Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01402 Дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Валеология және сауықтыру технологиялары
    Несиелер: 5

    Валеология—дені сау адамдардың саулығы туралы ғылым. Қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі міндеттерінің біріне халық денсаулығына қоршаған орта факторлары әсер етеді. Білімгерлердің тұлғалық дамуын қалыптастырады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайларда халық денсаулығының қалыптасуы тенденциясы мен заңдылықтарын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жеңіл атлетиканы оқыту әдістері
    Несиелер: 4

    Жеңіл атлетиканың жаттығулар мен дене шынықтыру сабақтарын өткізу мүмкіндігі, отандық, шетелдік жүйедегі жаттығуларды жүргізудің түрлері мен әдістерінің өзара байланысы, оларды мектеп бағдарламасына енгізу жолдары, оқу жаттығу процесінің тиімділігін қамтамасыз етуде ғылыми негізделген тәсілдер, олардың практикалық қолданулары қарастырылады. Спорттық бағдарлау жүйесін критериалды бағалау, тұлғааралақ қарым-қатынаста коммуникативтілік таныту, инновациялық технологияларды пайдалану жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Гимнастика оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Гимнастикалық жаттығуларды практикада қолдану жолдары, спорт түріне іріктеу және спорттық бағдарлау жүйесін іске асыруда отандық және шетелдік жүйедегі байланыстар, дене жаттығуларын үйренуші білімгерлердің физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес икемділігін, ептілігін, төзімділігін дамыту жолдары қарастырлады. Спорттық іріктеу жүйесін іске асыруда критериалды бағалаудың инновациялық технологиялары қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 7

    Таңдаған спорт түріндегі іріктеу, спорттық бағдарлау жүйесін қашықтықтан оқытуда спорт саласының негізгі бөлімдерінің теориясы, оқу -жаттығу процесінің тиімділігін қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер, спорт түрлерін дамытудың өзекті мәселелері, басқару құрылымы, білімгерлердің физиологиялық ерекшеліктерінің тұжырымдамалары қарастырылады. Командалық, оқу-жаттығу жиындарын, жарыстарды өткізу, отандық, шетелдік спорт түрлері бойынша іскерліктер мен дағдылар қалыптастыру жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері
    Несиелер: 5

    Пәнді меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән студенттердің жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жасерекшелік психологиясы
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Анатомия, спорттық морфология негіздері
    Несиелер: 6

    Білімгерлердің физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес адам денесінің құрылысы мен қызметі, өсу мен дамудың негізгі заңдылықтары, балалар мен жасөспірімдердің антропометриялық, физикалық, психологиялық параметрлерін анықтау бойынша заманауи әдістемелер мен диагностика, спортшы ағзасының морфологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Физикалық жүктемелерге бейімделу мен физиологиялық қайта қалыптасу жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Дене шынықтыру тарихы, олимпиадалық білім
    Несиелер: 5

    Дене шынықтыру тарихы, олимпиадалық білім қоғам өмір сүруінің әр түрлі кезеңдеріндегі дене тәрбиесі саласындағы құралдар мен әдістерді, идеялары мен теориялардың пайда болуын, адамдардың мәдениеті, тәрбиесі мен білімінің құрамдас бөлігі ретінде оларды өндірістік әскери қызметке дайындауды қарастырылады. Отандық және шетелдік дене шынықтыру және спорт жүйелерінің өзара байланысын тәжірибеде қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Дене шынықтыру және спорт педагогикасы мен психологиясы
    Несиелер: 6

