін терең түсініп, ғылыми пікірлерін тұжырымдау, ғылыми зерттеу әдістерін меңгереді

Top