Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Пәндер

  • Қазіргі қазақ тіл білімі (әдебиеттану) ғылымының даму үрдісі мен жаңа бағыттары

    Пәннің мақсаты мамандарды дайындау талаптарына сай лингвистика теориясын меңгеру, лингвистика, жалпы лингвистика мен әдебиеттану ғылымы жаңа бағыттарының даму жолдарының қыр-сырын анықтау, әлемдік әдебиеттанудың қазіргі жағдайын, даму үрдістерін, басым бағыттарын талдау болып табылады. Тіл білімі (әдебиеттану) ғылымдарының басты даму бағыттары ұлттық ғылыми ойдың даму тарихымен, әдеби процеспен, антропоөзекті қарым-қатынаспен байланысында бағамдалады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Жалпы және типологиялық лингвистика

    Пәннің мақсаты әлем тілдеріне ортақ заңдылықтарды, тіл тарихында өзіндік із қалдырған тілдік мектептерді, әлем тілдеріне ортақ типологиялық ерекшеліктерді жан-жақты қарастыруға бағытталған. Курс барысында докторанттар жалпы және типологиялық лингвистиканың теориялық мәселелеріне қатысты әлемдік ғылымдағы бүгінгі тенденциялар мен көзқарастармен ой бөлісе отырып, ғылыми-теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысын тереңдетіп, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулер әдістері

    Пәннің мақсаты білім алушылардың ғылыми-зерттеу және ғылыми-жобалық қызметін ұйымдастырудың теориялық-әдіснамалық аспектілерін терең зерттеу, зерттеудің заманауи тәсілдері мен әдістерімен таныстыру болып табылады. Пәнді игеру барысында білім алушылар жасанды интеллектті әртүрлі есептеулер үшін, эксперименттік және графикалық диаграммаларды өңдеу талданған мәліметтер базасы бар ғылыми-зерттеу мәселелерін дұрыс шешу үшін қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Лингвистикалық семантика және прагматика

    Пәннің мақсаты тілдің семантикасы мәселелерінің ғылыми-теориялық талдауларын меңгеруге, суггестивті үрдістерді, сонымен қатар мәтін мен дискурстың прагматикалық мүмкіндіктеріне байланысты сөйлеу қызметінде ақпаратты беру тәсілдерін терең меңгеруге бағытталған. Курс барысында докторанттар тіл біліміндегі прагматикалық зерттеулер, прагматиканың негізгі категориялары, прагматиканың көркем мәтіндердегі көрінісі, лингвистикалық семантика табиғи тіл бірліктерінің мағыналары туралы теориялық білім қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Филология ғылымдарындағы жасанды интеллект технологиясы

    Пәннің мақсаты білім алушының тіл білімі мен әдебиеттануда жасанды интеллект технологиясын қолдану саласындағы білімдерін дамытуға, артықшылықтарын меңгеруге мүмкіндік беру болып табылады. Пән цифрлық және пәндік құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған және жоғары білім мазмұнын жаңарту талаптарына жауап береді, оқу және ғылыми мәселелерді шешу үшін ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалану қабілетін арттыру мәселесін шешуге көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі заман әдебиеттану дамуының теориялық-әдістемелік негіздері

    Пәннің мақсаты докторанттың мәтінді әдеби талдау дағдыларын қалыптастыруына бағытталған. Бұл маманға тек әдеби шығарма мәтінімен ғана емес, сонымен қатар кез келген жазбаша мәтінді талдау әдістемесімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Докторант әдебиеттану ғылымының тарихы мен процесінде айрықша орны бар сыни мақалалармен, көрнекті сыншы ғалымдардың шығармашылық ізденістерімен, олар туралы зерттеулермен, еңбектермен танысады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Мәтін поэтикасы және филологиялық герменевтика

    Пәннің мақсаты білім алушыларға филологиялық герменевтика және мәтін поэтикасы туралы толық мағлұмат беру, әдеби шығармаларды толық түсіну және қабылдау үшін қазіргі ғылыми әдіснамалық принциптерді дұрыс қолдануды үйрету болып табылады. Пәннің мазмұны мәтінтану, тілтану мен әдебиеттанудың басты ұғымдарымен, категорияларымен, маңызды методологиялық жүйелермен таныстыру, қазіргі әдебиеттану дамуының жалпы көрінісінен хабардар ету.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазу

    Пәннің мақсаты ғылыми ақпаратты жазу және баяндау әдіснамасы, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеу, академиялық сипаттағы жазбаша мәтіндерді жасау бойынша практикалық дағдыларды игеру болып табылады. Жасанды интеллектті қолдана отырып, ғылыми мақалалар, монографиялар және диссертациялар түрінде зерттеу қызметін ұйымдастыру және оның нәтижелерін рәсімдеу кезінде логикалық заңдарды, халықаралық ережелер мен стандарттарды қолдану саласындағы құзыреттерді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • мәтін құраушы тілдік категорияларға жататын тілдік универсалилерді прагматикалық тұрғыдан бағамдай білу
  • жалпы лингвистика теориясын, типологиялық лингвистиканың даму ерекшеліктерін, әлемдік лингвистиканың даму тенденциялары мен басым бағыттарын сыни тұрғыдан талдау
  • қазіргі қазақ тіл білімінің (әдебиеттанудың) жаңа бағыттары мен үрдістерінің дамуына антропоцентристік мәселелердің әсерін бағалау мақсатында талдау, филология саласында жасанды интеллект әдістерін қолдану
  • академиялық жазу стилі мен әдіснамасының ерекшеліктері мен ғылыми зерттеу әдістерін ескере отырып зерттеу қызметін дербес ұйымдастыру арқылы ғылыми мәтіндер мен докторлық диссертация жазу үшін ақпаратты талдау мен синтездеуді жүзеге асыру
  • ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен заманауи әдістерін пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаттарын, міндеттерін, құрылымы мен кезеңдерін дербес жоспарлауға қабілетті
  • тілдің семантикасының ғылыми теориясын, суггестивті үрдістерді, мәтін мен дискурстың прагматикалық мүмкіндіктеріне байланысты сөйлеу қызметінде ақпаратты беру тәсілдерін интерпретациялау
  • әлемдік әдебиеттанудың қазіргі жай-күйін және оның даму тенденцияларын айқындай отырып, қазақ әдебиеті тарихындағы басым бағыттарды байланыстыра отырып, Қазақстанның жетекші ғылыми мектептерінің жетістіктерін сыни тұрғыдан талдау
  • зерттеуші әдебиеттанушылардың мәтіндік материалдары мен ғылыми еңбектерін зерттеу және талдау негізінде әдебиеттанудың эволюциялық дамуын сыни тұрғыдан бағалау
Top