Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01404 Көркем еңбек және сызу мұғалімін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Костюм тарихы (қыздар)
    Несиелер: 4

    Костюмнің шығу тарихы мен даму кезеңдері, стильдері, түстері, әшекейлерінің сән бағытына қарай тасымалдануы кәсіптік оқыту саласының ерекшеліктері негізінде қарастырылады. Берілген тарихи ақпараттарды практикада қолдану, костюмнің адам өміріндегі орны мен рөлін дәйектеу және оларға қатысты жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау білігімен сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сызу негіздері
    Несиелер: 4

    Курс сызбаның негізгі жазуын, сызбаны рәсімдеу ережелері (форматтар, өлшемдерді салу, сызу шрифттері, масштаб), сызу мәдениеті,сызбаларды орындау техникасы, 3D модельдерін жасау үшін компьютерлік технологияларды қолдану, ESKD стандарттарына негізделген сызбаларды жобалау ережелері қарастырылады. Графикалық құжаттаманың жекелеген тармақтарымен танысу, сызу қарпімен жазуларды орындау; өлшемдерді салу; бөлшектің "плосой" эскизін сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Салалық материалтану (қыздар)
    Несиелер: 5

    Тоқыма өндірісінде табиғи және жасанды талшықтарды, бейматериалдарды өндіру жолдары, тоқылуы, құрылысы, қасиеттері, жылытқыш және сәндік материалдарға негізделген кәсіби білімді түсіну және интеграциялауды көрсете білу қарастырылады. Берілген ақпаратқа сүйене отырып, теориялық білімдерін, маталар ассортиментін зерттеу құралдарын практикада қолдану жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Визуалды өнер І (Бейнелеу өнерінің көркем құралдары)
    Несиелер: 5

    Бейнелеу өнерінің көркемдік құралдары, классикалық өнердің үздік туындылары, бейнелеу өнері шығармаларын орындауда қолданылатын құралдарды практикада қолдану жолдары қарастырылады. Ақпараттарды визуализациялаудың көркем еңбек және сызуды оқытудағы рөлі, натюрморт өнері, ұлттық сәндік натюрморт, пейзаж, табиғатпен үйлесім, әуе перспективасының өмірдегі орны сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Техника тарихы (ұлдар)
    Несиелер: 4

    Өндіріс, тау-кен ісі, әскери және энергетика саласы, егін шаруашылығы мен ғарыш техникаларының шығу тарихы, даму кезеңдері қарастырылады. Тарихи мәліметтерді практикада қолдану, критериалды бағалау, техниканың адам өміріндегі орны мен рөлін дәйектеу және оларға қатысты жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау білігі сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Металдар мен конструкциялық материалдар технологиясы (ұлдар)
    Несиелер: 5

    Көркем еңбек және сызуды оқытуда металдар мен конструкциялық материалдар технологиясы, материалдардың химиялық қасиеттері, физикалық маңызды құбылыстар, материалдарға әртүрлі факторлардың әсерлері қарастырылады. Металл және металл емес материалдардың қысыммен құю әдістерін практикада қолдану, физикалық маңызын зерттеу жұмыстарында инновациялық технологияларды қолдану, критериалды бағалау, диагностикалау, пәнаралық білімді интеграциялау білігі сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Визуалды өнер II (Композиция негіздері)
    Несиелер: 6

    Өнердегі композиция заңдылықтары, композиция категориялары, құрылымдық типологиясы, натюрморт композициясы, сурет жазықтығы, құрылымдық шешім, натрюморт, портрет, көпфигуралы композиция жанрлары, пейзаж композициясы, көпфигуралы композиция қарастырылады. Композициялық шығармашылық ізденіс жұмыстарына негізделген көркемдік білімін практикада оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес тиімді қолдану, диагностикалау, проблемаларды шешудің креативтілігін критериалды бағалай білу сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Дизайн және технология негіздері І Технология және техника негіздері (сала бойынша)
    Несиелер: 7

    Көркем еңбек және сызуды оқытуда тігін ісін жеңілдететін АКТ негізінде автоматтандырылған заманауи өндірістік, машиналарының негізгі жұмысшы органдары, механизмдері, базалық механизация бөлшектері, тігіс түрлері ағашты және темірді қол аспаптармен өңдеу тәсілдерінде, ағаштың темірдің қасиеттері, құрамы, құрылысы, ішкі және сыртқы контур арқылы көркем аралау, саздан, сымнан бұйымдар, музыкалық аспаптарды жобалау қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Кілем және гобелен тоқу негіздері (қыздар)
    Несиелер: 5