    Болашақ дене шынықтыру пәні мұғалімі және спорт түрлері бойынша жаттықтырушының кәсіби-педагогикалық құзіреттілігін қалыптастырады.Дене шынықтыру мен спорт саласында жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесін үйретеді. Мектепте және спорт мекемелерінде өткізілетін кәсіби практиканың мазмұнымен тығыз байланыстылығын айқындайды. Дене шынықтыру және спорт саласында өтетін педагогикалық (оқу-тәрбие) процесін ұйымдастыруда отандық және шетелдік білімді қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ұлттық спорт түрлерін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пәндік және пәнаралық саланың негізгі бөлімдері бойынша қозғалмалы ойындар мен ұлттық спорт ойындарын ұжымдық, топтық және жеке оқыту нысандары қарастырылады. Ұлттық спорт түрлерін оқыту әдістемесі білімгерлерді сыни тұрғыдан ойлауға, командада өз бетінше тұлғалық дамуын, кәсіби деңгейде қалыптастырады. Бұл жеке тұлғаның оң қалыптасуына және қарым-қатынаста коммуникативтілікке мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмытарының формалары,әдістері, құралдарын практикады қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Күрес түрлері
    Несиелер: 4

    Спорттың базалық түрлерінде спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті физикалық қасиеттерді дамытуға, спортшылардың жеңіл атлетика, гимнастика, даулы ойындар бойынша спорттық дайындығын үйретуге; күрес түрлерін жетілдіру, қозғалыс ойындарының әдістері мен ерекшеліктері мен бағыттарына оқыту. Дене шынықтыру сабақтарында пульсометрия және хронометраж жүргізу мүмкіндігін зерттеу. Спорт құрылыстарының қарапайым әдістерін жоспарлау, салу әдістерін меңгеру, спорт түрлері үшін кешендердің теориялық негіздерін жоспарлап, орналастыру есептері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Базалық спорт түрлеріндегі физиологиялық жас ерекшеліктері
    Несиелер: 5

    Әртүрлі спорт түрлері мен спорт пәндеріндегі спорттық дайындықтың негізгі физикалық қасиеттерін, физиологиялық, педагогикалық және ұйымдастырушылық ерекшеліктерін ескере отырып, спорт топтарының қалыптасуына негізделген. Спорттық даярлық бағдарламалары мен дене шынықтыру және спорт саласындағы қосымша білім беру бағдарламалары шеңберінде шұғылданушылардың дене дайындығы деңгейіне қойылатын талаптарды қалыптастыру кезінде, сондай-ақ бастапқы спорттық іріктеу шеңберінде жекелеген спорт түрлеріне бейімділікті айқындау кезінде пайдаланылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Таңдаған спорт түріндегі спорттық-педагогикалық шеберлі
    Несиелер: 5

    Таңдаған спорт түрінің педагогикалық шеберлігі - ұйымдастырушылық, ғылыми, әдістемелік, жаттықтырушылық, оқытушылық және басқа да жұмыс түрлерін тиімді орындауға мүмкіндік беретін құзыреттілік жиынтығының қалыптасуы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Дене шынықтыру пәнін жүргізудің теориясы мен әдістемесі, пәндік және пәнаралық салалар, олардың ерекшеліктерінің негізгі концепциялары қарастырылады. Дене тәрбиесінің отандық, шетелдік жүйесінің өзара байланысын, дене шынықтыруда оқу-жаттығу процесінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру мен спорттағы ғылыми тәжірибенің қазіргі отандық жетістіктерін зерделеуде кәсіби ойлау мен шығармашылық қарым-қатынасты қалыптастырады. Критериалды бағалау технологиясы пайдаланылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Дене шынықтыру және спорт менеджменті
    Несиелер: 5

    Пәнаралық саланың негізгі бөлімдері бойынша студенттерге нарықтық экономикадағы дене шынықтыру және спорт ұйымдарын отандық , шетелдік жүйеде басқару теориясы, тиімді жұмыс істеуде коммуникативтілікті көрсете білу мен еңбек ресурстарын пайдалануда ұйымдардың экономикалық механизмін жетілдіру, экономикалық дұрыс басқару шешімдерін қабылдау, қаржылық білімді практикада қолдану мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Интеллектуалды ойындары
    Несиелер: 5

