Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01505 Биология мұғалімін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы
    Несиелер: 5

    Пән өсімдіктердің және оларды құрайтын огандардың сыртқы және ішкі құрылысын қарастырады. Пәннің мазмұны білім алушыларға өсімдіктердің жеке және эволюциялық дамуы барысында қалаптасу процесі мен құрылымдық заңдылықтары негізінде білім беруге бағытталған. Пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жасуша биологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мазмұны студенттерде жасушаның құрылысы мен физиологиясының негізгі заңдылықтары, ағзадағы негізгі ұлпалар жүйесі мен жіктелуі туралы түсініктерді қалыптастырады. Жасушаның биология ғылымдарындағы орны мен рөлін дәйектеу және жоба бойынша жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету сипатталады. Пәнаралық білімдер интеграцияланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жалпы химия
    Несиелер: 5

    Жалпы химия пәнінің мазмұнында зат құрылысы туралы қәзіргі заманғы ұсыныстар және химиялық процестер (химиялық реакциялардың классификациясы, химиялық реакциялардың химиялық кинетикасы және химиялық тепе-теңдік) қарастырылған. Ғылыми-зерттеулерде модельдеуді қолдану, есептерді шешуде ЦБР-ды пайдалану, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Биологияға кіріспе
    Несиелер: 3

    Пән тірі организмдердің қалыптасуы мен қасиеттері, даму деңгейлері, органикалық дүниенің даму эволюциясы, оның заңдылықтары мен көрініс беру формаларының тіршілік етуі мен кеңістікте таралуын қарастырады. Биологияны оқытуда тарихи мәліметтерді практикада қолдану, биологияның ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу және оларға қатысты жоба жұмыстарын орындауға коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау, сипаттауды үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Омыртқасыздар зоологиясы
    Несиелер: 6

    Пән жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін, филогениясын, ұйымдасуын, экологиясын және омыртқасыз жануарлардың негізгі таксондарының практикалық маңызын қарастырады. Курс студенттердің биологиялық білімін кеңейтуге және тереңдетуге, жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған. Зоологияның ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу және тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері
    Несиелер: 5

    Пәнді меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән студенттердің жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Адам анатомиясы
    Несиелер: 5

    Адам анатомиясы - бұл адам денесінің пайда болуы мен дамуы, формалары мен құрылысы туралы ілім. Анатомия адам ағзасы және оның бөліктерінің сыртқы формалары мен пропорцияларын, жекелеген мүшелерді, микроскопиялық құрылысын зерттейді. Адам денесін зерттеу әдістерімен терең танысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Өсімдіктер систематикасы
    Несиелер: 5

    Пән өсімдіктердің көптүрлілігін реттеу арқылы өсімдіктер әлемін танып білуді, зерттеуді, тиімді пайдалануды, өсімдіктердің жер бетіне таралуын, систематикалық топтар мен таксономиялық категорияларын, өсімдіктердің жеке және эволюциялық дамуы барысында қалаптасу процесін, құрылымдық ерекшеліктерін қарастырады. Пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Омыртқалылар зоологиясы
    Несиелер: 6

    Курста жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі, филогениясы, ұйымдасуы, экология және омыртқалы жануарлардың негізгі таксондарының пракикалық маңызы қарастырылады. Курс студенттердің биологиялық білімін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың материалистік жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.Зоологияның ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу және тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жасерекшелік психологиясы
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Микробиология және вирусология
    Несиелер: 6

    Микробиология және вирусология негіздері пәні негізігі білімді және кәсіби құзыреттілікті қалыптастырып, прокариотты және эукариотты микроорганизмдермен вирустар әлемінің морфологиясын, құрылысын, құрылымдарын, атқаратын қызметтерін, классификациясын зерттейтін ілім. Сонымен бірге, курс барысында бактерия жасушаларының морфо-физиологиясы мен құрылымдық компоненттері және вирустардың классификацияануы, ультрапаразиттік тіршілік жасауы, репродукциялық кезеңдердің заңдылықтары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Биологияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Биологияны оқыту әдістемесі пәнінде биологияны мектепте оқыту мақсаты мен міндеттері, ұстанымдары, әдістері, қалыптары және мазмұны, ұғымдарды қалыптастыру, сабақты және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу, бейіндік оқыту, білімін практикада қолдану мәселелері қарастырылады. Сабақ жоспарын жасау, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету, білім беруде инновациялық технологияларды қолдану жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Генетика және селекция негіздері
    Несиелер: 7