    Көркем еңбек және сызуды оқытудағы кілем, гобелен, түткті кілем оқу техникасы, шикізаттары, жабдықтары, техникалық суреті, тоқу тәсілдері, түстік үйлесімділігі, композициялық шешімдері, нақыштары, сәндеу мағынасы, көркемдік ерекшеліктері қарастырылады. Кілем және гобелен тоқу жайлы білімін практикада қолдану, көркемдеп сәндеуде АКТ-ны пайдалану арқылы оқушының дизайнерлік қабілеттерін арттыру, пәнаралық білімдерін бағалауды интеграциялау білігі сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жасерекшелік психологиясы
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Зергерлік негіздері (ұлдар)
    Несиелер: 5

    Көркем еңбектегі зергерлік өнердің жасалу ерекшелігі, Қазақтың зергерлік өнерінің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы, ою-өрнектерді тұрмыстық заттарда пайдалану, асыл тастармен сәнделген бұйымдар жасау технологиясы қарастырылады. Зергерлік өнері жайлы білімін практикада қолдану, бұйымдарды көркемдеп сәндеуде АКТ-ны пайдалану арқылы оқушының дизайнерлік қабілеттерін арттыру, пәнаралық білімді интеграциялау білігі, критералды бағалау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері
    Несиелер: 5

    Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға және ғылыми зерттеулерді меңгеруге мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Тігін бұйымдарының технологиясы
    Несиелер: 7

    Әртүрлі материалдардан тігін бұйымдарын өңдеу технологиясы, балалар, ерлер және әйел киімдерінің негізгі және сәнді бөліктерін өңдеудің технологиялық ерекшеліктері, сырт киім бөліктерін жинақтау, заманауи ұлттық колоритмдегі тігін бұйымдар өңдеу технологиясы, критериалды бағалау қарастырылады. Технологиялық білімін практикада қолдану тәсілдері, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау білігі сипатталады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Дизайн және технология негіздері II Материалды өңдеу технологиясы (сала бойынша)
    Несиелер: 5

    Көркем еңбек және сызуды оқытуда материалдарды өңдеу технологиясындағы: сән индустриясы, стиль, образ, ұлттық бұйым элементтерін дайындау, бұйымды трансформациялау тәсілдері, бөлшекті визуалді түрде анықтау, өңдеу, мозаика техникасында бұйымдар жасау, қол құралдары, жабдықтары арқылы робот құрастыру, көлік моделін жасау, нобай құрастыру, макеттеуге және модельге қажетті материалдарды іріктеу қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Радиоэлектроника негіздері
    Несиелер: 7

    Радиоэлектрониканың резисторлар, конденсаторлар, индуктивті катушкалар қасиеттері мен параметрлері, шалаөткізгіштер (диод, тразистор, тиристор, приборлар), интегральдық микросхемалар, тербеліс жүйесі қарастырылады. Күшейіткіштерді, тербеліс генераторының сұлбаларын құрастыруды практикада қолдану, сыни бағалау жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Көркем еңбекті оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану
    Несиелер: 5

    Көркем еңбек және сызуды оқытуда АКТ-ның жетістіктерін қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері, электронды білім беру орталары, ЦБР түрлерін оқыту үдерісінде ұтымды қолдану жолдары, түрлі қолданбалы бағдарламасының мүмкіндіктерімен шетел тілін меңгерудегі рөлі қарастырылады. АКТ-ны дзайнерлік және визуалды оқытуда қолдану дағдыларын меңгеру арқылы ақпараттық мәдениетін көрсету, пәндік және пәнаралық білімдерін интеграциялау жолдарын жалғастыру сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Тігін бұйымдарын конструкциялау және модельдеу I
    Несиелер: 7

    Тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеу әдістері, балалар, әйелдер және ерлер киімдерін жобалау, базалық негізге бағытталған модельдеу түрлері мен тәсілдері, бөлшектердің градациясына негізделген үлгі кешені, жаңа үлгінің техникалық құжаттарын дайындау жолдары, критериалды бағалау қарастырылады. Конструкциялық білімін практикада қолдану тәсілдері, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау білігі сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Көркем еңбекті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пән оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образды қойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық түрде қабылдауларын метапәндік идея негізінде қалыптастыруға бағытталған. Оқу мақсаттарының жүйесін жүзеге асыру, өнердің негізгі түрлері мен жанрларын өнердің өмірмен байланысын, заттарды бейнелеудегі композиция заңдарын сипаттайды. Контент жинақтау, технологияларды қолдану, шығармашылық ойлауын дамыту, АКТ-ны пайдалану, инклюзивті білім беру жолдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Сәндік қолданбалы өнер негіздері (сала бойынша)
    Несиелер: 7