    Интеллектуалды спорт түрлеріне шахмат, рендзю, тұлғаны дамытудың, ақыл-ой прогресі мен ми қызметінің тамаша көзі болып табылатын қазақтың ұлттық ойыны - тоғызқұмалақ ойыны жатады. ХХ ғасырда пайда болған зияткерлік спорт түрінде дәстүрлі спортта бағаланатын: мақсаттылық, бастамашылдық, кәсібилік, тәртіптілік, батылдық, ұйымдастырушылық жеңіске деген ерік жігер сияқты қасиеттерді меңгеру қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Емдік және адаптивті дене шынықтыру пәні
    Несиелер: 8

    Емдік және адаптивті дене шынықтыру пәні – науқастар мен мүгедектер реабилитациясында, аурулар мен жарақаттарды емдеу, алдын алу барысында, кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің сұраныстарына сәйкес оқытудың озық технологияларын, қазіргі білім беру инфрақұрылымын пайдалана отырып, бейімделген дене шынықтыру мен спорт бойынша жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау мақсатында өтіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қозғалыс ойындар оқыту әдістемесі (мектеп бағдарламасы бойынша)
    Несиелер: 6

    Қозғалыс ойындарының негізгі ерекшелігі дене жаттығуларының көп жақтылығынан көрінеді. Қозғалыс ойындары ақыл-ойды дамытады, қабылдауды жетілдіреді, қимылды басқару мен психикалық қабілетін дамытады. Мектепке дейінгі мекемелер мен орта оқу орындарында дене шынықтыру бойынша білім беруде инновациялық технологияларды қолданады. Қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жылжымалы ойындардың қазіргі заманғы теориялық ғылыми-әдістемелік құралдарын пайдаланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Инклюзивті білім берудеге арнайы педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймлдеу қызметі, әдестері мен формалары, принциптері ен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Жүзуді оқыту теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 6

    Студенттерге жүзудің спорттық тәсілдерін, әдістерін үйретеді. Бассейнде, табиғи су қоймаларында қауіпсіздік ережелерімен таныстырады. Тұлғааралық қарым қатынаста физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жүзумен шұғылданушылардың эстетикалық тәрбиесіне қолайлы жағдай жасайды. Әр түрлі жастағы топтармен жүзу дағдысын меңгеру, жүзу тәсілінің жеке элементтерін игеру, күштің, жылдамдықтың, төзімділіктің, икемділік пен ептіліктің дамуын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Баскетбол мен гандболды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Баскетболды,гандболды оқыту әдістемесі - Баскетбол мен гандболды оқыту теориясы мен әдістемесі мәселелерін зерделеуді, техникалық тәсілдер мен тактикалық іс-қимылдарды, терминологияны,спорттық жарыстарды төрешілік ету дағдыларын меңгеруді, жалпы білім беретін мектептерде жұмыс істеу үшін дене шынықтыру оқытушысын, ұйымдарда баскетбол мен гандбол бойынша жаттықтырушыны даярлау үшін қажетті практикалық және кәсіптік-педагогикалық дағдылар мен іскерліктерді игеруді көздейді. әр түрлі контингентпен сабақ өткізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Дене шынықтыру мен спортты оқытудың инновациялық және компьютерлік технологиялар
    Несиелер: 5

    Инновациялық білім беру және компьютерлік технологиялар дене шынықтыру және спорт бойынша болашақ мамандардың ақпараттық құзыреттілігін ұйымдастыруға және қалыптастыруға ықпал етеді. Дене шынықтыру және спорт қызметін ақпараттандыру-дене шынықтыру саласын оқытудың, тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын іске асыруға бағытталған және қолайлы және денсаулық сақтау жағдайларында пайдаланылатын қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды әзірлеу, ұтымды пайдалану әдіснамасымен және практикасымен жабдықтау процесі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Бағалаудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 5