    Генетика және селекция негіздері – тірі материяның екі іргелі қасиеттерін, яғни тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін біріктіруші биологиялық пән. Генетиканың интеграциялаушы рөлі, ол – тірі материяның әмбебап қасиеттерін ағзаның барлық ұйымдасу деңгейлерінде және барлық таксономиялық топтарында зерттейді. Ғылыми зерттеулерде модельдеу, инновациялық технологияларды қолдану, проблемаларды шешудің креативтілігін бағалау және білімін практикада қолдану сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Молекулалық биология
    Несиелер: 6

    Молекулалық биология - бұл ағзаның тіршілік етудегі молекулалық негіздерін, зерттеулердің негізгі бағыттарын, генетикалық ақпараттарды сақтау механизмдерін, оларды іске асыру және тарату жолдарын қарастырады. Молекулалық биологияның қазіргі заманғы жетістіктері мен даму перспективаларын, ғылыми зерттеулерде модельдеу, инновациялық технологияларды қолдану, проблемаларды шешудің креативтілігін бағалау және білімді практикада қолдану сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Өсімдіктер физиологиясы
    Несиелер: 6

    Пән өсімдіктердің функционалдық белсенділігінің негізгі заңдылықтарын, су тепе- теңдігін сақтау, фотосинтез, тыныс алу, қоректену ерекшеліктерін, өсімдіктердің қозғалысын, өсу мен дамуын қарастырады. Өсімдіктердің тіршілік әрекеті туралы негізгі базалық түсініктерді, ғылыми ақпараттарды іздестіруді меңгеру, оларда жүретін физиологиялық процестердің механизмін білу, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін практикада қолданукөзделеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Эволюциялық ілім
    Несиелер: 4

    Жер бетіндегі тіршіліктің дамуының себептері мен жолдары туралы ғылыми түсінікті қалыптастырады. Эволюция теориясын табиғи сұрыпталуға бейімделудің, түр түзілуінің, таксондар пайда болуының негізгі себебі ретінде қарастырады. Тіршіліктің дамуы туралы білімі мен түсініктерін көрсету, туындаған мәселелерді талдау, пәннің өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Бағалаудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 5

    Бағалаудың заманауи технологияларының ғылыми негізін; пəндік жəне метапəндік нəтижелерді бағалау өлшемдерін жоспарлауды; білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін критериалды бағалау жүйесін; тұлғаның функциональдық сауатылығын қамтамасыз ететін, түйінді құзыреттілікті қалыптастыратындай бағалау жəне өзін-өзі бағалау механизмін; тұлғалардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің талаптарын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Биологияны оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану
    Несиелер: 5

    Биология мұғалімінің тәжірибесіне білім беруді ақпараттандыруды оқытуда компьютерді және басқа да электронды құралдарды қолдану , оқытуды ұйымдастырудың жаңа тәсілін енгізудің кейбір аспектілері курс барысында қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Аллергология
    Несиелер: 6

    Курс аллергиялық реакциялар мен ауруларды, олардың себептерін, даму және көріністер механизмдерін, оларды диагностика жасау, алдын алу және емдеу әдістерін зерттейді. Тәжірибелік тұрғыдан аллергология бүгінде әлем халқының өлім-жітімінде жетекші орын алатын аурулардың мәселелерін шешеді. Курс адамның иммундық жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы, оның жас ерекшеліктері, иммундық жүйенің дамуы мен жұмыс істеуінің жасушалық және молекулалық механизмдері, оның негізгі кезеңдері және иммундық жауаптың генетикалық бақылауы туралы білімді қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Интродукция
    Несиелер: 6

    Пәнді оқытудың мақсаты белгілі бір аймаққа бұрын кездеспеген өсімдік түрлерін немесе жануарлар тұқымдарын жерсіндіру, түрдің өзінің табиғи ареалынан басқа жерлерге таралуы, бейімделуі және оларды қорғау шаралары туралы білім беру. Түрлерді жерсіндіру туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қолдану, заманауи әдістерінің көмегімен жүргізілетін селекциялық процестерді меңгеру, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Иммунология
    Несиелер: 6

