Жаңа білім беру бағдарламасы

8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

  • Тіл үйретудегі лингвопрагматиканың функциясы

    Мақсаты: қазақ тілін үйренудің грамматикалық және лексикалық жүйесін лингво-прагмастилистикалық мақсатқа сай анықтау. Мазмұны: қазақ тілін үйренуге қажетті грамматикалық және лексикалық норманың базасы, қазақ тіліндегі грамматикалық формалардың мағыналары мен линвопрагматикасы. Қазақ тілін үйрету әдістемесі. Мәтінмен жұмыс. Құзыреттілігі: ойын қазақша айту мен жазудың, мәтінді оқу, түсінудің лингвопрагматикалық аспектісін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Мақсаты-дербес ғылыми зерттеу жүргізу процесінде нақты аударма мәселелерін шешу үшін зерттеу әдістерінің кешенін қолдану қабілетін қалыптастыру. Жалпы ғылыми және лингвистикалық (Салыстырмалы-тарихи, типологиялық; оппозициялық, дискурсивті, трансформациялық, компоненттік талдау әдістері және т.б.) ғылыми танымның әдістері, жүйелеу, аударма саласындағы зерттеулердің нәтижелерін жалпылау; диссертациялық зерттеудегі эксперименттік деректерді өңдеу, түсіндіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттанудың теориялық-әдістемелік негіздері

    Мақсаты: шығармаларды интерпретациялау, көркемдік, идеялық мағынасын ашу. Мазмұны: Классикалық, модернистік, постмодернистік мәтіндерді және өлеңмен, қара сөзбен жазылған эпикалық әдеби шығармаларды оқыту мен инновациялық технологияларды қолдану жолдары қарастырылады. Құзіреттіліктер: герменевтикалық әдісті кешенді түрде қолдана алады, әртүрлі бағыттағы көркем әдебиет нұсқаларын талдай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алаштану және ұлттық білім беру саясаты

    Мақсаты: Алаш зиялыларының қазіргі ұлттық білім беру саясатына сай философиялық көзқарастарын, әдістемелік тұжырымдарын талдау. Мазмұны: Алаш зиялыларының қазақ филологиясы мен әдістемесіне қосқан үлестері және оның ұлттық білім беру философиясында алатын орны анықталады. Құзіреттіліктер: Алаш зиялылырының концепциясы әлемдік филологияның, әлемдік лингводидактиканың ең биік шыңдарында тұрған тұжырымдармен сәйкесетінін дәлелдей алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазу

    Мақсаты: Ғылыми жұмыс жазудың заңдылықтарын анықтау. Мазмұны: Ғылыми жұмыс жазудың грамматикалық, құрылымдық, логикалық моделі талданады. Академялық жазуға тән дағдылар, плагиаттықтан сақтану жолдары, гипотеза құрудың шарттары т.б. сараланады. Құзіреттіліктер: Логикалық жақтан сенімді, шынайы аргументтерге негізделген плагиаттан сақтандырылған ғылыми жұмыс жаза алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • ақпарат пен деректерге аналитикалық талдау жасайды, тұжырымдайды, ғылыми зерттеулеріне пайдаланады;
  • отандық және әлемдік деңгейдегі классикалық әдебиеттердің, модернистік, постмодернистік шығармалардың, проза, поэзия, драматургия жанрындағы әртүрлі мәтіндердің интеграциясындағы инновациялық технологияларды пайдалана алады;
  • тіл мен әдебиетті оқытудың әлемдік деңгейдегі тиімді әдістері мен тәсілдерін, оқыту технологияларын саралайды;
  • академиялық шешендік талаптарын игереді, бұқаралық ақпарат құралдарында, халықаралық, республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық, әдістемелік конференциялар мен семинар-тренингтерде зерттеу нысаны, оның нәтижесі жөнінде баяндайды, өз пікірін дәлелдей алады;
  • қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жаңа ғылыми-әдіснамалық концепцияларды, түрлі ақпараттық деректерді өңдеп, сыни тұрғыдан талдайды, салыстырады, өзіндік тұжырым жасайды және өз бетімен ғылыми зерттеу жұмыстарын кешенді түрде жоспарлап, іске асырады, тәжірибе нәтижелеріне математикалық, статистикалық талдау жасайды;
  • Алаш зиялыларының әлемдік деңгейдегі білім парадигмасына сай келетін озық үлгідегі дидактикалық зерттеулерін, білім беруге қатысты педагогикалық-психологиялық тұжырымдарын зерделеп, қазіргі ұлттық білім беру саясатымен байланыстырады;
  • зерттеу жұмысын жүргізуде қолданылатын әдістің түрлерін сараптайды, оны қолданудың жолдарын игереді, академиялық шешендікте, ғылыми және мәдениаралық коммуникацияда, халықаралық байланыста өз ойын еркін, ғылыми стилде жеткізе алады;
  • Ғылыми-педагогикалық қызметтегі іскерлік қарым-қатынасты сәтті ұйымдастырады, педагогикалық шешендікті игереді;
  • коммуникация теориясы, лингвистика, мәдениаралық коммуникация, психология ғылымдарының байланысын сараптайды, лингвопрагматикалық заңдылықтардың тіл үйретудегі қызметін игереді, тілдік және прагмалингвистикалық құралдарды қолдана отырып коммуникативтік мақсатқа жетудің жолдарын меңгереді.
Top