    Бағалаудың заманауи технологияларының ғылыми негізін; пəндік жəне метапəндік нəтижелерді бағалау өлшемдерін жоспарлауды; білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін критериалды бағалау жүйесін; тұлғаның функциональдық сауатылығын қамтамасыз ететін, түйінді құзыреттілікті қалыптастыратындай бағалау жəне өзін -өзі бағалау механизмін; тұлғалардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің талаптарын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Футбол мен кіші футболды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Спорттық ойындардың әдістері мен тәсілдері, оқушылардың жалпы физикалық қасиеттерін дамыту, арнайы дене даярлығын ұйымдастыру; техникалық тәсілдерді зерделеу, оларды ойын қызметінде пайдалана білу; дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру; жеке-дара түрлерін оқыту құралдары мен әдістері; жастарды еңбекке дайындауда және оқушыларды дене тәрбиесінде қорғауда спорттық күрестің рөлін анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қолданбалы дене шынықтыру және спорт
    Несиелер: 6

    "Қолданбалы дене шынықтыру" пәні дене шынықтыру дайындығының жетілуіне, оқу іс-әрекеті жағдайында, сондай-ақ белсенді демалыс пен бос уақытты ұйымдастыру формаларын білуіне бағытталады. Студенттер дене шынықтыру-сауықтыру іс-әрекетінің денсаулығын нығайту бойынша өз бетінше жұмыс жүргізеді. Командада, тұлғааралық қарым- қатынаста тиімді жұмыс істеуде коммуникативтілік дағдылары қалыптастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Волейболды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Спорттық ойындардың әдістері мен тәсілдері, оқушылардың жалпы физикалық қасиеттерін дамыту, арнайы дене даярлығын ұйымдастыру; техникалық тәсілдерді зерделеу, оларды ойын қызметінде пайдалана білу; дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру; жеке-дара түрлерін оқыту құралдары мен әдістері; жастарды еңбекке дайындауда және оқушыларды дене тәрбиесінде қорғауда спорттық күрестің рөлін анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Физикалық қасиеттерді жетілдіру
    Несиелер: 6

    Физикалық қасиеттерді жетілдіру, қимыл-қозғалыс, қозғалыс біліктіліктері мен дағдылардың өзара байланысы туралы түсінік береді. Ағзаның морфологиялық, функционалдық қасиеттерінің жиынтықты жетілдіру процесі индивидтің антропомертриялық, физикалық, психологиялық параметрлерін анықтау бойынша (өсу жылдамдығы, дене салмағының өсуі, дамудың белгілі бір кезеңінде әртүрлі органдар мен жүйелердің жетілуі), тұқым қуалаушылық жағдайында белгілі бір жоспар бойынша іске асырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON2

    оқылатын саладағы өзара байланыс және өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне сүйене отырып, дене шынықтыру мен спорттың отандық және шетелдік жүйелерінің білімін практикада қолданады

  • Код ON7

    Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетіне сүйене отырып, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілікті, командалық жұмыста және ақпараттық мәдениетте дағдыларды көрсетеді

  • Код ON10

    білімгердің тұлғалық дамуын қалыптастыру мен өзінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында өмір бойы білім алуға мән береді;

  • Код ON3

    оқушыларды сыни ойлауға, мәселелерді шығармашылық және бірлесіп шешуге тарту үшін пәнді және академиялық хатты зерттеудің құрылымын, негізгі концепциялары мен құралдарын анықтайды

  • Код ON6

    спорттық-кәсіптік қызметте АКТ-ны және сандық білім беру ресурстарын пайдаланады;

  • Код ON4

    оқу-жаттығу процесінің тиімділігін қамтамасыз етуде ғылыми негізделген тәсілдер мен білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің әдістерін белсенді қолдана біледі;

  • Код ON8

    білімгерлердің физиологиялық ерекшеліктеріне және оқытудың мақсат-міндеттеріне сәйкес инновациялық технологияларды пайдаланады;

  • Код ON1

    білім берудің жаңартылған мазмұнының негізгі бөлімдері бойынша білім беруді, түсінуді және интеграциялауды көрсетеді

  • Код ON5

    таңдаған спорт түрінде іріктеу және спорттық бағдарлау жүйесін іске асыруда критериалды бағалау технологиясын қолданады;

  • Код ON9

    индивидтің антропометриялық, физикалық және психологиялық параметрлерін анықтау бойынша заманауи әдістемелер мен диагностиканы қолданады;

Top