    Иммунология организмнің әртүрлі антигендерге молекулалық, жасушалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды қарастырады. Иммунологиялық зерттеулердің нәтижелерін, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, ізденушілік-зеттеушілік әрекет дағдысын игеру,пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Биотехнология
    Несиелер: 6

    Пән маңызды өнімдерді микроорганизмдер негізінде алу жайлы түсініктерді қалыпастырып, белок жетіспеушілік мәселелелерін шешудің биотехнологиялық әдістерін, клетка ішілік реттеудің молекулалық механизмдері және оларды микроорганизмдер селекциясында пайдалану туралы білімдері мен түсініктері, зерттеу әдістерін қолдануды қарастырады. Стандартты емес жағдайларда кәсіби проблемаларды шешу үшін өз білімі мен түсінігін жетілдіріп, қабілетін пайдалануды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жеке даму биологиясы
    Несиелер: 6

    Жеке даму биологиясы организмнің жеке дамуының барлық процестерін, яғни онтогенезін, әртүрлі форма түзілу процестерінің молекулярлы, биохимиялық және генетикалық механизмдерін, ұрықтың субклеткалық және клеткалық ерекшеліктерін қарастырады. Білім мен зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдауда сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімді практикада қолдану, комуникативтілігі мен ақпараттық мәдениетін көрсету жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Адам және жануарлар физиологиясы
    Несиелер: 7

    Тірі организмдегі тіршілік процестерінің негізгі заңдылықтары туралы білім жүйесін қалыптастыру. Тірі организм және оның жүйелерінің қасиеттері, организмдегі жүйелердің негізгі принциптері туралы түсінік. Курс биологиялық процестер мен жануарлар мен адамдардың әртүрлі жүйелері мен мүшелерінің жұмысының физиологиялық механизмдерінің негізін құрайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Биологияны оқытудың инновациялық технологиялары
    Несиелер: 5

    Инновациялық технологияларды, оқыту процесін ұйымдастыру, іске асыру, үйлесімді білім беру ортасын құру, зерттеу жұмыстарын жүргізу, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу жолдары қарастырылады. Оқуды ұйымдастыруда критериалды бағалау, диагоностикалау, сабақ жоспарын жасау, АКТ арқылы кері байланыс орнату технологияларын қолдану, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Биомедицина және биоинформатика
    Несиелер: 6

    Адамның морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін, мүшелер мен жүйелердің құрылымы мен функционалдық сипаттамаларын, жаспен, жыныспен және жеке дамуымен байланысты органдар мен жүйелермен танысу жолымен биологиялық және медициналық білімді игеруге бағытталған. Пәнді оқытуда білімін практикада қолдану, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON7

    ОN7 – критериалды бағалаудың, диагностикалаудың, қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасаудың технологияларын пайдаланады;

  • Код ON3

    ОN3 – танымдық, кәсіби және ғылыми зерттеулерде модельдеуді қолдану негізінде мәселелерді шешу жолдарын саралайды;

  • Код ON2

    ОN2 – биологиялық заңдылықтар мен тұжырымдарды дәлелдеу мен ой-қорытулар жасауда, мәселелерді шешуде сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімін практикада пайдаланады;

  • Код ON10

    ОN10 – академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғынады;

  • Код ON4

    ОN4 – пәннің нақты өмірдегі, ғылымдар жүйесіндегі орны мен рөлін дәйектейді;

  • Код ON1

    ОN1 – ғылымның базалық идеялары мен заманауи әдістер жүйесіне негізделген білімі мен түсініктерін көрсетеді;

  • Код ON6

    ОN6 – инновациялық технологияларды оқытудың мақсат-міндеттеріне және оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолданады;

  • Код ON8

    ОN8 –ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты талқылайды және оларды оқытылатын салада қолданады;

  • Код ON5

    ОN5 – биология пәнін оқытуда АКТ-ны пайдалану арқылы оқушының жеке мүддесіне сай оқу үдерісін ұйымдастырады;

  • Код ON9

    ОN9 – оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялайды;

Top