    Көркем еңбек және сызуды оқыту мазмұнындағы сәндік қолданбалы өнер түрлері, ұлттық нақыштар, өрнектер, батик, гжель, хохлама, қазақ халқының ұлттық ою-өрнегі, көркем күйдіру, композиция құрастыруға қажетті материалдары жайлы білімдері қарастырылады. Өнер туындыларын жоба жұмыстарының практикалық бөлімінде қолдану, мәдениет концепциялары негізінде мәселелерді шешу жолдарын талдау, коммуникативтілік, ақпараттық мәдениетін көрсету, критериалды бағалау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Автомобильдің құрылысы және модельдеу I
    Несиелер: 7

    Автомобильдің қозғалтқыштары, құрылысы, механизмдері, принциптері, электрлік және электрондық жабдықтары қарастырылады. Автомобильдің механизмдерін және толық корпусын, құрастырмалы және жеке бөлшектерін модельдеуді жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, автомобильдің өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, АКТ-ны пайдалану арқылы модельдеуді көзбен қабылдау процесcтері, бағалау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Үй және тамақтану мәдениеті (сала бойынша)
    Несиелер: 4

    Дұрыс тамақтану негіздері, әлем халықтарының асханасы мен тағамдары, қазақ және түрлі халықтардың мәдениеті, жеке бас гигиенасы, өз-өзіне күтім жасау, өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары, көктемгі жұмыстары қарастырылады. Тұрмыстық техниканы, интерьерге арналған сәндік бұйымдарды 2D/3D бағдарлама аясында жасалуы, ландшафт, өсімдіктердің медицинада, фитотерапия мен косметологияда қолданылуы, тұрғын үй экологиясы, үйдегі мироклиматтық жағдай сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Бағалаудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 5

    Пән бағалаудың заманауи технологиялары туралы мағлұмат беріп, оқу барысында оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың заманауи үлгілерін қолдану, бағалау жүйесін ұйымдастыруды жүзеге асыру жолдарын, дифференциалды бағалаудың тәсілдерін, диагностикалаудың негіздерін, мектептегі оқыту мен басқару және өзін-өзі бағалаудың негіздерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Автомобильдің құрылысы және модельдеу II
    Несиелер: 5

    Өз қолыңызбен автомобильдің макетін жасау және автомобильдер жиынтығын толтыру қарастырылады. АКТ-ны қолдана отырып, визуалды қабылдау, модельдеу мен орналасуды бағалау, 3ds Max-та автомобильді модельдеу процессімен таныстыру процесстері сипатталған. Автомобильді макеттеу бойынша заманауи оқу бағдарламалары, механизмдерді модельдеудің жүйелі ойлауы және автомобильдің толық корпусы негізінде білімді практикада қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Тігін бұйымдарын конструкциялау және моделдеу II
    Несиелер: 5

    Тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеу әдістері, балалар, әйелдер және ерлер киімдерін жобалау, базалық негізге бағытталған модельдеу түрлері мен тәсілдері, бөлшектердің градациясына негізделген үлгі кешені, жаңа үлгінің техникалық құжаттарын дайындау жолдары, критериалды бағалау қарастырылады. Конструкциялық білімін практикада қолдану тәсілдері, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау білігі сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Техникалық шығармашылық және ғылыми жоба
    Несиелер: 6

    Техникалық шығармашылық адамның жасына қарамастан шығармашылық әрекеті ретінде, ғылыми білімнің әртүрлі салаларын қарастырады. Техникалық қабілеттіліктерін дамытуға байланысты бірқатар ғылыми зерттеулер арқылы, барлық сала бойынша ғылыми жобалардың түрлері қарастырылады. Шығармашылық тапсырмалар орындау, бұйымдарға өзгерістер енгізу, ойша эксперименттеу, ақаулықтарды іздеу жəне жою жұмыстарын практикада қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жалпы электротехника және электроника негіздері
    Несиелер: 6

    Жалпы электротехникадағы электр тізбектері, электрлік өлшеулер ережелері, синусоидалық және тұрақты ток табиғаты, электр машиналарының автоматтандырылған басқару аппараттары, электрондық күшейткіштердің, генераторлардың, түзеткіштер мен стабилизаторлардың, сандық құрылғылары мен өлшеу аспаптарының құрылыстары қарастырылады. Электр құралдарын және электрониканы практикада қолдану, бағалау, диагностикалау, кәсіптік саласы бойынша өмір бойы білім алу қажеттілігі сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Көркем еңбек пәнін оқыту практикумы(сала бойынша)
    Несиелер: 6

