Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Оқыту нәтижелері

  • Тілдің әлеуметтік табиғатын, әлеуметтік мәнін, тілдің әлеуметтік қызметін, тілдің эволюциясын анықтайды; тілдердің бір-біріне әсерін, ауытқу құбылыстарын ажыратады.
  • Жоғары рейтингті басылымдардың талаптарын ескере отырып, ғылыми мақалалар жазады, ғылыми мәтіндерді ағылшын тілінен аударады, олардың мағынасын түсіндіреді.
  • Диссертациялық жұмыс шеңберінде ғылыми зерттеу жүргізу және ғылыми жарияланымдарды дайындау процесін жоспарлайды.
  • Қазақ әдебиетіндегі постмодернизмге тән белгілерді анықтайды, әлем әдебиетіндегі постмодернизмнің типтік сипаттамаларын салыстырады; постмодернизмнің көркем туындыларын талдау алгоритмін ұсынады.
  • Ғылыми әдебиеттегі мәтін мен дискурсты айыра біледі, әдеби дискурс мәнін түсіндіреді, көркем әдебиеттегі автор, кейіпкер және оқырман арасындағы қатынастарды анықтай алады.
  • Жоғары мектепте тіл мен әдебиетті оқытудың заманауи әдістемелерін қолданады, сандық және интернет-технологияларды талдайды.
  • Сабақтарға, ЖОО-нда оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына талдау жасайды, көркем мәтінді филологиялық талдау принциптерін іс-тәжірибеде қолданады.
Top