    «Көркем еңбек» пәні бойынша практикалық жұмыстардың негізгі түрлері қарастырылады, оқытудың аспектісінің негізінде жатқан көркем-шығармашылық, технологиялық, дизайнерлік, конструкторлық іс-әрекеттері мен үй және тамақтану мәдениеті қамтылады. Мұғалімнің оқыту мақсатына жету үшін дәстүрлі теориялық білім беру мен практикалық тапсырмалар орындату, сабақтың ішінде қысқа мерзімді (айдар), тәжірибелік жаттығулар, тапсырмалар орындатуды қамсыздандыратын мәселелер сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ауыл шаруашылығы техникасы және технологиясы
    Несиелер: 6

    Ауыл шаруашылығында қолданылатын техникалардың қолданылу мақсаттарына байланысты топқа бөлінуі (мақта, қызылша, картоп, көкөніс, мал шаруашылығы), дәнді дақылдарды себуге, өсіруге және жинауға арналған түрлері қарастырылады. Ауылшаруашылық техникасының түрлерін практикада қолдану, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Этникалық стильдегі бұйымдар әзірлеу(сала бойынша)
    Несиелер: 6

    Пәнді оқытуда этностильдік заманауи үлгіде ұлттық көп қырлы бұйымдардың (киім, жиһаз т.с.с) типтік ерекшеліктерін жаңғырту мүмкіндігі, ерекшеліктері, әр түрлі елдердің мәдениеті мен ұлттық дәстүрлері, этносқа тән белгілері, сәнді бағыттың ежелгі тамырлары және өткеннің идеялары, заман келбетін анықтауға сыни тұрғыдан қарасырылады, көркем ағымдардың өмірдегі орны танымдық және жалпы мәдениет концепцияларымен сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Кәсіптік салада бизнестің және кәсіпкерліктің жалпы теориялық негіздері, анықтамалар мен терминдер, кәсіпкерлік мотивтері, әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары, инновациялық кәсіпкерлік, шағын кәсіпкерліктің жұмысын критералды бағалау, кәсіпкерліктің жағдайларын талдау, мемлекеттік қолдау, Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес көрсеткіштері қарастырылады. Жаңа идеялармен сипатталатын кәсіпкерліктің негіздері, әрі қарай оқуды дербес жалғастыруға жаңа серпін қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Сәндегі ұлттық реңк элементтері мен үрдістері
    Несиелер: 6

    Реңктердің үйлесу негіздері, даму теориясын зерттеу, түс табиғаты негізгі, құрама және қосымша түстер, түстердің араласуы, түс үйлесімі, түс тілі, түс үйлесімі және түс мәдениеті, ұлттық руханият, «қыстық – күздік тенденция» және «көктем – жаздық тенденция», алқызыл түстердің реңктері қарастырылады. Сәндегі ұлттық реңк элементтері мен үрдістерді ғылыми түрде жетілдіру үшін командаларда коммуникативтілік сипатталады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Графика және жобалау негіздерін оқытудың инновациялық технологиялары
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытуда сызу құрал жабдықтарымен жұмыс жасау, проекциялау, кескінді екі немесе үш жазықтыққа проекциялау әдістерін, белгісіз проекцияны табу, аксонометриялық проекциялар, техникалық сурет және эскиздер салу әдістері қарастырылады. Қима мен тілік сызбаларын, аксонометриялық қиылысу сызбаларын, стандарттарды практикада қолдануда АКТ-ны және инновациялық технологияны пайдалану, критериалды бағалаумен сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON8

    тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілігін, командада жұмыс істеу дағдыларын, академиялық адалдық принциптері мен ақпараттық мәдениетін көрсетеді

  • Код ON2

    берілген ақпаратқа сүйене отырып оларға сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолданады

  • Код ON3

    танымдық және жалпы мәдениет концепциялары негізінде мәселелерді шешу жолдарын талдайды

  • Код ON7

    критериалды бағалаудың, диагностикалаудың, қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасаудың технологияларын пайдаланады

  • Код ON9

    оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялай біледі

  • Код ON4

    көркем еңбек және сызуды, бизнес пен кәсіпкерлік негіздерін оқытудың нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектейді

  • Код ON5

    көркем еңбек және сызуды оқытуда, бұйымдарды конструкциялауда, модельдеуде және бұйымдарды этникалық стильге жобалауда оқушының дизайнерлік қабілеттерін арттыру мақсатында АКТ-ны пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырады;

  • Код ON10

    технологияларды қолдану мен инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалайды

  • Код ON1

    көркем еңбек және сызуды оқыту мазмұнындағы ақпараттарды визуализациялау идеяларына негізделген көркемдік білімі мен түсініктерін көрсетеді

  • Код ON6

    инновациялық технологияларды, академиялық хатты оқытудың мақсат-міндеттеріне және оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолданады

Top